Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі393,22 Kb.
#8298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

топырақтан   жаралғаны   басқа   да   шығыс   ақындарының 

шығармашылығына   арқау   болғаны   көпке   мәлім.   Мысалы, 

Рудаки,   Омар   Хайям,   Сағди,   Низами,   т.б.   шығармаларында 

бұл жайт терең толғаныспен баяндалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

2. Мәшһүр-Жүсіп.   Әдһам   диуана   және   Ибраһим.   //   Абай.   – 

1995. – №3. – 48 б.

3. Рабғузи. Қисас-ул анбийа. // Б.Сағындықұлының «Ғаламның 

ғажайып сырлары» кітабы ішінде. – А.: Ғылым, 1997. – 235 б.

4. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Жер мен көк. // Абай. – 1997. – 

№4. – 40 б.

6-дәріс тақырыбы

ҚАЛАМГЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақсаты:   Ақын   поэзиясының   ауқымдығын,   идеясының 

тереңдігін дәлелдей отырып, өлеңдеріндегі насихатшылдықты, 

сатиралық   сарынның   басымдылығын,   сондай-ақ   бейнелеу 

тәсілдерінің молдығын анықтау.

Міндеттері:

– ақын   өлеңдеріндегі   реалистік,   романтикалық   сарынды 

айқындау;

– сатиралық шығармаларынан мысалдар келтіріп, ишара, 

меңзеу түріндегі көріністерді аңғару;

– ақын   туындыларының   көркемдігін,   тіл   кестесін   нақты 

дәлелдер негізінде анықтау.

Жоспар:

1. Қаламгер поэзиясына тән ерекшеліктер



2. Мәшһүр   Жүсіп   шығармашылығының   бейнелілігі   мен 

стилі


51

Дәріс мазмұны:

1. Қаламгер поэзиясына тән ерекшеліктер

М.Ж. Көпеев өзі өмір сүрген күрделі дәуірдің шындығын өз 

туындыларында   тап   басып   суреттей   білді.   Бұл   сипат   оның 

шығармаларында   шындықпен   көрініс   тапты.   Мәшһүр   сол 

кездегі   қазақ   даласының   қоғамдық-саяси   және   әлеуметтік-

тұрмыстық жайларын жіті сезінді. Сөйтіп ол төл туындылары 

арқылы өз кезіндегі қазақ өмірінің бет-бейнесін көрсете алды.

Сондай-ақ,   шайырдың   өмір   жайлы,   тіршілік   сырлары 

туралы   пәлсапалық   ой-толғаныстарға   толы   өлеңдерінің   бір 

қасиеті – адам мен қоғам өміріне, тіршілік- тынысына және әр 

түрлі мәселелерге қатысты түсініктері болса керек. Мұның бәрі 

ақын   поэзиясының   мазмұнының   ауқымдығын,   идеясының 

тереңдігін дәлелдей түсері қақ.

Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде насихатшыл-

дық мотиві басым, көбінесе рационалистік поэзияның сарыны 

бар.   Ол   әлеуметтік   мәселелерді,   көркем   образдар   арқылы 

бейнелеуден гөрі, өткір, саяси сатира, тікелей толғау түрінде 

айтып отырады. Осы жағынан алғанда, қаламгердің бірталай 

шығармасы биік көркемдік талаптарға жауап бере алмайды. 

Мәселен,   манифест   туралы   өлеңдері   әлеуметтік   тақырыбы 

жағынан   маңызды   болғанмен   көркемдігі   солғын.   Сөзіміз 

дәлелді болуы үшін мысал келтірейік:

 

 

 

 

 

 

,

Бір мың тоғыз жүз жылдан асты бес

 

 

 

 

 

.

Бес түгіл көрді алтыны тірі кісі

 

 

-

,

Тиеді құлағыма еміс еміс

 

 

 

.

Октябрь он жетінші манифесі





 

 

,

Отырмыз міне марттың он бесінде

 

 

 

 

.

Қазақтың дәнеме жоқ тіпті есінде

 

 

 

 

,

Мархамат патшамыздан кеңдік бар деп

 

 

 

 

   

... [1]

Сөйленген бір сөз жоқ боп ел ішінде

Жазбагер   оқиғаны   құрғақ   баяндауға   салынып,   сылдыр 

сөзге   тізгін   беріп   алған.   Мұндай   жыр   тізбегінің   сөз   өнеріне 

қойылар биік талап деңгейіне сәйкес келмесі анық.

Дегенмен,   шешендікпен   айтылған   терең   мағыналы 

жырларда да аз емес. Мәселен, «Апырмай, кессем бе екен мен 

тілімді» деген өлеңдегі мына жолдарды алып көрелік:

-



-

 

,

Ішім от сыртым жалын қайнағаным

52




 



.

Бұйырған жұтқан күмән шайнағаным

 

 



 

,

Жаныма тыныштық жоқ өзіме қас

 

 

 

...

Бұлбұлдай жағып жұртқа сайрағаным

Не болмаса, мына жыр шумағына зер салайық:



 

 

 

 

,

Өнерге шыдай алмай ішім қайнап

 

 

 

 

-

 

.

Жарқ етіп шыққан күндей гүл гүл жайнап

 

 

,

Қасқырдай қақпандағы ызаланып

   

 

 

. [1]

Жатырмын өз аяғым өзім шайнап

Жастайынан   халқының   ұшан-теңіз   бай   тілін   толық 

меңгеріп жыр сүлейлерінің інжу-маржандарын  жаттап өскен 

Мәшһүр   өлең   өрімінде   теңеу,   метафораларды   кеңінен 

қолданады.   Сөйтіп,   ақын   дәстүрлі   өрнектер,   символдық 

бейнелер   мен   мифологиялық   образдарды   молынан 

пайдаланып, халық ақындарының жырларына тән құбылысты 

әрі қарай дамыта түсті. Ақын өлеңдеріндегі бұл сипат жайлы 

филология ғылымдарының докторы С.Негимовтың: «Аспанның 

тап   ортасы-Темірқазық»,   деп   Мәшһүр   Жүсіп   Көпеев   жазған. 

Бұл жөнінде ауыз әдебиетінде келісті жырланған. Мәселен, ол 

былай деп келеді:



 

,

Темірқазық аумаса

 

 

,

Тас бұршақтап жаумаса

 

 





Аған бір келер өлмесе

Темірқазық   ауыз   әдебиетінде   тұрақтылықтың, 

айнымастықтың,   жарықтың   образы   ретінде   алынады»,-деуі 

пікірімізді растай түсері анық [2].

Заман мен адам жайындағы тек қана шындықты айтқан 

ақынның   лирикалық  «мен»   өзгеше   сипатқа   ие   болады.   Ол 

өзінің   өнері   жайында   да,   тыңдаушысы   туралы   да   тереңірек 

ойланады  [3].   Мәселен,   «Мәшһүрдің   сөзді   киіндіріп   ...»   деген 

өлеңіндегі мына жолдар соның толық айғағы:

 

 

 

 

,

Аузына кейбір жанның қыдыр дарып

 

 

 

 

,

Ие бар тұратұғын кеңес салып

 

 – 



 – 

,

Болғанда ақын дария ауыз садап

 – 



 

 

 

, -[1]

Сөз гауһар сол садаптан алған жарып

деп,   ақындық   сөзді  «гауһарға»,   «бау-ағашқа»,   «үлпілдеген 

қызыл   гүлге   теңеумен   бірге   оның   қара   сөзге   қарағанда 

өзгешелігін, артықшылығын ашып береді. Ақындық өнерді өте 

жоғары бағалаған шайыр өлең туралы өз түсінік-толғамдарын 

53


ортаға  сала  отырып,   бірқатар  шығармаларында   жалпы  өнер 

атаулының қадір-қасиетін, ерекшелігін жырлай отырып, өнер 

адамдарынан   елдің   жоғын   жоқтап,   мұңын   айтуын   қалайды. 

Сөз қадірін біліп, халқына қызмет қыл дегенді айтады [4].

Шындығында өнерде өмірмен байланыссыз ешнәрсе жоқ. 

Демек,   қандай   да   суреткер   болсын,   ал   өз   дәуірінің   тыныс-

тірлігімен   тығыз   байланыста   болмақ.   Бірақ   олардың   сол   өз 

заманымен   қатынасы   бірдей   болмақ   емес.   Әлеуметтік 

теңсіздік   пен   әділетсіздікке   негізделген   қоғамда   халық 

мүддесін   қорғаған   суреткердің   қай-қайсысы   да   озбырлыққа 

қарсы   қайрат   қылғанмен   күйретуге   қауқары   жетпей, 

трагедиялық   күйлерге   ұщырап   отыратыны   тарихтан   мәлім. 

Сондай   күйлерді   өз   басынан   Мәшһүр   де   көп   кешті.   Надан 

орта,   надан   қауым   оның   өміріне   де,   шығармашылығына   да 

көп   салқынын   тигізді.   Мұны   ақынның   өзі   де   терең   сезінеді. 

Сондықтан да ол бір өлеңінде былай деп жазды:



 

 



 – 

,

Көңілім дария болғанда қолым қайық

 

 

 

-

.

Өз өзімнен боламын Еділ Жайық

 

 

 

 

 

,

Айдын шалқар көл қайда қылар шабыт

 

 

 

 

 – 

. [1]

Құла түзде қу ілген мен бидайық

Ақын   қоғамдағы   өз   орнын   осылайшы   айшықты   теңеу, 

бейнелі   сурет   арқылы   өрнектейді.   Сөз   өнерінің   сипаты   мен 

қоғамдық   қызметі   жайындағы   өлең-жырларынан   да 

Мәшһүрдің азаматтық, ақындық тұлғасын айқын аңғарамыз.

Задында,   ақынның   лирикалық   «менінің»   ұмтылысы   сол 

замандағы   қоғамдық   оймен,   халықтың   мүддесімен   ұласып 

жатады. Сөйтіп, ақын ойы, жыры өз замандастарының көңіл-

күйі,   арман-тілегімен,   сол   арқылы   бүкіл   қауымның   идеялық-

эстетикалық мұрат-аңсарымен бірге ұштасып жалғасары хақ. 

Бұл пікір М.Ж. Көпеев шығармашылығына да қатысты десек, 

асыра айтқандық емес.

М.Ж. Көпеев поэзиясына тән тағы бір ерекшелік – пікірдің 

өткірлігі,   ойдың   тапқырлығы,   бейнелеу   тәсілдері   мен 

құралдарының орнымен әсерлі һәм әдемі пайдалануы, аз сөзге 

көп   мағына   сыйғызып,   парасатты   тұжырымдар   түйіндеуге 

баса   күш   салуы.   Бұның   айғағы   –   мысалға   келтірілген 

шығармалары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

2. Негимов   С.   Ақын-жыраулар   поэзиясының   бейнелілігі.   –   А.: 

Ғылым, 1990. – 200-б.

54


3. Сүтжанов   С.Н.   Мәшһүр   мұрасы.   –   Павлодар:   НПФ   «ЭКО», 

2001. – 104 б.

4. Мәшһүр-Жүсіп   Қ.П.   Қазақ   лирикасындағы   стиль   және 

бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.

2. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығының 

бейнелілігі мен стилі

Мәшһүр   Жүсіп   өзінің   демократиялық-ағартушылық 

идеясын   тек   өлең-жырымен   ғана   өрнектеп   қойған   жоқ, 

сонымен   қатар,   ол   журналистика   саласында   да   еңбек   етіп, 

сүбелі   туындылар   ұсынған.   Оның   «Дала   уалаяты»   газеті   мен 

«Айқап»   журналының   беттерінде   жарияланған,   елінің   мұрат-

мақсаттарын тілге тиек ете отырып жазған публицистикалық 

мақалалары осы пікірді растай түсетіні анық.

Әрине, М.Ж. Көпеев шығармашылығына ғана емес, жалпы 

әдебиетке сол кезеңдегі күрделі қоғамдық жағдай мен түбірлі 

өзгерістердің   қуатты   әсер   еткені   айқын.   Бұл   туралы   белгілі 

ғалым Ы. Дүйсенбаев былай дейді: «Қазақтың жазба әдебиеті 

осы кезеңде жанр жағынан да, тақырып жағынан да едәуір 

байи   түсті.   Ғасырлар   бойы   қазақ   әдебиетінде   тек   поэзия 

басым   болып   келсе,   енді   проза,   публицистика,   драматургия 

жанрлары туады. Күнделікті өмір талабына пайда болған осы 

жаңа жанрлар тез дамып, гүлдене шешек атады. Сол жылдар 

жер-жерде   шыға   бастаған   газет-журналдардың   да   бұған   зор 

көмегі тиеді. Жер жайын, қоныстандыру мен отырықшылық 

немесе оқу мен ағарту, яғни әйел теңсіздігі мен дін мәселелері 

тәрізді   ежелден   келе   жатқан   түбегейлі   тақырыптар   жаңа 

әдебиеттің   бетінен   келелі   орын   алып,   жедел   де   тың   шешім 

табады».


Екі   ғасыр   аралығындағы   қазақ   әдебиеті   осылайша 

демократтық,   ағартушылық   бағыт   ұстап,   құлашын   еркін 

сермеп,   жан-жақты   әрі   тез   дами   түсті.   Халықтың   бай   ауыз 

әдебиетінен   сусындап,   Шығыс   пен   батыстың   классикалық 

әдебиет   үлгілерінен   нәр   алған   қазақ   қаламгерлері   келелі 

мәселелерге   қалың   бұқараның   назарын   аударуға   ұмтылды. 

Осындай   творчестволық   ізденістердің   нәтижесінде   қазақ 

әдебиеті жаңа, тың сипаттарға ие бола бастады. Бұған тағы да 

М.Ж. Көпеевтің шығармашылығын жан-жақты талдау үстінде 

көз жеткізуге болады.

Сөйтіп,   өз   шығармашылығына   ғана   тән   осындай   басты 

ерекшеліктер   арқылы   шайыр   қазақ   әдебиетінің   жанрлық 

55


сипатын   молайта,   көркемдік   көкжиегін   кеңейте   түсті. 

Сонымен   қатар,   М.Ж. Көпеев   таза   ағартушы-демократтық 

бағыт   ұстанып,   Абай   негізін   қалаған   сыншыл-реалистік 

дәстүрді ілгері апарды [2].

Қарымды   қалам   иесі  мына   шығармасы,   атап   айтқанда, 

«Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөзі» деп аталады. Бұл 

туындыда да сол тұстағы елді сорлатқан әлеуметтік теңсіздік, 

атап   айтқандай,   қулық-сұмдықтың   көбеюі,   сөздің   қадірі 

кеткендігі,   елді   неше   түрлі   алаяқ-пысықтардың   билеуі   сөз 

болады. Мәшһүр Жүсіп халықтың игі жақсыларын арыстанға, 

қу-пысықтарды   түлкіге   теңеп,   сырбаз   ерлердің   ептілерге 

тәуелді   болып   қалуын   көрсетеді.   «Сөзінде   бай   адамның   мін 

болмайтынын»   мысқылдап   жазады.   Ақынның   өз   ойларын 

жинақтай келіп:



 

 

,

Кедейлік кетіреді сыныңызды

 



 

 

.

Бар болса мол табады мініңізді

 

 

 



 

.

Бұл күнде тіл сөйлемей мал сөйлеген

 

 

-

 

, – [1]

Көре бер өйтіп бүйтіп күніңізді

деген қорытындысынан теңсіздікке деген наразылығы айқын 

көрінеді.

Келтірілген   мысалдардан   байқалатындай   шайырдың 

көптеген   шығармаларында   сатиралық   сарын,   өткір   сарказм 

тән.   Мәселен,   аталған   өлеңде   өзі   мысқылдап   отырған 

құбылыстың   ішкі   мәніне   тереңдей   үңіледі   және   сол   кеселдің 

туындап жатқан тәркінін тап басып дәл табады.

Қашанда   әдебиеттің   бағыт-бағдары   мен   бет-бейнесі   көп 

ретте   оны   тудырған   дәуір   сипатымен   тығыз   байланысты. 

Ендеше мәшһүр шығармаларының  әжуа-мысқылға  құрылып, 

сатиралық бағыты айқын да өткір болуы соның нәтижесінде 

әлеуметтік тамырларының тереңдеуі заңды.

М.Ж. Көпеев   Европадағы,   өте-мөте   Ресейдегі   саяси   хал-

ахуалмен   жақсы   таныс   болғандықтан,   қазақ   даласының 

отарланып   жатқанын,   ел   ішінде   бұзықтық,   әділетсіздік 

көбейгенін   жіті   көре   білді.   Елдің   қараңғылықта   қалып   бара 

жатқанына   қатты   күйінгендіктен   ең   алдымен   ел   өмірінің 

қайғысын,   саяси   тіршілігін,   бостандықты   халықтың   талап-

тілегін жырлап, өлеңдер жазады. Мысалы, 1903 жылы жазған 

өлеңінде былай дейді:

 

 

 

 

,

Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан

 

 

 

 

.

Әр нәрсе шағымызда болып жатқан

 

 

 

,

Жақсылық ойлаңыздар біздің халық

56


 

 

 



Тастаңыз жамандықты толып жатқан

 

 

 

,

Үлгісі чиновниктер осы болып

 

 

 

 

.

Қасқырша ауыз салып жұлып жатқан

* * *


   

 

 

,

Құрметті ел билеген хакімдер де

 

 

 

 

.

Жыландай зәрін төгіп сорып жатқан

 

 

-

 

-

,

Бас салып мұңды зарлы кем кетікті

 

 

 

, [1]

Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан

Ақын чиновниктерді қиянатшыл, зорлықшыл,  «қасқырға», 

ел   билеген   әкім   атаулыны   «зәрін   төккен   жыланға», 

«тырнағымен бүрген бүркітке» – кілең жыртқышқа теңейді. 

«Қазақтың қылып жүрген жұмысы» деген өлеңінде бұзық, 

қиянатшыл   ұлықтарды,   уытты   теңеулер   арқылы   олардың 

сықпытын таңбалайды:

 

 

,

Жалаңдап аждаһардай ауылнайлар

 

 

 

 

.

Беліне ақ киізден күйік байлар

 

 

 

 

 

,

Цифрын бес тиынын бес теңге деп

 

 

 

 

.

Кедейдің хат білмеген соры қайнар

 

 

 

 

,

Мойнына сары жезден қарғы салып

 

 

 

-

 

.

Алдынан неше түрлі дау шар бар

 

 

 

 

,

Жиылып қара құстай билер отыр

 

 

 

. [1]

Жемтігін өлексенің қоршап алып

Ауылнайды  «айдаһардай»   аранын   ашқан   жалмауыз   деп, 

«мойындарына киізден күйік байлап» алған  сұмпайы жандар 

етіп   масқаралайды.   Билерді   «мойнына   сары   жезден   қарғы 

таққан»   десе,   екіншіден   «өліктің   басынан   үймелеген   қарға, 

құзғын» сияқты озбырлар деп жерлейді.

ХХ   ғасырдың   бас   кезінде   қазақ   даласында   әлеуметтік 

теңсіздік,   ұлттық   езушілік,   әсіресе,   асқынып   кеткені   мәлім. 

Бұл   заманда   тайталас-тартыстар   мен   әлеуметтік 

қайшылықтар   шиеленісе   түсті.   Өз   кезінің   ең   бір   сорақы 

шындығы   індеттен   бетер   құбылысы   –   партиягершілікті 

Мәшһүр былай деп шенеген болатын:



 

 

 

 

,

Бөлініп жұрт екі жақ партиялап

 

 

 

.

Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап

 

 

 

,

Басқа орын босағадан тимейтінді

 



 

 

.

Бас қылып бас жегізіп тәрбиелеп

 

 

 

 

,

Көрініс екі жақтан топ көбейіп

-

 

 

 

 

,

Дау жанжал жанып тұрған шоқ көбейіп

 

 

 

 

 

,

Болмаса малға зиян еш пайда жоқ

57


 

 

 



 

. [1]

Атарға бір мылтық жоқ оқ көбейтіп

Мәшһүрдің әсіресе, кітаптарына (Қазан қаласында – С.С.) 

енген   өлең-жырларында   замана   міндері,   қараңғылық   пен 

надандық, өткір сынға алынған. Мұның өзі шығармаларының 

тақырыптық ауқымы мен көркемдік нысанасын, айшықтары 

мен бояуларын, саяси лириканың салмағы басым екенін, бір 

сөзбен   айтқанда,   көркемдік   ерекшеліктерін   айқын   аңғар-

тады [3].

Ақынның   лирикалық   туындыларындағы   бейнелілік   пен 

стиль   мәселесі   жөнінде   ғалым   Қ.Мәшһүр-Жүсіп   мынандай 

пікір   қосақтайды:  «   Ақын   өз   ойын   шынайы   нақыштау   үшін 

табиғаттағы айқын көріністер мен оған шартты түрде болсын 

ұқсас   делінген   адамдар   өмірін   салыстыра,   жарыстыра   алу, 

яғни психологиялық егіздеу тәсілін де жиі қолданған:



 

 

 

 

 

,

Бұлақ деп судың көзін ешкім ашпас

 

 

 

.

Екпіндеп өзі тасып шашылмаса

 

 

 

 

,

Ерлерге жай жатумен қайрат кірмес

 

 

 

. [1]

Ғалыдай орда жатып ашынбаса

Үзіндідегі «тасып шашылмаса» сөздері арқылы отау тіккен 

екпін күші, мәні одан кейін күрескер ерлерге де сондай қасиет 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет