«Сөз тҮзЕлДі,
тыҢДаУШы, СЕН ДЕ тҮзЕл»
Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын тыңдағанда
ұлы Абайдың осы сөзі ойға оралады. «Қуатты ойдан бас
құрап» буырқанған лек-лек сөз орамдары мен толқын-
толқын толғақты пікірлер сан түрлі ойларға жетелейді.
Тыңдаушысын ұйытып, қиялдарына қанат байлайды. Ел
халқын ауқымды ойлар аясына біріктіріп, ортақ істерге
жұмылдырады. Тағы да ойшыл бабамыз Абайға жүгінсек,
«егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір
мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір
өзіңнен-өзің есеп ал» демей ме. Елбасының жыл сайынғы
Жолдауларын еліміздің жылына бір рет өз-өзіне есеп беруі,
алды-артын пайымдап, алға басар қадамдарын анықтауы деп
қабылдауға болатын секілді.
Елбасының биылғы Жолдауы «Әлеуметтік-экономика-
лық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп
аталған. Көптеген елдерді дағдарыс дендеген қазіргі кезеңде
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басты назар аудару
орынды-ақ. Қатерлі жерде қаперсіз отыру жарамайды.
Уақыт ұсынар сындарға ерте бастан қам қылып, қажетті
318
құралдарымызды сайлап алу өрелі елге тән есті іс. Бұл
шаралар таяудағы он жылдық даму өрісіміздегі басымдықтар
қатарына
жатқызылған.
Жолдауда
экономикалық
мәселелермен қатар руханият жайы да тиісінше көрініс
тапқан. Бүгінгі заман алдымызға тартып отырған мәселелерді
шешу үшін ұлт көшбасшысы нақты он түрлі міндетті қойып,
іске асыруды ұсынды. Енді ретімен осы міндеттерді тарата
баяндалық.
Алдымен көтерілген мәселенің бастысы – ел халқын
жұмыспен қамту жайы. Қай елді алсақ та, күрмеуі қиын
мәселелердің қатарына жұмыссыздық жатады. Әлеуметтік
ширығыстардың шиеленісуі, қанқұйлы қылмыстардың
көбеюі, қоғам тұрақтылығының шытынауы, халық тол-
қуларының етек алуы секілді жағымсыз жайттардың
бәрінің де астарында жұмыссыздық және содан туындайтын
әлеуметтік наразылықтар табы жатыр. Барар жер, басар тауы
қалмай, екі қолға бір күрек таба алмай сенделген адамның
ақыр соңында «тұяқ серпуге» баратынына таңғалуға
болмайды. Сондықтан да Елбасының жұмыссыздықты
азайтып, халықты еңбекпен қамтамасыз етуді Үкімет
алдына нақты міндет етіп тапсыруы өте маңызды қадам деп
білеміз.
Екінші міндет етіп қойып отырған қолжетімді баспана
мәселесі де өте өзекті. Жолдауда Елбасы бұл мәселені қазақ-
ша айтты. Өйткені баспана әлі күнге қазақтың жан ауруы
болып келе жатыр. Қалалық жерде баспана зарын тартпаған
қазақтың баласы кемде-кем. Әлбетте, үйі жоқтың күйі
жоқ. Басында баспанасы, алдында тұрақты жұмысы бол-
мағандықтан, қазақтың талай баласы бас құрап, отбасы бола
алмай жүр. Осы күні халықтың санын қалай көбейтеміз
деген сыңайда өтіп жатқан жиындарда қисап жоқ. Құрғақ
уағыздан гөрі осы секілді нақты ұсыныстар мәселені
шешуге көбірек ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл орайда жаппай тегін үйдің аулы алыс. Аталған
бағдарлама аясында салынатын тұрғын үйлер жалға
берілмек, қалтасы көтергендер артынан сатып алады. Осы
міндетті іске асыру үшін Елбасы Үкіметке жаңа «Қолжетімді
319
баспана-2020» бағдарламасын даярлап, бекітуді тапсырды.
Бағдарламаға қосар бірер ұсыныс бар. Жеңілдікпен жалға
берілетін үйлерді үлестіруде және жалдау ақысын белгі-
леуде отбасы мүшелерінің саны қаперге алынса, бала
санының көптігіне байланысты жалдау ақысы мейлінше
азайтылса, ал балаларының саны бесеуден асатындарға
тұрғын үй тегін берілсе жөн болар еді. Бұл шара жан санының
өсуіне және әлеуметтік теңдікті орнатуға жол ашар еді. Үш
адамнан тұратын отбасы мен алты адамнан тұратын отбасы
екеуіне бірдей жалдау ақы белгілеу әділдікке жатпайды.
Жаңа бағдарламада осы жағы ескерілсе екен дейміз.
Жолдауда көтерілген үшінші мәселе – өңірлерді дамыту
жайы. Өңірлер дегеніміз негізінен қазақтар қоныс тепкен
қазақтың байтақ даласы, кенді, сөлді елді мекендер. Өңір-
лерге шындап көңіл бөлінсе, қажетті инфрақұрылымдар
салынса, жаңа өндіріс орындары ашылса, елдің шырайы
кіріп-ақ қалар еді. Жұмыстың жүйелі жүруі үшін осы
салаға арнап та бағдарлама жасау тапсырылды. Осы кезге
дейін де ауылды дамытуға, ауызсумен қамтамасыз етуге
арнап қаншама бағдарламалар қабылданған болатын. Жаңа
бағдарлама да солардың кебін құшпаса екен дейміз. Жол-
дауда бұл мәселенің де қазақша айтылуына қарап, мұның
да тікелей қазақтарға қатысты екендігін аңғарамыз.
Төртінші міндет халыққа көрсетілетін мемлекеттік қыз-
меттің сапасын арттыру. Әсіресе, Елбасының электронды
үкімет жобасын дамытуды тапсыруы ерекше құптарлық
іс. Халықты қаптаған қағазбастылықтан, түрлі әкімшілік
кедергілерден арылтып, уақытын үнемдеуде бұл жобаның
берері көп. Осы орайда халықты тек компьютерлік сауатын
арттыруда белсенді болуға шақырып қоймай, компьютерге,
байланыс пен интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ете-
тіндей шараларды қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді
деймін.
Қазіргі заман – ақпараттық технологиялар заманы. Ал
ақпараттық технологиямыз қай тілде? Электрондық үкімет
арқылы халыққа қызмет қай тілде көрсетіледі? Мұны
пайдалануға жоғарыда аталған өңірлерде мекендеп жатқан
320
қазақтардың мүмкіндігі келе ме? Электрондық үкімет
аясындағы көрсетілетін қызметтер, ақпараттық ресурстар,
бағдарламалық өнімдер қазақ тілінде жасалған ба және
қазақ тілін техникалық тұрғыдан қолдай ма? Міне, тиісті
орындар осы сұрақтар төңірегінде жақсылап ойланып,
жаңа технологияларда қазақ тілінің заңға сәйкес басым
қолдануына қол жеткізуі тиіс. Жолдауда бұл мәселе орыс
тілінде айтылған. Осыған қарап, біздің іс басындағы жауап-
ты қызметкерлеріміз бұрынғы әдетімен ақпараттық техно-
логия саласына қазақ тілін жақындатпауын ары қарай
жалғастыра бермес деп ойлаймыз.
Осы кезге дейін бірде-бір компьютерлік бағдарлама
қазақ тілінде дайындалмапты. Банк саласында, бухгалтерлік
істе, зейнетақы қорларында, салықтық есепте, байланыс
жүйелерінде, т.б. салаларда қолданылатын бағдарламалық
өнімдердің барлығы да орыс тілінде. Халықтың күнделікті
өмірінде тұтынатын осы қызмет түрлерінде қазақ тілі қол-
данылмаса, оның несі мемлекеттік тіл. Бұл ел Конститу-
циясын, мемлекеттік тілдің қолданысын реттейтін заңдар
талаптарын өрескел бұзу емес пе?! Сондықтан бұдан былай
елімізге шеттен кіретін компьютерлік бағдарламалардың
міндетті түрде қазақ тіліндегі нұсқасының болу талабы
қойылуы керек. Екіншіден, ел ішінде қолданылып жүрген
компьютерлік бағдарламалар мемлекеттік тілде әзірленуі
тиіс. Егер біз қазақ тілін ақпараттық технология саласында
пайдаланбайтын және оны міндеттемейтін болсақ, онда
қазақ тілін мемлекеттік тіл деп дабырайтудың да мәні жоқ
қой деп ойлаймыз. Бұл орайда Елбасы ауық-ауық көтеріп
жүрген латын әліпбиіне көшу мәселесін де қайта күн тәр-
тібіне шығаруды ойластырғанымыз жөн секілді.
Жолдауда бұдан кейін көтерілген мемлекеттік басқару-
шылардың біліктілігін арттыру, сот және құқық қорғау
жүйелерін модернизациялау, адам капиталының сапалық
өсуіне қол жеткізу, бұл үшін білім мен денсаулық сақтау
жүйелерін модернизациялау, зейнетақы жүйесін жетілдіру,
индустриалды-инновациялық жобаларды табысты іске
асыру мәселелерінің де мәні зор. Бұлар орыс тілінде баян-
321
далған. Елбасы Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында
трансұлттық қылмыстарға қарсы тұру үшін Интерпол
секілді Евразпол – Евразия полициясын құру идеясын
ұсынады. Әрине, оның тиімділігі, құрудың шарттары, жұмыс
істеу тәртібі туралы тиісті мамандар сараптай жатар. Қазақ
елінің бір азаматы ретінде ұлт үстінен қарайтын ұйымдар
құра беруге тым әуестенбей, аталған мәселені Кедендік
одаққа мүше елдердің құқық қорғау органдары арасындағы
келісімдерге сай өзара қарым-қатынас жасау арқылы де
реттеуге болады ғой деп ойлаймын. Оның сыртында еліміз
Интерполға мүше. Бір басымызға оның да көмегі жетіп
артылса керек.
Елбасы білім сапасын көтеру, педагогтердің біліктілігін
арттыру жайын қадап тапсыра отырып, өскелең ұрпақтың
тәрбие мәселесін де шет қалдырмауды ұсынды. Осында
жасөспірімдер бойына сіңірілуге тиісті құндылықтар
ретінде патриоттық тәрбие, әдеп пен өнеге нормалары,
ұлтаралық келісім мен толеранттылық, бойды да, ойды да
дамыту, заңға мойынсұнушылық аталады. Әрине, отаншыл
ұрпақ – отандық тілден басталады. Отандық тіліміз – қазақ
тілі. Қазақ тілін білмей, Қазақ елінің патриоты болу қиын.
Өйткені ұлы Ғабит Мүсірепов айтқандай, «ана тілін білмеген
адам ұлтына қызмет етпейді». Сондықтан да Елбасы бұл
жолы да мемлекеттік тіл жайына арнайы тоқталып өтті.
Елбасы: «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-
өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді
меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында
қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне
депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін
қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет», – деген еді.
Өткен жылғы Жолдауда да осы мәселеге арнайы тоқталып,
2020 жылы мектеп бітірушілер толығымен мемлекеттік
тілді меңгеріп шығатын болады деген болатын. Бұл не
деген сөз? Бұл еліміздегі бүкіл балабақшалар мен мектептер
тәрбиеленушілер мен оқушыларға бұдан былай тек қана
мемлекеттік тілде тәрбие беріп, оқытуы тиіс деген сөз.
322
Нұрсұлтан Әбішұлының Білім министрлігінің алдына қо-
йып отырған міндетін осылай түсіну керек.
Бұл орайда басқа ұйымдар да, қоғам да қарап қалмауы
қажет. Қолданыстағы заңдарға сәйкес баласының қай тілде
білім алуын ата-анасы анықтайды. Орыс тілінде білім беретін
мектептердің басым бөлігін қазақтың қаракөз балалары
толықтырып отырғаны жасырын емес. Тәуелсіздігіміздің
жиырма жылдығын артқа тастап отырған кезде әлі күнге
бұрынғы санадан арылмауды ақтауға болмайды. Сондықтан
Қоғамның ендігі күш салатын тұсы балабақшалар мен
бастауыш білімді толықтай қазақшаға көшіру жайы болуы
керек.
Қазіргі таңда елімізде қазақтардың және қазақ тілді қа-
уымның үлесі артқанымен, олардың мәдени-ақпараттық
сұраныстары қазақ тіліндегі өнімдермен толық қамтамасыз
етіліп отырған жоқ. Осыған байланысты аталған
сұранысты зерттеу және соны тиісінше қамтамасыз ету
жағын ойластырған да абзал. Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының жергілікті ұйымдар жұмысының негізгі өзегін
осы құрауы тиіс.
Байқасақ, біз осы кезге дейін қорғану позициясын ұста-
нып келдік. Қорғану – үрейлену мен жасқанудан туындай-
ды. Қазір шешуші сәт келді. Заман – ұрымтал әрі батыл
қимылдауды талап етеді. Осыған орай енді біз бұдан
былайғы кезеңде мемлекеттік тілдің үш өрісі туралы сөз
қозғап, қам жасауымыз керек секілді. Біріншісі – мем-
лекеттік жүйедегі өрісі, екіншісі – қоғам мен ел ішіндегі
өрісі және үшіншісі – халықаралық өрісі. Бұлар бірінен-бірі
туындап жатады. Алдыңғы екі өрістің тұғыры мықты болса,
ол сөзсіз үшінші өріске жол ашады. Тиісті мемлекеттік
мекемелермен қатар Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы да
қазақ тілінің қолданылу өрісін кеңейтудің түрлі жолдарын
қарастырып қоймай, соны іске асыруға барынша атсалы-
суды өзінің негізгі мақсаты санайды. Қоғам тіл мәселесімен
қатар рух мәселесін қолға алып, ұлттық идеялар мен
ұлттық бастамалардың ошағы болуға ұмтылуда. Егер рух
болмаса, ол – өлі қоғам. Жансыз, тұғырсыз қоғам. Сондықтан
323
ұлттың рухани өзегін бекітетін нәрселерге ұйытқы болуды
көздесек, көп жоғымызды түгендеуге қол жетері даусыз.
Елбасының биылғы Жолдауынан түйген ойларымыздың
бірпарасы осындай. Ендеше біз де данышпан бабамыздың
аузымен «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дейміз.
ШЕтЕлДЕ тұратыН ОтаНДаСтарДыҢ
қатыСУымЕН «Халықаралық өНЕр
фЕСтИваліНДЕ» СөйлЕГЕН Сөзі
Алматы қаласы.
3.10.2013 жыл
Құрметті қандастар!
Қадірлі бауырлар!
Ең алдымен баршаңызды бүгінгі өнер мерекесімен шын
жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Дүниеде уақыттың әмірі жүрмейтін құдірет табылатын
болса, ол құдіреттің бірегейі – өнер. Адамның өмірі шектеулі
болғанымен, өнер – шексіз. Ғасырлардан ғасырға адам
ауыспайды. Алайда олардың қолынан шыққан ғажайып өнер
туындылары, сезімінен туған әндері мен күйлері, тылсым
сырға толы сәулет және кескін өнерінің жауһарлары, сазды
әуеніне сүйемел болар музыкалық аспаптары қалады. Ұрпақ
пен ұрпақты саз жалғастырады, өнер байланыстырады.
Ал тумысынан ақынжанды қазақ үшін өнердің орны
бөлек. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»
деген ақын сөзінде шындық бар. Бүгін Сіздер мен біздердің
бәріміздің басымызды қара шаңырақ – Қазақ елінде қосып
отырған да киелі қазақ өнері. Қасиетті тілімізден бастау,
рухымыздан қуат алған ұлттық музыкалық мұрамыз, ұлттық
нақыштар мен ою-өрнектерден өзек тартатын кескін өнері
қазақтығымызды сақтауымыздың да бірден-бір кепілі.
Сондықтан өнеріміз өрісті, ойымыз келісті болсын дей
отырып, елден қиыр жайлап, шет қонған қандастарымыз
жайлы бірқатар ойларымызды бүгін орайы келіп тұрғанда
ортаға салғанды жөн көріп отырмын.
324
Әлемдегі тілдердің ахуалын зерттеушілердің деректері-
не қарағанда, бүгінгі күні алты жарым мыңнан астам тіл бар
көрінеді. Демек алты жарым мыңдай ұлт та бар деген сөз. Ал
осы алты жарым мың ұлттың екі жүздейіне ғана мемлекет
болу бақыты бұйырған. Екі жүз төрт тілдің ғана мемлекеттік
мәртебесі бар. Осы екі жүз мемлекеттің қатарында Қазақ
елінің болуы, әлемнің дамыған елу елінің ішіне кіріп,
алдыңғы отыздыққа енуді мақсат етуі – біздің бағымыз. Енді
осы бастағы бағымызды солқылдатпай ұстап тұру, бағасын
біліп, бақытын асыру баршамыздың парызымыз, керек
болса, тікелей міндетіміз.
Ұлттығымызды да, мемлекеттігімізді де баянды етудің
төте жолы – туған тілімізді сақтап қана қоймай, оны заман
қажетіне сай үздіксіз дамытып, жетілдіріп отыруда. Өйткені
тіл бірлігі болмай – ел бірлігіне қол жеткізу қиын.
Әрине, осы уақытқа дейін тіліміздің өрісін ашу
бағытында қыруар шаруалар атқарылып келеді. Тоқсаныншы
жылдармен салыстырғанда тіліміздің жағдайы көш ілгері
екендігі сөзсіз. Еліміздің орта мектептерінде қазақ тілінде
білім алушылардың саны жетпіс пайыздан асуы үлкен үміт
күттіріп қана қоймайды, сонымен бірге таразы басының
қазақ тіліне қарай ауғанын, болашақта бар салада үстемдікке
ие болатынын айдан анық көрсетеді. Дегенмен әлі күнге осы
салада шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамы оларды үздіксіз көтеріп келеді, көтере
береді де.
Енді ерекше назар аударуды қалайтын мәселенің бірі –
шетелдегі қазақтардың тағдыры. Қазіргі кезде қазақтың үш-
тен бірі, яғни 5 миллион қазақ шетелдерде мекендеп жатыр.
Бұл – бір орташа мемлекеттің халқына парапар халық.
Сондықтан бізді сырттағы қандастарымыздың тағдыры
ерекше алаң-датуы тиіс. Алаңдауға негіз де жетерлік. Бұрын
қазақтардың басым көпшілігі қоныстанған Қытай, Өзбекстан,
Моңғолия, Ресей елдерінде қазақ мектептері жұмыс істей-
тін. Соның арқасында қара орман жұрт қазақтықтарынан
ажырамай, тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап келген еді.
Қазіргі кезде Ресейде бір миллионнан астам қазақ тұрға-
325
нына қарамастан, қазақ тіліндегі мектеп тұрмақ, қазақ тілі
дейтін пән де оқытылмайды. Соның салдарынан Ресей
қазақтарының ересектері болмаса, кейінгі жастары қазақ
тілінен ада қалуға бет алды. Ал Қытай, Өзбекстан, Моңғо-
лияда да қазақ мектептері барған сайын қусырылып келеді.
Бірте-бірте олардың да Ресей қазақтарының кебін құша-
тыны сөзсіз. Ақиқатқа тура қарасақ, шеттегі қазақтардың
барлығының Қазақстанға толық көшіп келе қоюы неғайбыл.
Мысалы, Ресей қазақтарына келем десе ешқандай кедергі
жоқ. Түркия, Еуропа қазақтарының да жылы орындарын
суытқысы келмейтіні түсінікті. Сондықтан көші-қон ісін
қайта жандандырумен бірге, шеттегі қазақтардың сол
тұрғылықты жерінің өзінде қазақ тілі мен қазақтығынан
ажырап қалмайтындай жағдайын ойластыру өте маңызды.
Шетелдегі қандастарымызбен қарым-қатынас жасауды
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына ғана тапсырып,
қалғанымыз қарап отыруға болмайды. Қауымдастық – қо-
ғамдық ұйым. Оның көп мәселені шешуге келгенде қауқары
жете бермейді. Соңғы кездері ресми мекеме – Көші-қон
комитетінің де жұмысы түсініксіз болып кетті. Басы жақсы
басталған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының
да аяғы сұйылды. Мұның соңы көштің біржола тоқтауына
әкелді.
Сырттағы бес миллион қазақтың арқа сүйері де, үміт
етері де ата жұрттары Қазақстан екені сөзсіз. Олардың
тағдыры Қазақстанды бей-жай қалдырмауға тиіс. Бүгінгі
өтіп жатқан шара да, шетелдегі қазақ оқушылары арасында
өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Қазақ тілі олимпиадасы
да, үлкен-кіші құрылтайлар да осы бағыттағы игі істер
екендігінде сөз жоқ. Бірақ бұлар аздық етеді. Бұл орайда
кешенді шаралар қажет, жүйелі істер атқарған абзал.
Біз көбінесе Ресейдің ісін қайталауға құмармыз ғой.
Осы орайда Ресейдің шетелдегі диаспораларына қатысты
әрекеттерін үлгі етсек болады. Онда шетелдердегі орыс
диаспораларымен қарым-қатынасты жүйелі жолға қою
үшін министрлік деңгейіндегі арнайы «Россотрудничество»
дейтін ресми федералдық агенттік жұмыс істейді. Одан
326
бөлек ондаған институттар, қорлар қызмет атқарады.
«Русский мир» қоры арқылы шетелдерде орыс тілі мен
мәдениетін насихаттауға бюджеттен миллиардтаған қаржы
жұмсалуда. Сондықтан біздің елімізге де шетелдердегі бес
миллион халықтың мәселесімен айналысатын арнайы ресми
мекеме ашу әбден қажет. Мұны қазір орайы келіп тұрғанда
құрып алмасақ, бірнеше жылдан кейін Еуразиялық одақ
әбден күшіне мінген кезде мұндай мекеме туралы ойлаудың
өзі мұң болуы мүмкін.
Баланың қазақ тіліндегі мектептен білім алмай қазақ
тілінің уызына жаруы мүмкін емес. Бұл еліміздің ішінде де,
тысында да үлкен мәселе болып отыр. Қытай, Өзбекстан,
Моңғолия елдеріндегі қандастарымыздың ішінен өнерпаз-
дардың көптеп шығуының өзі де оларда қазақ мектептері-
нің сақталуында, қазақ мектептерінен білім алуында екенін
бәріміз білеміз. Ал миллионнан аса халық тұратын Ресейде
бір де бір ақын не жазушының шықпауын тікелей осы
қазақ мектептерінің жоқтығымен түсіндіруге болады. Яғни
тілінен айырылған халық рухани бедеулікке ұшырайды екен.
Сондықтан Қазақстан Үкіметі өз елімізде орыс тіліне
жасалып жатқан жағдайларды, орыс тілінде білім беретін
мектептер мен жоғары оқу орындарының мұртын бұзбай
сақтап отырғандарын алға тарта отырып, дипломатиялық
тетіктерді іске қосу арқылы Ресей билігінен қазақтар
тығыз қоныстанған аймақтардан қазақ мектептерін ашу,
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу
мәселесін көтеру қажет. Сол секілді Қытайда, Өзбекстанда
да жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды қолға
алған жөн. Бұған қол жеткізе алмаған жағдайда, «Қазақ-
түрік лицейлерінің» үлгісін пайдалануға болады.
Қазақтар мекендеп жатқан шетелдерде Гете институты
секілді «Абай үйлерін» ашудың да маңызы зор болар еді.
«Қазақ тілі» қоғамы Қазақстанның шетелдегі елшіліктеріне
осы «Абай үйін» ұйымдастыру мәселесін қойып келеді.
Алайда әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Сондықтан бұл
мәселелерді кешенді түрде шешу үшін шетелдегі қазақтар-
мен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін реттейтін арнайы
327
мемлекеттік бағдарлама қабылдаудың кезі келген секілді.
Сонда осында айтылған мәселелердің бәрі қамтылып,
жауапты мекемелері белгіленіп, тиісті қаражатпен қамта-
масыз етіліп, жүйелі жұмыстарға қол жетер еді. Осы ұсы-
ныстарды тиісті мекеме басшылары ескерер деп үміттенемін.
Сөз соңында бүгінгі өнер мерекесі тағы да құтты болсын,
өнерпаздарымыздың өрісі кеңейе, тіліміздің мәртебесі кө-
теріле берсін, талаптарына нұр жаусын деймін!
«ұлы ДҮНИЕлЕр
ұлт тіліНДЕ ҒаНа ЖаСалаДы»
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамының
президенті, академик өмірзақ айтбайұлымен сұхбат
«Ана тілі» газеті Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
баспасөз органы ретінде дүниеге келіп, қалыптасқаны
белгілі. Заман ыңғайына қарай тоқсаныншы жылдардың
орта шенінде басылым өрістері бір болғанымен, Қоғамнан
біршама қол үзіп қалған еді. «Ана тілі» газеті сол үрдісті
қайта жалғауды жөн көріп отыр. Осы мақсатта
газет бұдан былай өзінің бір бетін тұрақты түрде
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының тыныс-тіршілігіне
арнамақ. Осыған орай біз белгілі қоғам қайраткері,
ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
президенті Өмірзақ Айтбайұлын әңгімеге тартқан едік.
– Өмірзақ Айтбайұлы, Сіз бүкіл саналы ғұмырыңызды
ана тіліміздің тағдырымен байланыстырып келесіз. Осы
жолда зерттеулер жүргіздіңіз, ана тілінің мәртебесі үшін
күресудесіз. Жалпы Сіз тіл майданына қалай келдіңіз және
қазақ тілінің болашағы туралы қандай ой түйдіңіз?
– Оның рас, қарап отырсам мен тіл майданына өткен
ғасырдың алпысыншы жылдары келіп қосылған екенмін.
Ол кез кеңес өкіметінің әбден күшіне мініп нығайған, қазақ
328
тілінің тынысы күннен-күнге тарылып бара жатқан тұс еді
ғой. Қазақ балабақшалары мен қазақ мектептері жаппай
жабылып, Алматы қаласында жалғыз ғана қазақ мектебі
жұмыс істеді. Сол кезеңде Алматы шаһарында оқып, үйленіп,
қызметіне енді іліге бастаған жас мамандар алдынан шешуін
тілеп тұрған күрделі мәселелердің бірі де осы еді. Бір де бір
қазақша балабақшасы жоқ, мектебінің де сыйқы шамалы
орталық қалада дүниеге енді келе бастаған сәбилерімізді
қай жерде, қай тілде тәрбиелеу керек деген проблема
алдымыздан көлденең шықты. Бұл мәселені алдымен
Т. Әлімқұлов, Ш. Смақанұлы, Р. Бердібайұлы, Т. Кәкішев,
Ж. Молдағалиев, С. Шәймерденов сынды ағаларымыз қоз-
ғады. Олар газет, журналдар арқылы өз ой-пікірлерін ашық
айтып, ой тастады.
Жоғарыда айтқан мәселе менің де алдымнан шықты.
Балаларымның тілі шыға бастаған. Үйде қазақша сөй-
леуге тырысамыз, ал сыртқа шықса болды, орысша сай-
рай жөнеледі. Қарындасымның екі қызының да тілі
орысша шыққан. Қазақша тәрбиелейтін балабақша іздей
бастадық. Атымен жоқ. Інімді қазақ мектебіне берейін
деген ниетімнен де түк шықпады. Сол кездегі №12 жал-
ғыз қазақ орта мектебін бұрынғы орнынан (Комсомол
мен К. Маркс көшесінің қиылысындағы) Көктөбе жаққа кө-
шіріп, екі қабатты шағын 7 жылдық мектеп үйіне тығып тас-
тапты. Қаланың жан-жағынан қатынайтын қазақтар мектеп
жасындағы балаларын амалсыз тұрған жеріндегі орыс
мектебіне беруге мәжбүрленген. Сол кезде ұлттық санасы
ояна бастаған менің жоғарыда аты аталған замандастарым
ұл-қызын жетелеп осы 12-ші мектепте бастары түйісе
бастады. Сондай-ақ, бақша жасындағы балаларын орыс
балабақшаларына амалсыз бере бастаған ата-ана өкілдерін
бұл мәселе қатты ойландырды. Бұл сол кездегі қазақ
зиялыларының алдында тұрған өмірлік мәселе болатын.
Мемлекеттік тұрғыда шешілуге тиісті шаруа екенін біле
тұра, әрқайсымыз өзімізше әрекет етіп, ұрпағымызды ана
тілінен мақұрым қалдырмаудың әдіс-тәсілдерін өзімізше
ойластыра бастадық.
329
Осы орайдағы әрекеттерімізді мен «Тіл майданының
естен кетпес соқпақтары...» атты мақаламда тарата баян-
дағанмын. Сондықтан оған көп тоқталмай, қысқаша айтып
өтейін.
Өзара ақылдасу, кеңесу барысында қазақ мектебінің
ауыр халы жөнінде, қазақ балабақшаларын ашу туралы
СОКП Орталық Комитетіне көпшілік атынан өтініш жол-
дадық. Өтініште қазақ мектебімен бірге үлкен әлеуметтік,
мәдени маңызы зор мәселе ретінде қазақша балабақшалар
ашу да сұралды. Ата-аналар комитетінің атынан топ құрып,
аудандық оқу бөлімінен министрлікке дейінгі, аудандық
партия комитеті мен Орталық комитеті аралығындағы мә-
селе шешеді-ау деген мекемелердің бәрінің есігін аштық.
Алайда құр уәдеден басқа нәтижеге жете алмаған соң негізгі
тілектер, жазылған өтініштерді алып Саламат Шалабаев
Мәскеуге аттанды. Ол 1963 жылдың қараша айының 6-сын-
да СОКП Орталық Комитетінде болып, мән-жайды түсін-
дірген. Сөйтіп ол Мәскеуден Қазақстан Компартиясы Орта-
лық Комитетінің секретарына телефон соғып, осы мәселені
қарауды тапсырыпты. Осындай сергелдеңдердің арқасында
біздің қойған талаптарымыздың бәрі шешімін тапты.
№12 қазақ орта мектебі қалпына келтірілді. Алматы қала-
сындағы алты ауданда да балабақшалар ашылды. Әсіресе,
осы мәселе бойынша біз алдынан өткен бастықтардың
ішінде мәселені жанашырлықпен түсініп, іш тартып, жылы
қабақ танытқан қалалық атқару комитетінің төрағасы
Е. Дүйсенов болатын. Алайда қазақ тілінің мүшкіл халі
бәрібір түзеле қойған жоқ. Бүкіл Қазақстан аумағында 700-
800-ге таяу қазақ мектебі айдың күннің аманында өзінің
өмір сүруін тоқтатты. Бұл кезіндегі партия саясатының
«жемісі» еді.
Сонда таңғалғаным бар бәле өзімізде екен. Еліміздегі
қазақ балабақшалары мен мектептерін Ресейден келіп ешкім
жапқан жоқ. Олар «шаш ал десе, бас алатын» өзіміздің
атқамінер пысықайларымыз екен. Сол дерттен әлі күнге
дейін толық арыла алмай келеміз. Мұны айтып отырғаным,
сол кездегі өмірлік жағдайлар мені табиғи түрде Халық-
аралық «Қазақ тілі» қоғамына алып келген екен.
330
Ал қазақ тілінің болашағына келсек, тіліміздің болаша-
ғы – зор. Бұл жай лепірме сөз емес. Ғылыми тиянағы бар сөз.
Қазақ тілінің мықтылығы, ол – әрі көне, әрі жас тіл. Тілімізде
түркі тілдерінің оғыз, қыпшақ, қарлұқ тармақтарының
барлығының элементтері сақталған. Бойына отырықшылық
және көшпелі мәдениеттің белгілерін бірдей сіңірген. Табиғи
қуаты мол, құнарлы, нәрлі, таза тіл. Біз сол қуатқа жалғана
алмай жатырмыз. Сол қуатқа жалғансақ, Қазақ елі дамудың
шырқау шыңына шығады.
– Сонда тілдің дамуға тікелей әсері бар ма?
– Әрине, тікелей байланысы бар. Шындығын айтсақ, ана
тілін білмейтіндер, меңгермегендер елдің дамуына тежегіш
болып отыр. Мұны олардың өздері сезбеуі мүмкін. Бірақ
ақиқат осы. Бұған қарсы уәж айтушылар табылуы мүмкін.
Құрғақ тілмен қай жерге дейін барасыңдар. Мемлекеттік
тілді білмесе де маман қажет деп. Әрине, маман да қажет.
Оны сырттан шақырып алуға да болады. Қазір кейбір қат
мамандарды қыруар қаржы төлеп шетелдерден жалдап
алып жүрген жоқпыз ба. Тіпті Елбасының кеңесшілігіне де
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр
жалдап алынды. Бірақ дана қазақтың «өзіңнен тумай ұл
болмас, етектен кесіп жең болмас» деген тәмсілін ұмыт-
пағанымыз жөн.
Гете айтқан екен: «Ұлы дүниелер тек ұлт тілінде ғана
жасалады» деп. Бұл рас. Біз өзге ұлттың тілінде сөйлеу
арқылы, іс жүргізу арқылы қарнымызды тойдырармыз.
Белгілі бір деңгейде экономикалық жетістіктерге де жетер-
міз. Бірақ тәуелсіздігі баянды, жоғары дамыған, басқалар
санасатын ұлы ел бола алмаймыз. Өйткені ұлылықты,
дамуды азықтандыратын рух болмайды. Рухтың негізі тілде
жатыр. Туған тіл бізді тамырымызбен байланыстырады,
сөзімізге, ісімізге, ойымызға жан береді. Ал жансыз, рухсыз
ұшпаққа шыға қоюымыз неғайбыл.
Бір ғана мысал келтірейін. Қазір ағылшын тілін жақсы
меңгерсе дамып кетеміз деген сөздер айтылуда. Мысалға
жан саны жағынан қарайлас Қытай мен Үндістанды алайық.
331
Қытай халқының 5 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Ал
Үндістанның 95 пайызы ағылшын тілін біледі. Ал енді
екеуінің экономикалық даму деңгейіне қараңыз. Аспан мен
жердей емес пе. Тарих өз тілін ысырып қойып, өзге тіл
арқылы ұшпаққа шыққан елді көрген жоқ, білмейді де. Ал
Жапон елі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ана тілі мен
ата дәстүріне мықтап ден қойды. Бүкіл тіршілік жүйесін
ұлттық ұстынға негіздеді. Сол арқылы әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің сапына көтеріліп отыр. Біз осындай
тәжірибелерден сабақ алуымыз керек.
Тіпті елде жемқорлықтың етек алуының бір себебі де
тілге келіп тіреледі. Өйткені тіл білмейтіндер мен ана тілін
менсінбейтіндер Қазақстанды уақытша мекен санайды, оның
болашағына сенбейді, өздерінің, ұрпағының болашағын
Қазақстанмен байланыстырмайды. Қазіргі мүмкіндікті пай-
даланып, тек қалтасын толтыруды ғана ойлайды. Қазақ-
станның дамуы, жеке тәуелсіз ел болуы, мемлекеттік
мүддесін қорғау секілді нәрселермен бастарын ауыртпайды.
Тек бір күндігімен, жеке мүддесін алға шығарумен өмір
сүреді. Бұлай болмаса, қаражатын шетелдік банктерге са-
лып, жаппай шетелдерден үй алып қояр ма еді. Мұның
барлығы да осы мәңгүрттік дертіне шалдыққандардың
кесірінен болып отыр.
Енді мәселені ашық әрі төтесінен қоюымыз керек.
Мемлекеттік қызметке, ұлттық компаниялардың басшы-
лығына, банктердің басшылығына қазақ тілін білетіндерді
ғана қоюды талап ету қажет. Жеке банктердің басшыларын
тағайындауға Ұлттық банк рұқсат береді. Сондықтан
Ұлттық банк осыны талап етуі керек. Ол үшін Ұлттық
банктің өзінің басшысынан мемлекеттік тілді білуі талап
етілуі керек. Қазақ тілін білмеген адам қазақтың мүддесіне
қызмет етпейді.
– Өзіңіз басқарып отырған Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамы осы бағытта қандай жұмыстар атқаруда?
– «Қазақ тілі» қоғамы – қоғамдық ұйым. Қоғамның
жұмысын мемлекет өмірінен бөліп қарауға болмайды.
Қоғамның қызметі де – қоғамымыздың айнасы секілді. Елде
332
орын алған көкейкесті мәселелерден Қоғамның сырт қал-
ған кезі жоқ.
Қоғам өзіне алған жарғылық міндеттерінен ешқашан
тайған емес. Бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұ-
мысын жалғастырып келеді. Қиын-қыстау кезеңдерге қара-
мастан, жергілікті жерлердегі филиалдарымызды сақтап
қалдық. Онда уақыт сүзгісінен өткен нағыз тіл қайраткері
болып қалыптасқан азаматтар қызмет атқаруда.
Қазіргі кезде Қоғам заман ағымына орай жобалық
жұмыстарға басымдық беріп отыр. Қазақ тілінің өрісі мен
кеңістігін ұлғайтуды көздейтін «Қазақ кітабы», «Қазақ
мектебі», «Өлкетану» секілді жобаларды қолға алып,
жүргізіп келеміз. Бұларды жергілікті әкімдіктермен бірлесе
отырып атқарудамыз. Жобалар өз нәтижелерін беруде.
Әсіресе, еліміздің солтүстік облыстарына басымдық бер-
мекпіз. Осы мақсатта Қоғам қызметкерлері биылғы
жазда Ақмола облысының аудандарын аралап, өңірдегі
мемлекеттік тілдің ахуалымен тікелей танысып шықты.
Облыс әкімі Қ. Қожамжаровпен бірнеше рет кездесіп,
ынтымақтастық туралы меморандум жасау туралы келі-
сімге қол жеткіздік. Жаңа әкім Қ. Қожамжаровтың руха-
ниятқа деген көзқарасы өте жақсы екен. Қызметке келгеніне
аз уақыт болғанына қарамастан, ұлтқа қажетті біршама
істерге мұрындық болып отырғанына көз жеткіздік.
– Байқасаңыз қазіргі кезде қазақ халқы артына көп
қарайтын секілді. Елдің зиялы деп жүрген адамдарының өзі
өткен шақ туралы айтуға көп көңіл бөледі. Жазушыларымыз
да тарихи тақырыптарға көбірек қалам тартқанды
қолайлы көреді. Болатын ел, дамуға құлаш ұрған жұрт
болашақ туралы, даму туралы жиі әңгіме қылатын еді.
Жасыратыны жоқ, мұндай сөз тек Елбасының ғана
аузынан шығады. Ал қазақтың зиялы қауымы қазіргі кез бен
болашақ туралы айтуға келгенде сараң. Бұл құбылысты
қалай түсіндірер едіңіз?
– Бұл өтпелі кезеңде орын алатын құбылыс секілді.
Дүбірлі өзгерістер орын алып, қалыптасқан өмір салты мен
333
ұғым-түсініктер басқаша мәнге ие болған кезде қарапайым
халық қана емес, зиялы қауымның өзінің абдырайтын
сәттері болады. Бұл тек қазақ зиялысының басындағы ғана
жағдай емес. Сондықтан бұдан мәселе жасап қажеті жоқ.
Өткенге үңілу арқылы адам өзін табуға, тануға ұмтылады.
Тарих тереңіне бойлау арқылы халық тамырына байланады.
Қабілет қарымын шамалайды. Сол арқылы болашағына
болжам жасап, алға қадам басады.
Біз біршама уақыт төл тарихымыздан алшақтап қалдық.
Сондықтан тарихымызды білуге жаппай ұмтылуымыз
заңдылық. Қазір құндылықтарды електен өткізу үстіндегі
елміз. Тарихымызды танып, жоғалтқанымызды біршама тап-
қан секілдіміз. Болашаққа қарап бой түзеу енді басталатын
сыңайлы.
Рас, алда бағдар болмаса, ұмтылатын мақсат болмаса,
ой шашырайды, күш ысырап болады. Осыны ескеріп,
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 2030 даму стратегиясын
ұсынды. Бұдан бөлек соңғы кездері шығармашылық топ
арасында қазақ елінің болашақ даму бағдары қандай болуы
керек деген сыңайдағы әңгімелер жиі-жиі айтыла бастады.
Жанұзақ Әкімнің «Түркі өркениеті негізіндегі Қазақ идеясы»
деген кітабы, Берік Әбдіғалиұлының «Қазақ миссиясы»
деген еңбегі осы бағыттағы ізденістер деп ойлаймын.
– Сөз жоқ, еліміздің тәуелсіз даму тарихында Ха-
лықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өзіндік орны бар.
Қоғам заман алдына тартқан міндеттерді қал-қадарынша
атқарды. «Қазақ тілі» қоғамының ендігі беталысы қалай?
– Әрбір істе де заман талабын ескеріп отырудың жөні
бөлек. Бұдан «Қазақ тілі» қоғамы да сырт қалмайды. Оның
үстіне қазір қоғам жаңарды, адамдардың санасы өзгерді,
құндылықтар түледі. Соған сай біздің де өз жұмысымызды
өмір сұранысына орай ұйымдастыруға мән беріп отырамыз.
Естеріңізде болса, былтыр Көкшетау қаласында Қоғам-
ның 5 Құрылтайын өткіздік. Құрылтай барысында жалпы
тілдік мәселелерден тартып, Қоғамның ішкі жайларына
334
да тоқталдық. Құрылтайға қатысушыларының ұсыныс-
пікірлері ескеріле отырып, арнайы шешім қабылданды.
Қазіргі кезде сол шешімді орындау үстіндеміз.
Әлбетте, біздің Жарғыда көзделген негізгі мақсатымыз,
басты ұстанымдарымыз өзгермейді. Дегенмен, уақыт ұсын-
ған жаңа өзгерістер мен тың талаптарға орай өз қызметіміз-
ді ұйымдастыру тәсілдерімізге тиісті өзгерістер енгіздік.
Құдайға шүкір, қазіргі кезде мемлекеттік тіл мәселесімен
айналысатын ұйымдардың қарасы көбейді. Арнайы ресми
мекемелер бар. Тіл оқыту орталықтары жұмыс жүргізуде.
Қоғамдық ұйымдардың да саны бірталай. Осыған орай
біз бұдан былай тіл мәдениетіне көбірек басымдық беріп
отырмыз. Еліміздің тіл саясаты негізінен мемлекеттік тілді
меңгертуге бағытталса, енді оның сапасына ерекше көңіл
бөлетін уақыт жетті. Осыны ескеріп біз қазақ тілінің өзінің
алуан түрлі мәселелерін сөз ететін «Тіл тағылымы» халық
университетін қайта жаңғырттық. Осы тектес бірнеше
жобаларды қоса атқарып отырмыз.
– Сіздер халықаралық ұйым болғандықтан, шетелдердегі
қазақтармен байланысып отыратын шығарсыздар?
– Әрине. Шетелдерде 5 миллион қазақ мекендеп жатыр.
Бұл бар қазақтың жартысына жуық сан. Сондықтан мұны
назардан тыс қалдыруға болмайды. Осы мақсатта біз белгілі
деңгейде шеттегі қазақтармен байланысып отырамыз.
Өкілдіктерімізді аштық. Қазіргі кезде Мәскеу өңірлік
«Қазақ тілі» қоғамы өнімді еңбектенуде. Өздерінің газет-
тері, сайттары бар. Сол секілді Түркия, Германия, Өзбекстан,
Қырғызстан, Қытай, Иран елдерінде өкілдеріміз бар.
Қазіргідей қарқынмен сырттағы бес миллион қандаста-
рымызды елге көшіріп алу мүмкін болмай тұр. Сондықтан
оларды сол тұрған жерлерінде қазақтығынан айырмай
сақтаудың бір шарасы ретінде «Абай үйлерін» ашуды
мәселе етіп көтеріп жүрміз. Тиісті мекемелер қолдаса, бұл
ұсынысымыз іске асатын шығар деген ойымыз бар.
– Қоғамның жергілікті жерлердегі жұмыстары туралы
айтып өтсеңіз?
335
– Қазіргі кезде Қоғамның барлық облыстарында фи-
лиалдары бар. Олар шамасына қарай өздеріне тиісті
жұмыстарын атқаруда. Бірінде қарқынды жүрсе, енді
біреулерінде самарқаулық бары жасырын емес. Қызылорда,
Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы, Жезқазған қаласындағы
филиалдарымыздың жұмыстары жүйелі жүруде.
Өздеріңізге мәлім, еліміздің жер көлемі, этнодемогра-
фиялық жағдайы, тілдік ахуалы біркелкі емес. Осыған орай
әр өңірдегі ұйымдарымыздың жұмыстары да өздерінің
жергілікті жағдайы ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.
Өйткені еліміздің оңтүстігі мен батысындағы тілдік ахуалды
солтүстіктегі жағдаймен салыстыра алмаймыз. Дегенмен,
ортақ мәселелер жеткілікті.
Қоғамның Орталық аппараты тоқсаныншы жылдары
ортақ жоспар жасап, бүкіл филиалдарға тарататын еді.
Мұнда жергілікті жағдайлар толықтай ескерілмейтіндіктен,
кейінірек бұдан бас тарттық. Әр филиалдың өз аймағының
ерекшеліктеріне қарай өз жоспарын жасап, іске асыруына
мүмкіндік бердік.
«Ана тілі» газеті Қоғамның қызметіне арнап тұрақты
бет ашуын қолдаймыз. Өңірлердегі филиалдарымыз мұны
қуаттайды деп сенемін. Қоғамның жергілікті ұйымдары-
ның басшылары материалдарын тұрақты түрде Қоғамның
Достарыңызбен бөлісу: |