Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа. Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.
Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың, мінез-құлық стереотиптерінің қайта қалыптасуы қиыншылығы арасындағы талаптардың айырмашылығына байланысты туындайды. Адам денсаулығына оның жасайтын таңдауы тікелей әсер етеді. Денсаулыққа жетелейтін таңдаудың алғы шарты болып өзіндік ішкі дүниесіне, яғни Мен «дауысына» сүйенуі саналады, бұл таңдау жасау барысында оны бөліп алуға, тыңдауға, соған еліктеуге мүмкіндік береді.
Жеке индивидтен бастап бүкіл ұлттың денсаулығын сақтау мен нығайтуды тек медицина ғана қамтамасыз етпейді. Қазіргі замандағы экологиялық жағдайдың төмендеуі, әлеуметтік-психологиялық мәселелердің көбеюі, стрестің артуы денсаулық құбылысының психологиялық жақтарына ерекше назар аудартады. Сондықтан, денсаулық мәселесі медициналық қана емес, психологиялық ғылым салаларында да тереңінен, әдіснамалық- теориялық тұжырымдап, қарастыруды қажет етеді. Осыған орай, соңғы жылдары ғылым мен тәжірибеде «денсаулық психологиясы», «психологиялық саулық» (И.В. Дубровина), «психикалық саулық» (Денсаулықты сақтаудың дүниежүзілік ұйымы, 1979), «кәсіби денсаулық психологиясы» (GeorgeEverly, 1986) атты ұғымдар орнығып қалды. Тіпті, қазіргі кезде психолог мамандығының еуропалық дипломын (EuropeanCertificateinPsychology, EuroPsy) алу үшін денсаулық психологиясының аясындағы мәселелерді шешуге қатысты құзіреттердің студенттерде дамуы маңызды шарт болып табылады (Houdmontetal., 2010) . Адамның өз денсаулығына қатынасын көптеген психологиялық факторлар бейнелейді. Осы факторлар бойынша денсаулық психологиясында бірнеше психологиялық үлгілер бар.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е.Давидович, В.М.Розин, И.Н.Смирнов, К.С.Хруцкий, А.Е.Чекалов және т.б.), валеологтар (Р.И.Айзман, Г.Л.Апанасенко, И.Н.Гурвич В.П.Казначаев, В.П.Куликов, А.Г.Кураев, В.А.Лищук, Т.Н.Маляренко, Л.А.Попова және т.б.), психологтар (А.А.Ананьев, Б.С.Братусь, О.С.Васильева, А.В.Воронина, И.В.Дубровина, И.В.Ежов, Р.Е.Калитеевская, Л.В.Куликов, А.Маслоу, Ю.И.Мельник, Г.С.Никифоров, К.Роджерс, В.Франкл және т.б.) зерттеулерінде қарастырылған.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” (Б.С.Братусь), “психологиялық денсаулық” (И.В.Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М.Митина), “рухани денсаулық” (Ю.А.Кореляков), “жанның саулығы” (О.И.Даниленко), және т.б.
Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.
Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін жағдайлары психикалық көріністердегі ауқымды әрі зерттелуі қиындыққа соғатын топқа жатады. Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу мен психикалық саулық арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиынға соғады. Оларды өзара ажыратып, сондай-ақ өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал ауруды денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз әрі белгісіз болып табылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26 пайызынан психикалық ауытқулар, 40-62 пайызынан – шекаралық жағдай анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай психикалық бұзылыстар байқалмаған.
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады
Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.
Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:
Психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады);
жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-әрекітінің жағдайымен, қызметімен анықталады);
тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады);
Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен аномалиялар көрсеткіштерінің өзіндік медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі болатыны анық. Жағымсыз өзгерістердің бірінші деңгейде де, екінші деңгейде де, үшінші деңгейде де орын алуы мүмкін. Психофизиологиялық саулық деңгейіндегі ауытқулар орталық жүйке жүйесінде де, перифериялық жүйелерде де (мигрень, невралгия, неврит, полиневрит және т.б.) пайда болатын алуан түрлі жүйке аурулары түріне білінеді. Жеке психологиясының саулық деңгейіндегі ауытқулар бірқатар психикалық ауруларды (қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б. қабілеттіліктерінде ауытқулар) тудырады. Тұлға саулығының деңгейіндегі ауытқулар тұлғаның өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қалыпты түрде өмір сүру бағытындағы өзгеріске (нашақорлық, ішімділік, қылмыскер және т.б.) әкеліп соғады.
Психикалық аурулар мен ақыл-ой кемістігі түрлерінің бірқатары тұқым қуалайды. Баланы дүниеге әкелуді жобаламас бұрын, оның тұқымындағы психикалық аурудың орын алу-алмауын анықтау үшін медициналық-генетикалық қеңес беру пайдаланылады. Бұл белгілі бір ата-ананың ауру баланы дүниеге әкелуінің мүмкіндігін (тәуекелділігін) анықтайтын ерекше медициналық көмек түрі болып табылады.
Шизофрения, маникальды-депрессивтік психоз, эпилепсияның соққыдан болмаған түрлері, ақыл-ой кемістігі сияқты тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуына қоршаған ортаның жағымсыз әсері мен генетикалық айғақтардың қосылысы себеп болады.
Мұндай тұқым қуалайтын өзгерістердің алдын алу шаралары ауруды ерте бастан зерттеу, медициналық-генетикалық қеңес беру және олардың дамуына кедергі болатын ортаны қалыптастыру әрекеттерінен тұрады.
Даун синдромы, сияқты хромосомдық аномалия пайда болған кезде генетикалық қеңес беру арқылы «қателік» қай жерде және қашан пайда болғанын анықтауға болады: әкесінің немесе анасының жыныстық жасушаларының қалыптасуы барысында ма, әлде аналық жыныс жасушасының немесе зиготаның пайда болуы барысында ма. Осы арқылы өзгерістері бар баланың тууының алдын алуға болады.
Тұқым қуаламайтын психикалық ақаулар да болады. Олардың болуына әйелдің жүктілік барысында жұқпалы ауруға ұшырауы немесе туу барысындағы психикалық және физикалық әсерлер немесе мидың зақымдалуы себеп болады.
Психика саулығын сақтауда бала тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Жан-жақты дамуы, денсаулығын үнемі қадағалап отыру, пайда болған өзгерістерге дер кезінде түзетулер енгізу баланың пихикалық ахуалының қалыпты болуын қамтамасыз етеді.
Адам психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, жан дүниесінің ахуалы мен қанағаттануы. Темекі шегу мен ішімдіктен бас тарту қажет. Өз эмоцияларын қадағалауды және есеңгірететін әрекеттерге қарсы тұруды қалыптастыру керек.
Психика саулығы, қабілеттіліктері, мақсаттары мен қасиеттері жеке адамның қоршаған ортаға бейімделуіне себеп болады. Барлығына қолайлы, ортақ анықтаманы жасау мүмкін болмаса да, бұл психика саулығы жайлы кең таралған анықтама, өйткені әр түрлі адам қоғамдастықтары мен мәдениеттеріндегі бұл мәселеге қатысты барлық пікірлерді бір түйінге біріктіру мүмкін емес. Өз қоғамдастығындағы қалыптардан ауытқып бара жатқан адам психикалық ауру болып мойындалуы мүмкін. Әр түрлі мәдениеттер мен әр мәдениет ішіндегі әр түрлі уақыттардағы психикалық аурулар жайлы пікірлер алуан түрлі болады. Біріншісіне мысал ретінде мынаны айтуға болады: басқа американдықтардың көпшілігіне қарағанда индейцтердің көптеген тайпалары елестерді қалыпты құбылыс деп есептейді, ал екіншісіне мысал мынау болады: кезінде қылмыс ретінде, кейінірек психикалық ауру деп қарастырылған гомосексуалдылық қазіргі жағдайда жыныстық бейімделу нұсқасы болып саналады.
Денсаулық психологиясы – ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті – теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру.
Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:
1. Физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар (проблемалар);
2. Психикалық ауытқушылығына байланысты, яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;
3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.
Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.
Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.
Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай сатыларға бөлген:
1. Денсаулық – патогендік, физикалық, психикалық және әлеуметтік бейімделулер, өмір жағдайына байланысты өзгерулері. Осыған ағзаның бейімделуі.
2. Сыртқы ортаға әсері – яғни адамның қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге бейімделе алуы тиіс.
3. Аурудың алдындағы жағдайы – патологиялық процесс, әсер ету факторы, өзін-өзі дамыту жағдайы болып табылады. Бұл екі сатыда жүреді:
• Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы, яғни жүрек ауруларының, спецификалық аурудың алдын-алу.
• Белгілі бір органның гомеостазының, механикалық компенсация әсерінен туындаған аурудың алдын алу.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:
• Әлеуметтік жағдай:
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады.
• Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.