Он состоявшемуся обмену мнениями и выработ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата21.03.2017
өлшемі3,65 Mb.
#10070
1   2   3   4   5

 

 

Нұржан БАЙТӨС 

* ҚАРАУЫЛТӨБЕ   БАУРАЙЫНДА   ҰЛЫ   ТОЙ * 

Қарауыл  төбеге  қарама-қарсы  23  үй  тігіліп,  қосымша  дала  сахнасы  құрылып,  ұлттық  қолөнер  бұйымдары  көрмеге 

қойылып,  екі  заманауи  экран  ел  назарында  болды.  Сахнаның  қос  қанатына  алтыбақандар  құрылып,  қазақтың  сәнді 

ұлттық  киімін  киінген  ұл-қыздар  той  ажарын  шадыман  көңілдерімен  айшықтап  тұрды.  Сондай-ақ,  сахна  қасында 

ұлттық  салт-дәстүрді  дәріптеген,  қазақ  мәдениетін  паш  ететін  киіз  үй  көріністері  де  қатар  жүріп  жатты.  Ол  жерде  асқа 

толы  ақ  дастархан  қойылып,  қолөнер  бұйымдары,  киіз  басу  сәті,  ши  тоқу  және  қымыз  дайындау,  құрт  қайнату  сынды 

қойылымдар  көрсетілді.  3000  астам  халық  жиылған  тойда  ел  көңілінің  де  аста-төк  болғаны  сезіліп  тұрды.  Бұл  тек  ұлы 

дүбірдің басталуы ғана болатын. Ал осыдан кейін тойдың ашылу салтанатының ресми бөлігі жалғастық тапты.  

Қазақтың қандай тойы болмасын ұлттық ойындарсыз өтпейтіні белгілі. Әсіресе, думанды шараның көрігін қыздыратын 

сәт  - жүйріктер жарысы. Баптауы келіскен тұлпарларын жетектеген үміткерлер Абай тойына да мол жиналыпты.   



№6 

(152) 

тамыз 

 2015 

     август

 



 

 

 

* ЕЛІ   МАНАРЫН   МАҚТАН   ТҰТТЫ * 

С 

ахна  төріне  шақырылған  айтыскерлер  таныстырылып, 



төрелік жасар қазылар алқасы да сайланды. Он екі ақын арасын-

да елге танымал, сөз саптауы салмақты, ойы жүйрік, республи-

калық айтыстардың жүлдегерлері Айнұр Тұрсынбаева, Серікзат 

Дүйсенғазин,  Сара  Тоқтамысова,  Айбек  Қалиев,  Әсем  Ереже-

қызы,  Алтынкүл  Қасымбекова  сынды  адуынды  ақындар  қата-

рын  Өміржан  Көпбосынов,  Еркебұлан  Қайназаров,  Мейірбек 

Сұлтанхан, Дидар Қамиев, Тілеген Әділов, Аспанбек Шұғатаев 

сынды жас ақындар толықтырды. Байрақты сөз бәсекесіне баға 

беретін  төрешілер  қатарында  қазылар  алқасының  төрағасы, 

филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев, Өнер институтының 

профессоры,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері  Алмас 

Алматов,  ақын,  «Алаш»  сыйлығының  лауреаты  Тыныштықбек 

Әбдікәкімұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 

халықаралық Жамбыл қоры сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдени-

ет қайраткері Төлеген Жаңғалиев, ақын, «Дарын» сыйлығының 

иегері, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы Қалқаман 

Сарин төрелік етті.  

Осылайша  айтыскер  ақындардың  бірінші  жұбына  да  кезек 

беріліп,  Астананың  арқалы  ақыны  Серікзат  Дүйсенғазин  мен 

жамбылдық  Алтынкүл  Қасымбековалар  қара  сөзден  қамшы 

өрді.  Бір-бірінің  осал  тұсын  іздеген  ақындар  сөз  жарыстырып, 

қағытпа әзілмен қарсыластарын тұқыртқанмен, қоғамдық мәселелерге 

терең  бойламағаны  үшін  бірінші  жұпқа  Жүрсін  ағамыз  орынды  ес 

кертпе  жасады.  Айтыс  соңынан  арнайы  сауал  қойған  бізге  суырып 

салма ақын былайша жауап қайырды.  

– Қашаннан алқалы топта сөз бастау қиынға соққан. Соның 

мысы  басты  ма,  әлде  азырақ  қобалжу  басым  болды  ма,  әдемі 

айтыс  өрнегін  көрсете  алмағанымызды  іштей  сездім.  

Сын да орынды айтылды. Оның үстінде қарсыласым Алтынкүл 

бұрынғы айтыстың түрімен сөз жарыстырса, мен жаңа түрін көп 

қолданамын.  Десе  де  өткенге  өкпе  жоқ,  -  дейді  айтыскер 

Серікзат. 

Келесі  болып  өнер  көрсеткен  жұп  жерлесіміз,  Астананың 

атынан шыққан Сара Тоқтамысова мен қарағандылық Өміржан 

Көпбосыновтың  өнері  көпті  сүйсінткені  анық.  Әсіресе,  Сара 

ақынымыз  Абайдай  жыр  алыбының  тойына  арнайы  келіп, 

тапқыр  ой,  тартымды  сөздерімен  көпшілікті  тәнті  ете  білгені 

кешегі  Ұлжан,  Зере  аналарының  бойынан  табылатын 

ержүректілікті  паш  еткендей.  Абай  сөзін  ұтымды  қолданып, 

жағымды  сөз  саптауларымен  халық  көкейінен  шыға  білді. 

Көпшілік те Сара қызына қошеметін аямады. Ақын қызға қазы-

лар да бірден жоғары ұпайлар еншілетті.  

 

Келесі  жұп  Қарағанды  облысының  ақыны  Тілеген  Әділов 



пен  баянауылдық  Аспанбек  Шұғатаев  болды.  Бұл  айтыскер 

ақындар да өзіндік сүрлеу соқпақтары қалыптасып, айтыс өне-

рінде лайықты орын алып үлгерген жас жыр дүлдүлдері.  

Сахна төріне сөз жарыстыруға шыққан келесі жұп Семейдің 

тумасы, Астана атынан топ бәйгеге қосылған Әсем Ережеқызы 

мен  астаналық  Еркебұлан  Қайназаров  әдемі  айтыс  өрнегін 

көрсете білді.  

Келесі  кезекте  көрермендердің  көптен  күткен  айтыскер 

ақындары астаналық Айнұр Тұрсынбаева мен Арқалықтан кел-

ген Айбек Қалиев алқалы топ алдында сөз сайысын қыздырды. 

Ауыл  келбетіне  әр  кіргізген  аудан  басшысына  алғыстарын 

жаудырып,  ұлылар  елінің  гүлденуін  тіледі.  Айнұр  ақын  

бір  сөзінде  «Сергелдең  болған  Семейім,  Абайдың  атын  алса 

екен» деген ұсынысын да тастады.  

Осылайша бірінші айналымның соңғы жұбы қарағандылық 

жас  ақын  Дидар  Қамиев  пен  Қызылорда  қаласынан  келген  

Мейірбек  Сұлтанхан  сөз  таластырып,  тыңдармандарын  ерекше 

тәнті  етті.  Өзіндік  әуезділігімен,  мақамымен  көптің  көңілінен 

орын теуіп жүрген Дидар ақынына Қарауыл халқы да зор қоше-

метін жаудырды.  

Ал  ІІ-кезеңге  жолдама  алған  қос  жұп  Аспанбек  Шұғатаев 

пен  Дидар  Қамиев  және  Сара  Тоқтамысова  мен  Тілеген 

Әділовтар осылайша  ақтық сайысты қорытындылады.  

Бас  жүлдені  (1  млн.теңге)  Дидар  Қамиев  жеңіп  алса,  

І  орынды  (500  мың  теңге)  Сара  Тоқтамысова  қанжығасына 

басты.  Ал  ІІ  орынды  (400мың  теңге)  Тілеген  Әділов  пен  



Аспанбек Шұғатаев иеленсе, ІІІ орынды (300 мың теңге) Айбек 

Қалиев  пен  Өміржан  Көпбосыновтар  еншіледі.  Арнайы  200 

мың  теңге  ақшалай  сыйлықпен  Серікзат  Дүйсенғазин,  Айнұр 



Тұрсынбаева мен Мейірбек Сұлтанхан марапатталды.  

Сондай-ақ,  қазылар  алқасы  төрағасы  Аманжол  Әлтаев, 

ШҚО  әкімінің  орынбасары  Жақсылық  Мұқашұлы  сөз  алып, 

жиналған  қауымды  ел  тойымен  құттықтады.  Ал  аудан  әкімі 

Тұрсынғазы  Жантұяқұлы  жиналған  көпшілікке  алғыс  білдіріп, 

айтысты  жүргізуші  Жүрсін  Ерманның  иығына  арнайы  тігілген 

шапан жауып, құрмет көрсетті.  

Айтулы тойдың ең әсерлі сәті де осы айтыс болғаны анық. 

Сондай-ақ,  осынау  күні  Мәдениет  үйінің  залында 

«Адамзаттың  Абайы»  атты  кітапкөрме  ұйымдастырылып, 

құрметті  қонақтарға  сөрелерде  жайылған  Абай  жайлы  тағы-

лымды тәржімалар ұсынылды.  

Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ, 

Самал СЕРІКҚАЗИЕВА 

Е 

лі  ер  қылып  төріне  шығарған,  тасқа  салса  да 



мұқалмайтын  қайтпас  қайсар,    өр  тұлғалы  даңқты  ұлымыз,  

Қазақстанның  екі  мәрте  түйе  палуаны  болған  Қазақстан 

Республикасының құрметті спорт қайраткері,  дзюдо бойынша  

ҚР-на    еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы,    самбо  күресінің 

майталманы,  Абай  ауданының  «Құрметті  азаматы»  марқұм 

жерлесіміз Таутанов Манарбек Бекенұлын еске алуға арналған 

республикалық турнир осымен төртінші мәрте  өткізіліп отыр.   

Қасиетті  санға  сәйкес  келген  7-тамыз    күні  Аға  Сұлтан 

алаңында  республиканың  түкпір-түкпірінен  келген  жарысқа 

қатысушылар  мен  спорт  майталмандары,  Манарбек  Таутанов-

тың  спорттағы  үзеңгілес  достары,  яғни  еліміздің  Әлем,  Азия, 

КСРО-ның  чемпиондары,  шәкірттері,  аудан  тұрғындары    тур-

нирді тамашалауға жиналды.  

Боз  кілемдегі  байрақты  бәсекені  түсіруге  жергілікті 

баспасөз  құралдары  өкілдерінен  өзге  жан-жақтан    «Семей 

таңы»,  «Дидар»,  «Рудный  Алтай»  газеттерінен  БАҚ  өкілдері 

мен  «Қазақстан»,    Қазақстан-Өскемен,  ТВК-6  телеарналары, 

сондай-ақ  «Қазақстан»  «КАZ  sport»    телеарнасының  белгілі 

спорт  коментаторы  Телжан  Күдеров  те  келіпті.  Құрметті 

қонақтар  арасында    Әлем  Кубогінің  иегері,  КСРО-ның  екі 

дүркін  чемпионы,  халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері 

Айтжан  Шанғараев,  Шығыс  Қазақстан  облысы  спорт  және 

туризм  басқармасының  басшысы  Чикенов  Елдос,    әлем 

чемпионы,  халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  ҚР-сына 

еңбек  сіңірген  жаттықтырушылар    Серік  Қоржыкенов  пен 

Шыңғыс  Тұрсынов,  Семей  қаласының  қазақ  күрес  федера-

циясының президенті, Манарбектің досы Берік Қанафин, әлем 

кубогінің  иегері,  екі  дүркін  Азия  чемпионы,  әлем  чемпио-

натының  қола  жүлдегері,  халықаралық  дәрежедегі  спорт 

шебері Зекен Шаймарданов та бар.  



 

Турнирдің  ең  тартысты  да  қызған  кезінде  Абай  баба-

мыздың  тойын  атап  өтілуінің  негізгі  ұйытқысы,  бастама-

шысы,  мұрындық  болған  аймақ  басшысы  Даниал  Кенжетай-

ұлы  Ахметов  бастаған  облыс  басшылары  мен  Тұрсынғазы 

Жантұяқұлы  бастаған  аудан  басшылары  да    арнайы  келіп 

тамашалап, қошемет  білдірді.   

ҚР-на және КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР-сы 

мемлекетінің қазақ күресінен жаттықтырушысы Марат Жақыт 

Абай тойымен қатарлас келген 4-ші Республикалық  турнирдің 

маңыздылығын  айта  келе,  барша  жұртты  дүбірлі  тоймен 

құттықтап,  палуандар  бәсін  ашық  деп  жариялады.  Жарысқа 

қатысушыларға сәттілік тіледі.    

Мемлекетіміздің Әнұранымен асқақтата басталған  турнир-

дің ашылу салтанатында спорт саласының дамуына үлкен үлес-

терін  қосқан  жаны  ізгі  демеушілерге  алғыс  айтылып,  салта-

натты түрде марапатталды. Төрешілер таныстырылған соң, боз 

кілемде  бұлшық  еттері  бұлт-бұлт  ойнаған  палуандар  белде-

суінде  сайдың  тасындай  іріктелген  Қызылорда,  Павлодар, 

Алматы  облысы,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Жамбыл  және 

Шығыс  Қазақстан  облысынан  келген  40-ке  жуық  палуан  күш 

сынасты.  еліміздің  алты  облысынан  келген  Қажымұқанның 

ізбасарлары Абай төріндегі аламанның көрігін қыздырды.      

Кілем үстіндегі палуандар айқасы бір сәт те толас таппады. 

Ашық аспан астында төселген бозкілемде сайдың тасындай ірі 

денелі,  елінің  рухын  асқақтатып,  намысты  жандырып  жүрген 

палуандар ақтық сайыста өз мүмкіндіктері мен ойын ережесіне 

сай шеберліктерін көрсетті. 

 Міне, Манарбек Таутанов атындағы турнир де өз мәресіне  

жетіп,  нәтижесінде  74  келіге  дейінгі  өгіз  палуан    салмақ 



дәрежесінде  Оңтүстік  Қазақстандық    Музаппаров  Ерсұлтан  

І  орынды  қанжығасына  байлады.  ІІ  орынды  Қызылордалық  

қызуқанды  Ғалымжан  Абдрахманов,  ІІІ  орын  екеу:  Алматы 

облысы, Іле ауданынан келген  Жұмажан  Нұржан мен Шығыс 

Қазақстан  облысының  палуаны  Мұратов  Қуаныш  өзара 

бөлісті.  Жеңімпаздарды  жарыстың  бас  төрешісі,  ұлттық 

дәрежедегі  төреші    Ермағанбетов  Нұрлыбек,  самбо  күресінен 

әлем  чемпионы,  КСРО-ның    екі  дүркін  чемпионы  Шанғараев 

Айтжан, ҚР-сының  қазақ күресінен Республикалық федерация 

бас хатшысы  Сәрсен Құранбек және  екі дүркін Азия чемпио-

ны,  «Қазақстан  барысының»  чемпионы    Жоламанов  Шалқар 

марапаттады.  

 Бұдан кейінгі кезек  атан жілік апайтөс  74 келіден жоғары  

түйе  палуандарымызға  келді.    Күрес  десе  қаны  қызбайтын 

қазақ  бар  ма?!  Делебесі  қозған  көпшілік  тұс-тұстан  қиқулап, 

кілемдегі  ұлдарын  барынша  қолдап  бақты.  Осы  турнирдегі 

барлық  қарсыластарын  қоғадай  жапырып,  таза  жеңістерге  қол 

жеткізген    жерлесіміз,  2013  жылғы  «Қазақстан  барысы» 

жеңімпазы  Айбек  Нұғымаров    І  орынды  иеленді.  Нәтижесінде  

айқын басымдықпен Бас жүлдемен қоржыны майланып,  «Абай 



тойының бас палуаны» атанған Айбек ақ түсті темір тұлпардың 

тізгініне  ие  болды.  Жүлделі  ІІ  орынды  шығыстық    Әділ 



Оразбаев,  ІІІ  орынға    жамбылдық  125  келілік  палуан  Әбішев 

Жасұлан  мен  жерлесіміз  Ерлан  Конкиев  лайық  деп  танылды. 

Жеңімпаздарды  Манарбек  Таутановтың  жан    жары  Гүлмира, 

КСРО-ға  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы,  ҚР-сы  мемлекетінің 

қазақ  күресінен  жаттықтырушысы  Марат  Жақыт  және  

Төлебиев  Досан,  Абилдинов  Мейіржан  сынды  спорт 

майталмандары марапаттады.  

 «Тас  түскен  жеріне  ауыр»  демекші,    алыстан  ат  арытып 

келген  қаншама  қонақтарды  қарсы  алып,  спортшыларды 

орналастырып, турнирдің өз мәнінде өтуіне үлкен үлес қосып, 

спорт  саңлағын  ұлықтауда  Қалиев  Қуат  Барысұлы  бастаған 

ауданымыздағы  спорт  мектебі  ұстаздарының  еселі  еңбектерін 

атап  өткеніміз  жөн.  Турнир  барысында  жанының  жомарт-

тығымен  танылып,  демеуші  болған  барлық  азаматтарға  Абай 

жұртшылығы атынан ризашылығымызды білдіреміз.   

  Абай елі өз ұлын, өр ұлын қадір тұтты. Бұл да ұрпақ үшін 

ұлағатты іс екені хақ! 



Анар СӘРСЕНБИНА 

* ЖЫР   АЛАМАНЫНДА   АЙТЫСКЕРЛЕР * 

Абай елінде өз перзенттеріне, спорт саңлақтарына көрсетілетін құрмет қашанда ерекше. Қазақ халқының біртуар ұлы 

перзенті  Ұлы  Абайдың  170  жылдық  тойы  аясында    қазақтың  ғасырлар  қойнауынан  келе  жатқан,  ешкімді  бей -жай 

қалдырмайтын намысты жанып, ептілік пен шымырлықтың бәсекесі, жігіттердің ерік жігері мен білек күшін байқататын  

қазақ күресіне де кезек келді.   

Мәдениет  үйінің  кең  залы  жыр  сүйер  қауыммен  толығып,  баршаның  алдында  сөз  барымтасы  сарапқа  түсті. 

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты тақырыптағы республикалық ақындар айтысы ел тойын еселей түсті. Әр 

аймақтан сайланып келген ақындардың жыр додасын алғысөзімен ашқан белгілі ел ағасы, айтыс жанашыры  Жүрсін 

Ерман Абай тойымен барша Алаш жұртын құттықтай келе, дүбірлі шаралар легін жалғаған сөз сайысын ашып берді.   

* АДАМЗАТТЫҢ  АБАЙЫ * 

 

А 

бай дүниеге келген өлке – әрбір қазақ үшін айырықша 



қасиетті, ерекше киелі жер. Өйткені, ол жай ғана Еуразия кіндігі 

болып  қана  қалмай,  барлық  халықтың  бас  иіп,  тағзым  ететін, 

ұлттың тамырына қан жүргізетін қайнар бұлағына айналды.  

Абай  қазақ  халқына  теңдессіз,  құдіретіне  баға  жетпес  мол 

қазынасын  қалдырып  кетті.  Қазақтың  ұлы  ақыны  Абайды  жас 

ұрпаққа  насихаттау,  жаңа  қырынан  таныту,  мол  мұрасын  паш 

ету  -  парыз.  Осы  мақсатта  барлық  деңгейдегі  өткізіліп  жатқан 

ұлағатты  іс-шараға  Семей  қаласының  жұртшылығы, 

мұғалімдер, оқушылар бір кісідей ат салысуда. 

Ұлағатты мәдени іс-шараның бірі — Абайдың мемлекеттік 

қорық-мұражайы  ұйымдастыруымен  өткізілген  «Абайды  оқы, 

таңырқа...»  атты  V-ші  аймақтық  білім  сайысы.  Сайысқа  қала 

және  қала  маңындағы  және  облыстық  мектеп  оқушылары 

қатысты.  Сайыстың  мақсаты  -  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай 

Құнанбайұлының мұрасын, оның әдеби ортасын жасөспірімдер 

арасында терең білуге ынталандыру және насихаттау.   

Тамыздың  6  күні  Семей  қаласының  Абай  театрында 

«Адамзаттың  Абайы»  атты  салтанатты  жиын  өтті.  Салтанатты 

жиын ҚР мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіхалықованың құттықтау  

сөзімен ашылды.  

Тағылымды  басқосуда  халықаралық  Абай  қорының 

президенті  О.  Кәріпжанов,  музей  жанашыры  Б.  Ерсәлімов, 

абайтанушы,  ақын  М.  Сұлтанбеков  ой  бөлісті.  Хакім Абайдың 

туғанына  170  жыл  толуына  арналған  тағылымды  шара  бас 

ақынның  өмірі  мен  шығармашылығына  арналған  мерекелік 

шаралардың беташары іспетті.    



2015  жылғы  9-11  қыркүйекте  Семей  қаласында  және 

«Абай-Шәкәрім»  мұражай  кешенінде  (Шығыс  Қазақстан 

облысы, Абай ауданы) еліміздің мектеп  оқушылары арасында 

XVI  Республикалық  Абай  оқулары  және  I  Республикалық 

жыршылар  байқауы  өтеді.  Іс-шараның  бастамашысы  - 

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі. 

XVІ  республикалық  Абай  оқуларының    қалалық,    облыстық  

кезеңдері  өткізіліп,    қорытынды  республикалық      кезеңге  

дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.  

 «Жас  Қанат»  балалар  орталығында  Абай  Құнанбаевтың  

170  жылдығына  орай    ұйымдастырылған  «Абай  әлемі»  атты 

рухани-патриоттық шара өткізілді. Оқушыларға Абайдың өмірі, 

шығармалары  туралы  лекция  оқып,  бейнебаян  және  деректі 

фильм көрсетті. Балалар қызығушылық танытып, мұражай қыз-

меткерін  мұқият  тыңдап,  сұрақтарын  қойып  жатты.  Оқушылар 

деректі фильм мен бейнебаянды көргеннен үлкен әсер алды.   

Біз,  ұстаз  қауымы  Елбасы  Нұсұлтан  Назарбаевтың:  



«Біз  халыққа  Абайдың  жолын,  яғни,  өзінен  кейін  қалдыр-

ған  баға  жетпес  мұраны  жеткізуіміз  керек»,  -  деген  сөзін 

болашақ ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат етуіміз қажет. 



 

Н. БАЙСАРИНА,  

Семей қалалық  білім  бөлімінің әдіскері    

 

 



№6 

(152) 

тамыз 

2015 

август 

Р 

оль воспитателя как умного друга и советчика возрастает, 



я не навязываю своих советов, а жду, когда ребенок использует 

разные варианты и сам обратится за помощью, да и то не сразу 

даю ответ  в  готовом  виде, а  стараюсь разбудить  самостоятель-

ную мысль с помощью наводящих ответов, вопросов. Так на за-

нятии  по  использованию  огня  с  большим  интересом  самостоя-

тельно пытались получить огонь, высекая из камня, и с помощью 

трения палки сделали вывод, опираясь на проделанный опыт. 

На  занятиях  в  игре-эксперименте  по  изучению  свойств  ткани 

проводили  эксперимент,  какая  ткань  лучше  прокалывается 

иголкой,  какая  ткань  быстрее  намокает,  какая  ткань  не 

пропускает  воду.  В  процессе  исследования  дети  делились 

разностью  открытия,  делали  выводы  и  умозаключения. 

Стараюсь,  чтобы  такие  занятия  проходили  энергично.  Каждый 

ребенок  от  начала  и  до  конца  занят  делом,  даю  возможность 

ребятам  почувствовать  свою  причастность  к  открытиям.  Так  на 

занятии  по  изучению  свойств  воздуха  дети  самостоятельно 

пришли  к  выводу,  что  воздух  вокруг  нас  и  в  каждом  предмете. 

Проделывая  опыты  каждый  ребенок,  был  исследователем-

экспериментатором, научным работником. 

Приобретенные  знания  на  занятиях  дети  уже  используют  в 

сюжетно-ролевых играх. Например, в игре в супермаркет учатся 

сопоставлять  цену  товара  с  имеющимися  наличными  деньгами, 

формируется  умение  производить  операции  купли-продажи, 

способствует  установлению  в  игре  ролевого  взаимодействия  и  

усвоению  ролевых  взаимоотношений  (продавец,  покупатель). 

Или после знакомства с профессией швеи, где проходила швея-

закройщица и рассказывала о своей профессии. Дети с большим 

желанием  стали  играть  в  сюжетно-дидактическую  игру  «Дом 

моды»,  «Модница»  где  применяли  полученные  знания  в  игре. 

Игра  помогала  им  еще  больше  расширить  представления  о 

профессии  модельер,  портного,  стали  видеть  зависимости 

продажи  товара  от  результатов  творческой  деятельности 

модельера.  Интеграция  исследовательской  работы  с  другими 

видами детской деятельности: наблюдения на прогулке, чтением, 

игрой  позволяет  создать  условие  для  закрепления  пред-

ставлений о явлениях природы, свойствах материалов, веществ. 

Например,  конкурсы  детского  творчества  совместно  с  родите-

лями,  викторины.  Наиболее  эффективно  в  развитии  познава-

тельной компетенции использование межпредметных связей. 

Например,  ознакомление  с окружающим  миром  интегрирую  с 

лепкой или рисованием, следующее, что делаю, это обогащение 

развивающей  среды  альбомами,  развивающими  играми. 

Совместно  с  родителями  и  детьми  создали  проект 

«Лекарственные  травы  Восточного  Казахстана».  Цель  проекта  - 

приобщение  детей  к  здоровому  образу  жизни  через  познания 

мира  лекарственных  трав.  Такая  совместная  деятельность 

характеризовалась  высоким  уровнем  интереса  детей, 

познавательным  и  личностным  развитием.  В  процессе 

организации  опытно-экспериментальной  деятельности  пред-

полагаю  продолжить  формировать  у  старших  дошкольников 

способности видеть многообразие мира в системе взаимосвязей 

и  планирую  разнообразить  занятия  по  опытно-экспери-

ментальной деятельности. 

Например,  «Песок  и  вода»,  «Звук».  Расширять  межпред-

метные  связи  между  развитием  речи  и  конструированием, 

освоением  звуковой  культуры  речи  и  ознакомлению  с 

окружающим миром, расширять перспективы развития поисково-

познавательной  деятельности  через  наблюдения,  сравнения 

учить детей применять информацию в жизненных ситуациях. 

 

Т. КОВТУН, 

воспитатель д\у «Жемчужинка», 

ГУ НИСЦ РО «Восток» для одаренных детей 

г. Усть-Каменогорск  

Основным направлением модернизации образования в РК является компетентностный подход, который лежит в 

основе государственного стандарта дошкольного образования. Одной из задач государственного стандарта является 

познавательное  развитие  ребенка,  формирование  способов  интеллектуальной  деятельности,  развитие  любозна-

тельности. Наиболее эффективным методом познания окружающего мира дошкольников является экспериментально-

поисковая  деятельность.  Для  использования  готовится  необходимое  оборудование,  объекты  исследования, 

предусматриваю  все  правила  техники  безопасности.  При  правильной  организации  работы  у  детей  старшей  группы 

формируется устойчивая привычка задавать вопросы и пытаться самостоятельно искать на них ответы. 

О 

дним  из  таких  учебных  заведений  стало 



Восточно-Казахстанское  училище  искусств  имени 

народных  артистов  братьев  Абдуллиных.  Училище 

выпустило  много  одаренных  и  талантливых  специа-

листов.  В  настоящее  время  на  основе  имеющих 

традиций  и  опыта,  училище  разработало  одну  из 

возможных  форм  –  трёхступенчатую  систему  обра-

зования. Результатом этой работы стала концепция 

создания,  функционирования  и  развития  целостной 

системы  профессионального  музыкального  образо-

вания,  предполагающая  реализацию:  принципов 

целостности  и  комплексности,  преемственности  и 

ранней  профессиональной  ориентации  как  орга-

низационно-педагогических  условий  осуществления 

непрерывного музыкального образования.  

Путеводителем  одаренных  детей  стали 

профильные  классы  училища  искусств.  На 

сегодняшний  день  таких  классов  три:  седьмые, 

восьмые  и  девятые,  как  с  казахским  языком 

обучения, так и с русским. Каждый ребенок, прежде 

чем  попасть  в  нашу  школу  проходит  творческий 

экзамен,  где  они  показывают  свои  необычные 

способности.  

Каждый  может  выбрать  одно  отделение,  где 

получают  не  только  специфические  знания,  но  и 

необходимый  объём  теории:  «Хоровое  дирижиро-

вание»  –  ребенок  учиться  азам  вокального 

искусства,  хоровому  пению,  игре  на  фортепиано; 

«Отделение  духовых  и  ударных  инструментов»  – 

учащиеся  учатся  азам  игры  и  узнают  о  строении 

духовых инструментов, таких как флейта, саксофон, 

труба,  гобой,  кларнет,  туба  и  т.д.  «Отделение 

казахских  народных  инструментов»  –  дети 

осваивают  игру  на  домбре,  кобызе,  шертере  и  др. 

«Отделение  русских  народных  инструментов»  – 

баян, аккордеон, балалайка, домра и т.д. 

Материальная  база  учреждения  позволяет 

обеспечить  высокий  уровень,  предъявляемым 

требованиям  к  современному  учебному  заведению. 

Содержание  обучения  отвечает  всем  требованиям 

государственного  стандарта.  Активное  исполь-

зование  информационно-коммуникативных  техно-

логий в учебно-воспитательном процессе позволяет 

в  полной  мере  использовать  достижения  совре-

менной  медиа-культуры  для  решения  задач  музы-

кального  воспитания  ребенка.  Занятия  поспе-

циальности  и  общему  фортепиано  проводятся  в 

индивидуальном порядке. 

Воспитанники  нашей  школы  принимают  участие 

в  областных,  республиканских,  международных  

 

конкурсах,  внеклассных  мероприятиях,  создают 



мультимедийные  презентации  и  коллективные 

проекты.  Такая  форма  обучения  позволяет  одарен-

ному  ребенку,  продолжая  учиться  вместе  со 

сверстниками, оставаться включенным в привычные 

социальные  взаимоотношения  и  вместе  с  тем 

развивать свою одаренность. 

Преподаватели  в  работе  с  одаренными  детьми 

используют принципы педагогической деятельности: 

принцип  максимального  разнообразия  предос-

тавленных  возможностей  для  развития  личности; 

принцип  возрастания  роли  внеурочной  деятель-

ности;  принцип  индивидуализации  и  диффе-

ренциации обучения; принцип создания условий для 

совместной  работы  учащихся  при  минимальном 

участии учителя. 

Большое  значение  имеет  воспитательная 

работа.  Она  должна  быть  направлена  на 

формирование  личности,  которая  станет  «воспита-

телем» собственных способностей. 

Одаренный  ребенок  –  это  не  всегда  «блестя-

щий»  ребенок.  По  мнению  К.Г.  Юнга  «одаренный 

ребенок  может  иметь  даже  неблагоприятные 

характеристики  –  разбросанность,  голова  полна 

шалостей, он – нерадивый, халатный, невниматель-

ный, озорной, своенравный». 

В  своей  практике  мы  часто  сталкиваемся  с 

такими  детьми,  но  если  найти  к  ним  правильный 

подход,  то  можно  достичь  в  развитии  их 

способностей  больших  успехов.  Педагоги  про-

фильных  классов  не  только  специалисты  своего 

дела,  но  и  великолепные  психологи,  умеющие 

увидеть  в  каждом  ребенке  творческий  потенциал, 

скрытые  возможности  и  большой  талант.  Каждый 

ребенок  получает  необходимую  психологическую 

поддержку,  позволяющую  ему  не  только  адапти-

роваться  в  коллективе,  пройти  социализацию,  но  и 

утвердиться как личности, понять свою собственную 

значимость и  раскрыть  свой талант. Самое  главное 

– ребенок чувствует себя нужным, частью большого 

дружного коллектива. 

Выпускники профильных классов часто остаются 

в стенах родного учебного заведения – продолжают 

учебу  в  училище  искусств,  становятся  настоящими 

мастерами своего дела. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет