Оны шешу бір қадам болса да алға басқандық болып табылар еді.
Сондықтан
да
ағартушы-демократтар
бұл
мәселені
өз
шығармашылықтарының алтын арқауы етті.
ХІХ ғасырда дана Абайдың жас сұлуы жартастан терең суға құлап
мерт болса, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт кейіпкерлері де әйел теңсіздігін
тудырып отырған ескілікті салт-сананың тегеурініне шыдай алмай,
кейде қарсыласып, кейде бұйығы күйде өмірден өтеді. Сұлтанмахмұт
тұрпайы салттың қасіретіне душар болған қазақ қызының
жігерсіздігіне қынжылады. Әділетсіздікке жаны қас ақын қазақ
қыздарын өз бақыты мен еркіндігі үшін күресуге шақырады. Мұратқа
тек күрес арқылы жетуге болатындығына сендіруге тырысады.
Сұлтанмахмұт алға тартқан ой арнасы ағартушы-демократ ақын-
жазушылардың бәріне тән десек, артық айтқандық емес. Бұл көзқарас
тіптен сол кездегі барлық ақын-жазушыларға ортақ. Ағартушы-
демократтар да, ұлт-азатшылдар да, діни-ағартушы бағыттағылар да
ұлтымыздың ертеңі анаға байланысты екенін терең ұғынып, қыздарды
шалға сату ұрпақ өркениетіне кесір екенін көрсетуге әрқайсы шама-
шарқынша, өз ұғым-таным биігінен келді. Тәрбиелі, оқыған анадан
өнегелі ұрпақтың өнетінін, надан, сауатсыз анадан тәрбиесіз ұрпақ
туатынын санаткерлеріміз ұдайы тілге тиек етіп отырды.
Сонымен, ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі кезек күттірмей, тез
шешуді қажет ететін басты мәселеге айналды. Бұл сияқты үлкен
тақырыпты дәуір тілегіне лайық суреттеу жолында шағын өлең
формасы тарлық жасай бастады. Өмірдің, әдебиеттің алдында тұрған
түбегейлі
проблемаларды замана талабына сай бейнелеу үшін кесек те
күрделі шығармалар жасау қажеттігі туды. Міне осы қажеттілік
Мұхаметжанның
“Гүлкашимасын”,
Міржақыптың
“Бақытсыз
Жамалын”, Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамырын”
туғызды.
ХІХ ғасырда Абай қазақ қыздарының аяулы бейнесін өзінің
лирикалық шығармаларында жасаса, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ
қызы көркем шығарманың белсенді кейіпкері ретінде көрініп, заман
сырын танытуда, жұртшылықты әділеттілікке, адамгершілікке
шақыруда үлкен қызмет атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: