Өз басым өткен өндірістік тәжірибе практикалық дағдыларды игеруде үлкен рөл атқарды деп ойлаймын. Мекеменің ұйымдастырылуымен, құрылымымен және жұмыс істеу принциптерімен таныстым. Қарым-қатынас дағдыларын дамыттым десем де болады. Мекемедегі ақпараттық-техникалық құралдармен таныса отырып, қолжетімді бағдарламардың барына көз жеткіздім. Ұжымда жұмыс істеу тәжірибесін игердім. Өзімнің мамандығыма байланысты көптеген мағлұматтар алдым. Сондай -ақ өндірістік тәжірибеге арналған жоспар бойынша компьютерлік бағдарламаларды жақсы меңгеріп, олармен толықтай жұмыс жасай алатыныма сенімді болдым.
Тәжірибедегі есебімнің мақсаты – ақпаратты технологияны жетік меңгеру. Сонымен қатар осы диплом алды тәжірибеден кәсіби білімдерді тереңдету және инженер-техник мамандығының болашақ мамандарының қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Практикадан өту кезінде ақпараттық жүйелер, вирусқа қарсы бағдарламалар, компьютерлік желілер және т. б. саласындағы өз білімімді кеңейттім.
Тәжірибе барысында Мен Windows XP және Windows Server 2003 операциялық жүйелерін, перифериялық драйверлерді, қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы орнату бойынша практикалық дағдыларды игердім. Іс жүзінде мен университеттен алған білімім мен дағдыларымды жинақтадым, мысалы, Перифериялық құрылғыларды жөндеу, жүйелік блок компоненттерін дұрыс құрастыру/бөлшектеу.
Мекеме ақпараттық техникалық қамтылуы жағынан /инербелсенді тақта/өте жақсы қарастырылған және де мектеп қызметкерлеріне бар жағдай жасалынған. Ұйымның барлық бағдарламары соңғы нұсқада орнатылған және жақсы құрылған. Жұмыс істеуге ештеңе кедергі келтірмеді.
Қосымша
1 сурет – жұмыс орным
2 сурет – ZOOM қосымшасын пайдалану. Түрлі платформаларды игеру
3 сурет- Проекторларды тексеру және іске қосу. Ардуино UNO микросхемамен танысу. Интернет желісін баптау