әрекет, яғни бизнестi жүзеге асыруға салынған капитал қаншалыққа және
қашан қайтарылады белгiсiз. Бұл жағдайда кәсiпкер мен инвестордың
мәселесiн шешушi құралы ретiнде бизнес – жоспар болып табылады.
Қазiргi жағдайға байланысты - өндiрiс көлемiне, өнiм түрлерiне (қызмет
түрлерiне), оның жаңалық ерекшелiгне байланысты жоспар құрылымы әртүрлi
болуы мүмкiн, ал оның мазмұны бiрдей болу керек. Бизнес – жоспардың
құрылымы:
-
бизнес – жоспардың түйiнi немесе жоспарды баяндау;
-
кәсiпорынның (фирманың) сипаттамасы;
-
кәсiпорынды басқару немесе менеджмент;
-
кәсiпорын мақсаттары;
-
ұымдастырулық жоспар;
-
маркетингтiк шаралар;
-
өндiрiстiк жоспар;
-
қаржылық жоспар;
-
заңдылық жоспар;
-
тәуекелдiлiктi бағалау және қауiпсiздендiру.
Бизнес – жоспар
– дәстүрлi жоспарлаудың барлық талаптарына
сүйенетiн кәсiпорын әрекетiнiң моделi болып табылады.
Кәсiпкер әрбiр қадамының бағдарламасын жасаған кезде тактикалық
және стратегиялық келешегiнде бөлшектеудiң әртүрлi дәрежесiн
қарастырады.
Жоспарлау процесi кәсiпорын басшысының болашақ iстерiнiң барлық
жиынтықтарын қарастырады. Себебi, менеджер өз кәсiпорынның бәсекелестiк
артықшылығын бiлген жөн және тәжiрибелiк iс - әрекетiнде жүзеге асыру
керек.
Жоспарлау
– бұл басқарылатын объектiнiң даму мақсаттарын және
әдiстердiң, тәсiлдердiң, мақсатқа жету құралдарын анқытау процесi.
Бизнес – жоспар
– бұл кәсiпкер алдында туындайтын мәселелердi
қарастыратын және бизнес мүмкiндiктерiн бiрiктiретiн құжат.
Достарыңызбен бөлісу: