«Өмір,мен сені сүйемін» Мендибаева Гульмира Жүргізуші



Дата18.06.2022
өлшемі18,85 Kb.
#37014
Байланысты:
Ерлерді құттықтау сценарий





«Өмір,мен сені сүйемін» Мендибаева Гульмира

Жүргізуші:
Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп-лицей директоры Дуйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлына ұсынамыз.
(Марапаттау)
Қалыбын адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл - қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей,Бахытжан ағай,Роман ағай.Нұржан ағай,Ғалымжан ағай,Қайрат ағай,Нұрлан ағай,Ертіс ағай сіздерді шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Тыным Шахризаданың орындауындағы «Жақсы адамдарым» әнін қабыл алыңыздар!

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде, - деп Әділбек,Уәлихан,Тимур,Дәуірхан,Азамат,Әлібек ағаларды шын жүректен құттықтаймыз!
М.Мақатаев «Ғашықпын» .Орындайтын: Айнаш Қобланбекқызы

Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің – деп,Андрей ағай,Тұрсынбек,Ербол,Василии,Асқар,Сұлтан,Қанат ағайлардың құрметіне
Мендибаева Гульмираның орындауындағы « Асыл аға » әнін қабыл алыңыздар.
Қалыбын адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл - қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей, Азиз,Талғат, Айдос,Нұржан,Қанат,қос Бауыржан мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан аға,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, Қорқыт,Абылайхан,Жәнібек,Еркін,Ислам сынды ұстаздарымызды айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс - береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- дей келе,
Қазақ жігіттері. Нұрдәулет


Себездеп алтын ара жан - жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Қуандық ағай,Жұмағали ағай,Сәбит ағай,Бақдаулет ағай,Бақыт аға,Әлібек ағай, Қанатбек сынды жігіттерімізге таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болмақ!Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!

Сарбаздар әні. Вокалды топ
Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл - көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау - саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет