«Өміршеңдік» тіл білімінде «виталдылық» ұғымымен қатар қолданылатын тілдік категория


қазақ тілін жаңа технологиялар мен ірі қаржылық салаларының, яғни банктердің, экономиканың тіліне айналдыруға күш салу, т



бет2/4
Дата15.04.2023
өлшемі29,18 Kb.
#82737
1   2   3   4
Байланысты:
өміршеңдік ұғымының тілдік сипаты

қазақ тілін жаңа технологиялар мен ірі қаржылық салаларының, яғни банктердің, экономиканың тіліне айналдыруға күш салу, т. б. тұрады. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ әдеби тілінің тарихы – тіл өміршеңдігін қалыптастыратын тілдік бірліктер мен өлшемдердің өмірге келген кезеңі болып табылады.

Тіл өміршеңдігі – жанды құбылыс екенін ескерсек, қазіргі қазақ әдеби тілінің ішкі даму жүйесі жоғарыда аталған мәселелерге қатыссыз, өзіндік табиғи даму үдерісінде өткені мен бүгін өзгермеген бір ғана факторды байқадық. Ол – адамдық фактор.
Адамдық фактор – әдеби тіл жүйесінің бірден-бір тетігі. Әдеби тіл жүйесі – жанды жүйе ретінде қоғамға, ұлтқа қызмет етеді. Әдеби тіл жүйесінде қалыптасқан нормалар мен ұстанымдар (критерийлер) бар. Мұндай заңдылықтар «жазылмаған заң» сияқты көзге көрінбей, қолға ұсталмай өз ырқына бұрып, өздігінше дамып, іске асып жататын жанды жүйені құрайды. Әдеби тіл жүйесіндегі ең басты қозғаушы күш ол адам. Қоғам мен әдеби тіл арасындағы қарымқатынас, адам мен тіл арасындағы қарым-қатынастай. Ол экстралингвистикалық әсерлерге ұшырағанымен, «әдеби тіл жүйесінің жазылмаған заңдарынан» үстем бола алмайды. Сол нормалар мен ұстанымдар (критерийлер) адамдық фактор есебінен өзгеріп те отырады, бірақ түпкі маңызынан қол үзбейтіні ақиқат.
Әдеби тіл нормалары туралы пікір білдір ген зерттеуші Әсет Болғанбайұлы мен Ғабдолла Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте былай деген:
«Әдеби тіл нормалары қатып қалған, өзгермейтін, дамымайтын құбылыс емес. л үнемі дамып, жетіліп отырады. Бұған мысал ретінде қазақтың қазіргі әдеби тіліне дейін өзіндік нормалары бар ауызша әдеби тілі, жазба әдеби тілдің ертеректегі нұсқалары болғанын айтса да жеткілікті» [6, 31].
Демек, әдеби тіл жүйесі – кез-келген ортада жүзеге асады. Ал тіл үшін күрес – саяси күрес болса, адам – сол халықтың перзенті ретінде өз «әдеби тіл жүйесін» жоғалтпауға тырысу керек. Әдеби тіл жүйесі – дербес қаланған жүйе емес, бірақ даму бағдары жаратылыстан белгіленген жүйе болып табылады. Сондықтан да, белгілі профессор, ғалым Р. Сыздық «Сөздер сөйлейді» деп бекер айтпаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет