Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл білім ошақтары арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, білім алушыдан кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды, бәсекеге қабылетті, білімді азаматтар тәрбиелеуді жүктейді. Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен өндірістік оқыту шеберінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, өндірістік оқыту шеберінен қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Оның құрамына білім, іскерлік, дағды кіретіні белгілі. «Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді» - деп кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қолжетімділігі – кәсіби сауаттылық негізі анықталады.