2. Бейорганикалық – металлдардан (болат, мыс, шойын) және минералдан (цемент, әк және т.б);
3. Аралас – бірінші және екінші топ шаңдарынан тұрады, мысалы, инструменттерді қайрау кезінде түзіледі және металды және минералды бөлшектерден тұрады.
Сонымен бірге шаңдар келесідей түрге бөлінеді:
дезинтиграция шаңдары – ұсақтау, ұнтау, кесу және т.б механикалық процесс кезінде түзіледі. Олар полидисперстілігімен, ал шаң бөлшектерінің формасы дұрыс еместігімен сипатталады;
конденсация шаңдары – балқымалы массалардың (металл, шыны массасы, тұз балқымалары, қаныққан ерітінділер және т.б) бу конденсациясы және салқындау нәтижесінде түзіледі. Бұл жағдайда түзілген шаң бөлшектері дөңгелек, сопақ формада болады, олар жоғары дисперстілігімен сипатталады.
Өндірістік шаңның ағзаға әсері
Шаңдардың ұсақ дисперсті бөлшектері үлкен меншікті бетке, жоғары физика-химиялық активтілікке және абсорбциялық қабілетке ие. Қатты кесектерді ұру, ұнтақтау кезінде түзілетін шаңдар зарядталады (заряжается). Ол адсорбция және бөлшектерді бір-біріне ұру кезінде, сонымен қатар қатты бетке үйкелу кезінде де зарядталады. Шаң бөлшектері адам организміне тыныс алу жолы, асқазан-ішек және зақымданбаған тері арқылы кіріп әсер етеді. Шаңның организмге әсер етуі кіру жолына және қасиетіне байланысты. 10 мкм ірі шаң бөлшектері нәзік қабықшаға кіріп және жоғарғы тыныс алу жолдарында тұнады. Ал жеңіл шаң бөлшектері жеңіл енеді.
Шаңның құрамына баға беруде оның құрамындағы радиобелсенді қоспалардың болуына аса назар аударады, себебі олар шаңның әсерін күшейтеді және сәулелі патологияға, тіпті қатерлі жаңа түзілістердің пайда болуына дейін алып келетін арнайы әсері болады. Егер өңделінетін шикізаттың радиобелсенділігі рұқсат етілген деңгейлерден жоғары болса, онда мұқиат радиациялық бақылау жасау керек болады және персоналды иондаушы радиациядан қорғау шараларын қабылдау қажет болады.
Кәсіби улану және ауру ауадағы (ШРЕК жоғары) токсикалық заттардың концентрациясы кезінде бақыланады. Олардың негізгілеріне – пневмокониоз, хроникалық бронхит и жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруы жатады.