Он тоғызыншы ақпан
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік стилі
Екі үйдің ортасында иін тіресіп, мойындарын көкке созған күйі маңғаз түйелер жатыр екен.
Теңеу
1-тапсырма. Берілген үзінділерден көркемдегіш құралдарды тауып, сәйкестендіріңіз.
Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны – күмбез, желі – жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне.
Эпитет
Үбиән әпкем үлкен үйден шықты да, қазан басына бет алды.
Ирония
Жаңбыр жауса – жас баланың көз жасындай.
Сатира
Бір жолы өңкей атқамінер пысықтар сайлау алдында жиналып алып, қатты састы.
Метафора
– Өзің қазанның түп күйесіндейсің, күйеге күйе жұқса – не болмақ, құдайым-ау! – деп баласын үйден қуып шығыпты.
Метонимия
Тапсырма №2. Шығарма үзіндісінен тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді теріп жаз.
Алғашқы мүшел - нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде елдің ауыл- аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел - баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні әрең аяғын жерде нық басты деп санайды... Ендігі мүшел - 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл енді оңды- солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есендесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз.
... Ал түйе болса маңғаз басып, ырғала ыңыранып, ернінен көбік шұбыртып, мойнын сан құбылтып, төңірегіндегінің біреуін де көзіне ілмей жатқан екен... «Таласып таусыла беріңдер, бейшаралар, босқа болдырғанша алаңсыз тыныға берейін. Мен сендер сияқты күн сәулесін күтіп шығысқа жүгірмеймін де, көз майын тауысып төңірекке үңілмеймін де... Тәңірден алғашқы жылдың атын өзім алып қайтам», - деп тікенек күйсеп жата береді. Бишара тышқан өзінің дәрменсіздігін мойындап жан ұшыра безек қағады.
3-тапсырма. Шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдердің мағынасын ашып жазыңыз.
4-тапсырма. Алдыңғы орындалған тапсырмаларды негізге ала отырып, автор стилін анықтап, 3-5 сөйлеммен баға беріңіз.
7-тапсырма. Повестен ауыспалы мағыналы сөздер мен фразеологизмдерді
тауып, кестені толтырыңдар.
Ауыспалы мағынадағы сөздер мен
фразеологизмдер
|
Мағынасы
|
Үйге тапсырма. Повестьке сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |