1. Түсінік хат
Өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының техникалық және
кәсіптік білім беру саласының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартына (ҚР
МЖМБС тіркеу № 4.05.073-2009) сәйкес 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
мамандығының 0101013 - «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Жұмыс бағдарламасы өндірістік тәжірибе мазмұнының міндетті минимумдарына және дайындау
деңгейіне қойылатын талаптарды іске асыра отырып құрастырылған.
Өндірістік тәжірибе кәсіби білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі және техникалық және
қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын кәсіби іс әрекетке дайындаудың тиімді нысаны болып
табылады.
Өндірістік тәжірибе барысында білім алушыларды тәжірибелік дайындықтан өткізу жүзеге асады,
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының жүмыстарын зерделеу негізінде білімдері
кеңейеді, тереңдейді және жүйеленеді, негізгі кәсіби білім, біліктіліктері біліктілік сипаттамасына
сәйкес қалыптасады.
Өндірістік тәжірибе техникалық және кәсіптік білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына
сәйкес ұйымдастырылады және келесі түрлерін қамтиды:
-
өндірістік оқу - жалпы кәсіптік және арнайы пәндерінен білім алушылардың неғұрлым
сапалы және терең білім алуына бағытталып, таңдаған мамандықгары бойынша кәсіптік
тәжірибелік құзыреттіліктерді, біліктіліктерді және дағдыларды меңгертеді;
-
өндірістік тәжірибе - оқу, оқу - өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу
полигондарында және білім беру ұйымының қосымша объектілерінде ұйымдастырылады;
-
мамандық бейіні бойынша (технологиялық) тәжірибе - білім беру үйымы және мекеменің
арасында жасалған тікелей келісім-шарт негізінде әртүрлі үжымдық - қүқықтық нысандағы
үйымдарда кәсіптік іс- әрекетті толық меңгерту үшін, нақты бір үйымның іс - әрекетін зерделеу
негізінде, арнайы пәндерден алған білімдерін тереңдетуге, кеңейтуге, жүйелеуге, бекітуге
багытталып өткізіледі;
-
біліктілік (дипломалды) тәжірибесі - алғашқы кәсіптік тәжірибелерді жинақтау және білім
алушылардың дербес еңбек іс - әрекетіне дайындықтарын тексеру және дипломдық жобаға
материалдар жинау мақсатында әртүрлі ұйымдық - құқықтық нысандағы білім беру ұйымы және
мекеме арасында тікелей жасалған келісім - шарт негізінде өткізіледі.
Өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасы келесі талаптарды қарастырады:
-
өндірістік тәжірибенің мазмүны кэсіптік білім беру қызметінің білікті кадрларының кәсіби
іс-әрекетіне талдау жасау негізінде іріктеледі.
Бұл талапты жүзеге асыру барысында негізгі кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды
қалыптастыруды тәжірибелік жағынан игеруді қамтамасыз ету үшін орындануга тиісті
жүмыстардың түрлерін анықтауды ұйғарады;
-
өндірістік тәжірибенің бастапқы кезеңінде жоспарланған білім алушылар қол жеткізуге
тиісті кәсіптік дайындықтың жалпы және кәсіби деңгейін есепке алу;
-
өндірістік тәжірибенің мазмұнын әзірлеу барысында білім алушылардың теориялық
білімдерін, сондай-ақ, тәжірибелік, зертханалық сабақтарда және курстық жұмыс қорғау кезінде
алған білім, біліктерін ескеру.
Кәсіптік тәжірибенің мазмұны ғылым мен техниканың, өндірістік технологияның қазіргі
жағдайдағы даму деңгейіне, сондай-ақ болашақтағы дамуына сай болуы тиіс.
Бұл талаптарды орындауда білім алушылардың жоспарлы түрде қазіргі заманғы құралдарды,
технологияларды және еңбекті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін зерделеуді пайымдайды.
Өндірісітік тәжірибенің негізгі міндеттері:
-
кәсіптік тажірибені үйымдастыруда мектепке дейінгі базалық ұйымдардармен келісілуі;
-
өрттен сақтану, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздіқ ережелерін сақтау;
-
кәсіптік тәжірибе бағдарламасында қарастырылған жұмыс түрлерін толық орындау;
-
барлық кәсіптік тәжірибе түрлері бойынша жүргізілетін оқу-тарбие жұмыстарын базалық
ұйым тәрбиешілерінің және тәжірибе әдіскерлерінің келісімімен өткізу;
-
білім алушылардың теориялық білімдерін кәсіптік тәжірибемен ұштастыру;
-
кәсіптік тәжірибе жұмыстарын белгіленген уақытта ұйымдастырып өткізу, бақылау және
талдау;
-
кәсіптік тәжірибе бойынша қажетті құжаттарын белгіленген тәртіппен жүргізу
|