тілдің болашағына мемлекеттік тұрғыдан кепілдік
берілуі қажет. Осы тұрғыда жер-көкте жоқ дүниені ойлап
таппай-ақ, әлемдік тәжірибеге зер салып, іргелі мемлекет-
тер қолданып отырған тілдік саясатты іске асыратын
болсақ, осының өзі-ақ көп олқылығымыздың орнын тол-
тырар еді.
Жоғарыда аталған ресми мәліметтерге тоқталсақ, ол
қазақ балаларының басым бөлігінің әлі де орыс мектепте-
рінде білім алып жатқандығын көрсетеді. Оның үстіне
қаладағы қазақ мектептері өте аз. Оқушылар сыймай, екі-
үш ауысыммен оқуда. Жылына екі мектептен салып отыр-
ған күннің өзінде қазақ мектептерінің санын көп ұлғайту
мүмкін емес. Ал орыс тілді мектептердегі жағдай бұған
керісінше. Қалада орыс мектептері көп әрі онда оқитын
оқушылардың саны да мектептің сыйымдылығына сәйкес
емес.
Құрметті халық қалаулылары мен Үкімет мүшелері!
Өзінің туған жері мен өз Отанында тұрған қазақ ба-
лаларының өзге тілде білім алып, тәрбиеленуі – олардың
ұлттық намысының тапталып, құқығының шектелуі Сіздер
мен біздерді ойландыруы тиіс. Ойландырып қана қоймай,
кеше ғана жарияланған халық санағының нәтижесіне сай
тиісті шаралар қабылдау қажет. Халық санағы тек статис-
237
тика үшін емес, болашақты болжап, ұзақ мерзімді бағдар-
лама жасау үшін керек.
Біздіңше, қазақ тілінің өркен жаяр өрісі – қазақ
мектептерін көбейтудің ең дұрыс шешімі осы болмақ.
Егер, жағдайды осы қалпында қалдыра беретін болсақ,
мемлекеттік тілді дамыту бағытында істеп жатқан ісіміздің
ешқандай нәтижесі болмайды. Бұл мәселе алдымыздан
үнемі қайталанып шығады да отырады. Сондықтан елімізде
мемлекеттік тіл – қазақ тілінің адымын аштырмайтын қол-
дан қалыптастырылған тұйық шеңберден шығудың осын-
дай жолын таңдап, тиісті шараларды жедел қолға алуға
тиіспіз. Өзімізді де, өзгені де алдарқатуды, көзбояушылықты
қоятын кез жетті.
Алтыншыдан, бұл ретте «Қазақ тілі» қоғамының ұста-
нымы мынадай. Елдегі балабақшаның барлығында тек қазақ
тілінде тәрбие беруді жолға қойған жөн. Сол секілді орта
мектептердің бастауыш сыныптарында да бүкіл жеткін-
шектерге бірыңғай қазақ тілінде білім беру қажет. Бастауыш
сыныптарын аяқтап, қазақша жетік меңгеріп шыққан
оқушыларымыздың бұдан кейінгі сыныптарда қай тілге
басымдық берем десе де еркі болғаны жөн. Қалауына қарай
таңдау жасауына мүмкіндік берген орынды.
Сол секілді балалар үйлері мен жасөспірімдерге арнал-
ған абақтыларды алайық. Оларда тәрбиелеу және білім
беру ісі тек қана қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Жетім
балалардың әкесі де, шешесі де – мемлекет. Сондықтан
мемлекеттің өз ұрпағына мемлекеттік тілде білім беруі
табиғи жағдай болуы тиіс.
Қазақстанда мемлекет құрушы ұлт – қазақ. Оның өзегі –
қазақ тілі. Біздің бар күш-жігеріміз осы асыл өзектің беки
түсуіне, қазақ тілі мен қазақ ұлтының өркендеуіне қызмет
етуі тиіс.
Тілді дамытудағы қоғамдық ұйымдар рөлінің де зор
екенін еске сала отырып, бүгінгі таңдағы өзекті деген кейбір
ойларды Сіздердің назарларыңызға осылай бір ұсынғанды
жөн көрдім.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
238
тілДЕрДі қОлДаНУ мЕН ДамытУДыҢ
2011-2020 ЖылДарҒа арНалҒаН
мЕмлЕКЕттіК баҒДарламаСыНыҢ
ЖОбаСы тУралы
Құрметті тіл жанашырлары!
Қадірлі ағайын!
Бүгінгі мына келелі жиында сөйлеушілерді тыңдай оты-
рып, екі түрлі күй кешкендей болдым. Сүйінген тұстарым
да жоқ емес, аздап күйінген тұстарым да бар. Қаншама жыл
барысында қазақ тілінің қамын жеген талай жиын өтті.
Бірақ, қадірлі замандастарым-ау, мынау Үкімет үйінің үлкен
мәжіліс залына 600-700 тіл жанашырлары жиналып алып,
емін-еркін ойыңызды ортаға салып, тіпті жоғары билікке
бүгінгідей батыл сын айтқан кезіміз қай кезде болып еді.
Осының өзі-ақ біздің үлкен ел болғанымызды танытатын
жайт емес пе?! Мұндай мүмкіндік жасалып отырған бүгінгі
күнімізге шүкіршілік жасағанымыз жөн шығар.
Мына талқыға ұсынылып отырған бағдарламаның кем-
шін тұстары да бар екені даусыз. Мен бұл жолы аталмыш
құжаттың ұтымды тұстарына баса назар аудармақпын.
Тұқырта беретін жол іздегенше, алға жетелейтін соқпақ
іздейік, ағайын! Осыған орай кейбір ойларымды ортаға
салайын!
Бүгін алдарыңызға ұсынылып отырған «Тілдерді қол-
дану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле-
кеттік бағдарламасының» мақсаты – қазақ тілінің қолданыс
аясын барынша кеңейту әрі қазақ тілінің мемлекеттік
тіл ретінде дамуы мен өрісінің ұлғаюын қамтамасыз ету.
Болашақта қазақ тілін жалпыұлттық, ортақ тілге айналдыру
мақсаты тұрғанын да біз ашық айтқанымыз абзал. Ха-
лықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті ретінде мен
осы жағдайды үнемі айтып та жүрмін.
Естеріңізге сала кетейін, сонау 80-90-жылдары осы
«Қазақ тілі» қоғамынан басқа мемлекеттік тіл үшін табанды
күрес жүргізген қоғамдық ұйымдар болған емес, болса да
239
некен-саяқ. Ал мына қазіргі дәріптеп жүрген үкіметтік емес
ұйымдар туралы ұғым да болған емес.
Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы тұрақталып, әлеу-
меттік ахуалдың беті бері қараған қазіргідей жаңа кезеңде
мемлекеттік тіл саясаты да жаңа пәрмен алуға тиіс. Оған
жүйелі, кешенді тұрғыдан келуіміз керек. Бағдарламада
мүмкіндігінше қазақ тілін кеңінен қолдану міндетке алынып,
нақты тетіктерге баса назар аударылып отыр.
Бағдарламаның ең әуелгі ерекшелігі – әлемдегі үздік
тәжірибелерді ескере отырып, заман талабына сай, тілдік
ортаны барынша қалыптастыруға күш салып, мемлекеттік
тілге деген сұранысты арттыру. құжатта төрт мақсат
белгіленген. Сол мақсаттардан туындайтын міндеттердің
ішінде қоғамдық ұйымның жетекшісі ретінде менің
көңіл аударғым келіп отырғаны мемлекеттік тілді
оқыту орталықтар жүйесін дамыту міндеті. Оларды
аккредиттеу мәселесінің ескерілгені. Яғни біз енді
мемлекеттік тілді оқыту мәселесін кез келгеннің үлесіне
салмай, тікелей мемлекеттік реттеуге алмақшымыз
деген сөз.
Оның негізінде де статистика, яғни нәтижелі көрсет-
кіштер тұрғандығын аңғаруға болады. Енді саннан
гөрі деген ұғымнан сапалық көрсеткіштерге баса назар
аударуымыз керек. бұл бірінші мақсаттың міндеттерін-
де айқын көрсетілген.
Бағдарламада қазақ тілін қай салада, қай ортада болсын,
яғни халықаралық қарым-қатынаста, ақпараттық техно-
логияларда, тіпті ойын-сауық саласында да, сондай-ақ
ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамытып,
қолдануға да баса назар аударылып отыр.
Біздің қоғамымызда, әсіресе жастар арасында, қазақ
тілінде сөйлеу мақтаныш болуға тиіс. Көбінде олай бола
бермейді. Осы пиғылды өзгерту мақсатында бағдарламада
мемлекеттік тілде сөйлеушінің жағымды бейнесін
қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылып, оны
қоғамдық санаға орнықтыру мәселесінің көтеріліп отыр-
ғаны – қуантатын іс.
240
Әсіресе, мемлекеттік тілді қолдану саласындағы заң-
наманың сақталуына бақылауды күшейту, көрнекі және
жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі әдеби қазақ
тілінің орынды қолданылуына бақылауды күшейту, тілдік
ортаны қалыптастыруда БАҚ-тардың рөлін күшейту,
шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін оқып-
үйренуде саяси дипломатиялық, әдістемелік және ұйым-
дастырушылық қолдау көрсету бүгінгі бағдарламаның же-
тістігі болып табылады.
Түркі жазуына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдас-
тыру біраз түрколог мамандардың үнемі айтып жүрген
мәселесі болатын. Осы олқылықтың орнын толтыру да
аталмыш бағдарламада көрсетілген.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін басты назар мемлекеттік
органдардағы тілдік ахуалға аударылғаны мәлім. Ендігі
мәселе мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарды, ре-
ференттік топтарды, мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт
өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып,
мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі оңтайлы шешімдер
орталығын құруға бағытталып отыр.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының
қызметі әр өңірде әртүрлі екені белгілі. Мемлекеттік тіл-
ді оқытудың инфрақұрылымын дамыту мақсатында орта-
лықтардың аккредиттелген желісін құру мәселесі олардың
қызметін бағалауды енгізу алғаш назарға алынып отыр-
ғаны да жөн.
Сондай-ақ сынақ-біліктілік орталықтары желісін құрып,
оқытушыларды аттестациядан өткізіп, олардың деңгейін
анықтайтын сертификаттарды «Қазтест» жүйесі арқылы
ұштастыру оңтайлы шешім деп білеміз.
Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама алдыңғы онжыл-
дық бағдарламадағы қамтылмаған, іске асырылмаған шара-
лардың орнын толтыратын, жан-жақты қамтылған, мем-
лекеттік тілді сапалы және жетік меңгергендер қатарын
арттыруға мүмкіндік беретін кешенді бағдарлама болады
деп есептейміз. Жаңа бағдарлама бұрынғы құжаттың
241
жалғасы ретінде неғұрлым жоғары деңгейде орын-
далып, іске асырылады деген ойдамын. Осы ретте
үкімет жиындарын мемлекеттік тілде өткізіп, ел ара-
сындағы басқосу, кездесулерде қазақша сөйлеп жаттыға бас-
таған Кәрім Қажымқанұлының табанды іс-әрекетіне тәнті
екенімді атап айтамын. Осы Бағдарлама талаптарының
орындалуын өзі қадағаламақ болып отырғанына сенім
артамын. Мен мұны «Қазақ тілі» қоғамының сан мыңдаған
мүшелері атынан жеткізіп тұрмын. Және сол сенім ақтала-
ды деп үміт артамын.
Сонымен бірге мемлекеттік тілді дамытуда жұмыстың
барлық түрін бір арнаға тоғыстыра білу үшін баршамыз
күш салуға тиісті екенімізді қадап айтқым келеді.
Сондай-ақ Бағдарламаны әзірлеуге мұрындық болып,
басы-қасында жүрген Мәдениет министрі Мұхтар Құл-
Мұхаммед бауырымызға ризашылығымды білдіремін және
қара жұмыстың негізгі ауыртпалығын көтеріп, сауаттылық
танытып жүрген Тіл комитетіндегі іні-қарындастарыма
табыс тілеймін!
тіліН КИЕ тұтқаН ЕлДіҢ заҢы мықты
Әрбір ел өзінің іргесін мықтап, керегесін кең етіп, ша-
ңырағын шайқалтпай ұстау үшін берік ұстанатын Заң
негіздерін жасауға тырысатыны хақ. Қазақ елінің тарихында
да сондай заңдардың әралуан үлгілері болған. Алдымен
ауызға ілінетіні әйгілі билеріміздің (Төле би, Қаздауысты
Қазыбек т.б.) араласуымен түзілген «Жеті жарғы». Қазақ елі
осындай негізге сүйене отырып ел басқарған. Ең ғажабы,
түрме, абақтысыз-ақ тәрбие, тәртіп жүйесі қатаң сақталған.
Қазіргі сот, прокурор, полиция дегендеріңіздің бәрінің рөлін
әрбір ортада төрелік айтатын билер, шешендер атқарған.
Ел солардың шешіміне бас иген, кесіміне тоқтаған. Сонда
жалпы жұртты бас идірген бұл неғылған құдірет!
242
Ол құдіреттің аты – сөз, ол күштің есімі – тіл. Яғни
тіл құдіреті, сөз қуаты. Сол сөз құдіретін игерген шешен,
тіл қасиетін терең меңгерген би шешімі шиеленісті неше
алуан дау-дамайдың күрмеуін жүйелі сөз арқылы шешіп
отырған. Тумысынан сөздің қадірін біліп өскен қазақ
баласы қисыны келіскен, жүйелі сөзге тоқтаған. Содан
да жүйелі сөз жүйесін табатынын, жүйесіз сөз иесін таба-
тынын тап басып таниды. Мемлекеттік, әлеуметтік мәселе-
лердің қандайын болса да таратып талдап тастауға өнер
алды қызыл тіл деп түсінетін билердің мәртебесі қазақ
ортасында мейлінше биік болған. Жалпылама сөйлене
беретін сөздің бәрінің парқы бірдей бола бермейді. Айтар
сөзің ақиқатқа негізделіп, нақты ой арқалап тұрғанда ғана
өтімді болмақ. Билер сөзінің қуаты осы шартты аңғаруына
байланысты айқындалады.
Бабалар қалдырған осындай ізгілік іздерін сарапқа
сала отырып, кейінгі замандарда қазағымыз тұтынып,
ұстанып жүрген заңдарымыздың түп негізінен жоғарыда
сөз болған жайларды тауып, тануға тырысатынымыз бар.
Бұлай болатыны да заңды. Түбірлі тұғыры жоқ заңның қай-
қайсысы да осал болатыны даусыз.
Осы тұрғыдан біздің Республика тарихында пайда бол-
ған бірнеше Конституцияны салғастыра қарасақ, әралуан
жағдайды байқауға болады. Әдетте өркениетке ұмтылған
елдің қай-қайсысының да өз Негізгі заңы болатыны сияқты
Қазақстанның да автономиялық республика болған кезінде
де, одақтас республика болған кезінде де өз Конституциясы
түзілгені мәлім. Алғашқысы 1924 жылы, сосын 1936
жылғы сталиндік Конституция негізінде 1937 жылы одақ-
тас республика Негізгі заңы қабылданды. Бұлардың бәрі
1936 жылғы Конституцияның икемделген көшірмесі
болатын. Түзілген бұл заң негіздері бойынша одақтас рес-
публикалардың бостандығы шектеулі болғаны мәлім.
1978 жылы Одақтас Конституция негізінде қабылданған
республикалық Конституциямыз да сол тоталитарлық
тәртіптен алыс кете алмады. Ол да көшірме болды. Олар-
243
дың ішінде де егемендік деген сөздер айтылып қалатын,
бірақ оның бір де бір нәтижесі болған жоқ.
Алланың бұйрығымен иманды жолдан таймай келе
жатқан қарапайым қазақтың адал ниетіне сай ержүрек ата-
бабаларымыздың рухы қолдаған елдің еңселі азаматтары-
ның еселі еңбегінің нәтижеінде 1991 жылдың 16 жел-
тоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік таңы атты. Бұл бүкіл
қазақстандықтармен бірге, қазақ тілі мен қазақ мәдениеті-
нің тәуелсіздігіне жету майданын бастап «Қазақ тілі»
қоғамының маңына топтасқан тіл майданы күрескерлерінің
де ұлы жеңісі еді. Өйткені бұл күрес сонау Алаш арда-
герлерінің заманынан бері үздік-создық, тоқтап-тоқтап
жүргізілгенмен, ғасыр бойына үзілмей келе жатқан күрес
болатын. Бұл елдің де жеңісі, тілдің де жеңісі.
Ендігі міндет – тәуелсіздікті баянды ету. Мұндай бақыт-
ты халқымыз ғасырлар бойы аңсады. Күресті, қан төкті, тер
төкті. Сол жолда сан алуан батырларымыз бен шешендер,
билеріміз бен бағландар құрбан болды. Қан мен тердің
төгілгені бекер болмады. Ата-бабалардың арманы орын-
далып, ұрпақтары тәуелсіздік туын желбіретті. Енді іргені
мықтап, тәуелсіздік тұғырын бекіту үшін Еліміз өзінің
негізгі заңын, яғни Конституциясын түзу шаруасына кірісті.
Бұған ұлтын сүйген – заңгерлер, қазақ елін Отаным деп
білетін ғалым азаматтар білек сыбана кірісті. Соның
нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда Қазақстанның тәуел-
сіздігін барша әлемге айғақтаған Негізгі заң – Конституция
қабылданды. Биыл бұл Заңның қабылданғанына 14 жыл
толып отыр. Тарих өлшеміне салып қарағанда, азғана уақыт
боп көрінгенмен, ғасырлық мағына сыйғызып тұрған бұл
тарихи құжаттың ел үшін атқарып отырған қызметі ұшан-
теңіз. Мұны осы он төрт жылдық өмірдің өзі анық көрсетіп
отыр.
Тәуелсіздік рәміздерінің арналы бір бөлігі тіл екені
мәлім. Мұнысыз тәуелсіздіктің құны көк тиын.
Бұл Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясының үш бабында анық та айқын жазылған.
244
Соларды тағы да назарға ала кеткеннің артықтығы жоқ деп
білемін:
7-бап үш бөліктен тұрады.
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ
тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі
басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен
тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен
дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
19-бап.
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қа-
рым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдап алуға құқығы бар.
93-бап.
Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында
Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арнаулы
заңға сәйкес ҚР-ның барлық азаматтары мемлекеттік тілді
еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық,
материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға
міндетті.
Бұл баптарды қайталап еске алуда үлкен мән бар. Бі-
ріншіден айтарымыз, іргелі ел есебінде өзінің Негізгі
заңы – Конституцияның қабылдануы ұлы табыс. Белгілі бір
тәртіпке бойұсынбаған елде тәрбие де, табыс та болмайды.
Өзінің өмір сүру заңдылығын жүйелеген Қазақстанның
бұл Конституциясы баптарына арқа сүйеген азаматтар қай
жағдайда да өз құқығын қорғай алады.
Конституция қабылданар тұста жұртшылықпен бірге
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсенділері де арала-
сып, өз пікірлерін ортаға салған еді. Қоғам Конституцияның
барлық негізгі баптарын қуана құптай отырып, әсіресе
мемлекеттік тілге байланысты баптарға өзінің пікірін
ашық айтқан-тын. 7-баптың 1-ші абзацындағы «ҚР-дағы
мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген тұжырымға жүрек жа-
рыла қуандық. Өйткені Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
245
тәуелсіздікке дейін де бірнеше жыл бойы телерадио, ақ-
парат құралдары арқылы республикамызда қазақ тілінің
мемлекеттік тіл болу қажеттілігін толассыз дәлелдеумен
болды.
Қуана отырып, 7-ші баптың екінші сөйлеміне көңіл
толмайтынын ашық айтып, жазған да едік. Себебі бұл
екінші сөйлем осыған дейін жасалған еңбекті еш еткендей
күйге түсіретін. Басқа бөліктерінің ешқайсысына күмәніміз
жоқ. Конституция қабылданған кездегі жағдайдың өте
күрделі болғанын білеміз. Сондықтан да амалсыз бармақ
тістеледік те қойдық. Қазір тәуелсіздігіміздің іргесі беркіді.
Экономика мен рухани өмірімізде елеулі табыстарға жетіп,
әлемге әйгілі мемлекеттер қатарына қосылдық. Қазір
Елбасымыз да алғашқы кезеңдегідей емес, бойын тіктеп,
ойын мықтап, ел қамын тереңнен ойлайтын кемел басшы
деңгейіне көтерілді. Бұрынғы жалтақтықтан арылып,
елінің қамы үшін кесіп айтар сөзі бар, алыс болашақты
болжай алатын көреген көзі бар кемеңгерге айналды. Заман
ағымын қалтқысыз байқастап отырған көреген басшының
негізгі Заңымызда кезінде амалсыз жіберіп алған әлгіндей
келеңсіздіктерді көрмеуі мүмкін емес. Түбі мұның да
түзетілер кезеңі жақындаған сияқты. Ләһим солай болғай!
Осындай жақсы ойда келе француздар Конституциясын
негізге ала отырып жасалған бұл Негізгі заңымыздың,
әсіресе тілге байланысты баптарының үкімет, жергілікті
өкілдер, атқарушы органдар тарапынан орындала бермей-
тіні жігерді құм етеді. Мемлекеттік мекемелердегі қазақ
тілінің қолданыс жағдайы әлі күнге көңіл көншітпейді. Бұл
Негізгі заңды өмір сүрудің бұлжымас заңына айналдыра
алмай келе жатқан елдің сиқын танытса керек. Сондықтан
тәуелсіз елдердің ешқайсысының Конституциясынан артық
болмаса кем емес Ата Заңымызды қадіріне жете тұтыну
әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп білген жөн.
246
«ЖаҢарҒаН қОҒамДаҒы –
ЖаСамПаз тіл баҒыт-баҒДары»
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамының президенті,
академик өмірзақ айтбайұлының екі
құрылтай аралығындағы (IV-V құрылтайлар)
атқарылған жұмыстар туралы есебі
Көкшетау қаласы
2011 жылғы 22 қыркүйек
құрметті құрылтай делегаттары мен қонақтары!
құрметті қанат Саудабайұлы!
Ең алдымен, баршаңызды Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының кезекті V Құрылтайының ашылуымен шын
жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Қоғамның Құрылтайы Жарғыға сәйкес әр бес жылда
шақырылуы тиіс болатын. Алайда түрлі объективті,
субъективті себептерге байланысты Құрылтай өткізудің сәті
биыл келіп отыр. Осы орайда Құрылтай өткізетін өңірді
Көкшетау қаласы деп белгілеп, тікелей қолдау білдірген
Елбасыға ризашылығымызды білдірген орынды деп есеп-
теймін.
Екі Құрылтай аралығында Қоғам Жарғылық мақсатта-
рына сай тиісті міндеттерін атқарып, тұрақты жұмыстар
жүргізіп келеді. Осы кезең ішінде еліміздің қоғамдық-саяси
өмірінде орын алған ірі өзгерістер мен мәнді оқиғалардың
белгілі дәрежеде Қоғам қызметіне де әсері тиді және Қоғам
да бұлардан сырт қалған жоқ.
Өздеріңізге мәлім, есепті кезең ішінде елімізде екі
рет Президенттік сайлау болды, Парламент депутаттары
жаңарып, қайта сайланды, Еуропа қауіпсіздік және ынты-
мақтастық ұйымына төрағалық етті, биыл Ислам конферен-
циясына төрағалық ету тізгінін қолымызға алып отырмыз,
бүкілхалықтық халық санағы өтті, келесі он жылдыққа
арналған тілдерді қолдану мен дамытуға арналған Мем-
247
лекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл ретте мен тек ауқым-
ды шараларды ғана атадым. Мұның сыртында өтіп жатқан
шаралар қаншама. Ал Қоғам қызметі – қоғамда жүріп
жатқан құбылыстардың айнасы.
Сондықтан есепті кезеңде Қоғам тарапынан атқарыл-
ған, қолға алынған шаралардың мәнді деген бастыларына
ғана тоқталып өтуді жөн көріп отырмын.
2005 жылы өткен ел Президенттігіне үміткерлердің
мемлекеттік тілден біліктілігін анықтауға арналған сы-
нақтың ұйымдастырылуы және Қоғам президентінің осы
комиссияның төрағасы болуы тіліміздің әрі «Қазақ тілі»
қоғамының мерейін үстем еткен елеулі оқиға болды деп
айтуға негіз бар.
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге бағытталған келесі
қадамдардың бірі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанынан Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жө-
нінде комиссияның құрылуы. Оған Премьер-министрдің өзі
төрағалық етіп, жиі-жиі басқосулар өткізді. Қоғам басшысы
осы комиссияның мүшесі ретінде тіліміздің қордаланған
мәселелерін жоғары деңгейде көтеруге мүмкіндік алды.
Атап айтқанда, осы комиссияның отырыстарында мынадай
ұсыныстар берілді:
- Қазақстанның қазіргі жер-суларының, елді мекендерінің
тарихи атауларын қайта қалпына келтіруге, қалалар мен
елді мекендердегі көшелерді ресейлік, советтік атаулардан
арылтып, қайта атауға байланысты істерді жүйеге келтіру
тәртібін реттейтін арнайы нормативтік акті қабылдау;
- Павлодар мен Петропавл қалаларының атауларын Қазақ
мемлекеттілігіне өлшеусіз еңбек сіңірген қос ханымыз –
Абылай мен Кенесарының аттарымен атау;
- ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндерін қазақ тілінің
емле ережесіне сай ресімдеу мәселесін бір жүйеге түсіру;
- бірыңғай тәулік бойы тек қана қазақ тілінде хабар
тарататын телеарна ашу;
- қазақ әліпбиін латын жазуына негіздеу жайын Елбасы
бірнеше рет көтеріп, осы бағытта едәуір жұмыстар жасалған
еді. Бірақ шүйіліп басталған іс сұйылып барып тынды.
248
Әйтсе де мемлекет қолға алмады екен деп қарапайым
халық қарап жатқан жоқ. Халық ұялы телефондары арқылы
СМС хабарларын латын әріптерімен жазуда, шетел-
дердегі қазақтармен электронды пошта арқылы хат-
хабар алмасу да латын әліпбиімен іске асырылуда. Бұл
жерде әркім өз білгенінше жазып жүр. Латын жазуын
елімізде ресми түрде енгізбесек те, жалпы халықтың
қолайына сай Интернет желісінде пайдалануына арнап
латын жазулы қазақ әліпбиін бекітіп бергеніміз жөн секілді.
Бұл жаңа әліпбидің сынақтан өтуіне де жақсы болар еді;
- соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілге қатысты қан-
шама заң бұзу фактілері, сот процестері орын алды. Алайда
бұл сот процестерінде дауды сот қалай шешсе, солай
шешілді. Сот процесінің өзі мемлекеттік тіл бойынша
қоғамда қандай проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Бұған арнайы талдау жасалған жоқ. Сондықтан Жоғарғы
сот осыны талдап, халыққа жеткізуі керек.
Сот процестері екі нәрсені көрсетіп отыр. Біріншіден,
ол осы бағытта жұмыстың жүріп жатқанын көрсетсе, ал
нашар жағы бұл ретте кедергілердің де бар екендігіне дәлел
болады. Міне, осы мәселені Жоғарғы соттың өкілін ша-
қыра отырып, бірге талқылау;
- «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасын әзірлеп, Пар-
ламентке ұсыну;
- бұдан былайғы уақытта елімізге сырттан келетін ком-
пьютерлік бағдарлама өнімдерінің қазақша нұсқасының
болуын міндеттеу.
Міне, осы ұсыныстардың бірқатары шешімін тапты,
көпшілігі әлі ашық күйінде қалып отыр.
Сондай-ақ, Қоғам басшысы Қазақстан халық Ассам-
блеясының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының,
Мемлекеттік терминологиялық комитеттің мүшесі ретінде
де аталған ұйымдардың іс-шаралары мен алқалы жиын-
дарында қазақ тілінің мүддесін қорғап келеді.
Қоғам қызметінің елеулі бөлігін мемлекеттік тілдің про-
блемалық мәселелеріне тиісті уәкілетті органдардың на-
зарын аударту, қоғамдық пікір қалыптастыруға ұйытқы
249
болуды жатқызуға болады. Осы орайда Қоғам есепті кезең
ішінде Елбасыға, Мемлекеттік хатшыға, министрліктерге,
қалалық, облыстық әкімдіктерге тұрақты түрде тіл
тағдырынан туындайтын түрлі ұсыныстар беріп, бастамалар
көтеріп келеді. Олар білім беру жүйесінде мемлекеттік тіл-
дің қолданылуына, діни ахуалға, мемлекеттік тілдің
құқықтық негізін күшейтуге, ғылыми сипатын арттыруға
бағытталған ұсыныстар болатын.
Солардың ішінде тоқталып өтуге болатын бір мәсе-
ле ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге байланысты
ұсыныс. Мемлекеттік хатшы О. Әбдікәрімовке ҚР Пре-
мьер-министрі кеңсесі басшысының 2007 жылғы 1 ақпан-
дағы №И-81 тапсырмасына сәйкес Экономика және бюд-
жеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік органдардан
құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберу
туралы тапсырма (12.02.07 ж. №18-2-3/1664) берілуіне бай-
ланысты, бұл нұсқаудың орынсыз екені дәлелденді. Соның
негізінде тиісті шара қолданылып, аталған тапсырманың
күші жойылуына қол жеткізілді.
Қазақ тілінің жайына жергілікті жерлердегі атқарушы
билік өкілдерінің назарын аудару мақсатында Қоғамның
бірнеше көшпелі мәжілістері ұйымдастырылды. Атап айт-
қанда, Алматыда, Ақтөбеде, Оралда, Байқоңырда кеңейтіл-
ген көшпелі мәжілістер өткізіліп, онда тіл саясатынан
туындайтын көкейкесті мәселелер ортаға салынды, тиісті
орындардың қарауына ұсынылды.
2009 жылы Астана қаласында Қоғамның құрылғанына
және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына 20 жыл
толуына орай «Қазіргі қоғам және мемлекеттік тіл» атты
республикалық ғылыми-практикалық конференция өткі-
зілді. Конференция материалдары арнайы жинақ болып жа-
рық көрді. Бұл жинақ өздеріңізге таратылғандықтан, бұған
арнайы тоқталмайын.
Қоғам қызметінің келесі бір бағыты – баспа өнімдерін
шығарып, тарату жайы. Осы бағытта әу баста Қоғамның өз
басылымы ретінде пайда болған «Ана тілі» газеті мемлекеттік
тіл мәселесін түбегейлі насихаттап, тіл мүддесін түбегейлі
250
қаузап келеді, сондай-ақ Қоғам еларалық «Қазақ елі» газетін
өз қамқорлығына алды, аталған басылым тіл мәселесін
тұрақты жазып келеді. Сонымен бірге Қоғам тарапынан
бірнеше кітаптар жарық көрді. «Аджип» компаниясының
бес жылға арналған грантын жеңіп алып, қазақ тілін мұнай-
газ саласына ендіруге байланысты ғылыми жұмыстар
жүргізілуде.
Жасыратыны жоқ, Қоғамның Орталық кеңесі мен жер-
гілікті ұйымдарының арасындағы байланыс бәсеңдеп қал-
ды. Бірқатар облыстардағы ұйымдарымыздың жұмысы тоқ-
тап тұр. Дегенмен түрлі қиындықтарға қарамастан, өз
жұмыстарын тұрақты жүргізіп келе жатқан ұйымдардың
ішінде Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қа-
зақстан облыстық және Байқоңыр қалалық ұйымын атауға
болады. Биылғы жылы Қызылорда облыстық ұйымын
жаңадан төраға сайлануына орай, бұл ұйымның да жұмы-
сы жанданып келеді. Алдағы уақытта барлық облыстық,
қалалық, аудандық ұйымдарымыздың жұмысын қайта қа-
рап, жандандырып, жүйелі жолға түсіру қажет деп білеміз.
Осыған байланысты Құрылтай делегаттарымен кеңесе
отырып, Жарғыға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді көздеп отырмыз. Бүгін Жарғы туралы арнайы
хабарлама назарларыңызға ұсынылады.
Қазір қоғам жаңарды, адамдардың санасы өзгерді,
құндылықтар түледі. Соған сай біздің де өз жұмысымызды
өмір сұранысына орайластыра ұйымдастыруымыз қажет-
тігі айқын. Осы орайда сіздердің назарларыңызды алдағы
міндеттеріміз, қолға алар шараларымыз туралы өз пайым-
дауларыма аударғанды жөн көріп отырмын.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының іс-әрекетін қайта
електен өткізіп, ендігі кезектегі бағдары қандай болмақ,
алдағы мақсаты мен міндеттері неден тұрады деген мә-
селелерді ортаға салып, ортақ байламға, бәтуалы пікірге
келу орынды болар деп есептеймін. Әлбетте, біздің Жар-
ғыда көзделген негізгі мақсатымыз, басты ұстанымдары-
мыз өзгеріссіз қалады. Дегенмен, уақыт ұсынған жаңа
өзгерістер мен тың талаптарға орай біздің де өз қызметімізді
251
ұйымдастыру тәсілдерімізге тиісті өзгерістер енгізіп оты-
руымыз қажет.
Жалынды сөздер мен қан қыздырар ұрандар елдің
санасына әсер ету үшін қажет-ақ. Бірақ бұлар маңызды
істерге келгенде жарамайды. Бұл үшін нақты есепке
құрылған әрекет қажет. Алға жетелер ыңғайлы, ырғақты,
үйлесімді жүйе қажет.
Тіл – жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де
басыбайлы дүниесі емес. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жа-
ны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тілдің мәртебесі –
ұлттың мәртебесі, елдің мерейі. Мерейімізді асыратын да,
құтын қашыратын да өзіміз. Тіл отбасынан бастау алады,
Отан аясында дамиды. Отбасы – өзіміз де, Отанымыз –
Қазақстан. Бұл екі ұғым домбыраның қос ішегіндей тығыз
бірлікте болуға тиіс. Отбасы мен Отанның мақсат мұраты
үндессе, ісіміз береке табады, тіліміз қанат жаяды. Бастау-
шы болса да, қостаушы табылмаса, іс алға баса ма?
Сондықтан осы екі ұстынның үйлесіміне қол жеткізу –
біздің асыл мұратымыз болмақ.
«Қазақ тілі» қоғамын құрғанда біздің басты мақсаты-
мыз – елдің санасын ояту деп шешкен едік. Өйткені кез
келген амал, іс-әрекет санадан бастау алады. Адамдар са-
насында орныққан ұстанымдар мен құндылықтарға қарап
бағдар анықтайды, таңдау жасайды. Елдің күнделікті
өмірінде зат сатып алуы, білім алуы, той жасауы, отбасын
құрауы, өмір салты, концертке баруы, т.б. толып жатқан
әрекеттерінің барлығы сананың жемісі. Демек, сана адам
қызметінің мәні мен маңызын, сипаты мен бағытын анық-
тайды. Адамның санасы қандай болса, оның әрекеті де
сондай болады. Ал сананы кім қалыптастырады? Сананы
мемлекеттік жүйе, қоғамдық қарым-қатынастар, ақпарат
құралдары мен мәдени өнімдер қалыптастырады. Санада
орныққан құндылықтар мен ұстанымдар адамның таңдауын
және іс-әрекетін белгілейді.
Ал сананы өзгерту қиынның қиыны. Ол бір күнде өз-
гере салмайды. Оны күшпен не ақшамен ауыстыра алмай-
сыз. Адамдар мәжбүрліктен амалсыз келіскен сыңай білдір-
252
генімен, іс жүзінде өз көзқарасында қала береді. Халық
санасын түбегейлі жаңа жағдай ғана өзгертуге қабілетті.
Ал мұндай жаңа ауанды жұртшылықтың жан-жүрегіне
терең әсер етер, ақыл-есін баурап алар тың идеялар ғана
қалыптастыра алады.
Сонымен, сананы өзгерту үшін оған қажетті ақпаратты
ұтымды тәсілдермен сіңіру керек екен. Ақпарат көздеріне
адамдарды қоршаған кеңістіктегі ақпараттар (жарнама,
көрнекі құралдар, ақпараттық нұсқаулықтар, т.б.), көркем
әдебиет, фильмдер, балабақша мен орта мектептер, бұқа-
ралық ақпарат құралдары, ән-күй, ойындар, сән әлемі,
интернет, байланыс құралдары т.б. жатады. Міне, осылар-
дың көмегімен адам санасы біртіндеп қалыптасады. Аталған
құралдар арқылы берілетін ақпараттың мазмұны мен тілі
шешуші рөл атқарады. Қоғамдық пікір мен халық санасының
қай деңгейде екенін білгіңіз келсе, жоғарыда келтірілген
саланы талдап шығу жеткілікті.
Ал қазақ тілі осында сөз болған ақпараттық-мәдени
сұранысты өтеп отыр ма? Орыс тіліндегі ақпараттық өнім-
дерге балама боларлық қазақ тілінде де интеллектуалдық
өнімдер жасалды ма, жасалса олардың сапасы жұртшылық
талғамынан шыға ма? Бұл орайда тұшымды, көңіл толты-
рарлық жауап беру қиын. Ашығын айтқанда, қазақ тілінде
ғылыми-интеллектуалдық баспа өнімдерін жеткілікті дең-
гейде дайындауда кемшін тұстарымыз көп, осы мәселеге
күш салған орынды болмақ.
Қоғам мүшелері елдің бас көтерер адамдарына қарап
бой түзейді, зиялысына қарап ой түзейді. Қоғам түзелу
үшін елдің осы бас адамдары түзелуі керек, өз іс-әрекетімен
үлгі-өнеге болулары керек. Өзі жасамағанды өзгеден талап
ету не тайыздық, не арсыздық. Атам қазақ «Ет сасыса тұз
себеді, тұз сасыса не себеді» деп осындайда айтпай ма?
Қазақстан қоғамында қалыптасып отырған жағдай
да еліміздің ақпараттық-мәдени кеңістігінде орын алып
отырған жағдайдың тікелей көрінісі. Жасыратыны жоқ,
Қазақстанның ақпараттық кеңістігі Ресейдің ықпалынан әлі
арыла алмай келеді. Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына
253
дейін тәулік бойы мемлекеттік тілде хабар тарататын бір
телеарна аша алмай отырмыз. Ал жуырда ғана ашылып,
балаларға арнап қазақ тілінде хабар тарататын «Балапан»
телеарнасы ақылы желі арқылы көрсетіледі. Оған бүкіл
қазақ баласының қолы жете ме?! Әрине, жоқ. Болашағын
ойлаған ел баладан бастаушы еді. Осы орайда біздің билік-
тің болашақты қалай елестететінін түсінбейсің.
Көшедегі көрнекі ақпарат пен жарымжан жарнама тілі
жайлы айта-айта жақ талды. Кітап дүкендерінің тоқсан
тоғыз пайызы Ресейдің өнімдерін таратады. Бұған Ресейдің
газет-журналдары мен елімізде Қазақстан азаматтарының
салығынан құралған бюджет қаражатына шығатын орыс
тіліндегі баспа өнімдерін қосыңыз.
Осы кезге дейін Қазақстанда балаларға арнап бір де бір
ойыншық, интеллектуалдық ойындар шығарылмапты. Тек
соңғы кезде белгілі әншілер Қыдырәлі мен Қарақат қазақша
сөйлейтін қазақы пішіндегі қуыршақ шығарды. Осындай
жағдай орын алып отырғанда, қазақ қоғамы әлі күнге неге
орысшыл, Ресейшіл деп қалай жазғырарсың? Балаларын
орыс тіліндегі балабақшалар мен мектептерге береді деп
қалай кінәларсың?
Сондықтан «Қазақ тілі» қоғамының азаматтары бұдан
былай жұлынды, жүйе құрайтын тетіктерге назар аударып,
соларды шешуге күш жұмсағаны абзал.
Еліміздің әр облысында қазақ тілінің бүгінгі қанат
жаюы мен келешегіне атсалысар Халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының жергілікті ұйымдарының жұмысы бү-
гінгі таңда өз маңыздылығын байқатуда. Қоғамның респуб-
ликамыздың барлық дерлік облыс орталықтарында және
аудандарында құрылымдық бөлімшелерінің болуы мем-
лекеттік тіліміздің керегесін кеңейтудің бір көрінісі.
Жергілікті жерлерде қазақ тілінің кең қанат жайып, айм-
ақтардағы қазақ тіліне қатысты мәселелерді шешіп оты-
ратын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бөлімшелерінің
атқарар ісі мен көтерер жүгі жеңіл емес.
Ең алдымен мәселені «Мемлекеттік тіл туралы» Заң қа-
былдауды талап етуден бастаған жөн. Осы кезге дейін
254
бұл заңның бірнеше нұсқасы дайындалып, Парламентке
ұсынылғанымен, ол белгісіз себептермен кейінге ысыры-
лып қалумен келеді. Енді бұған жол беруге болмайды. Осы
заң қабылданса, соған сәйкес көптеген заңдарға мемлекет-
тік тілдің тынысын ашар өзгерістер мен толықтырулар
енгізілуге жол ашылатын еді. Бұл заң өзге тілдің меселін
төмендету үшін емес, қазақ тілінің мәртебесін көтеру
үшін қабылдануы керек. Сондықтан бұл заңды барынша
жедел түрде қабылдауымыз керек. Қоғам мүшелерін, тілге
жанашыр азаматтарды, халық қалаулыларын осы ұсы-
нысты қолдауға шақырамын.
Елбасы халыққа биылғы Жолдауында: «Біздің мінде-
тіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақ-
стандықтардың санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020
жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді
он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы
мемлекеттік тілді біліп шығатын болады», – деді.
Бұл міндетті орындау үшін биылдан бастап бастауышқа
баратын балалардың барлығы қазақ тілінде білім беретін
мектепке бару қажет. Олай болмаған жағдайда, мұны
орындау мүмкін емес. Білім министрлігі және оның жер-
гілікті бөлімшелері Елбасының осы нақты тапсырмасын
түсініп, тиісті шаралар қабылдар деп ойлаймыз. Ел Үкіметі
Елбасының Жолдауларында қойылған міндеттердің орын-
далу барысы туралы Парламентте, сол секілді қоғам алдын-
да жыл сайын есеп беріп тұрғаны жөн. «Қазақ тілі» қоғамы
және оның жергілікті ұйымдары да осы қоғамдық қадағалау,
қоғамдық талап ету, қоғамдық тыңдау шараларына баса
назар аударғандары абзал.
Еліміздің білім заңына сәйкес баласының қай тілде бі-
лім алатынын ата-анасы таңдайды. Сондықтан ата-аналар
саналылық танытар деп үміт етеміз. Қоғам мүшелерінің
күш салатыны, көп болып қолға алар іс осы деп білеміз.
Сонымен бірге Қазақстандағы барлық балабақшалар
мен бастауыш сыныптар тек қана қазақ тілінде болуы талап
етілуі керек.
Білімнің көзі – оқулықта. Ал бізде қазақ тіліндегі оқу-
лық мәселесі түбегейлі шешімін таппаған. Орта мектептер
255
оқулықпен қамтамасыз етілгенімен, жоғары оқу орын-
дарында бұл жай ушығып тұр. Жоғары оқу орындары қа-
уымдастығының мәліметінше, жоғары оқу орындарындағы
қазақ тіліндегі оқулықтар 7-ақ пайызды құрайды. Бұл
не сұмдық! Жаратылыстану саласын былай қойғанда,
бұрыннан қазақ бөлімдері бар журналистика, филология, заң
саласының студенттерінің өздері оқулыққа мұқтаж. Білім
және ғылым министрлігі студенттерді тиісті оқулықпен
қамтамасыз ете алмаса, жоғары оқу орындарына неге
лицензия береді, неге осы мәселені талап етпейді? Жиырма
жылдан бері қазақ тіліндегі оқулықпен қамтамасыз етуді
жүйелі түрде шешуді неге қарастырмайды? Басқасын былай
қойғанда, бұл адам құқығын бұзу емес пе? Студенттердің
ата-аналары балалары үшін ауыздарынан жырып, ақысын
төлейді, ал оқу орны оларды тиісті оқулықпен қамтамасыз
етпейді. Сондықтан бұл ретте тұтынушы, қоғамның өзі
де белсенді болып, өз құқықтарын талап еткендері жөн.
Осыған Қоғам қайраткерлері де түрткі болса, көп жоғымыз
түгенделіп қалар еді.
Мемлекеттік тіл мәселесінде Елбасымыздың бастама-
лары мен ұстанымдарының негізгі қолдаушыларының
бірі ретінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алдына
қойған мақсатының келесі кезеңі елімізде тіл мәдениетін
көтеру болып отыр. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін
барлық қазақстандықтар мен шетелдегі бауырларымыздың
қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи
қалпы мен оның мәдениетін сақтау – қоғамның күн тәр-
тібіндегі шаралар.
Сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бөлімше-
лерінің алдындағы үлкен міндеттердің бірі – аймақтарда
қазақ тілінің дамуына, ел ішінде тіл мәдениетін көтеруге
түрткі болу, сондай-ақ аймақтардағы жер-су атауларының
тарихи атауларын жаңғырту болып табылады.
Қазір елімізде бұрын қалыптасқан баспа өнімдерін та-
рату жүйесі ыдыраған, қаламақы төлеу мәселесі шешілме-
ген. Осы тізбекті механизмнің үзілуі салдарынан шығар-
машылық адамдары өз кітаптарын шығаруда, таратуда,
256
лайықты ақысын алуда қиындықтарға ұшырасып жүр. Енді
осы мәселені кім шешу керек? Мемлекетке ысырып, қарап
отыра береміз бе? Бұлай болмайды. Ойластырып, іске кірісу
керек. Кітап бизнесі – дамыған елдерде табыстың көзі. Бір
ғана баспа өнімінің айналасында қаншама құрылымдар
жұмыс істеп, пайда тауып отыр. Талантты автордың маңа-
йында әдеби агенттер, менеджерлер, маркетологтар, аудар-
машылар, баспалар, баспаханалар, баспа өнімін тарататын
компаниялар, кітап дүкендері, т.б. қаншама құрылымдар
жұмыс істейді. Өз елінің нарығымен шектелмей, бүкіл
әлемдік нарыққа шығуда.
Бұл ретте айтпағым, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
тармақталған жүйе құраушы ұйым ретінде өзінің негізгі
жұмыстарымен бірге ұйымдастырушылық-коммерциялық
шаруаларды да қаперден шығармағаны жөн деген ой. Бізде
бәрі бар. Дарынды автор да, баспа да, қаржы да, оқырман
да, нарық та бар. Тек солардың бір-бірімен байланысын
үйлестіретін, жұмысын жолға қоятын жүйе, механизм жоқ.
Қоғам жұмысының бір тармағын осы істер құраса, қоғам-
ның өзін-өзі қаржыландыруының бір көзі осы болар еді.
Сондай-ақ, Қоғам мүшелерін анықтап, мүшелік жарна
жүйесін қалыптастырумен түбегейлі айналысатын мезгіл
жетті. Құдайға шүкір, қазір еліміз еңсе көтерді, экономика
түзелді. Бизнесмендер қатары көбейді. Ендеше бұл мәсе-
лені жолға қоятын кезең осы. Қоғамды қаржыландырудың
негізгі көзі осы.
Біз елдің, Қоғамның санасын өзгертеміз дейміз. Ал бі-
рақ өз санамыз туралы ойланбаймыз. Мұны халқымыз
«Өзің диуанасың, кімге пір боласың» демей ме?! Сондық-
тан саналық өзгеріс сапалық өзгеріске бастайтынын ұмыт-
пағанымыз жөн.
Қазір қоғам өзгерді, ел жаңарды. Жаңарған қоғамға жаңа
сана қажет, жаңа идеялар қажет, жаңа бастамалар қажет,
жаңа құрылым қажет. Уақыт – қатал сыншы әрі елекші.
Уақыт сұранысын дөп басып қана қоймай, жаңа леп пен лек
тудырушылар қалады да, оған ілесе алмағандар өз-өзінен
сырылып қала береді. Біз осыдан сақтанайық, осыған қам
қылайық.
257
Қоғам қызметінің нақты әрі жемісті болуы үшін осы
Құрылтайдан соң арнайы жұмыс тобын құрып, мынадай
маңызы бар екі құжатты қабылдауды ұсынамын.
1. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын дамыту тұжы-
рымдамасы».
2. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2012-2016
жылдарға арналған даму стратегиясы».
Бұл екі құжат Қоғамның келесі Құрылтайға дейінгі даму
жолын нақты бейнелей алуы тиіс. Құжатта көрсетілген
әрбір міндеттің соңында оның орындалу мерзімі мен нақты
нәтижесінің көрсеткіші, жауаптылар анық көрініп тұруы
дұрыс. Бұл біздің әрбір әрекетімізді бағдарлай алуымызға,
соған сай шара қолдануымызға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарымен салыстыр-
ғанда еліміздің этнодемографиялық ахуалының айтар-
лықтай өзгергені белгілі. Осыған орай этнолингвисти-
Достарыңызбен бөлісу: |