Бұзаудың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. Мал суды көп мөлшерде ішеді. Мал тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. жалпы жабығу, сыртқы орта әсеріне реакциясының бәсенделуі, әлсіздік, азыққа зауқы төмен не бәсеңделуі, дене қызуының 1-2°С көтерілуі байқалады. Әлсіреген және қатты арықтаған малдарда дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін. Аурудың 2-3 күндері тыныс алу жүйесінің зақымдалған белгілері: жөтел, күшейген ауыр тыныс және ентікпе, танауларынан ұйымалы-катаральді не катаральді ақпа ағу, қатаң везикулярлы тыныс, бронхылар мен өкпелерде алдымен құрғақ, сонан соң ылғалды сырылдар естіледі. Бірнеше тәуліктерден кейін перкуссиялап тексергенде өкпелердің алдыңғы ұштарынан күнгірттенген бәсең дыбыс шығатын жерлер анықталады.
Күтімін жақсартып, тұратын жерін жақсарттым. Антибиотиктер қолдандым.