Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.03.2017
өлшемі393,22 Kb.
#8298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

терең де мағыналы философиялық ой-тұжырымның жатқанын 

66


сезер   едік.   Ал,   хикаядағы   дінге   қатысты   жайға   келсек, 

Мәшһүр Жүсіптің Алла Тағалаға сиынып, оны жаратушы ием 

деп жоғары бағалағандығын көреміз.

Жастайынан   құранды   жаттап,   діни   тәлім-тәрбие   алған 

Мәшһүр   шариғат   ережелерін   бұрмалаған   қожа-молдаларға 

қарсы болып,  өмір бойы  күрес жүргізіп  өтті.  Құран сөздерін 

түсінбейтін, «әліпті таяқ деп» білмейтін дүмше молдалардың іс-

әрекеттерін шенеп:



 

 

 

 

,

Өсекті қожа менен молда айтады

 

 

 

 

.

Басқадан олар тіпті оңды айтады

 

 

 

,

Арасын ағайынның балдай тәтті

-

 

 

, – [1]

Дау жанжал ұрыспенен молайтады

дейді.   Онсыз   да   жоқшылықтың   тауқыметін   тартқан   ел-

жұрттың   ішіне   іріткі   салып,   онан   сайын   бүлдіріп   отырған 

қожа-молданың   қылығын   бетіне   басады.   Ол   дін   өкілдерін 

құран   қағидаларын   дұрыс   ұстай   алмадың,   шарттарын 

жақсылап   атқармадың   деп   жазғырады.   Бұл   шығармаларды 

талдау   барысында   Мәшһүр   Жүсіп   дінді-тәңіріні   адамның 

этикалық-адамгершілік   табиғатын   шектейтін   тылсым   күш 

емес,   оған   керісінше   тазаруға   ықпал   ететін   фактор   ретінде 

толғайды.   Дінбұзар   дүмшелерге   қарсы   майдан   ашуы   да 

осындай азаматтық кредосы мен творчестволық ұмтылысына 

байланысты.

М.Ж. Көпеев,   сонымен   қатар,   дүние   мен   адамды 

жаратушы тәңірдің құдыретті күші туралы да жазады. Оның 

айтуынша,   өзінен   тіршілік   иесі   жоқ   кезде   құдыретті   Алла-

тағала   екі   түрлі   кесектен   бірі   –   еркек   қасиетті   «Кэфті» 

екіншісі –   ұрғашы   қасиеті   бар   «Нонды»   жаратқан.   Осы   екі 

кесектен бүкіл тіршілік тарағанда ұқсайды.

Рас,   құдыретті   Алла-тағаланың   адамзатты   екі   кесектен 

жаратқаны жайында құранда жазылмаған. Соған қарағанда, 

Мәшһүр Жүсіп бұл пікірді ескі араб не парсы жазбаларынан 

алғанға ұқсайды.

Міне,   осындай   дінге   қатысты   ой-тұжырымдары 

Мәшһүрдің   жалпы   дүниетанымының,   философиялық 

топшылауларының дұрыстығын айғақтайды. Мәселен, біз осы 

күнге   дейін   маркстік   идеалистердің   «адам   маймылдан 

жаратылды»   (ендеше,   қазіргі   маймылдар   адамға   неге 

айналмайды?!   –   С.С.)   деген   пікірін   мақұлдап,   соны   дәлел-

деумен келдік. Ал, ол – жаратылыстың заңы, құдыреттің күшті 

екендігін   мойындамадық.   М.Ж. Көпеев   сияқты   ғұлама 

67


ойшылдардың ой-пікірлері бұған қайшы келді. Сондықтан да 

оларға   «діншіл»,   «панисламист»   деген   айдар   тағылып,   асыл 

мұраларын оқуға тиым салынды.

Тағы   да   Мәшһүр   Жүсіптің   пәлсапалық   ұғымдарына 

жүгінейік.   Ол   ескілікті,   наным-сенім   жайында   да 

топшылауларын   ортаға   салып,   шайтанға   қожа-молдалардай 

емес,   басқаша   түсінік   береді:   «Гүрілдеп   ағып   жатқан   өзен 

адамның денесіндегі қан. Әй,жігіттер, естеріңде болсын, оны 

«шайтан»   дейді.   Ол   бір   кесек   нәрсе   емес,   денеңе   арам   қан 

болып   кіріп,   жүрегіңе   барып,   жүрегіңді   толқытып,   өзіңді 

бұзады. «Шайтан» сол – қан бұзылса, кісі бұзылады. «Шайтан» 

деген өзіңнің ойың. Ой иесі «шайтан» жүрегіңе неше түрлі ой 

салады...

Олай болса, көп ішіп, көп жеумен екі нәрсе көбейеді. Бірі – 

қарын,   бірі   –   көңіл.   Бұл   екеуі   бойыңда   толық   тұрғанда   – 

тұрғаныңның   бәрі   –   өз   басыңа   у   болғаннан   басқа   пайдасы 

жоқ. Құнанбайұлы Ыбырай марқұм айтты ғой:

-

 

 

 

   

,

Өмір дүние дегенің ағып жатқан су екен

-

 

 

 

   

, –

Жүрген тұрған жұмысың ойлап тұрсаң у екен

деп оның және бір сөзі мынадай:



 

 



 

 

,

Адам бір боқ көтерген боқтың қабы

 

 

 

-

.

Өлсең сасық боларсың боқтан дағы

 

 

 

 

,

Менімен сен тең бе мақтанасың

 

 

 

. [2]

Білімсіздік белгісі сол баяғы

Соңғы ел білімдарлары бұл. Адамды адам санына кіргізбей 

жүрген   қарындағы   бір   қап  «жұмбақ»   екенін   білді   де   ішіп-

жемекті аз қылды Ол екеу аз болған соң, ұйқы бөлінді, сергек 

болды. Содан соң күлкісі кеміді. Денедегі арам қаны азайды. 

Арам   қан   азайған   соң,   жүректі   барып,   ұйтқытып   бұзатын 

дәнеме   табылмады.   Сонан   соң   бұл   адамнан   нәпсі-дәмі   бәрі 

атымен   жоқ   болып,   көңілі   күш-қуат   алып,   періште   сипатта 

болды. Аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді мұрат тұтты,-дейді. 

Сөйтіп,   шайтанды   ақын   дербес   малғұн,   көзге   көрінбейтін 

азғырушы емес, адам денесінде, қанда бар нәрсе деп ұғынып, 

өзінің Абаймен пікірлес екендігін білдірді.

Ел-жұртының тұрмыс-тіршілігіне көңілі толмаған, келеңсіз 

іс-қылықтарына  күйінген, жаны жадау ақын көңіл көншітер 

медет   іздеді.   Бала   жастан   алған   тәлім-тәрбиенің   әсерімен 

Мәшһүр   бір   ғана   Хақ-тағалаға   табынып,   соның   ғана 

мархабатына сенді, жан жарасына содан шипа тапты. Ол дін 

68


адалдыққа,   қайырымдылыққа   тәрбиелейтін   бірден-бір   құрал 

деп түсінді. Құдай жолы әділеттіліктің ақ жолы деп түсінген ол 

ислам   дінін   уағыздап,   халқына   осы   бағытта   жол   сілтеді. 

Құранды, пайғамбар жолын дұрыс, бұлжымайтын қағида деп 

біліп,   дін   мен   ғылымды   ұштастыруға   талаптанды.   Өкінішке 

орай,   коммунистік   партия   үстемдік   құрып,   өз   диктатурасын 

жүргізген   дәуірде   көбіміз   Мәшһүрдің   дүниетанымына, 

философиялық   ой-тұжырымдарына   қатысты   пікірлердің 

байыбына барып, тереңіне сүңги алмадық.

Бұл   секілді   ой-тұжырымдар   концепциясы   діни-сопылық 

таным-түсінік аясынан алшақ еместігі анық. Мәселен, Құран-

Кәримде   Ібіліс-шайтан   жайында   былай   делінген:  «Әй, 

мүміндер   кім   шайтанның   басқан   іздеріне   ерсе,   күдіксіз   ол 

ұятсыздықты, жамандықты меңзейді (24-Нұр сүресі, 21-аят).

Сөйтіп, Құранда жазылғанға қарап, мұсылман теологтары 

шайтанды   Адам-ата   мен   Хауа-ананы   күнәһарлыққа 

итермелеуші   деп   таниды.   Бірақ,   бұл   іс   қайырымдылықтан 

туындаған нәрсе іспетті. Әйтпесе, яғни Адам күнә жасамаса, 

жұмақтан қуылып, жер бетінің иесі болмас па еді, қалай?!

Сопылық   таным   негізінде   шайтанның   арбауына   ілігіп, 

адамның күнәлі болуы Інжіл мен Құранға қарағанда, басқаша 

түсінікті   білдіреді.   Нақтырақ   айтқанда,   сопылар   ойынша, 

шайтан   Құдайдың   жауы   емес,   қайта   адамды   сынау   ісіндегі 

жақтасы.   Жалпы   бұл   –   суфизмде   шайтанды   ақтап   алу 

тенденциясының   барын   көрсетіп,   ол   ілімді   зерттеушілерге 

негіз болды.

Суфизм теологтары мұндай тенденцияның ислам ілімінің 

көрнекті   өкілдері   –   Мансұр   әл-Халладж,   Фаридаддин   Аттари 

және т.б. сопы шайырлар көзқарастарында көрініс тапқанын 

айтады.


Ал,   ХХ   ғасыр   басындағы   Шығыс   әдебиетінде   шайтанды 

«қатыгездікті   жақтаушы   мәңгілік   күш-қуат   иесі»   ретінде 

романтикалық   сарында   суреттеу   байқалады.   Бұл   сарын, 

әсіресе,   классикалық   үлгілі   туындылар   беруші   мұсылман 

ақыны – Мұхаммед Икбал шығармасынан айқын көрінеді.

Сондай-ақ,   суфизмде   әуелден   бар   бұл   тенденцияның   сол 

тұстағы   қазақ   әдебиетінің   діни   ағартушылық   өкілдерінің 

шығармаларында  байқалғанын  айту ләзім. Мәселен, Мәшһүр 

Жүсіптің   «Шайтанның   саудасы»   атты   мысал   өлеңін   алайық. 

Осы   шығармада   шайтан   образы   романтикалық   түрде 

бейнеленіп,   адамның   өз   іс-әрекет,   қылығының   алдындағы 

жауапкершілігі   төмендеген.   Соның   әсерінен,   атап   атқанда, 

шайтаннан   өсек-өтірік,   зорлық-зомбылық   күншілдік   пен 

69


тіленшектікті   сатып   алған   адамдар   образы   айшықталып, 

сопылық таныммен өзектес тұжырым туындаған. Мәселен:



 

 

 

 

,

Шайтаннан қылды сауда көтерме алып

 

 



 

, – [3],

Орнына бұлар жүрді шайтан қалып

– деп мыңдап мал айдап, дүниеге молыққан байлар мен Құран 

сөзін   бұлдап,   жұртты   алдап   байыған   «жалған»   қожа-

молдалардың   бейнелері   әшкереленеді.   Ал,   оларға   қарсы 

бағытта алынған шайтан образы жоғары деңгейде көрінген.

Міне, сөйтіп шығарма сюжеті негізінде- Ғайса пайғамбар 

(ғ.с.)   жеңіледі   де,   шайтанның   айтқаны   дұрысқа   шығады. 

Адалдықтың,   діннің   тұтқасы   саналатын   молда,   қожалардың 

барлығы алдымен өтірікті, ұрлықты, күншілдікті, зұлымдықты 

сатып алушы болды. Шығарма соңында Мәшһүр Жүсіп мұның 

бәріне   қорытынды   жасайды:   «Заман   азды,   дін   бұзылды, 

адамдардың   ішінде  адал,   әділ   жан   қалмады,   шетінен  өтірік, 

ұрлық, зұлымдыққа үйір болып кетті», – дей келіп, – «осыларды 

айтушы дүниеде жалғыз мен ғана, ең ақыры өзімнің қатын-

балам   да   азған   адамдардың   қатарына   жазылып   кетті», – 

дегенге саяды. Әрине, бұл пікір ақынның көңіл-күй кірбіңінен, 

ішкі күйзелістен туындаған, бір сәттік көріністі білдіретін сәтті 

шыққан толғаныс түйіні екені мәлім.

Жазбагер қызғылықты шығармаға арқау етіп, одан өзіндік 

ой-тұжырым  жасайды.   Мұнда  ар  мен  жан  тазалығы,   әділдік 

идеясы   ерекше   сипатқа   ие.   Жалпы,   бұл-   сюжеті   қызық   әрі 

қоғам   көсемдерін   әшкерелеген   өткір   де   зілді   мысқылға   толы 

көркем шығарма.

Шайыр   өз   заманындағы   озбырлыққа,   әділетсіздікке, 

надандыққа,   жалқаулыққа   қарсы   шыққан   күрескер   ретінде 

көрінеді.Оның   мақсаты-   қоғам   өміріндегі   зиянды,   жексұрын 

қылықтарды әшкерелей отырып, халықты солардан жиренуге, 

адалдыққа,   адамгершілікке   тәрбиелеу   болды.   Осы   мақсатты 

іске   асыруда   әр   алуан   эстетикалық-   адамгершілік   қарым-

қатынастарды   тұспалдап,   көкейге   қонымды,   түсінікті   етіп 

жеткізу   үшін   ақын   мысал   жанрын   шебер   әрі   ұтымды 

пайдалана білген.

Осы орайда айта кететін бір жайт, ол- шығармада сюжет 

қолдану,   яғни   мысал   өлең   шығару   үрдісі   ежелден   Шығыс 

әдебиетінде, оның ішінде суфистік поэзияда бар дәстүр екені. 

Оның   озық   үлгісі   ретінде   парсылық   сопы   ақын   Жәлаладдин 

Румидің (1207–1273) «Мескевиін» тілге тиек етсек те жеткілікті. 

70


Шайырдың сопылық танымға негізделген ой-пікірлері шағын 

этюд, мысал өлеңдер арқылы берілген.

Ал, Мәшһүр Жүсіптің осы тақылеттес шығармалар жазып, 

сопылық   әдебиет   дәстүрін   жалғастыруы-   оның   шығыс 

поэзиясынан   мол   хабардар   болғандығын   және   соның 

ықпалында туындылар бергенін дәлелдейді.

Сайып   келгенде,   Мәшһүр   Жүсіп   мұрасының 

маңыздылығы-  ол тудырған  шығармалардың  өзегі (стержень) 

болып   табылатын   діни   дүниетанымда,   әсіресе,   исламның 

жүрегі   саналатын-   сопылық   таным-түсінікпен   сабақтасты-

ғында деп түсінген жөн [4].

Міне,   осындай   дінге   қатысты   ой-тұжырымдары 

Мәшһүрдің   жалпы   дүниетаным   эволюциясын   айғақтайды. 

Мәселен,   біз   осы   күнге   дейін   маркстік   идеалистердің   «Адам 

маймылдан   жаратылды»   (ендеше   қазіргі   маймылдар   адамға 

неге   айналмайды?   –   С.С.)   деген   пікірін   мақұлдап,   соны 

дәлелдеумен   келдік.   Ал,   ол   жаратылыстың   заңы,   құдіреттің 

күші   екендігін   мойындамадық.   М.Ж. Көпеев   сияқты   ғұлама 

ойшылдардың ой-пікірлері бұған қайшы келді. Сондықтан да 

оларға   «діншіл»,   «панисламист»   деген   айдар   тағылып,   асыл 

мұраларын оқуға тыйым салынды.

Ел-жұртының тұрмыс-тіршілігіне көңілі толмаған, келеңсіз 

іс-қылықтарына  күйінген, жаны жадау ақын көңіл көншітер 

медет   іздеді.   Бала   жастан   алған   тәлім-тәрбиенің   әсерімен 

Мәшһүр   бір   ғана   Хақтағалаға   табынып,   соның   ғана 

мархабатына   сенді,  жан   –   жарасына  содан   шипа   тапты.   Ол 

дін   адалдыққа,   қайырымдылыққа   тәрбиелейтін   бірден-бір 

құрал   деп   түсінді.   Құдай   жолы   әділетсіздіктің   ақ   жолы   деп 

түсінген ол ислам дінін уағыздап,  халқына  осы бағытта  жөн 

сілтеді.   Құдайды,   пайғамбар   жолын   дұрыс,   бұлжымайтын 

қағида   деп   біліп,   дін   мен   партия   үстемдік   құрып,   өз 

диктатурасын   жүргізген   дәуірде   көбіміз   Мәшһүрдің 

дүниетанымына,   философиялық   ой-тұжырымдарының 

байыбына барып, тереңіне сүңги алмадық [5].

Шынында, ислам әлемі шетсіз де шексіз. Олай болса, оның 

әсер-ықпалында   да   шек   жоқ.   Сол   кезде   ғұмыр   кешкен   қай 

қаламгердің   творчествосын   алып   қарамаңыз,   діни   таным-

түсінік ізі айқын аңғарылады. Тіпті дінге қарсы бағытталған 

делініп   келген   Сұлтанмахмұт   шығармашылығынан   да   діни 

мотивтерді, бір Аллаға жалбарынып, сыйынуды, т.т. молынан 

кездестіреміз. Сондай-ақ, онымен тұстас ақын-жазушылардың 

төлтумаларында ислами термин, сөздердің жиі ұшырасуы осы 

бағыттағы ағымның әсері екенін аңғарамыз.

71


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құнанбаев А. Шығармалары. 2-томдық. – А.: ҚМКӘБ, 1957.

2. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

3. Сонда, 61 б.

4. Кумисбаев У. Казахские и персидско-арабские литературные 

связи ХІХ–ХХ вв. – А.: Наука, 1989. – 136-стр.

5. У.Қалижан.   ХІХ–ХХ   ғасыр   басындағы   діни-ағартушылық 

ағым. – А.: 1999. –254 б.

8-дәріс тақырыбы

МӘШҺҮР-ЖҮСІПТІҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН 

ЖИНАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Мақсаты:  М.Ж.Көпеевтің   көне   мұра,   фольклор   үлгілерін 

қағазға   түсірудегі   еңбегін   тізбелей   отырып,   фольклоршылық 

қызметіне баға беру.

Міндеттері:

– Мәшһүр-Жүсіп   жинаған   фольклор   үлгілерінің   сақталу 

жайын айқындау;

– Фольклоршының ақын-жыраулар шығармаларын қағазға 

түсіру тарихынан хабардар ету

Жоспар:


1. Мәшһүрдің халық мұрасын қағазға түсірудегі еңбегінің 

кезеңдік көрінісі

2. Фольклоршының  би-шешендер   сөзін   жинаудағы   ерек-

шелігі


Дәріс мазмұны:

1. Мәшһүрдің халық мұрасын қағазға түсірудегі еңбегінің 

кезеңдік көрінісі

«Жалпы Мәшһүр-Жүсіп жинаған материалдар, негізінен 3 

қайнарда   (жазбада)   жинақталған.   Біріншісі   –   Мәшһүр-

Жүсіптің   өз   жазбасы.   Оның   көбісі   кезінде   жоғалып   кеткен. 

Бізге   жеткен   материалдардың   біраз   бөлігі   Ғылым 

академиясының   кітапханасында   «Қара   мес»  топтама   түрінде 

сақтаулы, ал, қалғаны Мәшһүр ұрпақтарында «әулеттік архив» 

күйінде   сақтаулы.   Екіншісі   –   Мәшһүр   Жүсіптің   туған   жиені 

72


Жолмұрат Жүсіпұлының жазбалары. Олардың ішінде Мәшһүр-

Жүсіптің   өз   қолжазбасынан   көшіргендері   де,   әр   кезде   ел 

аузынан   жинап   алғандары   да   бар.   Үшіншісі   –   Мәшһүр-

Жүсіптің   кенже   ұлы   Фазылдың   жазбалары.   Ол   кісі   де   біраз 

ретте  әкесінің жазбаларынан  көшіріп, енді бірде  ел аузынан 

жинаған». [1]

Қазақ   әдебиетінің   тарихында   М.Ж. Көпеев   тек 

жазушылық   еңбегімен   ғана   емес,   ұлттық   ауыз   әдебиеті 

мұралары   мен   тарихи   мағлұматтарды,   әдет-ғұрыптарымызға 

байланысты   деректерді   әрі   жинаушы,   әрі   зерттеуші   ірі 

фольклорист, этнограф ретінде де ерекше орын алады. Оның 

қолымен маржандай тізіліп, қағаз бетіне түсірілген әңгімелер, 

ертегілер, айтыстар, жыр-дастандар көл-көсір.

Бүгінгі   күнде   Қазақстан   Республикасы   Ұлттық   ғылым 

академиясы   Орталық   ғылыми   кітапханасының   қолжазбалар 

қорында   ол   жинаған   қыруар   мұра   бар.   Ғұлама   ғалымнан 

қалған   мол   мұра   ішінде   түрлі   мәселелерді   қозғайтын   неше 

алуан   шығармалар   бар:   ұзақ   оқиғалы   хикаялар,   айтыстар, 

шежірелер, т.б. «Бұларға қоса ақынның араб, парсы, шағатай 

тілдеріндегі көшірмелерін есепке алсақ, одан қалған мұра 30 

томдай   болады.   Мәшһүр   шығармалары   оның   өз   қолымен, 

жиені әрі шәкірті Жолмұрат қолымен, араб әрпімен жазылған. 

Олардың кейбіреулері қауырсын қаламмен қадимше жазылса, 

қалғандары   кейін   қолданылған   араб   алфавитімен   жазыл-

ған» [2]

Халық   ауыз   әдебиетінің   түрлі   нұсқаларын   жастайынан 

жаттап өскен Мәшһүрдің фольклорға деген ықыласы ерекше 

болғанға   ұқсайды.   Тіпті,   Мәшһүр   атты   иемденуі   де   оның 

«Қозы-Көрпешті»   сегіз   жасында   мүдірмей   жатқа   айтуына 

байланысты.   Өткен   ғасырда   қазақ   ауыз   әдебиетінің 

нұсқаларын   жинауға   көп   еңбек   сіңірген   Ш. Уәлиханов, 

Ы. Алтынсарин, Г. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваевтармен қатар 

М.Көпеевтің   аты   қатар   аталуының   себебі   де   осында.   Бұны 

болашақ   ұрпақ   алдындағы   абыройлы   іс,   баға   жетпес   еңбек 

екендігін   жете   түсінген   зиялы   адамның   қайраткерлігінің 

белгісі деп түсінген ләзім.

Қарымды   қалам   иесінің   көптеген   фольклор   жинаушы-

лардан өзіндік бір айырмашылығы – ауыз әдебиетінің үлгілерін 

біреу   арқылы   емес,   ел   аралап,   ауыл   адамдарының,   ел 

ақындарының   әңгімесін   тыңдай   жүріп,   олармен   тікелей 

аралас-құралас бола жүріп жинауында.

Білімін   толықтыру   мақсатымен   Бұқара,   Ташкент 

шаһарларына   шеккен   сапарларында   Мәшһүр   «бұрынғының 

73


даналарымен»   көзбе   көз   кездескенін,   «Қанжығалы   қарт 

Бөгенбай   батырдың   немересі,   заманының   шежіресі   аталған 

Саққұлақ   шешенді   көргенін»,-   өзінің   өмірбаянын   жыр   еткен 

толғауларында айтады. Өз заманының шешендері, ақындары, 

көне   көздермен   сұхбаттас,   айлас   болып,   қарым-қатынас 

жасауы   да   оның   парасаттылығын   танытады.   Жиені 

Жолмұраттың   айтуынша,   ол   Ақан   серіні   жоғары   бағалап: 

«Ақан сері – заманның сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің 

құлпы   жібегі,   сөздің   айтылған   тиегі»,   –   деген.   Үлгілі 

ақындардан өнеге алуды мұрат тұтып, өзіне міндет санаған ол:



 

 

 

 

,

Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды

 

-

 

 

, – [3]

Үлгісін өнер білім жұртқа жайған

дейді.


Шайыр өзінен бұрынғы көптеген ақын-жыраулардың өлең-

толғауларын,   айтыстарын   жазып   алған,   солардың   ішінде – 

Бұқар   жырау   мұрасын   жинауы,   қағаз   бетіне   түсіруі   –   оның 

айрықша айтарлық еңбегі. Мәшһүр Бұқар шығармаларын екі 

дана   етіп   көшірген   (1170,   1177-папкалар).   Қазір   Бұқар 

шығармаларының   ең   сенімді   нұсқасы   ретінде   М.Ж. Көпеев 

қолжазбасы алынып  жүр. Оның Бұқар туралы айтқан аталы 

сөздерді   жазып   кеткен   дерек-мағлұматтары   да   қазір   кәдеге 

жарады.   Соның   бірі   мынау:   «Өз   заманындағы   жандар   бұл 

кісіні   (Бұқарды)   көмекей   әулие   деседі   екен»,   –   деп   жазады 

жазбагер,   «қарасөзді   білмейді,   тек   сөйлесе,   көмейі   бүлкілдеп 

жырлай бастайды екен».

Бұқар   жырау   мұрасынан   Мәшһүр   Жүсіптің   жазып 

қалдырғаны 800 жолға жуық. Әрине, бұл жырау айтқан көл-

көсір   дүниенің   тамшысы   ғана.   Фольклор   жинаушының   ай-

туынша: «Бұл кісінің (Бұқардың) сөзін түгел жазамын деушіге 

Нұқтың өмірі, Аюбтың сабыры ..., Аплатонның ақылы керек».

Сондай-ақ,   жазбагер   ақын-жыраулардың   кейбір   жыр-

толғауларының   қандай   жағдайда   туғанына   арнайы 

түсініктеме,   қызықты   мәліметтер   беріп   отырған.   Мәселен, 

Бұқар жыраудың «Садыр қайда барасың ...» атты өлеңінің туу 

тарихы жайлы Мәшһүр Жүсіп былай деп жазады: «Қаптағай 

ұранды   Найманның   Матай   деген   руынан   бір   Садыр   батыр 

деген   шығып,   өз   елінен   кісі   өлтіріп,   Арғын   ортасына   ауып 

кетіпті. Ондай жан қайда жүрсе жай жүре ала ма, Арғынның 

да   бір   шонжарын   өлтіріп   елінен   үркіп   қашып,   ауыл-

аймағымен   Сарысуды   өрлей   көшіп   жөнеліпті.   Аттығы   жол, 

жаяуға сөз бермейтұғын деген байдың өзі екен, көкшолақтың 

көзі екен. Арғын болып Бұқарекеңді жіберіпті, осы кісі бір тіл 

74


алып   келер,   сірә,   ол   кісіге   жолықпай   жүрген   шығар   деп. 

Бұқаракең   барса,   Садырдың   ауылы   Сарысуға   өрлей   көшіп 

бара жатыр екен. Көш алдында Садырға жолығып айтқаны:



 

,

Садыр қайда барасың

 

?

Сарысудың көбелеп

 

 

 

 

,

Сен қашсаң да мен қойман

 

 ...

Арғымағым жебелеп

... 



 

 

 

?

Уа сен танымай кетіп барамысың

 

 

 

,

Мен Арғын деген арыспын

 

.

Аузы кереқарыспын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет