Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет57/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ДӨСТБРЕН
Мұғалім Хамит Махмудов мені оқуға алды. Алты ауыл Сибаннан
қырық-елу бала оқиды екен. Оқушылардың ішінде «əліп-биден» бастаған
кішкене балалар да бар, мен шамалас: Рүстембай, Əндіғожа, маған тетелес:
Баязит, Жүкен, Нұрқан, Зүбəйза сияқты балалар да бар, олар менің
ұғымымда көп сабақ тастаған...
Оқуды мен «əліп-биден», есепті 1 + 1=2 ден бастадым. Балалардың алды
да, арты да менен озық. Жалғыз маған қарауға мұғалімде уақыт жоқ,
сондықтан мені Баязит, Нұрқан сияқты, менен кіші болғанмен, оқуы үлкен
балаларға тіркеді...
Төте оқу оңай дегенмен, маған алғаш тым оңай бола қойған жоқ, оған
бас себеп, еріккен балалар есепті, емленің шарттарын қате үйретіп, мені
мазақ қылады... Дегенмен, тіс қаққан бала жігітпін, бірер айда «əліп-
бидегілерден» оздым да, ересек балалардың қатарына қосылдым.
Хамит орысша аз біледі. Əйткенмен, ол менің өтінішімді қабылдап,
білгенінше орысша оқытты. Ұмытпасам, Хамиттің маған оқытқаны
Сұмағұлов деген адамның орысша-қазақша сөздігі (словарь). Сөздік екі
кісінің сөйлесу əдісімен құрылған. Мəселен, — мынадай сөздерді мұғалім
орысша сұраса, орысша былай деп жауап беру керек:
— Откуда едешь?
87
— Из аула
88 
.
— Куда едешь?
89
— В деревню
90 
.
— Зачем едешь?
91
— Муку покупать
92 
.
— Сколько стоит пуд муки?
93
— Один рубль 50 копеек
94
.
— Нет, это дорого, сбавьте немного
95
.
— На деньги дорого? Могу обменить на кожу
96
...
Осы əдіспен Смағұловтың сөздігін жаттап жүргенімде, бір күні басында
қаракөл орысша беркі бар, үстінде орысша тіккен, жағасына қара барқыт


ұстаған түйе жүн пальтосы, мойнында жібек шарфы, аяғында қисық табан
етігі бар, мен шамалы бір жігіт оқып жатқан үйімізге келе қалды, кескіні
Хамитқа ұқсайды.
— Ғабит деген інім, — деп таныстырды Хамит оны маған. Стаптағы
Высшее начальное училищенің алтыншы класында оқиды.
Ғабит менімен орысша сөйлесіп керіп еді, мен оның бір де сұрауына
жауап бере алмадым. Сөздікпен сұрап еді, жаттаған тұсыма ғана жете
алдым, одан əрі жылжи алар емеспін...
Оқушылар май айының аяғында тарады да, мен Жайылғандағы жездем
Болатбайдікіне бардым. Жездем төсек тартқан сырқат екен. Шаруа күйлері
жүдеу. Сол ауылға, бір күн Мəшім ауылнай келді, қасындағы писері
(хатшысы) — Ғабит.
— Мақметтің мына баласы жетіліп болған екен — десті Жайылған
адамдары,— шіркіннің орысшаға жүйрігі-ай!.. Қолы қағазға тоқтамай,
бетінде жорғалап кетеді!.. Əсіресе арыз бен дөстбренге тамаша!
Болатбай маған ұрысты.
— Оқыдым, оқыдым дейсің, — деді ол, — не оқыдың?
Ең аяғы дөстбрен жаза да білмейсің,!.. Қазақтың өзіңдей баласын
қарашы, қаршадайынан хатшы боп, би, болыстың, арасына кіріп, біреудің
бермесін алып, жемесін жеп, ішпесін ішіп жүр. Бар пайда сонда, арыз басы,
дөстбрен басы — ақша алады.
«Дөстбреннің түрін жазып алайыншы» деген ойға келдім де, Ғабиттен
өтініш еттім. Ол бір тарақ қағазға былай деп жазып берді:
УДОСТОВЕРЕНИЕ
Дано сие киргизу Таузарской волости, Петропавловского уезда,
Акмолинской 
губернии, 
2-го 
вверенного 
мне 
аула
.......................................................ву в том, что он имеет собственную
доморощенную лошадь, масть гнедой, грива на обе стороны, правое ухо
сзади ивернем, левое ухо сверху подпорото, поседельные подпары, под
брихи подпары.
Чло и удостоверятся подписью и приложением казенной печати.
Аульный старшина (подпись)
писарь (подпись)
Бұның қазақшасы: —


Бұл қағаз берілді қазаққа: Таузар болысының, Петропавл үйезінің,
Ақмола 
губерниясының 
нөмірі 

ауылдың
..............................................................ге, сол себепті, — оның меншігінде
үйінде өсірген аты бар, түсі торы, жалы екі жағында, оң жақ құлағы
артынан ойық, сол жақ құлағы үстінен тілік арқасы екі жағынан аққаптал,
екі жақ қарнында айылдың ақ таңбасы. Қол қойып, қазынаның мөрін басып
растаймын.
Ауылдық старшина (қол қойған)
писарь (қол қойған)
— Осы қағаз барлық малға жарай ма?— дедім мен.
— Əрине,— деді Ғабит.
Қағазды қалтама салып ап үйге келдім де, жаздай бала оқыт деген
Есеней аулына уəде қып, бірақ Жаманшұбарға, ағайындарыма барып
амандасып келейін деп жүріп кеттім.
Мен барсам, біздің ауылдың адамдары Стапта болатын Жапырақ
базарына аттанғалы жатыр екен бірақ сататын жылқыға дөстбрен жазатын
кісі жоқ.
— Мен білем! — дедім.
— Қой, саған қайдан бітті, ондай оқу? Дөстбрен жазатын сен кімсің? —
деп біреулер ұрсып еді, енді біреулер:
— Жоқ, бұ да оқып қалды деген, осыны да сынайық. Сынамағанда не
істейсің, ауылнай алыс, — деп біраз адам дөстбрендерін маған жаздырды.
Мен қолымдағы даяр дөстбреннен көшіріп бере бердім, — базарда
сатылатын жылқылардың бəрі: «торы, жалы екі жағында, оң жақ құлағы
артынан оның, сол жақ құлағы үстінен тілік...» боп кете барды.
...Базар тарқамастан Жаманшұбардың ат апарғандарының кейбіреуі
қашып келді.
— Уа, ат-көлік аман ба? Неге ерте қайттың? Малың өтпеді ме? — деп
сұрағандарға:
— «Байтал түгіл бас қайғы», — деп жауап берді базаршы, — мал сату
түгіл, өзім əрең құтылдым.
— Неғып?
Тыңдап отырсам, сатылатын жылқылардың ішінде, көгі де, қарасы да,
жирені де, қасқасы да, — бəрі де мен жазған «дөстбренде» «торы» болған


соң, урядник «ұрлық малы» деп күдіктенеді де, біразын ұстап жауып
қойып, пара беріп əрең құтылады, біразы қашып кетеді... Базардан солай
қашып келгендердің, кейбіреуі мені сабамақшы болған еді:
— Білгені сол болған да, — деп біреулер арашалады, бірақ «таяқ еттен,
сөз сүйектен өтеді» дегендей, сөккен ащы сөздер мені таяқтан кем қинаған
жоқ. «Бұндай надан болудан өлген артық» деп қорландым мен бірақ, өлгім
келмеді, білгім келді...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет