Өмірзақ айтбайұлы


ОтырарДыҢ Озық Ойлы ұлаНы



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ОтырарДыҢ Озық Ойлы ұлаНы
замандастары не дейді:
Шығыс  халықтарында  «Ғалым  (ақын)  болу  оңай,  адам  болу 
қиын»  деген  нақыл  сөз  бар.  Шынында  да,  шынайы  адамдық 
қасиет жүре бітетін емес, туа бітетін табиғаттың тамаша сыйы ғой. 
Міне,  осы  қасиеттер  Өмірзақта  туа  біткен.  Ол  ғалымдықтың  да, 
адамдықтың да шылбырын тең ұстаған азамат. 
                                                                                  Академик 
Әбдуәли ҚАЙДАРОВ.
Өмірзақтың  жан-дүниесіне  үңілсек,  оған  табиғат,  дәлі-рек 
айтсақ, ата-анасы бойына өнер мен иман дарытыпты.
                                                                                   Академик 
Рәбиға СЫЗДЫҚОВА.
Иә,  замандастары  осылай  баға  берген  тұлға  –  Өмірзақ 
Айтбайұлы  оңтүстіктің  перзенті.    Атақ  пен  марапаттан 
кенде  емес.  Ғылым  үшін  барын  да,  нәрін  де  беріп  келеді. 
Бір ғана ана тілімізді зерттеп-зерделеуге 55 жылдай өмірін  
сарп  етіпті.  Қазақ  тіліне  деген  адалдығын  тек  жанкешті 
ісімен дәлелдеумен келеді. 
«Топырақ  пен  тұлға»  айдарында  оңтүстіктің  мақта- 
нышы, Отырардың озық ойлы тумасы Өмірзақ аға Айтбай-
ұлынан  еркін  тынысты  әңгіме  жасауды  сұранған  едік. 
Мақсатымыз  –  еліне,  жеріне  оның  азаматтық  тұлғасын, 
ғұламалық  өнерін  кеңірек  жеткізу,  дәріптеу  болатын.  Бір 
ғана  сұхбат  төңірегінде  ғалымның  жолын  тұтастай  қамту 
мүмкін  емес,  әрине.  Дегенмен  көптің  көңіліндегі  келелі 
сауалдарға парасатты ағамыздың кемел жауап қайтарғанын 
қаз-қалпында беруді жөн көрдік.
өмірзақ айтбайұлы, а. байтұрсынұлы атындағы 
тіл  білімі  институтының  бас  ғылыми  қызметкері,  фи-
лология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  қр  ұҒа  
академигі,  Халықаралық  «қазақ  тілі»  қоғамының 
президенті

378
–  «Уызында  жарыған  ұл»  деген  сөздің  астарын  қалай 
түсіндірер едіңіз, аға? 
–  Бұл сөз киелі ұғым. Уызында жару – ұяда не көрсең, 
ұшқанда  соны  ілесің  деген  ұғыммен  тікелей  байланысты. 
Қандай  адам  болсын  отбасында  көргенін,  ұққанын  өмірде 
іске  жаратпай  тұрмайды.  Уызында  жарыған  қазақтың  ұл-
дары  көп.  Уызымда  жарығам,  болмаса  өзімді  талантты 
жандардың  қатарындамын  деуім  ыңғайсыз.  Әйтсе  де  әліге 
дейін  отбасымда  көрген  тәрбиеммен  келеді  екем.  Әсіресе 
әке тәрбиесін көбірек бойға сіңірген адаммын, ана тәрбиесін 
жеткілікті  көре  алғам  жоқ.  Әкем  Айтмұхамбет  Белгібай- 
ұлы    төңірегіне  танымыл  молла,  белгілі  жыршы,  ақын, 
«Халық ақыны» атағын алған,  Бұхара медресесінде оқып,  
ислам  дінінің  оқу  орнын  бітірген  со  кездегі  бірден-бір 
білікті, білімді адам еді.  Оқуын аяқтап келген бойда Таш- 
кент  қаласы  маңында  мұғалім  бола  жүріп,  атақты  Майлы-
қожа,  Мәделіқожа,  Молда  Мұса,  Шәді  төрелердің  сөзін 
тыңдап,  дәмдес  болады.  Олардың  жырларын  жатқа  айтып, 
жалпақ жұртқа жаршылардың бірінен саналады. Ол кісінің 
төңірегінде  әңгімені  төгіп-төгіп  айта  білетін,  ойлы  пікір-
лерін  ойып  жеткізетін  шежіре  жандар  болатын.  Кеңес 
үкіметінің  саясаты мен көзқарасы басқашалау болғандық-
тан,  мұндай  кісілерді  қожа-молдалар  деуші  еді  ғой.  Құран 
сөзін  айтып,  қисса-дастандарды  толғап  отыратын  небір 
көсем, ғұлама қарттар ортасында өстім. Осындай жиындарға 
әкем мені қасынан тастамай ертіп жүретін. Бәлкім, осының 
әсері  болды  ма,  домбыра  тартып,  ән  салуға  жастайымнан 
құмарттым. Кітап оқуды тіптен жақсы көрдім. 
Міне, қызым, мен осындай өнегелі, қазақтың көп дәстү-
рін  қағида  етіп  ұстанған  шаңырақта  туып-өстім.  Балаға 
уызды тек өскен шаңырағы беретінін өз басымнан білем.
–  Өмірзақ  аға,  өзіңізді  оңтүстіктің  осындай  ұлы  деп 
мақтаныш  ететін  сол  ел-жеріңіз,  әсіресе  кіндік  қаныңыз 
тамған  Отырар  топырағы  туралы  бүгінгі  ақсақалдық 
көзқарасыңызбен сыр шертсеңіз деймін. 

379
–  Өмір керуені Алла бұйыртқан неше алуан жолдармен 
тоқтаусыз  жүріп  жатыр  ғой.  Алпыстың  шырқау  шыңына 
шалдықпай шығып, жетпістің мұнарлы да бейтаныс биігіне 
өрмелеп,  сексеннің  де  ауылына  таяп  қалдық.    Өткен  жол, 
кешкен тарих әралуан, қилы-қилы. «Содан сәл де болса қазіргі 
және келер ұрпаққа үлгі болар қандай оқиғалар болды? Не 
күй кештім? Не үйрендім, неден жирендім?» деген сауалдар 
мазалап, өз өмір жолыма үңіліп жүрген жайым бар еді. Міне, 
өз туған жерімнің төл басылымы «Оңтүстік Қазақстан» да 
осы ойымнан дөп түсіпті-ау!..
Туған топырағым – өмірімнің басты құндылығы.  Кез кел-
ген адам сияқты мен де туған мекенімді мейілінше мақтан 
етем.  Кіндік  қаным  тамған  өлкем  өз  заманында  руханият 
астанасы болған Отырар. Отырардың қай жерін бассаң да, 
қай  төбесін  түртсең  де  тарихы  сарнап  қоя  беретіні  сөзсіз. 
Александриядан  кейінгі  әлемдегі  ең  үлкен  кітапхананың 
да  осы  қалада  орналасуы  тегін  емес.  Елдің  сауатты,  білім 
қуған азаматтары тарихтың үнін сақтаған осы кітапхананы 
пайдаланған. Тағы бір ерекшелігі, Отырар өзінің қаһарман 
қорғаушыларымен  өшпес  даңқа  бөленген,  батырлықтың, 
отансүйгіштіктің теңдесі жоқ үлгісіне айналған қала.  
Отырардың бір шеті қарт Қаратау, мына шетінде ежелгі 
сақтардың,  одан  кейінгі  қаншама  түркі  тайпаларының 
құтты мекені болған сұлу Сырдария анау. Киелі Түркістан 
мен әйгілі  Қазығұрт  та  жанасып жатыр.  Қазыналы  осынау 
жердің бәрін туып-өскен өлкем деп есептеймін. 
Сырдың  суы  шежірелі  қарт  сияқты.  Сырдарияның  жа-
ғалауына  барғанда  өзімше  үлкен  ойға  қалып,  үнсіздік  бо-
йымды  жайлайды.  Ойлана,  толғана  білетін  жан  Сырдың 
суынан-ақ көп нәрсе ұғады білем. Аруағыңнан айналайын, 
Арыстан-бабтың,  Отырардың  маңайында  қаншама  дана-
лардың сүйегі жатыр. Оның бәрін де кейін біліп жатырмыз. 
Киелі өңіріміздегі тау-тау төбелердің пайда болу аңызын да, 
гүлденген шаһарымызда оқымыстылардың өмір сүргендігін 
де  үлкендер  мен  ұстаздарымыздан  естідік.  Бертін  келе 
жоғары  оқу  орынына  келіп,  айтулы  тұлғалардан  дәріс  ала 
бастаған кезде жан-жақты білуге құштарлығымыздың оян-
ғаны да рас. 

380
Шығыстанушы  ғалым  Әбсаттар  Дербісәлінің  кейінгі 
кездерде  зерттеп,  әлемге  қилы  ой-пікірлерін  дарытқан 
отырарлық  әл-Фарабилердің  саны  отызға  тарта  екендігін 
білдік. Бұл ғұламалардың бәрі Отырарда ауызданып, содан 
шығысқа  қарай  жылжып,  әлемдік  деңгейдегі  білім  мен 
ғылымды дамытуға үлес қосқан ұлы бабаларымыз емес пе. 
Мұның  басында  Әбу  Насыр  әл-Фараби  бабамыз  тұрғаны 
анық.  Фараби  сияқты  аңызға  айналмағанымызбен,  бәріміз 
сол киелі топырақтың түлегіміз, ұрпағымыз ғой дей отырып, 
Отырар топырағына, ең бастысы, қазақ атына ұят келтіруге 
құқым  жоқ  деген  ұғымның  санамда  әбден  орныққаны 
соншалық, сол ұғыммен әлі келем. 
–  Бар  саналы  ғұмырын  сонау  1962  жылдан  бері  тек 
ана  тіліне  сарп  етіп  келе  жатқан  бірден-бір  ғалым  өзіңіз 
екенсіз.  Тізбелеп  көрсетсек,  тіл  мәдениеті,  стилистика, 
лексикология,  ономастика,  диалектология,  әдеби  тіл, 
әдебиет,  мәдениет,  мемлекеттік  тіл,  аударма,  қазақ 
терминологиясы мен аудармасының мәселелерінде атқарған 
еңбектеріңіз қырауар. Осыншалықты бір ғана саланың түп-
тамырын тереңдеп зерттеуге, ежіктеп, сүзгіден барынша 
өткізуге,  жаныңызды  салуға,  яғни  тілге  деген  құрметіңіз 
бен қызығушылығыңызды қалай жеткізер едіңіз?.. 
–  Өз  өмірімде  кие  тұтып,  қасиет  санап  келе  жатқан  үш 
мұрам бар. Ол – қасиетіңнен айналайын Ана тілім, содан соң 
Ән мен күй және Қоңыр домбыра. Ғылым мен өмірде мені 
алға жетелеп, өрге өрмелетіп келе жатқан осы үшеуі. 
Сөз өнеріне, тіл өнеріне деген іңкәрлік мені 1954 жылы 
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне 
алып келді. 1954-1959 жылдар – бақытты жылдарым. Өйт- 
кені  ғұлама,  парасатты  ұстаздардардан  тәрбие-тағылым 
алдым.  Оның  басында  Мұхтар  Әуезов,  Бейсенбай  Кенже-
баев, Мәулен Балақаев, Ісмет Кеңесбаев, Темірғали Нұрта-
зин,  Ибрагим  Маманов,  Зейнолла  Қабдоллов  есімді  кесек-
кесек  ірі,  әрі  маман,  әрі  адам,  әрі  ғалым  болып  келетін 
тұлғалардың алдын көрдім. Мұхтар Әуезовтің өткен дәріс- 

381
тері көз алдымда. Таяуда үйдегі қолжазбаларымның арасы-
нан «Абайтануынан» жасаған конспектім шыға келіп, жеті 
қазынаның  бірін  тауып  алғандай  қуандым.  Әуезовтің  әр 
оқыған дәрісі ғажайып оқиға болып өтетін. Алғашқы кезде 
жеке  топтарға  бөлінген  дәрісхана  кішкентай  залда  өтіп 
жүретін.  Кейін  бұл  залға  сыймай  кеттік.  Себебі,  басқа  да 
бөлімнің  және  өзге  жоғары  оқу  орындарының  түлектері 
өз  еріктерімен  қатысатын.  Содан  амал  жоқ,  дәрісті  үлкен 
актзалында  өтуге  тура  келетін.  Студент-шәкірт  есебінде 
біраз нәрсені ұққанымызбен, кейін-кейін барып Мұхаңның 
түпсіз терең дария екенін білдік қой. «Абайтанудан» дәріс 
оқып  жүргенде,  Абайдың  әрбір  сөзін,  әрбір  өлеңін  талдай 
отырып,  мән-мағынасын  санамызға  барынша  құятын. 
Абай  арқылы  кеңестік  дәуірдегі  өзі  тектес  творчестволық 
адамдардың  шығармаларына,  Толстойдың  дүниелеріне 
дейін барып, одан бүкіл Еуропаға, одан әлемдік деңгейдегі 
әдебиет үлгілерін шарлап, содан бүкіл Шығыс әдебиетінің 
жауһарларын  байланыстырып  сөйлей  жөнелгенде  біздер 
аузымызды ашып, көзімізді жұмып тыңдап отыратынбыз. 
Ал енді тіл мәселесіне келсек, кей адамдардың ойынша 
тіл қызықсыздау мәселе секілді.  Шындығында, тілдің мәсе- 
лесі мейлінше қызық. Тіл мәселесін қызықтырып оқитынды 
Ісмет  Кеңесбаевтан  көрдім.  Бұл  кісі  Ленинграда  оқыған, 
білері  көп,  орысша-қазақша  өте  сауатты,  білгенін  екі 
тілде бірдей шешен сөйлейтін ғалым еді. Адамды орта қа-
лыптастырады деген  сөздің жаны бар. Менің де ойыма ой, 
біліміме білім қосқан осы ортам, ұстаздарым еді. 
Ұстазым Мәулен Балақаевтың мінезі қандай мәйін бол-
са,  өзінің  жүріс-тұрысы,  сөзі  де  тұнып  тұрған  зиялының 
өзі болатын. Оның дәрісті әзіл-қалжың араластыра отырып 
оқитыны тілге деген ынтызарлығымызды одан әрі аша түсті. 
Сол  сияқты  морфология  саласынан  дәріс  оқыған  ұстазым 
Ибрагим  Маманов  та  сабағын  өзі  сүйсініп,  өзі  түсініп,  өзі 
сүйініп  оқитын,  болмысының  өзі  заттықты  көрсетіп  тұра- 
тын  кесек  тұлға  болатын.  Жалпы,  әдебиетке  қызығуыма 
Мұхтар  Әуезов  пен  Бейсенбай  Кенжебаевтар  ықпал  етсе,  
тілге Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Ибрагим Маманов-
тар арқылы қызықтым. 

382
Университеттегі  дипломдық  жұмысымның  тақырыбы 
«Қазақтың мақал-мәтелдері» еді. Сол дипломдық жұмысым 
бүкіл тіршілігіме азық болып келеді. 
Содан  университетті  бітірер  тұста  қайда  жұмыс  істеуім  
керектігін әкеммен ойластым. Қарт әкем, інілерім шиеттей 
бала-шаға  бар  дегендей,  алда  үйлену  мәселесі  де  тұрды. 
Әкем  өте  салиқалы,  парасатты  адам  болатын.  Менің 
сөзімнің  ауанын  аңғарған  ол:  «Шырағым,  сенің  оқуыңның 
жүйесіне,  алған  біліміңе  қарай  сол  жақта  қалуыңа 
мүмкіншілік  болмады  ма?»  деді.  Сол  кезде  «Социалистік 
Қазақстан»  газетінде  Абай  Бейсенбаев,  Әлім  Тұяқбаев, 
Бекділда Абдуллин деген ағаларым менің тілге, әдебиетке, 
жазуға  деген  қарым-қабілетімді  байқады-ау  дейім  «сен 
бізге  кел»  дегені  бар.  «Диплом  жазып  жүрмін»  дегенімде 
ағалар  «дипломды  осы  жерде-ақ  жазасың,  кел»  деп,  мен 
«ойланайын» деп кеткенмін. Осына әкеме айттым. «Ендеше 
балам, өрісіңді тарылтпа, шақырған жерге бар», – деді әкем 
шорт кесіп. Әкемнің жөн сілтеуімен Алматыға келіп, диплом 
жазып  жүріп  «Социалистік  Қазақстанға»  әдеби  қызметкер 
болып  орналастым.  Қалыптасқан  өзіндік  дәстүрі,  үлкен 
журналистік  мектебі  бар  аға  газетте  үш  жарым  жылдай 
еңбек  етіп,  газет  жанрларын  меңгеруде  біраз  тәжірибе 
жинадым. Дегенмен ғылым әлемі еріксіз өзіне тарта берді. 
Бүкіл ақыл-ойдың кемелі осы Ғылым академиясында сияқ-
ты боп көрінетін. Шындығында солай болып шықты...
Бір күні Тіл білімі институтына бір кісілердің айтуымен 
бардым.  Институттың  директоры  Ісмет  Кеңесбаев,  орын-
басары Әбдуәлі Қайдаров еді. Сол кісілердің алдына кіріп, 
тіл  мәселесімен  шұғылданғым  келетін  ойымды  жайып 
салдым.  Ғұламалар  ғой,  мақсатымды  бірден  ұқты  да, 
«документтеріңді алып кел» деді. Құжаттарымды өткіздім. 
Көп ұзамай, 1962 жылы Ғылым академиясының Тіл білімі 
институтына  кіші  ғылыми  қызметкер  болып  ауыстым.  Бұл 
институтта тағы да өзіме дәріс оқыған ұстаздарымның тәр-
биесі жалғаса түсті. 
Жалпы тіл жұмысын қолға алғаннан кейін де маған әсер 
еткен  екі  адам  болды.  Бірі  –  Сейділ  Омарұлы  Талжанов. 

383
Бұл кісі Сәкен Сейфуллиннің хатшысы болған. Соның сал-
қыны  тиіп,  17  жылға  Сібір  айдалып,  елге  қайта  оралған. 
Екіншісі  –  өте  аяулы  азамат  Әбен  Сатыбалдиев.  Кезінде 
«Қазақ  әдебиетінің»  редакторы  болған.  Осы  екі  азамат 
өзара  ақылдасып,  маған  аударма  тақырыптарын  жүктеді.  
«Мақал-мәтелдерді  жақсы  біледі  екенсің.  Сондықтан  
Максим  Горький  шығармаларын  қазақ  тіліне  аудару  тәжі-
рибесіне  білікті  талдау  жасап,  сондағы  мақал-мәтелдердің 
қазақша берілу тәсілдеріне үңіл, соны тақырып етіп ал» деді 
ағаларым. Бұл ұсынысты М. Балақаев та қолдады. Сөйтіп, 
ұшы-қиыры  жоқ  күрделі  тақырыппен  шұғылданып  кеттім. 
Таза тіл  туралы немесе таза әдебиет туралы болса жүйелілеу 
болар еді. Жұмысым екі еселеніп кетті. Шығарманы бір адам 
жазады,  оны  екінші  адам  аударады.  Ол  бірнеше  аударма 
болып  та  кетеді.  Ал  үшінші  адам  соны  жіліктеп,  ғылыми 
тұрғыда түсіндіріп беруі керек. Жұмыстың еселеніп кеткені 
деп  осыны  айтып  отырмын.  Қиындыққа  шыдадым.  Соны-
мен,  Мәулен  Балақаевтың  жетекшілігімен,  өзге  ағалардың 
ақыл-кеңесімен  «М.  Горький  шығармаларындағы  фразео- 
логизмдердің  қазақ  тілінде  берілу  жолдары»  деген  тақы-
рыпта  кандидаттық  диссертациямды  қорғап  шықтым.  Көп  
ұзамай  ол  «Аудармадағы  фразеологиялық  құбылыс»  атты  
көлемді  монографияға  ұласты.  Артынша  «Тіл  және  аудар-
ма», «Мақал-мәтелдерді аударудың кейбір мәселелері» атты 
еңбектерім дүниеге келді. 
Қорғау  жұмысымда  терминологиялық  мәселе  туралы 
да айтып өткенмін.  Терминология мәселесі қолға алынып 
жатқан  кез.  Қазақ  тілін  ғылым  тіліне  айналдыру  ол 
дәуірде елеулі мәселе болатын. Ендеше, қазақ тілін ғылым 
тіліне  айналдыруыма  барғым  келетін    болса,  қазақтың 
терминологиялық  лексикасын  зерттеуім  керек.  Сондықтан 
докторлық диссертациямды «Қоғамдық ғылымдар термино-
логиялық  лексикасының  қалыптасуы  мен  дамуы»  атты 
тақырыпта  қорғадым.  Бұл  жұмысым  терминологиядан 
бірінші  докторлық  диссертация  болды.  Осы  шақта  Ах-
мет  Байтұрсынұлының  жаңадан  ақталып  жатқан  кезі. 

384
Байтұрсынұлының  бүкіл  еңбегін    докторлық  диссертация 
деңгейінде талдап, таразылап өттім. 
– Сөзіңізді бөлейін, тілдің ғылымға қызмет ету керектігі 
Әуезовтің  сөзімен  айтсақ,  «төрт-ақ  кластық  білімі  бар»  
Ахмет  Байтұрсыновтан  бастау  алған  екен.  Дегенмен 
сол  кезеңдегі  тіл  мен  жаһандану  қоғамындағы  тілімізде 
айырмашылықтар бар ма? Сөздік қорымыздың қазынасын 
байыттық  па,  болмаса  байырғы  сөздерімізді  жоғалтып 
алып жатқан жоқпыз ба?
– Кеңестік дәуірде тіліміздің тынысын тарылтқанымыз-
бен, тіл қазынасын жоғалтқан жоқпыз. Мәселен, сонау 70-
ші  жылдардың  өзінде-ақ  Тіл  білімі  институты  10  томдық 
түсіндірме  сөздікпен  айналысты.  Мұнда  қазақ  тілінің 
сөздік  қорындағы  бар  сөздер  жинақталып,  мол  қазынамыз 
қалыптастырылды. Бүкіл түркі әлемі бойынша қазақ елінде 
ғана  тұңғыш  рет  осындай  сөздік  шықты.  Басқа  бірде-бір 
түркі  тектес  мемлекетте  мұндай  дүние  қолға  алынбаған 
кезі. Кейін 10 томдықты толықтырып, 15 томдық етіп қайта 
шығарылды. 15 томдықта 150 мыңдай сөзіміз жинақталды. 
Алғашқы 10 томдықты жасаған кезімізде есептеулер жағы-
нан  қатерлі  бір  нәрсені  байқаған  едік.  Ол  сөздіктегі  60-70 
пайыз сөздеріміздің (интерминдер дейтіннің) өзге тілдерден 
енгендігі.  Олар түрлі тәсілмен айтылып, бейімделіп, тікелей, 
тура  енген.  Егер  тілдік  қорымызды  әскери  құрама  десек, 
сол  қазақ  әскерінің  ішіне  қаптаған  шетел  әскерлері  еніп 
кеткендігі емес пе? Бұлар интернационалдық терминдер деп 
аталады.  Бұл  терминдер  қазақ  тілінің  тынысын  тарылтып, 
өкпесін  сығымдай  бастаған-тын.  Қазақ  тілі  бұндай  халге 
қалай жетті? Оның себебі айқын. Ахмет Байтұрсынұлылар 
дүниеден  өткеннен  кейін,  оның  термин  жасау  ұстанымы 
шегеріліп, Мәскеудің ұстанымына икемделдік. Жалғыз қазақ 
тілі емес, өзге тілдер де біртіндеп шегеріліп, уақыт өте келе 
барлығы ортақ бір тілге айналады делінген ұстаным еді ол.
Интернационалдық терминдер неге көбейіп кеткен? Бұ не,  
Құдайдың,  не  Пайғамбардың  сөзі  ме?..  Осының  сырын 

385
ашқым келді. Зерттеп қарасам, өзгелердің тілімен берілген 
сөздердің  мәнін  қазақ  тілінің  де  дәл  солай  беруге  қуаты 
жетеді екен. Жалпы, термин мәселесін ана тілімізде жүйе- 
леген тұңғыш қазақ – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаң еңбегінде 
араб,  орыс  тілдерінен  кірген  сөздерді  қазақ  тілінің  өзінің 
заңдылығына  сәйкестендіріп  енгізген  болатын.  «Қараңғы 
қазақ  көгіне  күн  болып»  кіріскен  адам    да  Ахмет  Байтұр-
сынұлы.  Қазақтың  сауатын  ашу  үшін  алдымен  не  қажет 
екендігін  дөп  баса  білді.  Алайда  біздер  Мәскеудің 
пәрменіне  ілесіп,  өзіміздің  орфографиялық,  орфоэпиялық 
ережелерімізге  өзгеріс  енгізіп,  орыс  тілінен  енген  сөздер 
сол қалпында қалсын, солай пайдаланылсын деген ережені 
ұстандық. Термин сөздерді өз тілімізде де айтуға болатынын 
біз секілді мамандардың дәлелдеуіне тура келді. 
Ал  Ахаңның  жазған  оқулықтары  арқылы  қазақ  тілінің  
өз  заңдылықтары  барлығын,  оны  үйренуге,  әрі  ғылым  
тіліне  айналдыруға  болатын  тіл  екендігін  түсіндік,  ұқтық. 
Жүйелеп талдау арқылы қазақ тілінің сөздік қорын байытып 
отырмыз.  Байытудың  мазмұнын    дұрыс  түсінгеніміз  жөн. 
Байыту деген не? Іске қолданылмай жатқан сонау көнеден 
келе  жатқан  қазақтың  сөздік  қорында  талай  дүниелер  бар. 
Сол  көнелерді  жарыққа  шығарсақ,  іске  қоссақ,  байыту 
деген  сол.  Әйтпесе,  жеке  адамдардың  өзінше  сөз  жасауы 
өте  қиын.  Ондайда  Іслам  Жарылғапов  тәрізді  бар  негізге 
сүйене  отырып  жасағанымыз  жөн.  Орыс,  Еуропа  ғалым- 
дары  мойындағандай,  қазақ  тілі  мейілінше  бай,  мейілінше 
әуезді,  әуенді  тіл.  Қандай  күрделі  ойлардың  өзін  өз 
тілімізбен-ақ  жеткізуге  болады.  Мәселен,  Марксизм-ле-
нинзим  классиктерінің  бірнеше  томдары  өз  кезінде  қазақ 
тілінде жасалды. Сол аударма еңбектерінде күрделі ойларды 
жеткізуде  қазақ  тілінің  қаншама  сөздері  қолданылды. 
Ендеше, қазақ тілінің мүмкіндігі мол, барынша зор дер едім. 
Әңгіме сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана, дұрыс қолдана 
білуде.  Тілдің  неше  алуан  мәселелері  жетерлік,  мұны  бір 
адамның қаузап бітуі қиын. 
– Қазір ғой, тәуелсіз мемлекетпіз, тіліміз де мемлекеттік 
тіл құрметін иемденген. Ал кеңестік дәуірдегі өзіңіз зерт-

386
теуге  кіріскен  шақтағы  ана  тіліміздің  хал-ахуалы  қандай 
еді? Аяқтан шалушылар болды ма? 
– Кеңестік дәуірді біржақты ғана әңгімелеуге болмайды. 
Оның білік-білімімізді көтерген, соған өріс ашқан пайдасы 
да мол болғаны анық. Екінші жағынан, өрісімізді тарылтқан 
тұстары да жетерлік, әсіресе тілге байланысты. Тілді жетпіс 
жыл  бойы  ғылыми  зерттеумен  айналысып  келгендер  бол-
маса,  мемлекеттік  мекемелердің  барлық  саласында  іс-
тірлігіміз  орыс  тілі  арқылы  жүзеге  асып  отырды.  Орыс 
тілін білу арқылы әжептеуір дәрежеге, қызметке ие болған 
азаматтарымыз көп болды. Яғни пайдасы тиді. Бірақ ұлттық 
дүниелерімізден  алшақтай  бастадық.  Тіл  мамандары, 
біздерге  де әрине кедергілер болмады емес, болды. Әсіресе 
60-шы жылдардың ортасында, өз басымнан өткен мына жайт 
есімде қалды. Елден анаммен бірге екінші сыныпта оқитын 
інімді көшіріп әкелгем, інімді қазақ мектебіне орналастыру  
керек.  Сол  жылдарда  республикамызды  800-ге  тарта 
қазақ мектептері жабылып қалған-тұғын. Басқаны былай 
қойғанда,  бүкіл  Алматыда  қазақ  балаларына  арналған 
жалғыз-ақ №12 қазақ орта мектебіне барсақ, ол бұрынғы 
орнында  жоқ,  басқа  бір  тұсқа  көшіріліп  тасталған 
екен.  Оның  өзі  шалғайда,  қаланың  шет  жағында  еді. 
Көктөбенің маңайындағы жетіжылдық мектеп үйіне апарып 
тыққан.  Қазақ  балаларының  саны  аз  болғандықтан  осын- 
дай шешім шығарған. Жалғыз мектептің сиқы мынау болса, 
онда қазақ тілінде тәрбиелеудің құны нешік деген ой түсті. 
Сөйтсем, ол жерде өзім сияқты қазақ интеллигенциясының 
біраз азаматтарының балалары бар болып шықты. Сейітбек 
Нұрханов, Сейілбек Исаев, Саламат Шалабаев және айтулы 
қаламгерлер  Тұмағаң, Қадыр да бар. Бәріміз  мектепте бас  
түйістіріп  «бұ  қалай  болғаны?»  деп  ақылдасып,  тиісті 
мекемелерге хат жолдадық.
Содан мектепте үлкен жиналыс өтетін болды. Жиналыс-
қа  келген  обком  хатшысы  сахнаға  шығып,  бірден  насихат 
айта  бастады.  Өзінің  екі  баласының  да  орыс  тілінде  білім 
алып  жатқандығын,  ғылым  мен  білімнің  бәрі  орыс  тілінде 

387
деген  сияқты  сыдыртпа  жауаптарын  мысалға  келтіре 
бастады. Бір уақта сексенге таяп қалған қария қолын көтеріп: 
«Маған  сөйлеуге  мүмкіндік  беріңдер»  деп  сөзге  шықты. 
Осы қарттың сөзі біздерге шабыт берді. «Шырағым, өзің өте 
сауатты,  мәдениетті  адам  екенсің.  Шамасы,  басшылардың 
бірі болуың керек. Мынау айтқан сөзіңнің астарын түсінеміз. 
Бірақ мен немерелерімді өз ана тілінде тәрбиелегім келеді. 
Менің  талабым  неге  орындалмайды?  Осыны  орындайтын 
өзің сияқты атқа мінген азаматтар емес пе? Менің екі немерем 
бар,  бірі  Шығыста  Германияда  әскери  міндетін  өтеп  жүр. 
Со  балам  хат  жазады,  хатын  мен  аудармашы  арқылы  әрең 
дегенде  оқып,  түсінем.  Мұндай  мәжбүрлік  жағдайға  бізді 
кім жеткізді?» деп қария ойын ашына айтып, қатты сөйледі. 
Әлгі хатшы «мұны күн тәртібінде қараймыз, ақылдасармыз» 
деп жылы жауып қоя салды. Сол жерде ата-аналар комитеті 
құрылып, комитет мүшелігіне біздер де кірдік. 
Ана  тіліндегі  балабақша  да  қат  болатын.  Мектеп  пен  
балабақша  мәселесін  көтеріп,  аудандық,  қалалық,  облыс-
тық  партия  комитеттері  мен  атқару  комитеттеріне,  оқу  
бөлімдеріне  барумен  болдық.  Бірақ  олар  ештеңе  шешпеді, 
шешкісі  де  келмеді,  өйткені  бұл  жоғарыдан  жүргізіліп 
отырған үлкен саясатқа қарсы келу деген сөз деп түсіндірген-
сіді.  Амал  таусылған  соң  біздер,  комиссия  мүшелері,  енді 
Орталық Комитетке хат жаздық. Одан да ештеңе шықпады. 
Баласы әкесіне, әкесі атасына қарайдының кері келді. Енді 
біздер  өз  арамыздан  және  бүкіл  ата-аналар  атынан  ата-
аналар  комитетінің  мүшесі  Саламат  Шалабевты  Мәскеуге, 
КОКП  Орталық  комитетіне  жібергендей  болдық.  Ол  кез-
дегі  КОКП  Орталық  комитетінің  идеология  мәселелері 
жөніндегі хатшысы Ильичев болатын. С. Шалабаев, соның 
көмекшісінің қабылдауында болып, мән-жайды ауызша тү-
сіндіріп айтады. Ол Ғылым және білім бөлімінің Қазақстан 
мен  Орта  Азия  республикалары  бойынша  инспекторына 
мәселені  шешу  қажеттігі  жөнінде  тапсырма  береді.  Анау 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  сол  кездегі 
идеология  мәселелері  жөніндегі  хатшысы  Нұрымбек  Жан-
ділдинге  телефон  соғып,  мәселені  ушықтырмай  шешу  қа- 

388
жеттігін  ескертеді.  Хатшы  бұрыннан  да  өзіне  сұранып 
жүрген  комиссия  мүшелерін  амалсыз  қабылдады.  Ұзаққа 
созылған әңгімеден кейін ол бұл кездесуіміз аяқсыз қалмас, 
мүмкіндігінше шара қолданармыз, обкомға тапсырма береміз 
деп шығарып салды.
Арада  біраз  уақыт  өткенде  мәселе  Алматы  обкомының 
бюросында  қаралды.  Бірақ  комиссия  мүшелері  шақырыл-
мады.  Әйтеуір,  сең  қозғалғандай  болды.  Көп  жүріс,  көп 
әуре-сарсаңнан  кейін,  №12  мектеп  байырғы  орнына  қайта 
әкелініп,  орталыққа жақындап,  Фурманов-Комсомол  көше-
лерінің  қиылысына  көшірілді.  Содан  кейін  қазіргі  тұрған 
жеріне  Бөгенбай  мен  Төлеби  көшелерінің  қиылысына  ба-
рып орнықты. Осылайша әр ауданда да бірді-екілі балалар 
бақшасы пайда болды. Айтқандай, біздің алдымызда да бұл 
мәселе  турасында Рахманқұл Бердібаев, Сырбай Мәуленов, 
Тәкен  Әлімқұлов,  Тұрсынбек  Кәкішев  тәрізді  ағаларымыз 
да газетке жазып, жұртқа ой тастаған болатын.  Ал қаланың 
батыс жағындағы шағын аудандарда қазақ балабақшасының 
ашылуына ақын Шона Смаханұлы басқарған топ та елеулі 
еңбек етті. 
– Сіздің қайраткерлік қабілетіңіздің айқын көрінген тұсы 
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамындағы  жұмыстармен 
тікелей  байланысты.  Мұны  айтып  отырғанымыз,  88-89-
шы жылдары қаулай бастаған тіл күресінің басы-қасында 
өзіңіз  болдыңыз.  Бүгінде  өзіңіз  басқарып  отырған  осы 
Қоғамның қандай елеулі істерге мұрындық болғанын кеңірек 
тарата айтар ма едіңіз...
– Бітер істің басына, жақсы келер қасына демекші, 88-ші  
жылдары  мемлекет  басына  елді  еңсеріп  басқарып  алып 
кететін  екі    тұлға  келді.  Оның  бірі  –  бүгінгі  Елбасымыз 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, екіншісі – қоғам қайраткері 
Өзбекәлі  Жәнібеков.  Бұл  Колбиннің  дәуірі  еді.  Колбин 
қазақтарды  алдағысы  келді.  Бір  жылдың  ішінде  қазақша 
сөйлеп,  қазақ  тілінде  баяндама  жасаймын  деп  сандалды. 
Өзінше қазақша, орысша қаулы-қарарлар шығарып, қазаққа 

389
жағынғысы  келді,  бірақ  онысынан  ештеңе  шықпады.  Дәл 
осы тұста қазақтардың ұлттық рухы көтеріле бастаған. Сол 
кездерде  тіл  мамандарын  ерекше  қолдап,  қуаттаған  осы 
екі  тұлға  екендігін  айта  кеткен  дұрыс.  Әсіресе  Өзбекәлі 
Жәнібеков.  Өзекең  ол  кезде  иделогия  хатшысы,  барлық 
мәселе соның алдында шешіледі. Қазақ тіліне мемлекеттік 
мәртебе беру ісі қолға алынды. 1989 жылы «Тілдер туралы» 
Заң қабылданды. 
Енді ана тіліміздің барын бағалайтын, жоғын жоқтайтын 
қоғам  құру  мәселесін  алға  тартып  академик  Әбдуәли 
Қайдаров екеуміз Өзекеңе бардық. Мақсатымызды айттық. 
«Идеяларыңыз  жақсы,  қолдаймыз.  Ол  үшін  не  істеу  
керек?»  –  деді  Жәнібеков.  «Ол  үшін  ел-елден,  жер-жерден 
делегаттар  шақыруымыз  керек.  Баяндама  жасалынады. 
Қоғамның атауын беріп, жарғысын, бағдарламасын қабыл-
дауымыз керек», – дедік. «Кірісіңіздер». Кірісіп кеттік. 
1989  жылы  22  қазанда  М.  Әуезов  атындағы  Қазақ  ака- 
демиялық  театрының  залына  ел  сыймай  кетті.  Қазақ 
интеллигенциясы  түгелге  жуық  қатысты.  Ақсақалымыз 
Әбділда Тәжібаевтан бастап, ЦК-ның секретары Жәнібеков, 
Жолдасбеков,  Кекілбаевтар  келді.  Әбдуәли  Туғанбайұлы 
Қайдаров  баяндама  жасап,  бүкіл  жағдайды  жайып  салды. 
Ал Жарғы мен бағдарлама жөніндегі баяндаманы Сарыбаев 
екеуміздің  атымыздан  мен  жасадым.    Артынан  шешендер 
ағылып  сөйлей  бастады.  Бәрінің  айтатыны  –  тіл  мәселесі. 
Соңынан  қоғамның  атауын  не  деп  қоямыз  дестік.  Елді 
үркітіп алмайық, неше түрлі ұлттың өкілдері бар. Қазақ тілі 
деп  айқайлатқаннан  гөрі,  «Ана  тілі»  деген  атауға  бәтуала-
сып  келгенбіз.  Қорытынды  сөзді  айту  Әбділда  Тәжібаевқа 
жүктелген. Қарымды  қаламгеріміз өзге ұлттың қазақ тіліне 
деген  қызығушылығын  оята  отырып  көсіліп  сөйлеп  кеп 
«қоғамды  «Ана  тілі»  деп  атайық»  деді.  Жұрт  тым-тырыс 
бола қалды. Бір кезде ұлты кәріс келіншегі тұрып: «Менің 
түсінбей  отырғаным,  күні  бойы  айтып  жатқанымыз  қазақ 
тілінің мәселесі. Біз одан неге айбынамыз? Неге қазақ тілі 
деп  қоймаймыз?»  дегені.  Артынша  орыс  ұлтының  өкілі 
Туманов  та  осы  пікірді  қолдады.  Залда  отырғандар  жер 

390
тепкілеп  «Қазақ  тілі!»  деп  ұрандатып  кетті.  «Қазақ  тілі» 
қоғамы осылай құрылып еді. Қоғамның тұңғыш президенті 
болып  академик  Ә.  Қайдаров,  вице-президенті  етіп  мені 
сайлады. 
Қоғамның өз баспасөзі болу керектігін де ойластырған-
быз. Өзекең басылым ашуға да қолдау танытты. Басылымды 
«Ана тілі» деп атадық. Бұл газеттің шығу тарихы да қоғам-
ның  құрылуымен  тікелей  байланысты.  Ол  жөнінде  бұрын 
талай айтқанмын.
Енді облыстық ұйымдар құруға кірістік. Уақыт өте іргелі 
қоғамдық  ұйымға  айналдық.  Біз  көтерген  мәселелерге 
мемлекет те құлақ аса бастады. Бір күні Өзекең шақырып: 
«Мемлекеттік бағдарламаны қарайсыңдар», – деді. Үш адам  
болып,  бір  апта  бойына  сол  бағдарламаны  дайындадық. 
Осы  бағдарламада  2000  жылға  дейін  барлық  облыста 
ісқағаздардың  мемлекеттік  тілге  көшіріп  біту  керектігі 
анық  көрсетілді.  Әр  облыстың  мүмкіндіктеріне  орай  жыл- 
дары  көрсетіліп  берілді.  Біреуі  95-ші,  бірі    98-ші  жылы 
дегендей.  Түзілген  мемлекеттік  бағдарлама  барлық  облыс- 
тық  атқару  комитетінің  мәжілістерінде  қаралып,  өз  об-
лыстық бағдарламаларына енгізіліп жатты.  Осылайша Тіл 
қоғамы тілге қатысты толып жатқан ұйымдық, насихаттық 
шараларға  белсене  кірісіп  кетті.  Облыс  орталықтарына, 
қалалар мен аудандарға барып, қоғамның мақсат-мұраттары 
мен  міндеттерін  түсіндіру,  ана  тіліміздің  мүддесін  қорғау, 
бұл іске жергілікті басшылардың да назарын аудару, барлық 
жүрген жерде  сөз сөйлеп, баяндамалар жасауға да қыруар 
уақыты кетті. 
Мемлекеттік  мекемелерден,  әсіресе  Президент  кеңсесі-
нен  бастап,  Парламентте,  Сенатта  мемлекеттік  тілде  неге 
сөйлемейсіздер дегенді үнемі қадағалап, айтып отыруда да  
қоғамның еңбегі зор. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қоғамның жағдайы 
өте  ауыр  болды.  Ол  еш  қаражатсыз,  үй-күйсіз  жұмыс 
атқарды.  Мемлекеттің  де,  оның  жергілікті  органдарының 
да  қолдауы  жеткіліксіз  болды.  Неше  түрлі  кері-тартпа-
лардың керенау әрекеттері қоғам басшылары мен оның бел- 

391
сенділерінің  жүйкесін  жұқартты.  Соған  қарамастан  қоғам 
өз  мақсатынан  таймады.  Бар  мәселеге  халық  назарын, 
мемлекет  назарын  аударып,  қалың  көпшіліктің  риясыз 
қолдауына  қол  жеткізді.  Тіліміздің  мемлекеттік  тіл  мәр- 
тебесін алуының да шешімін тапты. Республикалық «Қазақ 
тілі»  қоғамы  қыруар  іс  атқара  келе  Халықаралық  қоғамға 
айналды. 
1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құ- 
рылуына,  ұлттық  мәдениет  орталықтарын  құруда  да  біз- 
дің  қоғамның  еңбегі  ұшан-теңіз.  Ұлттық  мәдениет  орта-
лықтарын құру арқылы, сол ұлттың мәселесін сол ұйымдар 
қарау  керектігін  айтқанымыз  сол,  Елбасымыздың  зеректігі 
ғой, бұл бастаманы кеңейтілген түрде алып кетіп, Қазақстан 
халқы Ассамблеясын құрды. 
–  Президент  сайлауы  болған  кезеңдерде  өзіңіз  Лин-
гивистикалық  комиссияның  құрамында  мүше  болдыңыз. 
Яғни  президенттікке  үміткерлердің  ана  тіліндегі  жазу, 
оқу  сияқты  сауаттылықтарын  анықтадыңыздар.  Соңғы 
президенттік  сайлауда  үміткер  көп  болды.  Өзге  емтихан 
сынақтарынан  президенттік  сайлаудың  сынағының  сал-
мақтылығын,  әсіресе  Елбасымыздың  тілге  деген  көзқара-
сын барынша ашығырақ айтсаңыз...
–  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  араласқан  бір 
жұмысы  –  Елбасы  болам,  ел  басқарам  деген  адамдардан 
мемлекеттік тілде емтихан алу. Бұл айтуға ғана оңай іс. Мұны 
Президенттің  кемел  шешімдерінің  бірі  деп  есептеймін. 
Ақиқатында,  қазақ  елін  басқарамын  деген  жан  елінің,  ана 
тілінің  алдында  бас  иіп,  ана  тілінің  құндылығын  қанша- 
лықты  меңгергендігін  тексеріп  алу  керек.  Президенттік 
сайлауларда комиссия мүшелерінің бірі боп қатысып отыр-
дым.  1999  жылы  бірінші  рет  өткізілген  президенттік  сай-
лауда  Лингвистикалық комиссияның төрағасы болып акаде- 
мик  Әбдуәли  Қайдаров,  мен,  со  кездегі  институтымыздың 
директоры  Көбей  Хұсайынов,  проф.  Фаузия  Оразбаева, 
Еуразия университетінің профессоры Мырзатай Серғалиев- 

392
тар  бекітілдік.  Лингвистикалық  комиссия  Орталық  сайлау 
комиссиясының  қасынан  құрылды.  Орталық  сайлау  үйі-
нің  үлкен  залын  емтихан  тапсырушылар  мен  комиссия 
мүшелеріне  босатып  берді.  Бұл  сайлауға  кандидаттыққа 
үміткерлікке 8 адам келді. Нұрсұлтан Назарбаев, Серікбол-
сын Әбділдин, Әкежан Қажыгелдин, Ғани Қасымов, Аман-
тай қажы және т.б. 
Үміткерлердің бірінші кезекте ана тілінде жазу сауатын 
тексеру  үшін  шығарма,  я  өмірбаянын  жазу  керек.  Екінші 
сынағымыз  оқу  сауатын  анықтау.  Бірі  жаза  біледі,  бірақ 
оқи  алмайды,  ал  екіншісі  оқи  алады,  бірақ  жаза  алмайды, 
сауатсыз. Тіпті кез келген қазақ азаматына қойылатын алғы 
шарттарды орындауға кейбіреулерінің деңгейлері жетпеді.  
Бір  кезде  Елбасының  кезегі  келді.  «Нұреке,  көптен  қо-
лымызға түспей жүрген едіңіз, біраз терлетіп алғымыз кеп 
отыр»  деп  қалжыңдадық.  Ол  кісі  «Өзім  де  осылай  ойлап 
едім» деп әзілдеп кіріп келді. «Ал, енді орныңызға отырыңыз. 
Өзіңіз қалаған тақырыбыңызда шығарма жазыңыз. Бәлкім, 
өмірбаяныңызды,  еркін  тақырып  қой»  дедік.  Мектеп  шә-
кірттеріндей отырып жазды. Жазу сауттылығынан бір ғана 
қате кетіпті.  «Нұреке, жазуыңыздан бір қате кетіпті, мұны 
қате деп есептемесе де болады. Дегенмен есіңізге салайын, 
«менім  туған  жерім»  дегенде  «менің»  деп  жазылады» 
дедік.  Екінші  ауызекі  сөйлеу  кезінде  тілге  байланысты  бір 
үзінді оқыттық. Қамшы салдырмады. «Үшінші сауалымыз, 
ел  басқарып  келесіз,  ендігі  жерде  ел  басқарудағы  бағыт-
бағдарыңыз қандай болмақ? Ана тілінде осыны шебер тіл- 
мен баяндап беріңіз». «Жарайды» деп өзінің атқарып отыр-
ған  бүкіл  саясаттағы  тірлігін,  алдағы  жоспарларын  шешен 
де  көсем  тілмен  жеткізді.  Сол  арада  Елбасыға:  «Нұреке, 
әсіресе  шетелге  барғанда  ана  тіліміз  өзіңізбен  неге  бірге 
жүрмейді?  Басқа  елдердің  басшылары  өз  тілінде  сөйлеп 
жатады, аудармашы аударып жатады» деп көкейімде жүрген 
сауалымды  қойдым.  Елбасы:  «Мен  қазақша  сөйлемейін 
демеймін.  Бірақ  менің  көмекшілерім  жетілмей  жатыр. 
Мәселен, менің айтқан, көтерген  күрделі ойымды толықтай 
не ана тілінде, не ағылшын тілінде, не неміс тілінде, не араб 

393
тілінде  толық  жеткізетін  мамандар  жетіспеуде.  Керісінше, 
олардың  сөздерін  қазақша  аударып  жеткізетін  мамандар 
да жеткіліксіз» деп еді сол кезде. Арада біраз жылдар өтті. 
Көмекшілері де жетілген. Қазіргі таңда Елбасы шетелдерге 
шыққанда ретіне қарай ана тілінде сөйлеп жүр. 
Сол  сайлаудағы  үміткерлердің  арасында  Әкежан  Қажы-
гелдиннің кіріп келуі көз алдымда қалып қойыпты. Қасында 
жиырма-отыз  нөкері  бар.  «Ау,  айналайындар,  емтиханды 
сіздердің  бәріңізден  алайын  деп  отырғанымыз  жоқ  қой» 
десек, «Жоқ, сіздер бәрін бұрмалап жібересіздер», – дейді. 
Орталық  сайлау  комиссиясының  басшысы  Зағипа  Балиева 
кеп: «Төменде залымыз бар, сонда адамдарыңыз отырсын. 
Мына  отырған  бес  профессор  ешкімді  де  алалайын  деп 
отырған  жоқ.  Жаңа  ғана  Елбасымызға  да  неше  түрлі 
сауалдарын берді», – деп еді, теріс пиғылдарының орынсыз 
екендігін  ұққандай  болды,  емтиханның  шарттарымен 
таныстырдық: «Президент бола ма, басқа бола ма, кім болса 
ол болсын, қойылған үш талапқа қалай жауап бересіз, солай 
бағаңызды аласыз», – дедік. 
Ал  Ғани  Қасымов  емтиханға  генералдық  формасымен 
келіпті.  Әбден  терлеген,  дірілдеп  кеткен:  «Ағалар,  мен 
сырттан келдім. Бір жылдың ішінде қайтсем де қазақ тілін 
үйренем», – дейді. «Айналайын, екі ауыз сөздің басын құ-
растыра алмайсың» деп артынан кемшіліктерін түсіндірдік. 
Түйсігі  бар  жігіт,  түсінді  өзінің  қателігін.  Сонымен,  жеті-
сегіз адамның ішінен оқ бойы озып Н. Назарбаев өтті. 
Екінші  президенттік  сайлауда  комиссияның  құрамында 
Әбекең  (Қайдар)  болған  жоқ,  мен  төраға,  Рымғали  Нұр-
ғалиев, Мырзатай Серғалиев, Фаузия Оразбаева және Дихан  
Қамзабекұлы мүшелері болып отырды. Бұл жолғы үміткер-
лер  саны  –  18.  Олармен  жұмыс  істеу  күрделірек  болды. 
Үміткерлер неше қилы адамдар, олардың өздерімен жұмыс 
істеуге, көп нәрсені  жіліктеп, шағып түсіндіруге тура келді. 
Бір  үміткер  түсінсе,  біреулері  түсінгісі  келмеді,  қайтеміз, 
адам пенде ғой олар да. 
Елбасымыздың  құдай  берген  қасиеті  айқын  көрініп  тұр  
емес пе. Оқу сауатында да, жазу сауатында да, сөйлеу сауа-

394
тында  да  алдына  жан  салған  жоқ.  Төраға  құқы  берілген-
діктен  емтиханды  қорытындылау  сөзін  сөйлей  келе  
Елбасыға  былай  дедім:  «Сіз  бүгін  Ана  тіліңіздің  алдына 
тағы да бас иіп келіп, көрегендік жасадыңыз. Сізді сынаққа 
салып отырған мына бес профессор емес, аяулы Ана тіліңіз. 
Ел  сынынан  сан  рет  өткен  жансыз.  Тілге  жүйріктігіңізге 
қарамастан, ел мен тілден биік емеспін деп, төңірегіңіздегі 
жандарға тағы да ой тастадыңыз. Сынақтың үш  түрінен де 
мүдірмей өттіңіз. Сіздің сеніміңізге ие болып, билік басына 
көтерілген  тілге  шорқақ  іні,  бауыр,  серіктеріңіз  осылайша 
танытса  ғой,  сауатын.  Оқу  сауатыңызға  да  айтарымыз 
жоқ.  Таңдаған  мәтінді  заңды  талапқа  сай,  әдемі  қоңыр 
дауыспен,  ырғақ  мақаммен  келістіре  оқыдыңыз.  Ал 
сөйлеу  шешендігіңіз  бізді  одан  сайын  еліктіріп  әкетті. 
Көсем  ойларыңыз  бен  жоба-жоспарларыңызды  баяндауда 
қазақ  сөзінің  телегейінде  еркін  жүзіп,  көсіле  жөнелетіні-
ңізге  тәнтіміз.  Сөз  бұйдасын  ұстаған  дүлдүл  бабалары- 
ңызды  былай  қоя  тұрып,  Сізді  тыңдаудың  өзінен-ақ  қазақ 
сөзінің  ғажайып  қуатын,  әсем  де  астарлы  тұсын,  қанша 
сөйлесең  де  таусылмас  қазынасын  таныдық.  Қысқасы, 
ел  басқарғысы  келетін  әрбір  қазақ,  ең  әуелі  ана  тілінің 
кәусарынан  осылайша  қанып  ішіп,  ындыны  кепкен 
тыңдаушының  сусынын  осылайша  қандырсын  да.  Алла 
жар  болып,  кемелдік  пен  көсемдікке  қарай  жол  тартқан 
кемеңіздің айдыны ашық болсын!»
–  Өз  бойыңыздағы  қазақи  болмыс  пен  қазақи  тәрбиені 
перзенттеріңізге бере алдыңыз ба?  
–  Балаларыма  қазақи  тәрбиені  бере  алдым.  Құдайдың 
берген  екі  ұлы,  бір  қызы  бар.  Екі  ұлым  да  орыс  мектебін 
аяқтағанымен, қазақ тіліне қанық болды. Қызым А. Жұба-
нов  атындағы  өнер  мектебінің  қазақ  класын  бітірді.  Екі 
ұлым  енді  жетіліп,  біліммен  сусындап,  көрінер  кездерінде 
екеуі  де  келмес  сапарға  кете  барды...  Үлкен  ұлымнан  қыз 
немерем,  кіші  ұлымнан  бір  ұл,  бір  қыз  немерем  қалды, 
оған да шүкір. Қызымнан үш жиен немерем бар. Өзі Банк 

395
істері  академиясының  президенті.  Анасының  жұмысын 
жалғастыруда.  Немерелерімнің  барлығы  да  қазақша  сөй-
лейді.  Кенесары  атты  немеремнің  кейбір  тауып  айтатын 
қазақы  сөздеріне  тіксініп  қалып  отырамыз,  аман  болсын 
әйтеуір.  Өзімнен  тараған  ұрпағыма  осылайша  қазақы 
тәрбиені беруге барынша тырысқан жанмын. 
–  Аға,  асылы,  мансап  деген  бір  құбылмалы,  ойнақы, 
кейде  асау  ат  секілді  алып-нәрсе  ғой,  иесін  біресе  қырға 
шапшытып,  біресе  ойға  түсіріп  кететін.  Сіздің  де  атақ-
марапатыңыз  жетерлік.  Сексеннің  сеңгіріне  аяқ  басқанда 
мансаптың мәнін қалай ұғындыңыз?
–  Дұрыс  айтасың,  қарағым,  мансап  деген  құбылмалы 
дүние.  Бір  басымда  соншама  мансап  бола  қоймағанмен, 
өзіме  лайықты  атым,  затым  бар.  Бір  кездегі  Шәуілдірдің 
сары  баласы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  құдайға 
шүкір  академигі  болды.  О  баста  мұны  армандаған  да  жоқ 
едім.  Филология  ғылымдарының  докторы,  профессоры, 
институттың  белді  қызметкері  атандым.  Ал  қазір  Халық-
аралық «Қазақ тілі» қоғамына жетекшілік жасап келем. Бір 
қарағанда  біреулер ойлайтын болу керек «осының басында 
мансаптың  талайы  бар,  талтаңдап  жүргенін  қарашы» 
деп.  Жо-жоқ,  бұл  қызметтер  өздігінен  келе  салған  жоқ. 
Қазақ  үшін  жанкештілікпен  еңбек  еткендіктен  берілген 
елдің  маған  аманаты.  Осыларды  өз  халімше  жетектеп 
келе  жатқаныма  шүкіршілік  етем,  қанағат  деймін.  Қанағат 
болмаса, ұят кетеді, ұят кетсе иман кетеді. Абай «ұят иман 
бар  жерде  ғана  тұрады»  деген.  Имансыздардан  қорқам. 
Елдің алдындағы жауапкершілікті қай жұмысымда болсын, 
үнемі ұятты бірінші кезекке қоям.  Ғылымға адал болдым. 
Мына атқарып отырған тірлігіме де адалмын. Сөздің басын 
Отырар,  оңтүстіктен  бастадық  қой.  Мен  бір  ғана  Отырар 
емес,  бүкіл  Оңтүстік  дейтін  киелі  өлкенің  перзентімін. 
Оңтүстіктен даналар шықты, әлі де шыға бермек. Бір Нәзір 
Төреқұловтың өзі неге тұрады? Сұлтанбек Қожановтың өзі 
ше?  Тұрар  Рысқұловты  айтайық,  кеше  ғана  республиканы 

396
басқарған  Нұртас  Оңдасыновты  айтайық.  Оңдасыновты  
өзім  көрдім,  өте  аяулы,  зерек  жан  екен.  Үлкен  қызметтен 
түскен  адамдардың  басым  көпшілігі  не  істерін  білмей, 
тәлтіректеп  қалады  ғой.  Ал  Нұртас  Оңдасынов  қызметтен 
түскеннен  кейін  де  өз  кәсібін  тапқан  адам.  Ол  ғылыммен  
айналысты.  Араб,  парсы  тілдерімен  шұғылданады  екен. 
Болашақ  ұрпағы  үшін  сөздіктер  жасады.  Ал  Қазақстанға 
сіңірген  еңбегі  өз  алдына.  Кеше  ғана  ортамыздан  кеткен 
Өзбекәлі Жәнібековты алайық. Өзекеңнің ұлты үшін жасаған 
қырауар тірліктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өзбекәліні 
жас  кезінен  білетінмін,  кеңестік  дәуірде  партияға  қызмет 
етті.  Партияға  адал  болды,  партияға  адал  болу  халқына 
адал болу деген сөз. Осы принципті ол қатты ұстанды. Тіпті 
отбасынан  қызметін,  халқына  деген  адалдығын  жоғары 
қойды. Дүниеден өткенде осының бәрі анық көрініп тұрды. 
Өзін  соңғы  сапарға  шығарып  саларда  еш  дүние  жинауға 
мүмкіншілігі  жоқтығын  көзіміз  көрді.  Үйінде  артық  ақша 
да  жоқ  болып  шықты.  Мансабын  пайдаланып,  балаларын 
қызметке  тұрғызу  деген  ойында  да  болмаған.  Өзекең 
осылайша өте адал, таза өмір сүрген жан. 
Сондай-ақ  ұстаздарымды,  қатар  жүрген  достарымды 
ұмыта  алмаймын.  Кеше  ғана  қатар  жүрген  Тұманбай  мен 
Қадырлар бір-бірімізді қатты қадірлеуші едік. Мыңбай Ілес, 
Асқар  Сүлейменов,  Керімбек  Сыздықовтар  қандай  еді! 
Бәрі де қазаққа болсын деп, қазақтың әніне, тіліне, өнеріне 
құмар, сол туралы тебірене тереңінен сөз қозғайтын біртуар 
азаматтар  еді  ғой!..  Ал  Ілия  Жақанов,  Сейіт  Қасқабасов, 
Мақамбетсалы Мырзалиев, Әтен Егізов, Төлен Мақұлбеков 
сынды  достарым  бүгінгі  ұрпақ  үлгі  тұтар  тұлғалар  қата-
рында.
– «Оңтүстік Қазақстан» газеті оқырмандарына айта-
рыңыз?
–  «Оңтүстік  Қазақстан»  газеті  әрқашанда  еңбек  адам-
дарын сөйлетіп, айтатын ойы бар адамдарды елмен қауыш-
тырып,  тағылымды  дүниелерді  көбірек  жариялап  тұрса 

397
деймін.  Өзім  «Оңтүстік  Қазақстанды»  ылғи  да  қарап 
отырамын.  Жақсы-жақсы  дүниелер  жазылып  жатады. 
«Оңтүстіктерге» жол болсын айтамын!
Қысқа-нұсқа:
– Тіл өнері сізге не берді?
– Тіл өнері мені ғалым қатарына қосты. 
– Қанағат деген сіздіңше қандай ұғым?
–  Қанағат  деген  сезім  бойымнан  ешуақытта  кеткен 
емес. Әрбір күнімді, әрбір сәтімді қарсы алған сайын өзім 
шүкіршілік  айтып  отырам.  «Е,  Алла,  таңымды  осылай 
атырып,  күнімді  осылай  батырғанға  шүкір»  деймін.  Қазір 
көбімізге жетпейтін қасиет осы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет