«Өміршеңдік» тіл білімінде «виталдылық» ұғымымен қатар қолданылатын тілдік категория



бет1/4
Дата15.04.2023
өлшемі29,18 Kb.
#82737
  1   2   3   4
Байланысты:
өміршеңдік ұғымының тілдік сипаты


Қазақ әдеби тілі өміршеңдігінің ғылыми негіздері
«Өміршеңдік» тіл білімінде «виталдылық» ұғымымен қатар қолданылатын тілдік категория. Оның категория болатын себебі, бір жағынан, тілдің жанды құбылыс екендігі болса, екінші жағынан, оның тіл жанрларының барлық қабатында белсенді қызмет атқаруы болып табылады. Соның ішінде қазақ тілі білімінің анасы – қазақ әдеби тілінің «өміршеңдік» сипаты қазақ тілі білімінің жаңа ғылыми-зерттеу бағытының негізгі нысаны болып отыр.
Қазақ әдеби тілінің өміршеңдігін жаңа ғылыми-зерттеу бағытында сипаттау үшін, ең алдымен «өміршеңдік» ұғымының тілдік сипатын ашып алудан тұрады. Осы тұрғыдан келгенде, «өміршеңдік» ұғымының мәнін ашып беретін бірнеше сөздіктерге зер салдық. Соған сәйкес, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Өміршеңдік. Өмірге бейімділік, икемділік» [1, 653] деп беріледі де, бірақ оның лингвистикалық мәнін ашатын анықтама келтірілмейді. Басқа да сөздіктерде, атап айтқанда, «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» [2] мен «Қазақ сөздігінде» [3] де осы ұғымның екінші және үшінші мағыналары ашып көрсетілмеген. Алайда, «виталдылық» ұғымының терминдік тамыры болып есептелетін «витализм» термині арқылы «өміршеңдік» тілдік категориясының қалыптасуына көз жеткізе аламыз: «Витализм [лат. vitalis] зат. Ағзада түсініп болмайтын ерекше бір материалдық емес «өмірлік күш» бар деп пайымдайтын, биологиядағы идеалистік ағым» [3, 311]. Демек, «өміршеңдік» немесе «виталдылық» тек тілдік категория емес, ол ең алдымен, философтар мен биологтардың «адам мен тіл», «тіл мен қоғам» арасындағы байланыстарды анықтауға деген іс-әрекеттерінің жемісі. Соның есебінен, қазіргі ғылымда «витализм» немесе қазақша айтқанда, «өміршеңдік» жаңа ғылыми-зерттеу парадигмасы ретінде қарастырылады. Бұл туралы белгілі профессор Б. Момынова зерттеу мақаласында былай дейді: «Соңғы кездерде өміршеңдік термині тіл білімінде жиі қолданылады. Өйткені, тіл жанды құбылыс, саналы тіршілік иесі адамға қызмет етеді, осы қызмет ету барысындағы тілдің мүмкіндігі мен әлеуеттілігі, яғни виталдылығын анықтаумен байланысты болғандықтан, ғылыми еңбектерден жиі ұшырататын болдық» [4, 76-77]. Тіл өміршеңдігі дегеніміздің өзі – тілдің өмір сүруі үшін күресі. Сондықтан да өміршеңдік ұғымы туралы сөз қозғалған Қазақ әдеби тілі өміршеңдігінің ғылыми негіздері да, көбіне тілдің ішкі мүмкіндігінен гөрі сыртқы экстралингвистикалық әсерлерге байланыстырылады. Орыс халқының белгілі зерттеушісі Д. И. Петренконың сөзімен айтқанда: «Витальность языка – жизненность языка, его свойства, имеющие отношение к явлением жизни» [5]. Тіл өміршеңдігі, түптеп келгенде әдеби тілдің өміршеңдігін лингвистикалық заңдылықтар мен қағидалар негізінде зерттеп-зерделеу жолындағы бірнеше мәселелерді анықтап береді. Профессор Б. Момынова ондай міндеттер қатарын төмендегіше көрсетіп берген [4, 77-78]. Ол:

  • тіл экологиясы (тілге деген технократтық көзқарастарға, менсінбеушілік пікірлерге тойтарыс беріп отыру);

  • тілдің демократиялануы (әдеби тілдің ауызекі тіл нормаларына бет бұруы, мұның өзі әдеби тіл ұғымын енді қай тұрғыда қарастыру керек деген сауалды тудырады);

  • тілдік норманың сақталуы (норма мен норма емес өлшемдердің критерийлерін, норманың кезеңдік сипаты барын білу, тіл деңгейлерінің нормативтерін оқыту);

  • ауызша әдеби тіл мен жазба тілдегі тіл мәдениетін сақтау, үлкен мегаполис тұрғындары тілінің, яғни қала тілінің әлеуметтік-лингвистикалық жай-күйін, коммуникативтік қызметін түбегейлі зерттеу, сол арқылы әдеби тілдің әлеуметтік негізі туралы пікір-көзқарастарды қайтадан екшеу;

  • БАҚ-ты пайдалана отырып, норма бұзушылықтардың жолын кесу және балама терминдердің ұтымды және ыңғайлы варианттарын іріктеу, жаңа номинатив сөздер мен тіркестерді нормаландыру;

  • әдеби тілдің кодификацияланған, тұрақтандырылған, әрі ырықтандырылған нормаларының бұзылуын талқыға салып отыру, сол арқылы қазақ әдеби тілінің қоғамға қызмет ету мүмкіндігін арттыруға;



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет