Байланысты: Өндіріс процесстерінің кезінде сапаны бақылау
Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі тетіктерінің ретінде Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ бақылаушы статусын алған болатын.
Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты үлкен мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отыр. Бұл министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.
Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының индустриялық — инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге асырылады.
Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және енгізу процесі елеулі назар аударуға тұрады.
Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген әлемдік тәжірибесі олардың тиімділігін растады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар, халықаралық танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін қазірдің өзінде сезініп отыр.
Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы редакциясы 1980 жылдардың соңында шықты және халықаралық стандарттаудың жаңа деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа жүйесін сертификаттаудың негізін салды.
Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─ сертификаттау болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Өнімді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау /импорттық өнімдерге де/ бекітілген.
Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүесінде сертификаттау мына принциптерге жүргізіледі:
өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
сынақтың кәсіби түрде өтуі;
шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік серификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану, т.б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін 70%–ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қаупі деп есептелетін өнімнің үлесі 85%–дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.
Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келусушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік- техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды.
Стандарттаудың басты міндеті ─ халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талапттарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынандай нормативтік құжаттар бар:
Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);