Қонақбаева Диана дпмно-303с Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы



Дата02.12.2023
өлшемі20,98 Kb.
#132649
Байланысты:
13-апта 1 АБ СӨЖ


Қонақбаева Диана
ДПМНО-303с

Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы
Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Орданың 38 кентінде алтын, күміс теңгелер соғылған. Әр қалада дерлік қару-жарақ жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің, т.б, махаллалары (кварталдары) болған. Және де қаланы қоныстанған отырықшы қауым мен даланы жайлаған көшпелі жұрт бірінің қажетін бірі өтеп отырған. Тарихшылар Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше өркендеуінің себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан деп түсіндіреді. Расында да, орталықтандырылған қуатты мемлекет болмаса, ұшан өңірде бірыңғай ақша айналымы, сан салалы сыртқы, ішкі сауданың өндірістің дамуы жүзеге аспас еді. Алтын Орданың әкімшілік құрылысы ұлыстық жүйеге негізделген-ді. Ұлыстарды ұлыс бектері басқаратын, ұлыс бектері өз кезегінде бектер бегіне бағынатын. Бәрінің үстінен Шыңғыс хан әулеті билік жүргізетін еді. Ал мемлекеттің күнделікті мәселелері уәзір құзырындағы диуанда (кеңесте) шешілетін. Бұл жүйе (ұлыстық жүйе) ғасырлар бойы Ресей әкімшілігінің де негізгі басқару жүйесі ретінде (облыстарға бөліп басқару) қолданылып келді, Әрине, Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы, әкімшілік жүйесі, мәдениеті тек Ресейге ғана емес, басқа да көптеген мұрагер мемлекеттерге ықпалын тигізді.
Қорытындылай келе, Алтын Орда дауірінде (13-15 ғ.) Қыпшак даласынданы түркі халықтарының әдебиеті мен медениеті мүлдем жана сапалық дарежеге көтерілді. Алтын Ордаға көрнекті ғалымдары, саулетшілері, ақындары, өнер кайраткерлері, т.б жиналатын еді. Көптеген адеби шығармалар, шежірелер, күйлер секілді көптеген жанашылдықтар болды. Мадениет пен ғылым алға өрбіді, ал қалалар сауда, архитектуралық жетістіктер мен өнерлердін түрлері арқылы гүлдене бастады.
Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Түркістан - Қазақ хандығының астанасы болған тарихи, мәдени қала. Тарихқа көз тастасақ, мұнда сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Ал қалада қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген. Тарихи деректер бойынша, Түркістан атауы "түркілер елі, мекені" деген мағынаны білдіреді. Қаланың іргетасы V-VІ ғасырларда қаланып, атауы бірнеше рет ауысқан. Негізінен алғашқы атауы - Шавғар саналады. Шавғарды "Шауғар" деп те атайды. Ол сақ тілінде "Қаратау" деген мағынаны білдіреді. Қаланың атауы араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Арабтардың тарихшы-географы әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында Шавғар жайлы айтқан. "Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүріп, ХІ ғасырдан бастап қала орталығы Ясыға көшті", - деген ол.Түркістан - Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Отырықшы мәдениет өркендеген кезде Қазақстанның әр жерінде қалалар саны арта бастады. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өзінің тарихи орындарымен белгілі. Шавғар қаласы пайда болғаннан кейін оның аймағында Қарнақ, Шағылжан, Қарашық, Шур (Сури) қалалары бой көтерген. Тарихи деректерге сүйенсек, Шавғар қаласы арқылы Ұлы Жібек Жолының бір тармағы өткен. Керуен Сырдария бойын қуалай жүріп, ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавғар арқылы өтеді. Ал Шавғардан ары Янгикентке жол тартып, Қарақұм арқылы Хорезмге барады. Янгикент оғыз тайпасының астанасы болған.ртағасырда Түркістан Қазақстан жеріндегі ірі білім орталығы болған. Мұнда жазылған туындылардың авторлары көпке мәлім. Олар - Ахмет Яссауиден бастап, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгнеки, Жүсіп Баласағұн. Сонымен қатар, Түркістан білім ғана емес Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына да айналған. 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болды. Бұған дәлел - Ахмет Яссауи кесенесі төңірегіне қазақ хандары, батырлары мен билерінің жерленуі. Олар Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар мен Қазыбек, Әйтеке билер, Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дияқты батырлардың да құлпытасы бар.
Қорытындылай келе, археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқаның дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дауірі ескерткіштері - Шоқтас, Қошқорған бұл өнірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін керсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазакстанның баска да өніріндегідей Андронов мадениетін жасаушылар тұрған. Талай ғасырлар бойы осы қала сауда, ғылым, өнер орталығы болған. Еліміз үшін маңызы зор қалалардын бірі. Қазіргі тағда Туркістан- барлық түркілердің рухани астанасы болып саналады.

Тарихты ауызша айту, оның ерекшеліктері мен маңызы.


Түркі халықтары мен басқа халықтар арасында тарихи таным, білім – ауызша сөйлеу дәстүрінде пайда болды. Tарихи аңыздар — әр халықтың тарихи білімінің ең қызықты, есте қаларлықтай нысаны. Тарихи аңыздар пайда болған сәттен бастап халықтың тарихи сұраныстарына қызмет етіп, халықпен бірге жұмыс істейді. Тарихи аңыз, белгілі бір кейіпкердің қатысуымен белгілі бір оқиғаға байланысты пайда болған тарихи поэма уақыт талаптары мен талаптарына сәйкес, баяндаушылар мен тасымалдаушыларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Халық ауыз әдебиеті материалдарын тиімді пайдалана білу. Eл тарихы мәселелерін дұрыс түсіндіруде бірден-бір айқын, дұрыс жол. Қазақ халқы ауызша тарих пайда болуы және дамуының барлық кезеңдерінен өтті, және бұл процесс әртүрлі жанрларда көрінді:
1. Аңыз айту;
2. Хроникасы;
3. Классикалық және лиро-эпостық жырлар ;
4. Тарихи поэма;
Қорытындылай келе, қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі туындылары қазақ тарихының деректануының негізгі бөлімдерінің бірі бола алады. Бұл туындыларды нақты тарихи зерттеу арқылы, айналымға тезірек түсіру қажет. Қазақстан тарихының хрестоматияларынан аузшы тарих айту дәстүрі туындыларының толық заңды орын алатын уақыты жетті. Бұл туындыларға деген көзқараста жаңа ұстанымға негізделген бағыт, әдіс-тәсіл қажет.
Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет