«Он бір күн, он бір түн» Аталмыш туынды алғашында импровизация ретінде 1938 жылы



Pdf көрінісі
Дата28.01.2017
өлшемі272,73 Kb.
#2863

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Он  бір  күн,  он  бір  түн»  -  Аталмыш  туынды 

алғашында  импровизация  ретінде  1938  жылы 

орындалып,  соңынан  хатқа  түскен.  1940  жылы 

баспа  жүзін  көрген  («Әдебиет  және  искусство» 

журналының  7,  8-номерлерінде).  Шығарма  1983 

жылғы екі томдықтан алынды. 

 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



ОН БІР КҮН, ОН БІР ТҮН 

Алдымда тұр атақты батыр Саян,  

Қол бастаған Шығыста осы ноян.  

Қалың орман, биік тау, кәрі Байқал,  

Сұрасаң кӛп тарихты қылар баян. 

 

Қӛшкен бұлттар батыстан Алтайды асып, 



Ӛтуші еді Саянмен ақылдасып. 

Тасын тіліп, орманы тауға шӛккен,  

Бұлт киінбей тұрмайтын мауқын басып. 

 

Саянға жалғасады Қамар, Дабан*,  



Нершенге құлаш ұрып одан арман.  

Маңғолдан басын бастап,  

Амурға** қосылады шекарадан. 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Сихоталин батысын баурай басып,  

Шығысқа тік тартады Амур тасып. 

Сол жағынан шуылдап қатты тасқын,  

Әмгүн кеп қосылады ақылдасып. 

Бӛреннің*** қырқасынан құлайды  

Әмгүн, Жері сазды, батпақты сасыр емген.  

Ортасымен қақ жарып ӛзен ағып, 

Тӛбесін қалың жыныс орман кӛмген. 

 

Ақырған аюы бар орманында,  



Қасқыр ӛтпес қалыңда сол жағында.  

Барыс пенен жолбарыс кей жерінде,  

Қопасынан кӛрінед анда-санда. 

 

Тағы шошқа, қабан мен ілбісіні,  



Сасыр, сазын кезеді күні-түні.  

«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Ағаш басын тиіндер сайран етіп,  

Дүлейде түлкісінің шықпайды үні. 

 

Нуы бар маңайына жан бармаған,  



Жалғыз-ақ ер большевик аралаған.  

Аңдар да аңдып бағып жүре алмайтын,  

Басталды бір оқиға осы арадан. 

 

II 

Суылдап қалың орман жел ойнады,  

Кӛшіріп бұлт тақтасын кӛк ойнады. 

Кӛшуге керуендей сұрала бұлт, 

Әмгүннің суы тасып, бірге ойнады. 

 

Сол кезде дұріл шықты аспан жарып,  



«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Жер шайқалған секілді кӛк қозғалып.  

Бұлт қоюланып екпіннен тау дірілдеп,  

Бес минутте басылды дүріл барып. 

 

Қапсағай қара бұлттың арасынан,  



Ақ бұлт түсіп келеді жерге таман. 

Орманның аңы да аң-таң, құсы да аң-таң,  

Жан иесі қалмады таңданбаған. 

 

Ақ бұлт жерге таянды тӛсін керіп,  



Астындағы салмақты бір затқа еріп.  

Шыға бере нұр шашқан күн секілді,  

Тарам-тарам ақ жібек әсемденіп. 

 

Қызыл арай сапиян тымақ киген,  



«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Қомақты ғып беліне қару ілген.  

Ак жібектен аяғын үзеңгілеп,  

Адам екен ақ бұлт жерге тӛнген. 

 

Сӛгілген аппақ арай күннің шеті, 



Жерге жетіп тоқтауға алған беті.  

Қалың орман еркіне жібермейді,  

Ағашқа қалды ілініп «бұлттың» шеті. 

 

Заңғарға ілінгенін есептемей,  



Жан-жағына кӛз салу есіл-дерті.  

Сол асылған ағаштың бұтағында,  

Жас адамның ӛлу ме әлде серті?! 

 

Тышқандай кӛп жортады жолбарысы,  



«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Қап-караңғы түнектей орман іші.  

Толқын ұлып ӛзенде, тасқа соғып, 

Орманға үнін қосқан қорқынышты. 

 

Кӛзінен от жанады электрдей,  



Еркін тұр, ол биікте бұйым кӛрмей.  

Жарқ етті қынабынан асыл пышақ,  

Қиды тез үзеңгісін кӛп бӛгелмей. 

 

Ол түгіл айтушының зәресі ұшты,  



Зуылдаған бойымен жерге түсті. 

Асылса да бұтаққа тұра бермей,  

Ажалға қарсы ұмтылған неткен күшті. 

 

Әлде ол жан тапсырып ӛлді ме екен, 



«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Не талықсып жаралы болды ма екен?  

Күнде жортып жүретін аю, барыс,  

Азық қылып жас тәнін жеді ме екен? 

 

Ұшыраған бұл күйге қандай адам, 



(Оқушым ӛзім де аң-таң болдым 

бұған!)  

Қайдан келді, бұл жерге қалай түсті,  

Білуге жӛн-жоспарын кеттім соған. 



 

III 

Бүйректей домалатып тастарды ұрып,  

Жағалай жасыл орман перде құрып.  

Кәрі Еділ жиегіне қаймақ атты,  

Алқадай мӛлдірінің сӛлін түріп. 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Ескі Еділ ерді кӛрген бұрын талай,  

Халқы үшін құрбан болған жан аямай. 

Ашуын жағадағы тастан алып,  

Толқынмен ұрушы еді тоқтай қылмай. 

 

Таситын кейде Еділдің келіп жыны,  



Есінде Пугачев пен Разині.  

Басқа ұрған, патшашылдың басын алған, 

Тік шыңда ілулі тұр қылыш қыны. 

 

Халық үшін қанын шашқан есіл ерлер,  



Жеңген жоқ еңбегіңді ескі шерлер,  

Қастықтың қара түнін талқан қылып,  

Молаңа гүл орнатты бүгінгі ерлер. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Аспандап сол Еділден кӛктей асып,  

Қос қанат табанына бұлтты басып.  

Үн қосып Орал тауы айғайына,  

Алтыннан қалып жатыр шашу шашып. 

 

Аспаңдап Күншығысқа тура салды, 



Қонбауды неше сӛтке мойнына алды.  

Ұшқанда геройлардың экипажы,  

Асау жел ілесе алмай кейін қалды. 

 

Әуені жүндей түтті пропеллер, 



Үндерін үдей соқты машиналар.  

Бақыттың айға аттанған алыбы деп,  

Сүйініп қала берді талай жерлер. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Ертіске ертегі айтып тоқтаған жоқ, 

Кӛшімді хан еді деп жоқтаған жоқ.  

Тарихқа Жармақты да жаза кетті,  

Баяндап бәрін бірдей даттаған жоқ. 

 

Шыңғыстан бұрын туған ер Енисей,  



Қалыңнан қалай ӛттің деді Енисей.  

Аспанға ақыл айтып не қыласың,  

Шүкір қыл ӛткеніме қарыма ілмей. 

 

Осылай ұшып келед Отан ері,  



Аспанның ақ иығы мінгендері,  

Ақын да, әкипаж да бірге отырған,  

Осы айтқан сол сапарда кӛргендері. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Болғанда үшінші күн бензин бітті,  

Әуеде толқын күші артып кетті.  

«Қонамыз ұнаған бір жайлы жерге,  

Қарғы!» - деп Валентина жарлық етті. 

 

Отырған штурман боп Роскова,  



Бұл бұйрық құп ұнады Маринаға.  

Қолға алып парашютпен бұлт секілді,  

Әмгүннің сүңгіп кеткен орманына. 

 

IV 

Экипаж орманды асып, тауды басып,  

Қонуға жер іздеді ақылдасып.  

Жүлгесі екі таудың тар кезеңде, 

Қон деді, құтты құсым, қойнын ашып. 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Кӛрмеген қонақ қонды қасыма деп,  

Анадай Әмгүн жатыр шашу шашып.  

Шашуы ақ толқын мен кӛбік қана,  

Кӛзделген күдіргесі араласып. 

 

Шерткізді Валентина кӛкке сарын, 



Қолданбасқа болмады қолда барын.  

Әуелердің жүрегін қабат тіліп, 

Әмгүннің аққан айғай бұзды жарын. 

 

Жарға тиген жаңғырық орман кетті, 



Әр бәйтерек түбіне түгел жетті.  

Кімге сӛйлеп, кімге айтып хабарлайды,  

Анық шынын айта алмай мазақ етті. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Бағана бұлттан түсіп ӛлмепті адам, 

Ӛмірге үмітпенен басты қадам.  

Қалын нудың ішіне кетті кіріп,  

Хабар беріп тұр ғой деп осы маған. 

 

Сайрады әрбір ағаш басқан сайын,  



Тұр дегендей достарың мұнда дайын.  

Бұлт ойнады, түнерді күн тӛбеден,  

Орманнан орманға атып нажағайын. 

 

Сӛз сӛйлеген секілді әрбір жапырақ,  



Бері кел деп шақырад басын бұлғап.  

Жапырақтардың барлығы тамашалап,  

Қайдан келдің дегендей жанған шырақ. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Тұр еді қалың тікен тырбақталған, 

Кемпірдей бүкірейіп тозып қалған.  

Бағана ер түскенде тӛбесінен, 

Қыдықтап ұстай алды жан-жағынан. 

 

Орманның кӛргені ме, күлгені ме,  



Садағын сан жапырақ ілгені ме. 

Күтпеген кӛктен түскен қандай жан деп,  

Тілегін болаттықтың білгені ме? 

 

Бұрын адам бармаған қалың жыныс,  



Аймағында болса да мың сан ұлыс.  

Күн сәулесі түспейтін кей жеріңде,  

Аңнан басқа алмаған бұдан тыныс. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Осы еді жалғыз адам дара барған,  

Қандай боп шығар екен әл мен дәрмен. 

Атасы аю еді бұл орманның,  

Тас атса қарағайды екі жарған. 

 

Дүлейге келген кезде жалғыз кісі,  



Еркін ед, қауіпсіз ед қашпай түсі.  

Білмеймін, бақырған ба, шақырған ба,  

Жӛнелді күңіреніп орман іші. 

 

Шоқтықты, алып қолды, тапал бойлы,  



Жуан мойын, қысық кӛз, арам ойлы 

Ӛтіп бара жатты да, тұра қалып,  

Қозғалмай Маринаға қарап қойды. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Кӛз айырмай тұрысты кӛпке шейін,  

Біраздан соң дене үйір болды бейім 

Ер жүрекке ер жүрек тура келді,  

Шегінбеді екеуінің бірі кейін. 

 

Білмеймін, батпады ма, сыйлады ма, 



Әлде ол ер әйелді қимады ма.  

Жалт беріп жӛнелді аю батыр,  

Тез жет деген секілді мұратыңа. 

 

Тағы жүрді ілгері, жарылды орман,  



Мылтық даусы естілді жан-жақты ұрған  

Айналаның барлығы жаңғырады,  

Естілгенін кім білсін қай жағынан. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Асып түскен дауысқа тағы да ерді,  

Қара жолдай басады қиын жерді. 

Алаңдау бір кезеңнен қаз отылы, 

Асайын деп әр қарай жүре берді. 

 

От орнындай жер екен айналасы,  



Кім байқасын болған соң шӛп арасы.  

Құйыға белуардан кетті батып,  

Басталды оқиғаның бір саласы. 

 

Күшін жұмсап ұмтылды жанталасып,  



Дегбірін кетірген жоқ онша сасып. 

 Ӛзін-ӛзі құйыдан жұлып алды,  

Екі қолмен сау жердің шетін басып. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Батпағымен үстінің судан ӛтті,  

Тазартып бәрін жуды, сабыры жетті,  

Су бойымен жүруге және қиын, 

Тітіретіп салқыны денеге ӛтті. 

 

Орманда байлық кӛп қой толып жатқан,  



От тұтатты Марина қу бұтақтан.  

Кептірініп алудың қамы еді бұл,  

Асықпай әдісі сол тезден тапқан. 

 

Кептірініп, киініп жатқан кезде,  



Тұрмайды-ау табиғат та бір мінезде.  

Үйіріліп, боратып құйын соғып,  

Ӛрт жӛнелді орманға жанып лезде. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Алай-түлей ұйытқып түтін жамырап,  

Шатыр-шүтыр ағашты отпен сабап. 

Іліп ала дайын ед Марина да,  

Заулаған от айнала алды қамап. 

 

Марина айтты: «Япырмау, ӛлгенім бе, 



Жоқ әлде қайратыма сенгенім бе, 

Бақытты Отанымның зор сенімін,  

Жоғалтып осы арада бергенім бе?» 

 

Жалын заулап түтіні аспанға ұшып,  



Тас-талқан боп безінді аңдар шошып.  

Екі қолын қусырып тӛсіне сап, 

Марина тұрып қалды ӛзін құшып. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Алдында Кремль тұр нұрын шашып,  

Данаға жолығуға есік ашып.  

Жұлдызы Кремльдің күндей жанып,  

Қарайды бәрінен де биікке асып. 

 

Тізіліп командирлер қатар тұрған,  



Алдында политбюро қатарынан.  

Қасында Ворошилов честь кӛтеріп,  

Шаттықпен шықты бәрі ең алдынан. 

 

«Уралап» барлығы да Отан үшін,  



Бұл дауыс таңдаңдырды орман ішін.  

Мен неге бұл қызықтан қаламын деп,  

Тасқынды келді ӛңіне шаттық пішін. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Марина жалт қараса от қамаған,  

Шығуға мүмкіндік бар қай жағынан.  

Лаулаған екі ағаштың арасымен, 

Тезінен жүрексінбей жүрді арман. 

 

«Жетуші ед әлдеқашан Комсомолға*,  



Бӛгелер реті жоқ, ешбір жолға. 

Ізделсін Тайгалардың бойымен деп,  

Тарады қазір жарлық айналаға». 

 

Москвадан осылайша хабар берді,  



Анықтап қараңдар деп айтқан жерді.  

«Мәлімсіз қайда екені экипаждың» - 

Деген сӛз шарлап алды бүкіл елді. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Шаттықпен күтіп түрған Комсомолда,  

Ӛкініп мойып қалды барлығы да.  

Табамыз, келед қонақ, саспаңдар деп,  

Партия қайрат берді барлығына. 

 

Ұшқыштар кӛк бетіне шықты қайнап,  



Орманды тұман басып, қойды байлап. 

Дауысы самолеттің естіледі,  

Таудағы қонғандарға ақырын жайлап. 

 

Қасында жәрдемшісі командир де, 



Екеуі кеңес құрып отыр бірге, 

- Біздерден алыс кетті іздеушілер, 

Келген жоқ әлі дыбыс жақын жерге. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Шыдармыз, табар бізді саспаңыздар, 

Жалғыз-ақ бір қиын тұр ауыр ызғар. 

Марина бізден бӛлек алыс қалды, 

Ол іздеп экипажды қалай табар? 

 

Арада осылайша үш күн ӛтті,  



Летчиктер іздеуде жүр осы бетті.  

Тұманнан кӛре алмайды амал нешік,  

Әйтпесе осы жерден талай ӛтті. 

 

Ертемен тұман тарап, жадырады,  



Айығып кетпесе де ыдырады.  

Серпіліп сұрала бұлт екі жаққа, 

Орман мен тау арасы ажырады. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Бір кезде даусы шықты самолеттің, 

(Табатын мезгіліңе жаңа жеттің).  

Қыспақта, екі таудың арасында, 

Әмгүннін қос тауында, арғы беттің. 

 

Тұр екен «Родина» экипажы,  



Жалаумен тіл қатады айтқан назы. 

Жерде, кӛкте қуаныш болды бірдей,  

Неше айналды заманның ӛнерпазы... 

 

Марина жанталасты ӛрттен қашып,  

Маңайы қалың қорық қалған басып.  

Қан шеңгел, кемпірқосақ тікендерден,  

Сыдырып сырт киімін жӛнелді асып. 



«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Жыныстан жыныс бойын кетті безіп,  

Ӛрт қалды күйдіре алмай, күдер үзіп.  

Бір жерден келе жатты ақырын басып,  

Бірден ол тұра қалды, дыбыс сезіп. 

 

Қарасы түсі суық шұбар барыс,  



Оқ бойы жерде ғана, емес алыс.  

Мылтығын қолына алып ыңғайланып,  

Марина қиқуменен берді дыбыс.  

 

Адамның шыдамады айғайына, 



Шошынды оқ тигендей мандайына.  

Мылтықпен зуылдатып екі тартты,  

Қорықты да, ол кетті ӛз жайына. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Бір кезде ӛтті қаптап самолеттер,  

(Маринаға еңкейіп қолыңды бер)  

Орманға орап алған Маринаны,  

Кӛрсетпей қала берді бейшара жер. 

 

- Дариғай, шарықтаған қайран аспан,  



Сырлас ең талай рет ақылдасқан.  

Тұйғындай түйілдіріп, кейде шүйгіп,  

Қарқындап самғаушы едім тоқтамастан. 

 

Тағы да Марина, әне, ойға кетті,  



Секундта Москваға келіп жетті;  

Тоғызда тұлымшақты үйде қалған,  

Иіскеді ол, жүрек жарған жас бӛбекті. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Қызықтан қызық туып қайнап жатқан,  

Бақытты қарашы әне келешекті.  

Тайгада анам менің жоғалған деп,  

Бола ма, әлде менің қызым дертті. 

 

Мен осы серт еткенде ер емес пе ем,  



Жаситын, жалыным қайда кетті. 

Деді де ӛз-ӛзінен жігерленді,  

Кезермін, табармын деп самолетті. 

 

Кеш болды, қоңырланып түнерді орман, 



Тым құрыса бір алаң жоқ, әттең арман. 

Кӛрпесін қара албасты жаба салып,  

Тұрғандай андар қамап жан-жағынан. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Отырды бір ағашқа арқа қойып,  

Қайратын қажытпады қорқып, мойып,  

Аңдардың гүрілдескен дыбысымен,  

Алып тұр, түн мазасын тишын жойып. 

 

Сорлы түн, сол арманға қалған құлап,  



Ешкімнің білер емес жӛнін сұрап.  

Мылтығын қолына ұстап мызғымастан,  

Отырды түннің сырын тамашалап. 

 

Ӛмірде атпас па екен орман таңы,  



Басқа ма табиғаттың мұнда заңы.  

Қашан ол жарық күтіп сарылғалы,  

Ұйықтауды білмейді екен орман аңы. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Кенеттен арыстан ба гүрілдеді,  

Даусынан түн мен орман дірілдеді.  

Қашан маған келед деп күтті Маня,  

Жан алқымда және кӛз ілінбеді. 

 

Ажалдай қара түннің түсі суық,  



Ойнайды қараңғылық ӛзін қуып.  

Мазасыз мең-зең орман сезер емес,  

Тұрғандай минут сайын ажал жуық. 

 

Ел үшін, Отан үшін жүрген адам,  



Шыдады, күйінсе де сүйген адам.  

Халық үшін қандай қайрат ету керек,  

Зер салып түсінбейді-ау кейбір надан. 

 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Ер қыздың сенім күшті жүрегінде,  

Ол жетпей кім жетеді тілегіне.  

Жүрегін шам ғып жағып алған жанға,  

Қауіптің қорқынышпен керегі не? 

 

Ұялды ертең орман Маринадан,  



Мынау деп, барлық сыйлық бізден 

саған.  


Қарақат, малинасын тізіп қойды,  

Тікендер мейман үшін даярлаған. 

 

Мінекей ішем десең аққан бұлақ,  



Май қосқан, міне, біздің саңырауқұлақ,  

Отанның батыр қызы, болат жүрек,  

Қарағым Маринажан, барым сол-ақ. 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



Он бір күн, он бір түн осылай кешті,  

Бір кезде таң сызылды, бұлттар кӛшті.  

Тұр еді жалғыз ағаш жалаңашта,  

Жұмбақтың ең қиынын осы шешті. 

 

Тұр еді, айғай салып Маринаға,  



Ақтаңдақ ұқсап мӛлдір дарияға.  

Саңқ еткен қыран құстың даусындай боп, 

Соғылды мылтық даусы бір қияға. 

 

Күн шықты Кремльдің жұлдызындай,  



Шаттықта бақытты елдің ындызындай. 

Әуелі Маринаны келіп сүйді;  

Жаным-ай, қажыдың ба күн-түн 

тынбай?! 



«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



 

Марина күн күлгенде бірге күлді, 

Күн нұрын садақ қылып мойнына ілді. 

Тағы да жаңғырықты тау мен орман,  

Қиқудың түп тамырын енді білді. 

 

Қарап тұр табиғат та қызық істі,  



Қызықтап қиядағы ұшқан құсты.  

Жалт етіп күн шағылған маңдайына,  

Ӛзі ұшқан экипажға кӛзі түсті. 

 

Қажыған, әлсіреген, талған дене,  



Еріген майдай болды әлденеге.  

Жан досым Валя, Поля қайдасың деп,  

Аяңдап жүріп берді сонау ӛрге. 


«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы 

 

«Он бір күн, он бір түн» поэмасының жалғасы 



 

Ту тіккен, музыка ойнап, қабыл еткен,  

Келемін деді, міне, Кремльге.  

Жүрегін жұлып алып қуанғаннан,  

Мың рақмет, - деді, - дана кемеңгерге! 

 

 



Алдынан ақ жүзімен күліп-ойнап,  

Полина келіп басты жүрегіне.  

Елінің еркін сүйген ер Марина,  

Мәңгілік жетті сүйтіп тілегіне. 

 

_________________ 



*Тау аттары  

** Ӛзен аттары 



*** Жотаның аты 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет