Өндірістік іс-тәжірибе есебі



бет2/2
Дата03.12.2023
өлшемі2,44 Mb.
#133721
1   2
Байланысты:
өндірістік іс-тәжірибе (копия)

Мақсаты: Мемлекеттік корпорацияның азаматтар мен бизнес үшін бір көзден қызметтер мен сервистерді көрсетуі, бірыңғай провайдер қызметін жетілдіру.

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ережесі

Мемлекеттік корпорация - жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асыратын бірыңғай провайдер.
Практиканың бірінші күні жұмыс орнымен, жұмыс жасайтын қызметкерлермен, бөлім басшысымен сонымен қатар практика жетекшіммен таныстым. Сонымен бірге азаматтардың қалдырған өтініштерін тіркеумен айналыстым. Азаматтар қалдырған өтініштерді екі топқа бөліп қарастырамыз. Олар жеке тұлғалардың кіріс / шығыс өтініштері. Өтініштерді тіркеу журналын сақтау мерзімі 5 жылға созылады. Кіріс құжаттар – сырттан келетін, ал шығыс құжаттар – сыртқа кететін құжаттар болып табылады.
Кіріс құжаттарын тіркеу журналының негізгі бөлігінде мынадай бағандар болады:
1) кіріс құжатының реттік нөмірі;
2) кіріс құжатының келіп түскен күні және тіркеу нөмірі;
3) корреспондент, кіріс құжатының жіберілген күні және тіркеу нөмірі;
4) кіріс құжатының қысқаша мазмұны немесе тақырыбы;
5) бұрыштама немесе құжатты орындау міндеті кімге жүктелді;
6) құжаттың орындалғаны туралы белгі;
7) ескертпе.
Шығыс құжаттарын тіркеу журналының негізгі бөлігінде мынадай бағандар болады:

  1. шығыс құжатының реттік нөмірі;

  2. шығыс құжатының келіп түскен күні және тіркеу нөмірі;

  3. корреспондент;

  4. шығыс құжатының қысқаша мазмұны немесе тақырыбы;

  5. шығыс құжаты көшірмесінің іске тіркеуге жіберілгені туралы белгі

  6. ескертпе.

Практиканың 2-ші күні мұрағатта жиналған құжаттарды кадастрлық
нөмірлеріне қарап аумақ-аймаққа бөлдік.
Жер телімдерінің кадастрлық нөмірі –ҚР-ның территориясында кадастрлық есепке алу жер телімдеріне кадастрлық нөмір айқындалады. Ол қайталанбайды. Әрбір жер учаскесін айқындау мақсатында кадастрлық нөмір беріледі, осы нөмірге кадастр ісі сәйкестендіріледі.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірінің құрылымы мынадай кодтармен берілген:
• алғашқы екі Сан Облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың кодын білдіреді;
• алғашқы екеуінен сызықша белгісімен бөлінген келесі үш сан әкімшілік ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың кодын білдіреді;
• алғашқы екеуінен сызықша белгісімен бөлінген келесі үш сан әкімшілік ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың кодын білдіреді;
• алдыңғы үш саннан сызықша белгісімен бөлінген келесі тағы үш цифр әкімшілік аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы есептік кварталдың кодын білдіреді;
• алдыңғы үш саннан сызықша белгісімен бөлінген соңғы үш сан есептік орам ішіндегі жер учаскесінің нөмірін білдіреді.


Барлығы 11 сан. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ерекше, ол бір рет қана қолданылады. Егер бір учаске жойылып, содан кейін кадастрлық тіркелімде қалпына келтірілсе, оған жаңа нөмір беріледі.


Қазақстан Республикасы аумағының кад.нөмері келесідей беріледі:
Ақмола облысы – 01Алматы обл – 10
Ақтөбе облысы – 02 Қостанай обл - 12
Алматы облысы – 03 Маңғыстау - 13
Атырау облысы -04 Павлодар - 14
Ш.Қ.О – 05С.Қ.О – 15
О.Қ.О – 19Жамбыл облысы – 11
Алматы қаласы - 20 Б.Қ.О – 08
Нұр-Сұлтан – 21 Қарағанды – 09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 04 мамыр күні ҚР-ның әкімшілік – аумақтық кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойған еді. Жарлық бойынша жаңадан 3 облыс құрылды. Енді сол облыстарға құжат жобасы бойынша, Абай облысына – 23, Ұлытау облысына – 25, Жетісу облысына – 24 деген кадастрлық код берілмек. Қонаев қаласы Қапшағай болып тұрған кездегі кадастрлық кодын сақтап қалды – 055. Сондай-ақ Абай облысындағы Курчатов қаласының кадастрлық коды – 217, Ақсуат ауданының коды – 333 болатыны айтылған. Ал Шығыс Қазақстан аумағында қайта құрылған Самар ауданының кадастрлық коды 334 болмақ.
Практиканың 3ші күніуақыты өткен құжаттарды мұрағаттаумен айналыстық. Яғни мерзімі бітіп жинақталған құжаттарды кадастрлық нөмірлері арқылы ажыратып содан соң мұрағатқа тапсырдық. Бұл құжаттар көбінесе жерге кадастрлық іс жүргізу құжаттары болды. Жер кадастрлық істі жүргізу – жер құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учакесінің сәйкестендіру сипаттамаларн қамтитын құжат.
Құжаттар

құқықтық техникалық
Сот шешімі, өтініш, жекекуәлік, план,сызба,координаталар,
комиссия қорытындысы, шешім, техникалық құжаттар
келісім шарт, қаулы,үкім жер уаскесінің жоспары

Кадастрлық істің соңғы қорытынды құжаты – ГосАКТ сәйкестендіру құжаты
1. Жер-кадастрлық істің келесі құрылымы бар:
1) жер-кадастрлық істің сыртқы беті;
2) жер-кадастрлық іске енгізілген құжаттардың тізімі;
3) осы Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымына, құрамына және мазмұнына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық іске түсіндірме жазба;
4) осы Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымының, құрамының және мазмұнының 2-бөлімінде көрсетілген жер учаскесі туралы жер- кадастрлық іске енгізілетін құжаттар.

Практиканың 4 ші күніквитанцияларды айлар бойынша түгендеумен айналыстық. Жерге орналастыру және жер кадастрлық жұмыстары ақылы негізде орындалады. Әр жұмыстың орындалуына байланысты бағаларыда әр түрлі болады.
Мысалы біз қарастырған квитанцияларда проектке жалпы 28432,04 теңге төленген. Одан кейін акт оценка 10900,16 теңге, Ид- 10454,53 тг.

Практиканың 5ші күні келісімшарттарды түгендеу.


Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын рес- ми құжат. Мысалы: сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, айы, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекен- жайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Яғни, пәтерді сату-са- тып алу туралы келісімшартта пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу) тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағандығы, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары тараптарға беріледі.
Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:

  • Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу-сату туралы; ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б ) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

  • Жер телімдері туралы мәмілелер:

а) жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт;
ә) жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт;
б) жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт.

  • Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт;
ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

  • Ақша қаражатын заемға алу-заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.
Практиканың 6-шы күніКДО базасынан сметаларды шығардық. Біздің осы үш күнде орындайтын негізгі жұмысымыз ол азаматтардың 2023 жылғы квитанцияларын, келісім-шарттарын, сметаларын түгендеп тексерту болды. Сол себепті осы жұмыстарға үш күннен де артық уақыт кетті.
Смета (қаржы жоспары) — алдағы шығыстар мен кірістерді есептеу; материалдық және ақшалай қаражаттың жұмсалуы мен түсуінің жоспары.Мәселен, кәсіпорындарда өндіріске жұмсалатын шығындарды жоспарлау кезінде көмекші өндірістің цехтар бойынша шығыны, өнімнің жаңа түрлерін, іске қосылатын объектілерді дайындауға және игеруге, арнаулы технол. жарақтарға жұмсалатын шығындардың, тасымалдау-дайындау шығындарының, өндіріске қызмет көрсетуге, машиналар мен жабдықтарды басқаруға, күтіп ұстауға, пайдалануға жұмсалатын шығындардың, жалпы өндірістік, коммерциялық және басқа шығындардың сметалары жасалады
Практиканың 26.10.2023осы аталған үш құжаттың барлығын жинақтап айлар бойынша папкаларға салып, тексеріске жібердік.
Практиканың 27.10.2023МЖК ААЖ базасы.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі- мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесі департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жер кадастры департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 «Мемлекеттік жер кадастрын құру туралы» Қаулысының негізінде мемлекеттік жер кадастры деректерін енгізу, жүргізу, жинақтау, жүйелеу және жүргізу мақсатында құрылды
30.10.2023жер кадастрлық істің құжаттарын саралау
Жоғарыда айтып өткендей жер кадастрлық ісің құжаттары екі топқа бөлінеді.
Құқықтық бөлімге өтініш, сот шешімі, өтініш, жеке куәлік, комиссия қорытындысы, шешім, келісім шарт, қаулы,үкім жатады
Ең бірінші жеке тұлға өтініш жазады және сол өтінішімен бірге жеке куәлігінің көшірмесін өткізеді. Одан кейін жер комиссиясы құрылады. Жер комиссиясы жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган. Ол жер учаскелеріне құқықтар беру туралы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы, жер санаттарын ауыстыру туралы өтініштерді қарау, қорытындыларды дайындау үшін Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес құрылады.
Жер комиссиясының қорытындысы - тапсырыс берушінің өтініші бойынша берілген мәліметтерді есепке ала отырып жер учаскесін беру туралы мүмкіндіктері қарастыратын құжат.
Шешім – республикалық маңызы бар қаланың, ауылдың, т.б әкімінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі. Ол 7 күн ішінде қабылданады.
Қаулы - алқалық негізде жұмыс жасайтын мекемелерде шешімдерді жинақтайтын құжат. Қаулыны облыс әкімі қабылдайды.
Техникалық бөлім құжаттарына план, сызба, жер учаскесінің жоспары, техникалық құжаттар кіреді.
План - жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық План); қандай да бір ғимараттың немесе нәрсені горизонталь қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі; горизонталь проекция;
Практиканың 01.11.2023жерге орналастыру жобасын дайындау

  1. Жерге орналастыру жобасында берілетін (өзгеретін) жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы және орналасқан орны, бөгде және шектес меншік иелері немесе жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары айқындалады.

  2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң нормалары бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.

  3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жаңадан қалыптастырылатын ауыл шаруашылығы ұйымдары, шаруа (фермер) қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтары үшін құрылатын жер учаскелерінің шекаралары қосымша ескеріледі, олардың жинақы орналасуы ескеріле отырып белгіленеді, табиғи және (немесе) жасанды шекаралармен (өзендермен, бұлақтармен, арналармен, орман алаптарымен, жолдармен) біріктіріледі.

  4. Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші, тапсырыс берушінің және қажет болған жағдайда үшінші тұлғалардың қатысуымен жер учаскелеріне далалық зерттеуді жүргізеді.

  5. Далалық зерттеу процесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері мен жер учаскелерінің нақты шекараларын нақтылау жүргізіледі.

  6. Жер учаскелерін далалық зерттеудің нәтижелері далалық зерттеудің сызба схемасын дайындаумен бірге далалық зерттеу актісімен ресімделеді.

Жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігінде:
1) жер учаскесіне құқық беру туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның өтініші;
2) жер учаскесі шекараларының жобасымен қоса жер учаскесін таңдау актісі;
3) сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы жер комиссиясының қорытындысы
4) жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе оны ретке келтіру кезінде қабылданатын жобалық шешімдердерді негіздеу үшін қажетті материалдар
(құжаттар) қамтылады.

Қолданыстағы жер учаскелері үшін жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігіне жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері және тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қосылады.



  1. Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлігінде түсіндірме жазба, жер учаскесінің орналасқан орнының жобалық схемасы қамтылады.

Жобаның жоспарлау-картографиялық материалдарына елді мекендерде М: 1:500, 1:2000, 1:5000 масштабында, басқа санаттағы жерлерде жұмысқа ыңғайлы масштабта құрылатын схема қосылады, оған жобалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін қажетті ақпарат енгізілген (қолданыстағы жер учаскелерінің шекаралары, олардың кадастрлық нөмірлері, күзет, санитариялық-қорғау және жерлерді ерекше шарттармен пайдаланатын өзге аймақтардың шекаралары).
Жергілікті жерде жобалық элементтердің орналасқан жерін анықтау үшін қажетті барлық жобалық элементтер (шектесу мен бағыттарды сипаттау нүктелері, жер учаскелерінің шекаралары, сызықтардың өлшемі, тірек нүктелері мен олардың нөмірлері) жерге орналастыру жобасының сызбасында қызыл түспен, бұл ретте, бөгде жер пайдаланушылар көк түспен белгіленеді.
Схемада жер экспликациясы (елді мекендердің жерлерінен басқа), шартты белгілер, шектесу және бөгде тұлғаның пайдалануындағы жерлердің сипаттамасы қамтылады.
Схеманың мөртабанында жерге орналастыру жобасының атауы, жерге орналастыру объектісі, масштабы, парақтар саны және жұмысты орындаушы көрсетіледі. Схемада жерге орналастыру жобасының сызбасын бекіту және келісу деректемелерін орналастыруға арналған орын көзделеді.
8. Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуші дайындалған жоспары және оның бұрылыс айналма нүктелері координаттарының ведомосі Мемлекеттік корпорацияға жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру үшін береді.
Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда (шекаралардың қабаттасуларының жоқтығы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының деректерінің ұсынылған деректер бойынша сәйкес келуі, ауыртпалықтар мен шектеулердің жоқтығы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарында және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосінде белгі қойып, оны әзірлеушіге материалдарын түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күнде береді.
Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (жер учаскелері шекараларының қабаттасуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, жер учаскесі алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының ведомостімен ұсынылған деректер бойынша дұрыс еместігі, ауыртпалықтар мен шектеулердің болуы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарын және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің шекараларының қабаттасу схемасымен қосып, күнтізбелік 15 күн ішінде әзірлеушіге қайтарады.
2) жерге орналастыру жобасын мемлекеттік органдарда, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғаларда мемлекеттік органдармен көршілес учаскелер меншік иелері (жер пайдаланушылар) хаттар (келісімдер) не жер учаскесінің жоба схемасында мөрмен куәландырылған қол қою түрінде келісім беріледі, бұл ретте тапсырыс беруші немесе оның сенім білдірген адамы өз бетінше барлық мүдделі тұлғалармен келісімді қамтамасыз етеді;
3) жерге орналастыру жобасын бекіту жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
9. Жерге орналастыру жұмыстары аяқталып, олар өкілетті органмен бекітілгеннен кейін жерге орналастыру жобасының бір данасы тапсырыс берушіге немесе әзірлеушіге және екінші данасы жер учаскесінің жобалық шекараларының бұрылыс нүктелері координаталарының ведомосімен қоса Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, деректерді мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасына енгізу үшін беріледі.
Практиканың02.11.2023 Жер комиссиясының хаттамалық шешімімен танысу. Жер комиссиясы туралы ереже Жер Кодексінің 14 бабы 1- тармағының 2-3 тармақшасында бекітілген. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  • Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

  • Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.

  • Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.

  • Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Үлгі ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Комиссияның қорытындысы Жұмыс органы Комиссияға сұралған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуді немесе жер учаскесін алдын ала таңдауды қамтамасыз етуге сәйкес (елді мекен шекарасында объектілер құрылысын қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде) мәлімделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үш данада хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.
Практиканың03.11.2023күні Жер өлшейтін аспаптармен танысу

Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша улкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.

Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.

Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.[1] Қалаларды пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды.
Буссоль — жергілікті жерде магниттік азимуттарды немесе румбтарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Ол бұрыштық бөліктері бар дөңгелектен және оның ортасыңдағы сүмбі ұшында айналатын магнит нұсқарынан тұрады. Көздеу үшін буссольдің диопторлары бар, өлшеу кезінде оны штативке орнатады, планшетке қояды немесе қолда ұстайды. Буссольдің анықтаулары ерекше сақталатын нормаль буссольдік көрсеткішімен тексеріледі. Нормаль және жұмыс буссольдерінің көрсеткіштері арасындағы айырым буссольдің түзетуі деп аталады.


Дөңгелек Буссоль немесе буссоль-бағдарлауыш, әдетте, дәл және техникалық теодолиттердің жиынтығында болады. Теодолит пен магниттік азимутты анықтау үшін алидаданы 0 С есептеуіне қойып, қысқыш бұрандасымен бекітеді де, аспапты айналдырып, Буссоль нұсқарын 0°0' есептеуіне келтіреді. Содан соң көру дүрбісінің көздеу өсінің басқа бір азимутты жағдайында лимбтегі есептеу көздеу сызығының магниттік азимутына тең болады.
Тахеометр (грек. tachyc, tacheos – шапшаң және …метр) – тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады.Тахеометрлер дөңгелектік, номограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып ажыратылады.
Практиканың 06.11.2023күні далалық зерттеу жұмыстары
Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға:
- Арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу таспалары, сымдар, рулеткалар, оптикалық қашақтақ өлшеуіштер, жарық сәулелі қашақтық өлшеуіштер, т.б.;
- Бұрыштарды өлшеуге арналған теодалиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б.;
- Тік биіктіктерді өлшеуге арналған теодалиттер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады.
Геодезиялық жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарға жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (абрис) деп атайда.
гониометр
Практиканың 08.11.2023күні камералық жұмыстар
Камералық жұмыстар - далалық өлшеулерді өңдеу, дәлдігін бағалау және графикалық құжаттама жасау жөніндегі жұмыстар кешені.
Камералық жұмыстар, әдетте, өндірістік үй-жайларда атқарылады. Камералық жұмыстар қатарына: теодолиттік,

  • полигонометриялық жүріс пункттерінің координаталарын есептеу,

  • тахеометриялық жүрістердің нәтижелерін өңдеу,

  • тау-кен графикалық құжаттамаларының сызбаларын толықтыру және т.б. жатады.


Практиканың 09.11.2023 күні өлшенген жерді базаға тіркеу

Тіркеуді мемлекеттік жазу деп қарау керек. Оның негізінде заңды түрде жерді пайдаланушылар және нақты жер учаскелерін жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рәсімделеді. Бұл жазу жерді пайдалану, иелену және билік ету заңдылығын дәлелдеуде заңдық, құқықтық сипатта болады. Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу әр түрлі бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың тұрақтылығын және нысаналық орналуына сәйкес дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіркеуде есептік–тіркеу бірлігі болып жер учаскесі алынады. Бұл жер учаскесі түсінігі ерекшеліктерінен шығады. Жер учаскесі бір уақытта пайдалану және меншіктеу құқығының объектісі әрі учаскеге құқық субъектінің шаруашылық немесе басқа іс-әрекет объектісі болып келеді. Жаңадан құрылған жер учаскесін тіркеу негізі оны бір белгілі мақсаттарда берілу туралы құзыретті мемлекеттік органның шешімі және жерді үйлестіру жобаны орындау мен жер учаскесінің шекарасын жергілікті жерде бекіту туралы құжат болып келеді.Жерді пайдалану немесе меншіктеу құқығына рәсімдеген акт және учаскенің құрастырылған жер кадастрлік ісінің құжаттары негізінде жазу жүргізіледі.Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілермен бекіту, учаске шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын анықтау және жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік актін беруге мүмкіндік жасайды. Жерді уақытша пайдалану жалға беру шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді пайдаланудың заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рәсімделеді.
Практиканың 10.11.2023 күні координаталарды есептеу
Кеңістік координаттар жүйесі. Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда колданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазыктық жүйелері болып екіге бөлінеді.
Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы-географиялык координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік- және географиялық бойлық-λ дейді . Геодезиялык (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялык меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0° тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады.
Геодезиялык бойлық (λ) бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0°-тан 180°-қа дейін салынады.
Аспаптармен жерді өлшегеннен кейін одан алынған мәндер арқылы координаталар есептелінеді. Практикада координаталарды компьютер арқылы есептеп шығардық, яғни автоматты түрде. Сондықтан бұл ешқандай қиындық келтірген жоқ.
Практиканың 13.11.2023күні жердің нысаналы мақсатын анықтау өзгерту т.б құжаттар
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) жер учаскесін сұралып отырған нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісу;
4) жер комиссиясының қорытындысын дайындау;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм қабылдауы;
6) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау.
2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Өтінішке қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі және өтініш берушіге өтініш берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не одан бас тарту мәселесі бойынша шешімді алатын күн көрсетіледі.
Өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

  • жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

  • жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсат;

  • жер учаскесінің алаңы;

  • жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының нөмірі мен күні.

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезінен бастап он үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
Практиканың 15.11.2023 – 16.11.2023күндері жобаға қажетті құжаттарды түгендеу және жобаны әзірлеу
Жерге орналастыру жобасы екі бөлімнен қалыптастырылады: мәтіндік және техникалық.
Жерге орналастыру жобасы және басқа құжаттама жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган бекіткенге дейін титул парағымен келесі реттілікпен ресімделеді:
Мәтіндік бөлімде:
1) жерге орналастыру жобасының тізімі;
2) жобаның түзету парағы;
3) тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесі;
4 жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш;
5) Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес комиссияның қарауы және қорытынды дайындауы үшін жер учаскесі шекараларының схемалары мен таңдау актілері;
6) комиссияның оң қорытындысы;
7) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама.
Тапсырыс беруші уәкілетті өкілі арқылы өтініш жасағанда:
заңды тұлғалар бойынша құзыретін растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке тұлғалар бойынша сенімхаттың куәландырылған көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 111-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген шығындардың орнын толтыру актісімен қоса ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірістері шығындарының есебі (заңнамада белгіленген жағдайларда) қамтылады.
Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлімі осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді және:
1) жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазба;
2) жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскесінің жоспары;
4) жұмыс сызбасы;
5) өлшемдер журналы;
6) абрис;
7) жаһандық позициялау жүйесі (GPS-Global Positioning System) бойынша нобайлар пайдаланылған кезде;
8) теодолиттік жүрістерді қиыстыру ведомосі немесе жер учаскесі шекаралары жақтарының ұзындықтры мен координаталарының жиынтық ведомосі;
9) ауыртпалықтар мен сервитуттар (болған жағдайда).
Практиканың соңғы күні 17.11.2023 және Қорытынды
Практиканың соңғы күні дайын жобаларды базаға тіркеп, практика уақытында жасалған жұмыстарға шолу жасадық. Алған білім мен көрген тәжірбиені ұштастыра келе, бұл мамандықтың қаншалықты маңызды қаншалықты қажетті екенін ұғындым. Жасаған жұмстарымыз оңай болмасада, өзіме керекті көп мәліметтерді алдым. Осы практикалық жұмыстардан соң мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Тек қана құжаттарды толтырып қоймай техника-аппараттар, жер өлшеуге арналған аспаптарды көзбен көріп, жұмыс жасаған да бір ғанибет. Теорияда қиын болып көрінген терминдерді практика барысында түсіну тіпті оңай екен. Сонымен қатар Жер Кодексінің де практикама тигізген әсері үлкен болды. Себебі барлық білмеген, түсінбеген сөздердің мағынасын осы Жер Кодексінен таба аламыз.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылы 20 маусмда қабылданған. Ол 171 бап, 5 бөлім, 21 тараудан тұрады.
Өндірістік практикада менің жетекшім болып, бар білімімен, тәжірибесімен бөліскен Улдашов Алтынбек Утемуратович-ке алғысым шексіз.

Пайданылған әдебиеттер:



  1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K030000442_

  2. https://kodeksy-kz.com/

  3. https://allrefrs.ru/





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет