Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев



Pdf көрінісі
бет38/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
Байланысты:
хх адебиет

СӨЖ тақырыптары
1.  XX 
ғ.б. қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдебиет. 
2.  XX 
ғ.б. ұлт зиялыларының әдебиетке ықпалы. 
3.  XX 
ғ.б. алашшыл-азатшыл ұстанымның өркендеуі. 
4.  XX 
ғ.б. ұлт-азаттық бағыттың зерттелуі. 
5.  XX 
ғ.б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар. 
 
                                                      
ҚОРЫТЫНДЫ 
 


ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті    өзіне    дейінгі  ұттық 
әдебиетіміздің  бар асылын, үлгі  дәстүрлерін бойына сіңіре  отырып, 
дәуір талабына  сай  жаңа  мүмкіндіктерге  жол ашты. Әсіресе  жаңа  
ғасыр    табалдырығын    шығармашылық  талаппен    аттаған    ақын-
жазушылардың    қай-қайсысы    да    Абайды    өзіне    пір    тұтты,  хал-
қадірінше  «бас  ақын»  межелеген    биіктен  көрінуге    тырысып,    түрлі 
ізденістерге    бой    ұрды.  Дәстүрді    жалғастыру  мен    жаңашылдыққа  
ден    қою  ой  сана    тұтастығына,  идеялық-көркемдік    бірлікке  алып 
келді.  
Ғасыр басындағы  қазақ әдебиеті  дамуының кезеңінде түрлі әдеби  
бағыттар  қалыптасып, ақын-жазушылар шығармашылығындағы  өмір  
шындығын  суреттеу    тәсілдері  сан  алуан  реңктермен  толыға    түсті. 
Түрлі    бағыттағы  идеялық-көркемдік    ізденістер  әдеби  ағым-
бағыттардың толыса, кеңейе  түсуіне  игі әсер етті.  
ХХ  ғасыр  әдебиеті  өмір    шындығын,  ұлт  мүддесін,    замананың  
өркениетті  көріністерін  алға    тарта    отырып,  өз  тұсындағы  озық  ой-
санадан  өріс  тапты, соны  жетекші  идеяға айналдырды. Бұған  дәлел 
ретінде ХІХ ғасырдың екінші  жартысындағы ағартушылық  идеяның  
ХХ  ғасырдың    бас  кезіндегі  әдебиетте    азатшылдық  идеяға    ұласуын 
айтуға  болады.  
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде  әдеби  жанр мәселесі  де көркем 
әдебиет    өркендеуінің    көрсеткіші    ретінде  көрінді.  Расында,  ХХ 
жылдардағы  әр    түрлі  әдеби  ағымдардың    пайда    болуы  көрсемдік-
эстетикалық  талаптан    туған  сұраныстың    нәтижесі  еді.  Бірақ 
көркемдік  ізденіс бір орында  тұрып  қалмайды,  ол  қоғамның  мол  
қатпарлы    ой-  санасына        өзіндік  сына    қағып,  жол  тауып  алады. 
А.Байтұрсынов  бастап,  М.Жұмабаев  жандандырған    ой-идея  кеңестік  
дәуірде  де  өз  өміршеңдігін танытты. 
Алайда,  қоғамдағы  жағдай  1917жылдың  ақпанынан  кейін  өзгеше 
арнаға  бет  бұрды.  Қалай  дегенде  де,  кеңес  дәуіріндегі  қазақ  әдебиеті 
сол қоғам ұстанған саяси -әлеуметтік идеологияның жетегінде болғаны 
анық. Сол тұстан басталған әдебиеттегі жалаң насихатшылдық, құрғақ 
ұраншылдық  80-  жылдарға  дейін  белең  алып,  әлеуметтік  өмір 


шындығының  көркем  бейнелеу    арқылы  ашылуына  жол  бермеді. 
Дегенмен,  о  лардың  көбінде  тарихи  шындық  жазушы  қиялы  арқау 
болған  көркемдік  шешім  арқылы  ажарлана  түсіп,шынайы  өнер 
туындылары  да  дүниеге  келіп  жатқанын  әсте  естен  шығаруға 
болмайды. 
Қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті  –  шын 
мәніндегі  алтын  ғасыр  әдебиеті.  Ол  –  қазақ  әдебиеті  дамуы 
тарихындағы  жазба  әдебиеттің  мейлінше  дамыған,  ең  бір  өркенді  де 
өскелең  кезеңі.  Алдыңғы  дәуірлерді  жаңашылдықпен  дамытқан, 
кейінгі кезеңге дәстүр ретінде жаңа серпін берген өміршең әдебиет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет