Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.03.2017
өлшемі393,22 Kb.
#8298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

жамылып жылайды:

 

 



 

 

 

,

Айда бас бар ауыз бен тіс болмаса

 

 

 

,   

.

Өз тілің өзіңе жау ел болмаса

 

 

 

 

,

Бейпіл жас ағып көзден жылауменен

-

 

 

 

 

.

Сай сайдан ағып дария сел болмаса

 

 

 

 

 

,

Мен ғашық уыз жаста болдым күнге

 

 

 

 

 

,

Күн қашан тіліңді алып жүрген жөнге

 

 

 

 

,

Бойыма бір сіңбеді асып тарап

 

 

 

 

 

...

Құрғыр күн батып кетіп қылды харам

 

 

 

 

 

,

Телмірдім тек күн батса айға қарап

28


 

 

 

 

 

.

Мен айға қарап телміремін жайға қарап

 

 

 

 

 

 

,

Асық ойнап пай салдым ай болсаң да

 

 

 

. [8]

Алатұғын отырмын пайға қарап

Ай,   күн   –   жарық   нұр,   қашан   да   болсын,   бұл   адамның 

бақыты,   ырысы   бейнесінде   суреттелініп   отырады.   Ақынның 

түн   бейнесінде   алып   суреттегені,   әрине,   жауыздықтың   қара 

пәлесі басқан, халыққа,  езілген елдерге  мәңгі қара түн, азап 

тартқызып келе жатқан патша мен оның үкіметінің отаршыл 

саясатының қатал заманы. Аспанға қол созып, көз тігіп бақыт 

іздейтін   талап,   сана   түгіл   халық   ойына   сіңіп   жеткен   жоқ, 

сондықтан,   ақын   түн   құшағында   «өзін   жалғызбын,   жалғыз 

айды   сарғайып   күтемін,   айдағы   алтын   нұрлы   сәуледен   үміт 

күтемін, айға жай қарамаймын, саналы ой, саналы ақылмен 

қараймын», – дейді. Сөйтіп, ақын халықтың бостандық күйін 

аңсайды:

 

 

 



,

Алдандық ататұғын таң жоқ шаңға

 

 

 

 

 

, –

Кез болмай бір ағарып атқан таңға

деп,   ол   қайғырады.   Халық   үшін,   ел   үшін   таң   атпады   деп 

күңіренеді.   Ақынның   бұл   күткен   таңы   қандай,   ол   жағы 

беймәлім. Бұл ашық айтылмайды. Ақын, әйтеуір, империализм 

заманындағы отаршылдық, тонау қысымынан тек азат болуды 

ғана ойлайтын сияқты.

Әрине,   Мәшһүр   Жүсіп   бұл   мақсатты   іске   асырудың 

қандай   жолы   барын   айту   дәрежесіне   жете   алмады.   Ол 

патшаны құлатуды да талап етпейді. Дегенмен, жазбагер бұл 

мүддені сауатсыздықты жеңу, оқу – білім арқылы іске асыруға 

болады деген таза ағартушылық пікірді қуаттайды.

Сөйте   тұра,   ақын   «махаббатты   ақ   патшаның» 

қайырымдылығына   сенім   артып,   үміт   күтті.   Рас,   бұл   оның 

жаңылыс басқан қадамы еді.

Егер тарихқа үңілер болсақ, шынында, қазақтың елім деп 

еңіреген   талай   ер  азаматтары   сол   Мемлекеттік   Думадан   көп 

үміт   күтіп,   халқының   ауыр   халін   қалай   да   жеңілдетпек 

пиғылда   болады.   Қазақ   зиялылары   өз   арасынан   Думаға 

депутат   сайлап,   оған   халықтың   мұң-мұқтажын   айтып, 

талаптар   қоюды   міндеттеді.   Демек,   Мәшһүрдің   бұл 

айтқандары   қайткенде   халықтың   хал-ахуалын   жақсартпақ 

ниеттен туған еді.

М.Ж. Көпеев   өз   дәуірінің   реалист   ақыны   болды.   Ол 

ұлықтардың, отаршылдарды сынады, халықтың патша өкіметі 

құрсауынан   құтылуын   аңсады.   Туған   халқын   бар   жүрегімен 

29


сүйген, оның алдыңғы қатарлы ел болуын қалтықсыз аңсаған 

Мәшһүр   «қазағының»   сорлы   тағдырына   күйінді,   оның 

надандығы мен қараңғылығына жаны күйзеле налыды.

«Тіршілікте   көп   жасағандықтан   көрген   бір   тамашамыз» 

кітабына   енген   шығармалар   жоғарыда   сөз   еткен 

туындылармен   бір   сарындас.   Бәрін   де   дерлік   ақын   қазақ 

өмірінің жай-жапсарын сөз етіп, өзінің шама-шарқынша пікір 

айтуға тырысқан. Оның көп өлеңдері өз халқының тағдырын 

ойлап толғанудан туған арман мен шерге толы болып келеді. 

Сол  өлеңдерден   біз   ақынның   көз   жасын   көреміз;   оның   мұң-

мұқтажын, шар-шеменін сеземіз.

Мәшһүр   Жүсіп   басқа   да   өлең-жырларында   замана 

міндерін, қараңғылық пен надандықты өткір сынайды. Оның 

шығармаларында   сол   кездегі   қазақ   қоғамында   орын   алған 

кеселдердің бірталайы бас-басына аталып өткен. Көп жайттар 

мен   көріністер   өмір   шындығын,   замана   сипатын   көз 

алдымызға елестетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. Өлең әңгімелер 

жинағы. – Қазан, 1907. – 26-б.

2. Сонда, 31 б.

3. Көпеев М.Ж. Хал-ахуал. Өлеңдер жинағы.  – Қазан,  1907. – 

20 б.

4. Сонда, 25 б.



5. Сонда, 26 б.

6. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

7. Сонда, 78 б.

8. Сонда, 139 б.

2. Баспасөз бетінде жарық көрген шығармаларының 

тақырыптық-идеялық негізі, мән-маңызы

Қазақтың   алғашқы   публицистерінің   бірі   ретінде   ол 

капитализм   талқысына   түсіп,   жұтаған,   отаршылдықтың 

езгісінде   қалып,   тапталған   халқының   правосын   көбірек 

айтады.   1890   жылы   бір   мақаласында   Ақбеттау   еліндегі 

Құсайын   Поштаев   дегеннің   алпыс   үй   кедейді   салықтан 

босатып,   салықты   малына   қарай   байларға   салғанын   өте 

орынды   деп   біледі.  «Байды   жамандасып,   нашардан   бірдеңе 

аламын   деп   жатқаным   жоқ.   Құсайын   мырзаның   нашарға 

қылған жақсылығын айтып отырмын», – дейді жазушы.

30


Ол   жұртты   бай,   кедей   деп   бөлмей,   тұтас   халықтық 

тұрғыдан   қарайды.   Гуманистік,   адамгершілік   негізде 

толғанып, халықты әділдікке, шындыққа жүгінуге шақырады.

Жазбагердің   баспасөздегі   мақалаларында   публицистика-

лық   сарын   басым.   Өйткені,   автор   заманның   толғақты   да 

түбегейлі мәселелерін қозғады, туған халқының тағдыры мен 

тарихына,   болашағына   байланысты   ойларын   еш   бүкпестен, 

жасырмастан   әділ   де   тура   айтып   отырады.   Ол   қоғам   мен 

халық алдындағы міндеттер туралы, ғылым мен мәдениет, оқу 

мен   өнер-білім,   тәрбие   мен   өнеге   жайында   ой   өрбітіп, 

байыпты ақыл-кеңес береді.

М.Ж. Көпеев   шығармашылығының   елеулі   салаларының 

бірі –  өз кезеңінің көкейкесті мәселелерін көтерген салмақты 

публицистикасы.   «Дала   уалаяты»   [1]   газетінің   белсенді 

авторларының   бірі   болған   ол   өзінің   публицистикалық 

мақалаларында   ел   тұрмысына   қатысты   толғақты   мәселелер 

төңірегінде   сөз   қозғағаны   мәлім.   Замандастарын   ұтымды 

еңбек етуге, шаруашылықты дұрыс пайдалана білуге үгіттеп, 

еңбекті   ғылыммен   ұштастыруға   ақыл-кеңес   берген 

жазбагердің пайымдауынша, жалпы адамзат оқу-білім алу мен 

адал   еңбек   ету   арқылы   ғана   биік   мұраттарға   жетіп,   даңғыл 

жолға түсе алады.

Өз   тұсындағы   қазақтың   көрнекті   ақындары   секілді 

Мәшһүр   де   әділетті   қорғау,   ар   тазалығын   сақтау   сияқты 

идеясын   шығармаларының   негізгі   арқауы   етті.   Бірақ   басқа 

әріптестерінен   бір   өзгешелігі   –   бұл   идеяны   дінмен 

байланыстыра уағыздауында. Оның ұғымында құдайды тану 

адамшылыққа, әділдікке бастау ісіне көмегін тигізеді. Құдайға 

сенетіндігін жасырмай: «Мен құдайда бір деп білемін, бар деп 

қана білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне наным-сенімім 

күшті.   Құдай   қандай   өзі,   не   нәрсе   оны   білуге,   оны   тануға 

ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді», – дейді.

М.Ж. Көпеевтің бұл куәлігі туралы айта келіп, белгілі ғалым 

Ы. Дүйсенбаев   мынадай   қорытынды   жасайды.   «Сөйтіп, 

«құдай» деген ұғымға үлкен мән беріп, адам ойы жетпейтін не 

шырқау   биік,   яғни   тұңғиық   терең   деп   қарау   ертедегі   ойлы 

адамдарың   тәжірибесінде   көп   ұшырасып   келген.   Олар 

көбінесе   құдай   деген   түсінік   арқылы   адамгершілік   қасиетті, 

әділдікті,   жақсылықты,   ізгілікті   беруге   ұмтылған.   Сөз   жоқ, 

бұлардың   бәрінің   түп   негізінде   дүниені,   өмірді,   идеалистік 

тұрғыдан тану жатыр» [2].

Осы пікірдің түп-төркініне көз жүгіртсек, Мәшһүрдің ой-

топшылауы   алдыңғы   қатарлы   ағартушы-демократтардың 

31


толғамдары мен сабақтастығын көреміз. Тіпті ұлы Абайдың өзі 

де:


-

 

 

-

 

,

Күндіз түні ойымда бір ақ тәңірі

 

 

 

 

.

Өзіне құмар қылған оның әмірі

 

 

 

 

,

Халлаққам мақлұқ ақылы жете алмайды

 

 

 

-

.

Оймен білген нәрсенің бірі дәһрі

 

-

 

,

Өзгені ақыл ойға қондырады

 

 

 

 

,

Біле алмай бір тәңіріні болдырады

 



 

Талып ұйықтап көзіңді ашысымен



 

 

 

 

 ... [3]

Талпынып тағы да ойлап зор қылады

деп толғанбай ма?!

Публицист-жазушының,   әсіресе,   бір   мақаласы   айрықша 

тоқталуды   қажет   етеді.   Шығарма   толыққанды   негізде   әдеби 

сын   еңбегі   болмаса   да,   автор  «Дала   уалаяты»   газетінде 

жарияланған   бірлі-жарым   өлеңдерге   сын   айтуды   көздеген. 

Мәселен,   жазбагер   «Найманның   жеті   атасынан   билік 

үзілмегендерін   баян   қыламыз»   деген   өлеңнің   авторы   өзін-өзі 

мадақтағанын   сынап,   тарихи   шындықты   бұрмаламай 

көрсетуді талап етеді.

Мәшһүрдің негізгі мақсаты қазаққа аты мәлім Құнанбай 

қажы,   оның   әкесі   Өскенбайды   мадақтау   болса   керек.   Және 

«Құнанбайдай атақты адамның қазір өлі-тірі екенін білмейміз, 

тегінде әкеге тартып ұл тумаған ғой, әйтпесе біз мұндай күйге 

түспес   едік,   бұған   Абай   кінәлі»,   –   деген   пікірі   автордың 

қазақтың әдет-ғұрпын еске салып отырғаны байқалады.

Бұл туралы көрнекті ғалым Т.Кәкішев былай деп жазады: 

«Алайда мәселенің құнды және бізге айрықша қажетті жағы – 

Абай өлеңінің тұңғыш рет оқушылардан, оның ішінде Мәшһүр 

Жүсіптей   көзі   ашық   адамнан   тиісті   бағасын   алуы.   Абайдың 

поэзиясына алғаш рет зор ілтипат көрсеткен және оның атын 

тұңғыш ауызға алған Көпеев болды. Құнанбайға ас бермедің 

деп Абайды кінәлап отырса да, оның ақындық өнеріне әбден 

ден қойған» [4].

Автор:   «Газетте   басылған   бір   тақпақ   өлең   Құнанбай 

баласынікі   деп   естіген   едік...   Біз   Ыбырай   мырзаның   өнерін 

Құнанбайдан   артық   деп   естіген   едік.   Артында   байлығы   һәм 

келісті   болып   өлеңге   қосылып   тұрған   соң,   өлеңіне   өнерін 

муафик қылып сөйлесе керек қой деп айтып жатырмын», – деп 

жазады.   Яғни   Мәшһүр   Жүсіп   Абайдың   сөзі   мен   ісінің   бір 

жерден шығуын қалады.

Бұл да көкірек көзі ояу, саналы азаматтың әрбір істі жіті 

сезініп, дер кезінде үн қосуы еді десе де болғандай.

32


Бұл  шығармашылығы   жарты  ғасырға   (ХІХ  ғасырдың   80-

жылдарынан   ХХ   ғасырдың   30-жылдарына   дейін)   жуық 

уақытта   қамтитын   Көпеевтің   дүниетанымы   өте   күрделі.   Төл 

туындыларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтеруі атап 

айтқанда,   ел   ішіндегі   ұнамсыз   қылықтарды   сынап,   би-

болыстар   мен   патша   әкімдердің  келеңсіздіктерін   әшкерелеп, 

халықты   оянуға,   ұлттық   мәдениет   пен   өнерді   көтеруге 

шақыруы   парасаттылығын,   озық   ой-көзқарасын   байқатады. 

Оның айғағы «Дала уалаяты» газеті мен «Айқап» журналының 

беттерінде жарық көрген мақалалары және Қазан қаласында 

басылып шыққан кітаптары. Керзаманда «Аяғын көсіле алмай, 

қолын   соза   алмай,   үнін   шығара   алмай,   құрттай   быжынаған 

тыңшы құрған, байлаған төбеттей, арпалысқан сензор қойып, 

ноқта кесті көмпіс, жетекші қылып алған жұрттың ортасында 

жүріп   сөйлеген   Мәшһүр   Жүсіп   Көпеев   осы»,-   деп   патша 

өкіметінің   бұратана   халықты   бұғауда   ұстамақ   арам   ниетіне 

ашық   қарсылық   білдірген   ақынды   патша   өкіметі   саяси 

қудалауға   алып,   кітаптарын   «зиянды»   деп   тапқан.   Бұл 

жайында   белгілі   ғалым,   марқұм   Б. Кенжебаев   былай   дейді: 

«Мәшһүр   Жүсіптің   бұл   ренжу,   өкінулері   оңың   1905–1907 

жылғы   революциядан   күткен   көп   үмітінің   күйреуінен  патша 

өкіметі   органдарының   оны   қуғындауынан,   кітаптарын 

таратпай,   өзіне   штраф   салуынан   (Цензур   М.Ж. Көпеевтің 

«Сарыарқаның кімдікі екені» кітабын ұстаған авторға штраф 

салған. ЦРАҒА ТАССР ф.969, оп. І. п. 49. стр.49-50) деп білуіміз 

керек» [5].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Дала уалаяты» газеті. – 1894. – №2.

2. Дүйсенбаев   Ы.   Ғасырлар   сыры   (Қазақ   әдебиеті   тарихынан 

очерктер). – А.: Жазушы, 1970. – 192-б.

3. Құнанбаев А. Шығармалары. 2-томдық. – А.: ҚМКӘБ, 1957.

4. Кәкішев Т. Сын сапары. – А.: Жазушы, 1971. – 176-б.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының  ХХ ғасыр басындағы  демо-

крат жазушылары. – А.: ҚКБ, 1958. – 308-б.

3. Халықты өнер мен ғылым үйренуге, оқып, білім алуға 

шақырған не көлемді туындылары

М.Ж. Көпеевтің   өмір   сүрген   кезеңі   әлеуметтік   сілкінулер 

мен   жаңаруларға   толы   дәуір   еді.   Әрқилы   қайшылығы   мол 

тарихи-саяси   жағдайдың   аса   күрделі   сыр-сипатын   терең 

33


түсінуге  қаламгерлердің бәрінің  бірдей өресі жете бермейтіні 

белгілі.   Солардың   ішінен   суырылып   шығып,   уақыт   ауқымы 

мен   әлеуметтік-мәдени   талап-тілекті   дұрыс   таразылай   білген 

Мәшһүр Жүсіп секілді қайраткерлер демократтық  бағыттағы 

әдебиетті өркендетуге, өз шығармаларында халықтың арманы 

мен   тілегін,   күйініші   мен   сүйінішін   бейнелеуге   талпынды, 

заман   ағысына   ілесуге   ұмтылды.   Әрине,   бұл   ретте   олар 

Абайдың эстетикалық-көркемдік принциптерін творчестволық 

жігермен пайдаланды.

Жаңа дәуір басында Абай қалыптастырған реалистік әдіс 

аясындағы   әдебиеттің   алуан   салалары   дәуір   талабына   сай 

жанры жағынан да, түрі жағынан да молайып, байи түсті.

Бұл ретте алмағайып кезеңдегі ниеті таза, мақсаты айқын 

қаламгерлердің   қай-қайсысы   болсын   дәуір   талабын   жіті 

сезініп, азаматтық жүрекпен терең толғануының мән-маңызы 

ерекше.   Заманы   алға   тартқан   күрделі   де   көкейтесті   мәселе-

лердің   шешімін   табуға   ұмтылған   көзі   ашық,   көкірегі   ояу 

қайраткерлер   халық   өмірінің   қат-қабат   құбылыстары   мен 

қоғамдық-әлеуметтік   тіршіліктің   алуан   саласын   рухани-

көркемдік   електен   өткізіп   өз   туындыларының   өзегіне 

айналдырды.

Міне,   осындай   кезеңде   әдебиет   майданына   араласқан 

М.Ж. Көпеев   шығармашылығы   көп   қырлы.   Оның 

мақалаларымен   әңгімелерінің   арқауы   –   жеке   адам   болмысы 

мен қоғам өмірінің байланысы, соған орай туындайтын алуан 

проблемелар.   Бұл   орайда,   қаламгердің   өз   кезінің   санасы 

сергек, ойы озық ағартушысы ретінде орны айырықша.

Шайырдың   ағартушылық   сарындағы   өлеңдері   де 

баршылық. Оның қазақ қоғамының экономикалық, әлеуметтік 

және   рухани   тыныс-тіршілігін,   олқылықтарын   терең 

түсінгендіктен   еңсесі   биік   ел   болуға   уағыздап,   үгіттеген 

туындылары   –   соның   дәлелі.   Айталық,  «Қара   өлең»   деген 

өлеңінде:

 

 

 

 

,

Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы

 

 

 

 

 

.

Айыра алмай жақсы менен жаман парқы

 

 

 

,

Баласы дін мұсылман ояныңдар

   

 

 

,- [1]

Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы

деп толғанса, ойын әрі қарай дамыта түсіп, былай дейді:



 

-

 

 

,

Өнерге ғылым білім болсаң жерік

 

 

 

 

 

.

Берілер ақыр бір күн басыңа ерік

 

 

 

 

 

,

Көп жұртты көз жасыңа қылсаң куә

 

-

 

 

. [2]

Табылар мұңлы зарлы саған серік

34


Мәшһүр   жұртшылықты   адал   еңбек   етуге,   рухани 

көтерілуге   шақырып   қана   қоймай,   халықты   жарыққа 

шығарудың   бірден-бір   жолы   –   оқу-білім   деп   түсініп,   соны 

бағыт-бағдар ретінде нұсқайды.

М.Ж. Көпеев – өз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл 

қазақ   халқының   тыныс-тіршілігін,   рухани   және   мәдени   өсу 

деңгейін,   кем-кетік   жақтарына   кеңінен   тоқталып,   тереңнен 

толғаған қаламгер. Оның «ұйқыда жатқан» қараңғы халықты 

оятпақ болып, жұртына жақсылық пен жаңалықты түсіндіріп, 

өркениетті   ел   қатарына   қосылудың   жолын   көрсетуге 

тырысқан туындылары бұған толық куә.

 

 

 



 

,

Егер де ісі жақсы болса ұнамды

 

 

 

 

.

Талап қып ыждахатпен бас қадамды

 

 

-

 

,

Айна қыл өзіңді өзің түзетуге

 

 

-

 

 

,- [3]

Бұл жүрген жақсы жаман көп адамды

дейді   ақын  «Қалмады   ойлай-ойлай   басымда   ми»   деген 

өлеңінде.   Бұл   –   туған   халқының   қамын   ойлап   қамыққан, 

болашағы   үшін   жабыққан   қайраткер   сөзі.   Қамығып   қана 

қоймай   жанын   ауыртқан   сол   дертке   шипа   іздеп,   қалың 

бұқараны   ғасырлар   бойғы   бойкүйездіктен,   сауатсыздықтан 

арылып,   өнер   мен   ғылым   үйрену   арқылы   көңіл   көзін   ашуға 

шақыруы – қайраткерлік қарымы мен құлашын байқатады.

Әрине, М.Ж.Көпеевтің ағартушылық бағыты оның поэзия 

саласындағы   туындыларында   әсіресе   айқын   сезіледі.   Ол   өз 

тұсындағы  ел тіршілігіне  көз  жүгіртіп,  мынау  жақсы,  мынау 

жаман деп тайсалмай, өз пікірін күлбілтесіз батыл айта білген. 

Мысалы, оның «Адам екі түрлі» атты өлеңі былай басталады.

 

 





 

 

,

Бір адам бар өрік мейіз ағашы сықылды

 

 

 

 

.

Жемісінен дүние жүзі баһра алады

 

 

 

 

 

,

Бір адам бар терек ағаш сықылды

 

 

 

 

. [4]

Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды

Ақын жақсылық пен жамандық жайында, адамның мінез-

құлқы   мен   жеке   қасиеттері   туралы   ой   толғайды.   Ол   адам 

бойындағы   адамгершілікке   жат   қылықтардан   қатты 

жиіркеніп,   ашына   суреттейді.   Бұл   сипат   оның  «Жалқаулар 

туралы   айтқаны»,   «Кедей   болады   кері   кеткен,   ұйқысы   мол», 

«Жеткізер,  құдай,  пенде,  қылса  талап»  және  т.б.  өлеңдерінен 

айқын аңғарылады. Бұл шығармаларында ол:





 

 

 

,

Балалар жалқау болмай оқы сабақ

35


 

 

 

 

.

Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ

 

 



,

Айрылса оқу оқып білгенінен

 

 

 

, «

!» – [5]

Біз оны деп айтамыз Арамтамақ

деп   жастарды   ерінбей   еңбек   етуге,   оқу   оқып,   білім   алуға, 

сөйтіп   ілгері   ұмтылуға   үгіттесе,   енді   бірде   салақтық   пен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет