БАЙДЫҢ АУЫЛЫ
«Байдың ауылы» дегеніміз өзімізге белгілі Торсанның ауылы, оның
өмірбаянымен біз өткен тараулардан қысқаша таныспыз. Бұрын сырттан,
əркімдердің əңгімесінен білетін «байдың ауылымен» осы ауылдың
балаларын оқытуға барғанда ғана жақын таныстым...
Ең алдымен, бұл ауылдың құрылысы қызық екен. Маңайдағы: Сарт,
Түркпен, Анда, Телі атанатын ауылдағы үйлер бір атаның баласы, «Байдың
ауылында» қазақтың əр руларынан жиналған келімсектерден басқа, қалмақ
та, шүршіт те, ноғай да, қарақалпақ та, естек те, түркпен де бар. Атасы
мəлімсіздер де толып жатыр. Солардың арғы түбін тексерсең Есенейдің, я
оның аталарының құлы боп шығады
97
.
Бұрын Торсан үйінің шаруасын Қарашы аталатын құл қырық-рулар тегін
бағып, қағады екен кейінгі кезде олар біртіндеп бас тартыпты да,
Қарашұнақ, Сəмембет, Ықылас, Тасқожа сияқты бірен-саран ғана
атқамінерлер қалыпты. Олар, əрине, Торсан үйінің жалшылары ғана емес,
құлдары...
Мен мұғалім болған кезде, Торсан үйінің саяси салмағы да ел ішінде
азайған екен. Көп жыл бұл семьядан кемшілік көрген ел ертерек басталған
қарсылығын жыл сайын үдетіп. қалың Сибан уысынан шығып болыпты да,
ықпалында сөз достығы көп, іс достығы жоқ. Бейсен, Тиышбай, Боржақ,
Тасқожа сияқты бірен-саран ғана атқамінерлер қалыпты.
Торсанның ықпалынан шыққан қоңсылары оның кең жеріне қол салып
сұраусыз малын жаятын, сұраусыз шөбін шабатын бопты. Торсанда көл
көп. Соның біреуі Ақбасты
98
аталады. Бұл — жаз суы құрғап қалатын
қопалы көл. Күздігүні қар түскесін, Торсанның жалшылары Ақбасты
көлдің ескі қамысын өртеп жібереді. Көктемде көлге су түсіп, біркелкі жас
құрақ шығады. Құрғақшылық жылы, Торсан үйі Ақбасты көлдің құрағын
шаптырады, оның бетінен жүздеген мая тұрады.
Бұрын Торсан үйі Ақбасты көлге үме салып, маңайындағы елдің
жігіттеріне тегін шапқызады екен. Мен мұғалім болған жазда Торсандікі
бірер қой сойып, қымызды сауын айтумен ауылдан жинап. Ақбасты көлге
үме салды.
Шақанның желгіш көгі дейтін ат болатын еді. Соны жектіріп, божысын
маған ұстатып, үме басына Торсанның өзі де барды. Үмеге қырық-елу
шалғышы жиналған екен. Олардың бəрі қаз-қатар тұрып құрақты шаба
жөнелгенде, құлаған құрақтан көл беті толқынға айналып кетті. Сол
қарқынмен олар көл бетін кешке дейін тып-типыл қылатын еді, — егер күн
түске тармаса, жігіттер арасында төбелес басталмаса.
Біз төбелестің неден тұтанғанын да білмей қалдық. Тек, білгеніміз, —
көпшілік боп Торсанның шылауында жүрген біреулерді сабап жатыр...
— Бай! — деді төбелес қызған кезде, жаны ашитын Бейсен, Торсанға
жүгіріп кеп, — бұл — жалшыларыңды сабау емес, өзіңді сабау. Тез қаш.
Əйтпесе өзіңді де сабайды!..
— Бала! — деді маған, үрейленген Торсаң — жөнелейік!
Көктің арбасына Торсанды отырғызып, төбелесушілердің арасымен
жөнелдім. Сол кезде бірін-бірі қуа төбелескен атты адамдар бізге жақындап
қалды.
— Айда, бала! — деді Торсаң үлкен көзі шарасынан шығып.
Көк ат желікпе жылқы екен: айғайға елегізіп бетімен ала қашты.
Алдымызда қырына ағаш шыққан биік жар бар еді, басына бой бермеген
көк сол жарға шауып шыға келгенде, арба төңкеріліп кеп түсті. Торсан да,
мен де ұшып кеттік. Мен божыға сүйретіліп, аттан айырылмаймын деп ем,
үріккен ат жұлқына шауып басына, бой бермеді.
Артыма қарасам, төбелес үдеп барады. Торсанға тиген кісі жоқ. Бірақ
құлап жатқан оның басын сүйеген де жан жоқ. Орнымнан тұра сала
Торсанға жүгіріп барып, ауыр денелі оның басын зорға деп көтердім:
жыртып кеткен бетінен қан тамшылап тұр. Революцияның не екенінен
аздап хабарым бар маған мына көрініс революцияның ауылға келген бір
ұшқыны сияқтанып кетті...
«Тышқанға мысықтан күшті аң жоқ» дегендей, əлі ауылдан ұзап
шықпаған менің санама дүние жүзінде Торсаннан мықты адам жоқ сияқты
еді. Ол — ол ма, бала кезімде Тосанды бір көргеннен кейін артынан «құдай
қандай екен?» деп қиялданғанда, «Торсан сияқты болар» деп жорушы едім.
Бұлай жорушы жалғыз мен ғана еместігіме мына бір кішкене оқиға куə:
біздің, елдің етікшілікпен кəсіп ететін бір кедейінің баласы, үйіңе жүгіріп
кеп:
— Əке, шықшы далаға, шықшы! — депті.
— Неге? депті əкесі.
— Торсан дəретке отырып жатыр, əке! — депті баласы.
Бұдан көрінетін нəрсе, — бала Торсанды дəретке отыратын адамның
қатарында деп ойламаған ғой. Олай ойламай қайтсін: алыстағы патшаны
көрмеген біздің елдің ұғымында, «Керей, Уақтың жер құдайы — Торсан!..»
Сол Торсанның қандай «құдай» екенін мен аулына келе көрдім. Ол қазір
айналасы түгел шарпылған, өресі шөгіп, өрісі тарайған, қартайып алжуға
қалған «қудай»... Сол «құдай» міне, Ақбасты көлдің жағасында, менің
қасымда тоңқая құлап жатыр... Сондықтан маған бұл құлау, — ескі рушыл
ауылдағы «зорлық» атты залымның құлауы сияқтанып кетті...
Бұрын əрқайсысы бір елдің болысы боп, сүт үстінде балқаймақтай жүзіп
жүретін, уақытының көбін ел қыдырумен еткізетін Торсан балаларының,
Омбыда қызмет атқаратын Қазиынан басқасы қылқан кескендей боп тізіліп
үйлерінде отыр. Əкім боп ел аралаған кезде жұрттың қазы-қарта, жал-жая,
піскен бағлан, қара-құлақ құлын сияқты жылы-жұмсағына ықылық ата
бөгіп жүретін, «күніне үш ет жемеген адам не тіршілік етеді екен» дейтін
олар енді, өз үйінен күніне бір сорпа ішсе, — ішеді, ішпесе, — жоқ... Оның
бəрі, — шаруаның да дөңгеленуінен: қазір Торсан атаулының жылқысы
жүзге жетпейді, қойы екі-үш жүздей ғана, түйе оң он бестей ғана, сиыр
малын ол үй ұстамайды... Баяғы қаңқылдап жататын үйірлі асыранды
қаздардың қазір үні өшіп, əр жерде бірен-саран қауырсыны ғана қалған...
Көлденеңнен үйіліп жататын түсім бұлақтарының көзі жабылған... Болып
тұрған кезде жиналып қалған ішік кілем, тағы сол сияқты қымбат мүліктер
іш-кірнелеп, төңіректегі қалаларға апарылып сатыла бастаған...
Саяси жəне шаруа күйі осыған айналған соң, Торсанның Шериі ұрлыққа
көшіп, жан-жақтағы ұрылармен қолдасып ат, өгіз сияқты малдарды үйірлеп
айдатып алатын бопты... Бəкен дейтін баласы ел атынан өтірік приговормен
Колчак үкіметінен кооперация деп товар алады екен де, сонымен сауда
қылады екен.
Момын биязы мінезді Шақан қақ-соққа араласпайды, үйінен шықпайды,
басына туған «күнді» қайғырғандай, қабағын ашпайды. Торсанның да түрі
сондай. Ол енді болашағынан күдер үзгендей, күні-түні; ғибадат қып,
жайнамаз үстінен түспейді, намаздан тыс уақытта да, аузынан «сұбхан
алла», қолынан тасбих түспейді... Оның Қази атты гимназия бітірген
баласы Омбыда үлкен қызметкер деп естиміз, бірақ үй ішінің не беделін, не
шаруасын көтеруге оның пайдасы тиіп жатқан жоқ.
Торсанның бес балаларының ішіндегі жұрт көзінде ең момын
саналатыны — үшінші баласы Арап. Оның азанмен қойылған аты Ғабдұ-
əл-ғарəб екен өсе келе жұрт Арап деп кеткен.
Торсанның өзі де, өзге балалары да ақ кескінді екенін біз білеміз, ал,
мына Арап дəл негрдей болмағанмен, Миссопотамиядағы арабтардан кем
емес. Бұл да сол арабтардай арық денелі, ұзын кескінді, сопақ басты,
томпақ көзді, тек, олардан бұның айырмасы мұрыны тым қоңқақ.
Торсанның өзге балалары азды-көпті орысша оқығанда, бұл Арап тек қана
мүсылманша оқыған. Онда да бар оқуы түркілік.
Мен Торсан үйінде мұғалім боп бала оқытқан жылы, Араптың жас
шамасы қырықтарды орталаған. Ол — қазір сұйықтау ұзын қара мұртты,
сиректеу шоқша сақалды, өз алдына отау боп балалы-шағалы боп отырған
кісі.
Торсанның өзге балаларының біреулері əкім боп, біреулері сауда ғып
дегендей, əрқайсысы əр кəсіпте жүргенде, Арап үй шаруасынан ешқайда
ұзап шықпаған. Осы қалпында ол таныса келе байқасам, газет-журналды
да, шамасы келген түркіше кітаптарды да көп оқитын адам екен. Ол,
əсіресе жаратылысына біткен қасиеті ме, — ол мінез жəне əсіресе, татар
тіліндегі романдарды оқиды. Сондықтан ба, əлде жаратылысына біткен
қасиеті ме, — ол мінез жəне пікір жағынан ағып тұрған романтик. Оның
кеңестерінің көбі ғашықтық туралы болады, ол түсінетін ғашықтық жердегі
емес, көктегі ғашықтық, яғни, — орысша айтқанда, — платоническая
любовь, арабша айтқанда, — ғишқи илаһи...
Оның өз өмірінде де осындай жете алмайтын бір «махаббаты» бар.
Торсан ауылының қасында, қазақша «бүркеу», орысша «борки» аталатын
қазыналық ағаш дачасы бар, ішінде қазыналық ағаштарды бақылайтын
басқарма тұрады. Басқарманың бастығы «Қара полковник» аталатын
отставкаға шыққан казак-орыс полковнигі. Осы полковниктің əйелі
Светланаға Арап өлердей ғашық. Бірақ ол ғашығына өмірінде не бір рет
бетпе-бет жолыққан, я сөйлескен кісі емес. Светланаға ол үнемі алыстан
ғашық... Күн сайын болмағанмен күн-ара, не екі-үш күнде бір шаруадан
босаған кездерінде салт атқа мініп кетіп қалады да, ғашығын алыстан
торып, ағаш арасында аттан түсіп қарап жатады... Сол кезде Светлана
алыстан қарасың көрсетсе мəз боп қуанып қайтып, егер көзіне түсе
қоймаса көңілі бұзылып, қатты реніште жүреді...
Арап — домбырашы жəне қобызшы жігіт. Бұл инструменттердің екеуіне
де оның ұзындау жіңішке саусақтары жорғаның аяғындай жылдамдата
жүгіргенде, нелер бір тəтті дыбыстарды шығарады... Ол қазақтың ескілікті,
жаңалықты əн-күйлерінің көбін біледі. Сонда соларды ойнағанда, ол
барлық ықласымен беріліп, кейде көзінен жасы, мұрнынан сорасы аққанын
да байқамай қалады... Тіпті, кейбір кезде ол, сүйреңдеген саусақтарына
жарыстыра аузынан тілін де жылтыңдатып жібереді... Сондай халында, ол
кейде ғашығын еске түсіріп, əуелі қалай көргенің одан кейін қалай
көргенің... қалай ғашық болғаның қалай құмартқанын... одан кейін
көргенде ғашығының денесінде я кескінінде нелер ғажап сипаттар
байқалғанын ертегі сияқтандырып айтады... Оның сипаттауында, не
қиялдағы хор қызы, не пері қызы сияқты боп елестейтін бұл əйел —
шындық тіршілігінде, сопақ беттілеу келген, орта ғана кескінді, шикіл
жирен ғана кісі...
Маған Торсанның өзге балаларынан бұл Арап əлдеқайда жақын. Ол
кезде əдебиеттен түсінігім азғантай болғанмен, Арап маған мінезімен,
қылығымен, жүріс-тұрысымен шын мағынасындағы поэт сияқты көрінеді.
Сонымен қатар, онымен кеңескенде, немесе ол музыка тартқанда мен одан
аса бір лəззат табам...
Араптың үйі оншалық бай жасаулы емес. Оның əйелі атақты Нұрғожа
байдың қызы болғанмен жəне көп жасаумен түскенмен, Торсан сол кезде
бір қызын ұзатады да, момын Араптың келіншегінен келген қымбатты
жасаудың бəрін сыпырып сол қызыңа беріп жібереді. Арап үйіндегі ендігі
жасау атаулының көрнектілері — бір кезде ішіне қымбат мүліктер
толтырылған, бірақ қазір көбінің іші бос қалған əшекейлі үлкен сандықтар.
Осы сандықтардың біреуінің ішінен бір ақтарғанда Торсанның өзге
балаларының үйінде жоқ мүліктер көп шықты, олар: газет, журналдардың
түптеткен даналары... Соларға қарап отырсаң, 1911 жылдан бастап Тройцкі
қаласында шығып, 1916 жылы тоқтаған «Айқап» журналының; 1912 жылы
Орынборда шығып, 1917 жылдан кейін тоқтаған «Қазақ» газетінің; 1917
жылдан бастап Семейде шыққан «Сарыарқа» газеті мен «Абай»
журналының; 1918 жылдан бастап Қызылжарда шыққан «Үш жүз» жəне
«Жас азамат» газетінің сандары түгел жиналып, əрбір жыл жеке кітап боп
түптелген екен... Енді бір сандықта татар тілінде шыққан толып жатқан
көркем əдебиет кітаптары...
Маған қызық көрінгені, — татар тіліндегі емес, қазақ тіліндегі
баспасөздер, өйткені мен оларға еркін түсінем ғой. Сондықтан Торсан үйіне
жұма сайын келіп жататын «Сарыарқа» жəне «Жас азамат» газеттерінің,
«Абай» журналының сандарын өткізбей оқумен қатар, мен манағы
түптелген газет, журналдардың бəрін де бастарынан сыпырып оқып
келем...
Бұл газеттер мен журналдардан басқа мəліметтермен қатар, «Алашорда»
деген партияның қайдан шыққанын, қалай ұйымдасқанын, қай уақытта
нендей жиналыстар өткізгенін, онда қандай мəселелер қаралғаның қандай
қаулылар алынғанын мен біле бастадым... Егжей-тегжейін түгел
түсінбегенмен, бұл оқығандардан менің, байқағаным, — Алашорда Совет
үкіметіне мейлінше өш. Бұл сөзді атағанда олар құтырған бурадай
шабынады, қабаған иттей арсылдайды, ауыздарынан ақ ит кіреді, қара ит
шығады...
«Қазақ» газетінің хабарлауынша 1917 жылдың декабрь айында
Орынборда Алашорданың Бүкіл Қазақстандық съезі өткізілген. Сол съезде
«Алаш милициясы» атты əскер қосынан құру туралы ерекше қаулы
алынған. Бұл қаулы бойынша қосынның жалпы саны он үш мың бес жүз
болу керек, облыстарға бөлгенде: Бөкейден — мың,, Оралдан — екі мың,
Торғайдан — үш мың, Ақмоладан — төрт мың, Семейден — бір мың бес
жүз, Жетісудан екі мың. Бұларды үйрету жəне ұстап тұру шығыны, съездің
қаулысы бойынша, 68 960 000 сом болмақ...
Бұндай қаулы болғанын ел ішінде Торсан үйі сияқты бірен-саран ғана
байлардың үйі болмаса, өзге көпшілік білмейді, өйткені, бүкіл біздің Сибан
атаулыда, жалғыз Торсан үйінен басқа газет алатын да жəне газет оқытатын
да бір жан жоқ. Сондықтан ел ішінде, «солдатын қашан сұрар екен?» деп
Арап қана тиышсызданайын десе, «солдат» деген сөздің құбыжық көретін
қазақтар оған, «ей, жағың қарыссың жаман сөзді атама» деп ұрсып
тастайды.
|