-ин деген орысша қосымшалардан құтылып, тәуелсіз елдің
бостан азаматына лайық нағыз қазақ болатын кез жетті.
Әрине, бұл жерде азамат өзінің аты-жөніне түзету ен-
гізіп, қатесіз, дұрыстап жаздыратын болса, оның басқа
құжаттарына қатысты көптеген кедергілер туындап отыр.
Мысалы, өзіне тиесілі мүлкінің, дипломдарының, т.б. то-
лып жатқан құжаттарының қайта ресімделу машақаттары.
Сондықтан көп азамат осындай мехнаттан қашып, баяғы
құлдық қамытын шешкісі келмейді. Сонымен бірге өзінің
азан шақырып қойған қазақша аты-жөнін қорсынып,
орысша «крутой», «модный» аты-жөнінен «мәмбетский»,
«қазақбайский» аты-жөнге көшкісі келмейтіндер де бар.
Міне, осы мәселенің оңтайлы шешімін табуымыз қажет. Осы
мәселе жөнінде еліміздің бас адамдары, зиялы қауымы үлгі
көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдары үнемі көтере берсе
дұрыс болар еді. Бүкіл қазақтың аты-жөнінің қате жазылуы
намысқа тиетін нәрсе емес пе?! Сонда қалай, бір адамда екі
ат бола ма? Мысалы, «Төлеген» деген жап-жақсы атымыз
жеке куәлікте «Тулеген» не «Толеген» деп жазылады. Бірлі-
жарым болса бір сәрі. Қазақтың 99,9 пайызының басындағы
кеп бұл. Бұл не масқара! Әрқайсысымыз намысымызды
қамшыламасақ болмайды. Тіпті болмаса, енді дүниеге келіп
жатқан балаларымыздың аты-жөнін қазақша жазайық. Бұған
ешкім кедергі жасап жатқан жоқ қой. Сөйтсе де құлдық сана
сүйегіне сіңіп кеткен қазақтардың намысы өздігінен оянады
деп күту қысыр сиырдың уызынан дәметкендей тірлік
болады. Сондықтан қазақ азаматтардың барлығының аты-
119
жөнін міндетті түрде қазақша ресімдеуге пәрмен беретін
арнайы нормативтік құжат қажет. «Адам құқығы», «таңдау
еркі» секілді әдемі сөздерге елтіп, көрінгеннің көңіліне
қарай берсек, ұлттығымыздан айырылып қалатын түріміз
бар. Сондықтан мемлекеттің болашағы, ұлттың мүддесі
бәрінен де биік тұруы керек.
Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілге қатысты
қаншама заң бұзу фактілері, сот процестері орын алды.
Алайда бұл сот процестерінде дауды сот қалай шешсе,
солай шешілді. Сот процесінің өзі мемлекеттік тіл бойынша
қоғамда қандай проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Бұған арнайы талдау жасалған жоқ. Сондықтан Жоғарғы сот
осыны талдап, халыққа жеткізуі керек.
– Сіз тек «Қазақ тілі» қоғамының басшысы ғана емес,
елімізге белгілі тілші-ғалымсыз, белді терминологсіз. Ал кез
келген тілдің өміршеңдігі оның ғылым, білім, бизнес, саясат
тіліне айналуында. Қазақ тіліндегі ғылыми өрістің барысы
қалай?
– Мемлекеттік тілдің бір өрісі – ғылым тіліне айналуына
байланысты. Ал ғылым тіліне айналудың шарты – терми-
нологиялық лексикасының қалыптасуында. Ал тілде терми-
нологиялық жүйе қалыптасып бітті деп айта алмаймыз. Ол
өмірмен, қоғаммен тығыз байланысты, үздіксіз өзгеру, даму
үстінде болатын құбылыс. Өйткені ғылым да қоғам. Соған
орай бір орнында тұрмайды. Оны таңбалауға арналған жаңа
терминдердің пайда болып отыруы заңды. Осы жағынан
алғанда қазақ терминологиялық лексикасы жылдан-жылға
толығып, молығып, байып келеді деп айтуға болады. Өзім-
нің ғылыми шығармашылығымның негізгі бағыты осы тер-
минологияға арналған. Осы орайдағы туындыларыммен
таныс адамдар біраз мәселені байқайды деп ойлаймын.
Қазіргі кезде терминология бойынша түбегейлі, терең зерт-
теулер көбейе түсті, кәсіби зерттеушілер қатары молайды.
Қазақ тілі ғылым тілі ретінде көсіліп жұмыс істей бастады.
Бұл қазақ тіліндегі ғылыми терминдердің біріздендірілуінің
нәтижесі деп білемін. Әйтсе де әлі де болса атқарылар іс-
тер көп.
120
– «Қазақ тілі» қоғамы еларалық «Қазақ елі» газетін
өз қарамағына алып жатыр. Бұл Қоғамның халықаралық
аядағы істерін жандандыруды көздеуі ме әлде басқа себебі
бар ма?
– Қазақ елі, қазақ тілі деген ұғымдар бір-бірінен ажыра-
ғысыз ағайынды ұғымдар деп есептеймін. Олар бірінен-
бірі туындап жатыр. «Қазақ елі» басылымы «Қазақ тілі»
қоғамына қарамай тұрып-ақ, қазақ тілі мәселесін ұдайы
көтеріп келеді. Көтеретін мәселелері ортақ, өрістері бір
болғаннан кейін бас редактормен келісе отырып, «Қазақ
тілі» қоғамы оны өз қанатының астына алып отыр.
Алда бірлесе атқаратын бірқатар жоспарларымыз, ойла-
рымыз бар. Соның бәріне газеттің септігі тие ме деген
үмітіміз зор.
– Сұхбаттың соңғы сұрағын ашық қалдырайын. Сұхбат
барысында осы сұрақ қойылмады-ау немесе осы мәселе
көтерілгенде жөн болар еді деген ниетіңіз болса, Сізге
мүмкіндік бермекпіз. Ендеше, түйінді сөз өзіңізде.
– Қазір әлемді дүрліктірген дағдарыс бізге де келіп
жетті. Қай-қай саладан да оның салқыны байқалып жатыр.
Дағдарыс кезінде бүгінгі жеткен өремізден төмендеп
кетпей, парасаттылық танытып, тәуелсіздігімізді нығайта
беру ісін ұдайы жадымыздан шығармасақ деп тілеймін.
Елмен, жұртпен кеңесе, бірлесе отырып, бұл қиындықты да
еңсереміз деп сенемін. Қазақ елі қиындықтың неше атасын
көрген. Қырылып та, жойылып та кете жаздаған кездері
болған. Алайда өртеңге шыққан егіндей боп, құлпырып, еңсе
көтерген еліміздің талай ісі көз алдымызда. Құдай қаласа,
әлі талай іргелі істерге куә боларымыз хақ.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Нұрлан АСҚАР.
«Қазақ елі» газеті,
2009 жылғы 24 сәуір
121
тИімСіз КҮрЕСтЕН
СаНалы таҢДаУ артық
Біз жолайрықта тұрмыз. Алдымызда үлкен таңдау. Қай
жолмен жүреміз? Бет алысымыз қалай? Таңдаған жолымыз
ұшпаққа шығара ма, жоқ па? Барар бағытымыз, діттеген
мақсатымыз қайсы? Сауал көп, жауап аз. Біздіңше, елдің
мақсаты, атап айтқанда, қазақ халқының мақсаты тек қана
қарын тойғызып, қара көбейту емес. Ұлтсыз, тілсіз, тобырға
айналып, топ көбейту де емес. Мақсат – өз еліңде өгейдің
күнін кешпеу. Еңсесі тік, рухы биік болу. Алаш атының,
қазақ даңқының аяқ асты болмауы. Атадан қалған асыл
мұрасына, бабадан қалған барша мирасына толық қожалық
ету. Көрінгеннің қолжаулығына айналмау. Қазыналы
жерімізге, кең пейілді елімізге лайықты мемлекет болу. Оның
мемлекеттік тілі – қазақ тілінің қоғам өмірінің бар белесінде
үстемдік етуі. Өзгелерден кем емес, тең болу.
Қысқасы, халық «қарнының ашқанына емес, қадірінің
қашқанына» қынжылады. Елдегі «тыныштық пен тұрақты-
лықтың» қазақ есебінен жасала беретініне қажиды десек,
бұдан былай, жауырды жаба тоқуды доғаратын кез жетті.
Бұл ретте көп мәселенің түйіні тілге келіп тіреледі. Өйткені
тәуелсіздіктің тірегі – тіл. Ол тек қарым-қатынас құралы
ғана емес, елдің барша азаматының басын тоғыстырушы,
ұлтты ұйыстырушы бірден-бір күш.
Өткен жылғы күздегі тіл жанашырлары мен ұлт патриотта-
рының Алматы қала сындағы «Сарыарқа» кинотеатры жа-
нын дағы саябақта өткізген митингісі де еріккеннің ермегі
емес. Бұл «Тіл туралы» Заңның қабыл данғанына 19 жыл
болғанына қарамастан, оның әлі де өз деңгейіне лайықты
сатыға көтерілмегеніне деген наразылықтың бір көрінісі.
Марғау тартқан ойды, самарқау тартқан сананы серпілту
жолындағы кезекті әрекет.
Ұлт жанашырларының осынау әрекетте рін бар ықыласы-
мызбен қолдасақ та, тіл саясаты бойынша мемлекетіміз
ешнәрсе жасамай отыр деп ауызды қу шөппен сүртуге
арымыз жібермейді. Егер қазақ тілінің өрісін кеңейту
122
жолындағы мемлекетіміздің атқарып келе жатқан істеріне
көз жұмып қарайтын болсақ, мұнымыз «көрмес түйені де
көрместің» керін келтіргендік болар еді. Сондықтан да әрбір
іске, әрқандай әрекетке баға бергенде, әділеттің ақ жолынан
ауытқымағанымыз орынды.
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің мәселесі
Елбасының назарынан ешқашан тыс қалып көрген жоқ. Еліміз
тіл мәселесіне қатысты асығыс, үстірт шешімдер қабылдамай,
алысқа, болашаққа бағытталған салмақты саясат ұстанып келеді.
Елбасының ұлт, ел тағдырына қатысты қабылдаған кейбір соны
шешімдерін жұртшылық бастапқыда байыбына бара алмай,
тосырқап қабылда ғанымен, жылдар өткеннен кейін оның
дұрыстығына көздері жетуде. Мұның бәрі де уақыт өте келе өз
жемісін беріп жүр.
Осынау жағдайларды електен өткізе келе еліміздегі іргелі
ұйым – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы да қазақ тілінің мәсе-
лесін көтергенде қызбалыққа салынбай, байыппен, парасатпен
қимылдап, бір сәттік жеңісті емес, түпкілікті, ауқымды мақсат-
тарды көздеп әрекет етуде. Бұған жұртшылық куә.
Әрине, бәріміз де қазақ тілінің барынша тез қоғам өмі-
рінің бар саласында үстемдік еткенін көргіміз келеді. Тәуел-
сіздігіміздің тұғыры, ұлттық бірлігіміз тілдік тұтастыққа
негізделсе деп тілейміз. Бұл заңды да. Дегенмен, уақыт
дейтін құдіретті әміршінің де бар екенін ұмытпағанымыз
жөн. Жылдар бойы қалыптасқан үрдісті, сіресіп қалған
сананы аз уақыт ішінде өзгерте қою қиын. Дана халқымыз
мұны «батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» деп
тұжырмай ма. Қазақ тілінің қолданысын кеңейту аясындағы
жасап жатқан амалдарымыздың екпін алып кете алмай
отыруы да елімізде жетпіс жыл бойы сіңірілген саясаттың
санаға әбден орнығып қалғандығын, инерциясының әлі де
жалғасып келе жатқандығын көрсетеді. Сондықтан да бұған
неғұрлым тез тосқауыл қойып, ел санасын жаңа бағытқа
қарай икемдей түскеніміз абзал. Өйткені ұлы жазушымыз
Мұхтар Әуезов айтқандай: «Төзім деген жақсы қасиет. Бірақ
ұзақ төзуге адамның ғұмыры жете ме?».
Осы кезге дейін қазақ тілінің өрісін кеңейту үшін
қаншама қаражат бөлінді, қаншама мемлекеттік құрылым-
123
дар құрылды, қанша адам ақысыз курстарда дәріс алды.
Елбасы тарапынан «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»,
«Қазақ станның болашағы – қазақ тілінде», т.б. секілді
қағидалар ортаға тасталғанымен, оны елеп, ескеріп,
қазақтыққа ұмтылып отырған жандардың қатары бірлі-
жарым болмаса, айтарлықтай көбеймей отыр. Мұның
себебі неде? Мемлекетіміз ұстанған тіл саясатының әлі де
тегеурінсіздігінде. Біз атқарып отырған істің, тіл саясатын
жүзеге асыру механизмдерінің тиімсіздігінде. Ал тиімсіз,
қайтарымы жоқ өнімсіз іске неге қаражат шашып, уақытты
сарп қыламыз. Демек, бізге басқа жолдарды қарастыру керек.
Жер иесі, ел иесі ретінде қазақ халқы жау ап кершілікті
қолға алуы керек. Жалтақтықты қоюы тиіс. Нық сеніммен,
отты жігермен алға басуы жөн. Табансыздықтан, солқыл-
дақ тықтан, бағдарсыздықтан арылатын кез жетті. Тәуелсіз-
дік алған 90-жылдары елімізді мекен деп жатқан өзге ұлт
өкілдері бізден соны күтті. Серке болып жол бастасын
деді. Болашақ тағдырын Қазақстанмен байланыстырғысы
келмегендер бірден-ақ буынып, түйініп өз тарихи Отан да-
рына жол тартты. Қазақстаннан өз бола ша ғын бөліп
қарағысы келмегендер балаларын жап пай қазақ мектеп-
теріне, қазақ балабақ шаларына бере бастады. Алайда біз
көшбас шылық жасауға дайын болмай, ірі тарихи мүмкін-
дікті жіберіп алғандаймыз. Солқылдақтық таныттық. Мыз-
ғымас сенім мен шешімтал қимыл болмаған жерде, бір
тудың астында бас құрап, бір мақсат жолында еңбектену –
бос қиял. Ірге берік болмай, іс берекелі болмайды. Біз мұны
жадымыздан шығармауымыз керек.
Сол жылдары бірден сананы отарсыз дандыру саясатын
жүзеге асыруымыз керек еді. Әйтсе де, сол кезеңде
отарсыздандыру мәсе ле сін көтеруге экономикалық та, саяси
да жағ дайы мыз мүмкіндік бере қоймады. Бірақ қол қусырып
қарап отырдық десек, жалған болар. Елбасының бастауымен
қаншама іргелі істер атқарылды, тарихи қадамдар жасалды.
Ашып айтпағанмен, тарихи тұлғаларымызды түгендеу,
бабалар аруағына арнап ат шап ты рып, ас беру сананы
отарсыздандырудың көрі нісі болатын. Бірақ жүйелі түрде
жүргізілген іс болмаған дықтан, нәтижесі ойлағандай болмады.
124
Бастысы, еліміз қиын кезеңнен аман-есен өтіп келеді, ұрыс-
керіс, қантөгіс болмады. Ты ныштық сақталды. Шегарамыз
ай қындалды. Біле-білген адамға мұның маңызы орасан зор.
Азғана уақыттың ішінде аса ауқымды істер атқарылды.
Президенттің астананы Ақмолаға ауыстырып, жаңа
тұрпатты, сән-салтанатты қаланың бой көтеруіне тікелей
мұрындық бол ғаны тарихи ерлік. Қазақ бар кезде, Қазақстан
тіршілік етіп тұрғанда бұл іс ұмытылмақ емес. Мұны ұлттық
сананы оятуға, елді өзгеше, тың даму арнасына түсіруге
бағыттаған тарихи бетбұрыс, ерекше қадам деп санаймыз.
Мойындауымыз керек, Қазақстанда іс басындағы ат
төбеліндей аз ғана топ болмаса, жалпы халықтың ішінде
ең нашар тұратын, ең кедей тұратын халық – қазақ. Құқы
аяққа тапталып жатқан, өзін қор, кембағал санайтын,
табысы аз, қара жұмысқа жегіліп, еңбегі еш, тұзы сор
болып жүрген де қазақ. Эколо гиялық апаттардың зардабын
тартып отырған да қазақ. Сіңірі шыққан кедейлер кеселі –
құрт ауруымен көп ауыратын да қазақ.
Осындай жағдайда отырған қазақтарды өзге ұлт өкілдері
қалай құрметтесін, қазақ тілін қалай үйренсін. Оның
үстіне әлі күнге қазақтар орыс тілін білмесе, лауазымды
қызмет атқара алмайды. Табысты, беделді қызмет атқару
үшін міндетті түрде орыс тілін білуің керек. Онсыз аттап
баса алмайсың. Осындай әділетсіз жағдайлардың барлығы
жиылып келіп, қазақтардың көкірегіне қыжыл кіргізіп отыр.
Қазақ тілінің кең қанат жая алмай отыр ғанының бір себебі
де осында жатыр. Өйткені оның болашағына деген сенім аз.
Мемлекет тарапынан кепілдікті көрмей тұр. Тіл саясатына
қатысты Конс титуциямыз да, «Тілдер туралы» Заңымыз да,
тіл туралы Мемлекеттік бағдарламамыз да екіұшты, кісіні
екіұдай ойға қалдырады. Елдің бола шағын жалғастырады
деген «Болашақ» бағдар ламасы арқылы шетел асып оқып
жатқан жастарымыздың да дені орыс тілді.
Қысқасы, Қазақстанда қазақ ұлтының мүддесін көздейтін
заңдық база әлсіз. Сондықтан Қазақстанда қазақ ұлтының
проблемасы шешілмей, басқа проблемаларымыз шешіле
қоюы қиын.
125
Мұндай мәселені мемлекеттік тұрғыда кешенді шараны
қолға алу арқылы шешпесе, ұсақ-түйек, бір сәттік, өтті-кетті
шаралармен шешу мүмкін емес. Мұны іске асыру механизмі
мынадай болуы керек деп санаймыз. Бұл үшін Президент
жанынан арнайы ұлттық комиссия құрылып, оның құрамына
әртүрлі саланың білгір, ұлтжанды мамандары тартылуы
қажет. Комиссия тұжырымдаманы дайындап, мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдардың талқы лауынан өткізіп, Президенттің
бекітуіне ұсы нуы керек. Тұжырымдама бекітілгеннен кейін
Үкіметке немесе арнайы уәкілетті органға тұжырымдаманы
іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарламаны дайындап,
Прези денттің бекітуіне ұсыну жүктелгені жөн.
Бағдарламада қазақтардың мүддесін еске ретін б ілім беру,
миграциялық, демография лық, тұрғын үй, тіл, экономикалық,
ішкі және сыртқы саясат мәселелері қамтылуы керек. Ха лық-
тың тарихи жадын жаңғыртуға бағыт тал ған мә дени-рухани
шаралар (айтыс, атақты адам дардың мерейтойлары, тарихи
жәдігерле рі мізді жинақтау), мәдени мұра, қазақ тілін да мыту,
т.б. шаралар осы бағдарламаның аясында, бір орталықтың
бағыттауымен жүзеге асырыла береді. Осы кезге дейін
атқарылған ұлттың ру хын көтеруге, еліміздің болашағын
баянды ету ге арналған шараларымыздың ірі тарихи мис сия-
сын жақсы атқарғанын ескеріп және олар дың озық тұстарын
алып, әрі қарай арнайы бағ дарлама аясында атқару жөн деп
білеміз. Ос ын да аталған мәселелерге елімізде тұрып жат қан
әртүрлі ұлт өкілдері түсіністікпен қарай ты нына және қолдау
көрсететініне толық сенеміз.
Осындай ауқымды істерді атқарғанда ғана қазақ халқы өзге
ұлт өкілдерімен терезесі тең болып, тарихи әділетсіздіктерге
деген өкпе-реніштері басылып, Қазақстанда өзге ұлттар дың
ұйыса өмір сүруінің ұйытқысы болып, дамудың жасампаздық
арнасына түсер еді. Қаз ақ станды мекендеп жатқан басқа ұлт
өкіл де рінің де, шетелдердің де қазақтарға деген құр меті,
сыйы арта түсетін болады. «Жақы ныңды жаттай сыйла, жат
жанынан түңілсін», «Өзін сый ламағанды, өзге сыйламайды»,
«Ауруын жасырған өледі» деген тәмсілдер темірқа зығымыз
болса игі.
126
Өнер білімі ілгері кеткен елдермен терезе теңестіреміз,
өзімізді сыйлатамыз десек, дипломатиялық қарым-қатынасқа,
еларалық келіссөздердің қыр-сырына машықтанған әртүрлі
тілден тікелей қазақ тіліне және керісінше аударма жасай
алатын кәнігі тәржімашыларды дайындауымыз керек.
Іргелі елдердің келіссөздер барысында аударма жасайтын
мамандарының тәжірибесін зерттеп, соны қолдануымыз
керек.
Сайып келгенде, қазақ мәселесінің сарқып құяр саға-
сы тілге келіп тіреле береді. Тіл мәселесі жалқыны емес,
жалпыны қамтитын, бар салаға бірдей қатысты болғандық-
тан, мәселені шешу үшін ауқымды, жан-жақты, жүйелі
шараларды қолға алуға тиіспіз. Осындай күрмеуі көп күрделі
түйінді тарқату үшін төмендегідей шараларды қолға алуды
ұсынамыз.
Ең алдымен, басы ашық, қазақ халқының ойынан шығатын
нақты әрі айқын ұлттық идеология керек. Жұртшылықты бір
тудың, бір ойдың астына жұмылдыруы тиіс. Келер күнге,
алдағы тағдырына құлшындыруы керек. Қазақ халқы және
басқа ұлт өкілдері өздерін алда қандай өмір күтіп тұрғанын
нақты білуі, көз алдына елестетуі керек.
Еңсесі түсіп езілген, есесі кетіп кетілген елмен мықты
мемлекет құра алмаймыз. Мемлекетіміз мықты, тәуелсіздігі-
міз тегеурінді болуы үшін халқымыздың еңсесі тік, рухы
биік, арманы асқақ болуы керек. Қазақ халқының тұрмысын
көтеру – басты мақсат болуы тиіс. Ол үшін елдің қаржылық,
экономикалық сауатын көтеру керек. Істің көзін көрсету
қажет. Кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік туғызған
жөн. Қазаққа қармақ қана емес, сонымен бірге балығы бар
тоғанды да қоса беру керек. Біз сонда ғана дамимыз. Орта
тап – ұлттық буржуазия қалыптастырғаннан кейін қандай
іске болсын бел шешіп кірісе беруге болады.
«Қазақ тілі» академиясын құру керек. Ол мемлекеттік тіл –
қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің, тіл саясатын іске
асырудың ғылыми-әдістемелік негізін жасауы, қолданбалы
қазақ тілінің мәселелерін зерттеуі, ресми іскерлік стиль
мен ғылыми-техникалық тілді қалыптастыруы, ұлттық
127
идеология әзірлеудің ошағына айналуы тиіс. Мұны ұлттық
даму институттарының жылдық табысының белгілі бір
мөлшерін бөлу арқылы қаржыландыру керек. Сол секілді
түрлі грант тарды жеңіп алып та, өзін-өзі қаржы лан ды ратын
жағдай жасауға болады.
Елімізде дәстүрлі діндерге ғана орын қал дырып, қаптаған
конфессиялар мен секта ларға қатаң тыйым салу қажет.
«Діни наным бостандығы туралы» Заңды қайта қарап,
талаптарын күшейту керек. Бізге жалпы жұртшылықтың
(келімсек миссио нерлердің) көңілін табудан гөрі, еліміздің
тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баянды болғаны қымбат.
Біз мың жерден Батысқа, Америкаға елік теп, қанша
тыраштанғанымызбен, олардың даму деңгейіне таяуда
жете алмаймыз. Еліктеуші, тұтынушы деңгейінен арыға
көтерілу қиын. Бұған ХІХ ғасырда француздарға еліктеген
орыстар, Ататүрік бас болып, батысты бетке алған түріктер
тәжірибесі мысал бола алады. Дамыды деген Малайзия мен
Сингапур де Батыс Еуропа мен Америка елдерінің шеніне
келе алмайды. Батыстануға бет алған Үндіс тан тарихы
да сабақ болуы керек. Бұл ретте Қы тай мен Жапонияның
тәжірибесін жақ сылап зерттеу қажет. Біз өз тарихи тамы-
ры мыз бен салт-дәстүрімізге табан тіреп, әлем нің ең үздік
жетістіктерін бейімдеп пайдалана отырып, өз жолымызды
анықтауымыз керек. Ақыл-ой мен ғылым-білімге барынша
иек артуға тиіспіз.
Сонымен, осында айтылған ойларымызды тұжырымдай
түссек, біз бұдан былай өткенімізді сараптай, болашағымызды
бағамдай отырып, нақты әрі батыл қадамдар жасағанымыз
абзал. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «тіл майданында»
ерекше қажыр танытып, «тіл жолында толассыз күрес»
жүргіздік. Бір ғана Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
маңына еліміздің ұлтым, тілім деген миллионға жуық ұл-
қызы топтасты. Бар күш-жігерін жұмсады. Сол азаматтардың
арқасында тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп келеді. Тіл
саясаты оң арнаға бұрылып келеді. Осындай елімшіл
жарандары мыздың қатары сиремесін, күннен-күнге молыға,
толыға берсін деп тілейміз.
128
Қазір заман басқа, заң өзге. Біз де соған лайық, заман
талабына сай бағыт ұстанға нымыз жөн. Енді күрестен таңдауға
қарай бет алсақ. Өйткені күрес болған соң текетірес болады. Бір
жақ жеңіп, екінші жақ жеңіледі. Бұл қарсы қозғалысты, күшті
туындатады. Меніңше, бізге ендігі жерде өріссіз күрестен гөрі,
таңдау жасау қажет. Таңдау – қазақ тілі. Қазақ тілін мемлекеттік
мәртебесіне сай ету, бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қоғам
өмірінің бар саласында қолданысын қамтамасыз ете алатындай
жағдайға жеткізу. Біз бұған табиғи жағдай, солай болуы тиіс
дүние секілді қа рау ы мыз керек. Өйткені жер өзіміздікі, ел
өзіміздікі, тіл өзіміздікі. Күреске күш шығын дағанша, сол
күшімізді, қуатымызды өзімізді нығайтуға, мықты болуға
жұмылдырайық. Шала қазақ, таза қазақ, мәңгүрт қазақ
деп бөлінгеннен не шығады. Одан да бүкіл қа зақты, барша
жұртты біріктіретін, тұтастыратын жағын ойлауымыз керек.
Осыған қазақ ұйытқы болатындай мәселені назарға алайық.
Біз басқа мемлекетте отырған диаспора емеспіз ғой. Қазақ
тіліне, қазақ ұлтына көңіл бөл, қаржы бөл деп сұрайтын.
Әрбір қазақ өз елі нің қожасы, иесі сезінуі тиіс. Біз осындай
психология қалып тас тыруымыз керек. Соған күш салуымыз
ке рек. Оны біреу жасап бермейді. Қолы мыз дан келгенше
өзіміз жасай беруіміз керек. Заманға сай істің көзін табуымыз
керек. Жақсы ой болса, ұтымды идеялар, тиімді жобалар
болса, соны іске асыруға шамасы жететін құрылымдық жүйе
болса, қар жының да, басқасының да орны табылып, орайы
келе береді деп ойлаймыз.
Осы айтылған ой-пікірлерді біртіндеп ор нына келтіре
алсақ, Тәңірі бақ-талайымызға берген тәуелсіздікті баянды
етерімізге сеніміміз кәміл.
|