Өмірбаяны Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар
Тақырыбы:
Дидактикалық сарындағы әдебиет
Жүсіп Баласағұн
Ахмет Иүгінеки
Жүсіп Баласағұн ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Құтты білік дастаны “Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті»1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған.
. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады.
. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты.
ОЙ ӨСИЕТІ