Тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.
Бәсекеге қабілеттілік-психологияда- жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынастың түрі. Бәсекелестік белгілі бір мақсатқа жету жолындағы жарыс, тартыс түрінде көрінеді. Ол өзара ынтымақтастыққа, ізгі ниеттілікке негізделмеген жағдайда ашық соғысқа, бақталастыққа ұласады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет те атқарады;
Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:
білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;