Өнер философиясы. Кіріспе. / Ричард Элдридж



Дата26.12.2023
өлшемі21,72 Kb.
#143925
түріБағдарламасы
Байланысты:
Аннотация Абибулла Мейірім


Абибулла Мейірім ID: 23B010560
Мұнай және газ факультеті
П: жұма 13:00-14:00
Өнер философиясы. Кіріспе. / Ричард Элдридж. -Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 304 бет.
ISBN 978-601-7621-12-4

Ричард Элдридж – Суартмор колледжінде Чарльз және Харриетт Кокс Макдауэлл Философия профессоры. Фин ғылым және әдебиет академиясының мүшесі. Философия докторантурасының университет аралық бағдарламасының халықаралық қызметкері, Халықаралық ғылыми ынтымақтастық сыйлық иегері. Эстетика және сын теориясы, өнер , тіл философиясы зерттеулерімен әлемге танымал профессор. Ол бес кітаптың авторы, соның ішінде жақында ғана жарық көрген «Әдебиет, өмір және қазіргі заман» (2008), сондай-ақ Философия және әдебиет бойынша, Оксфорд анықтамасы (2009) және өзінің ерекше әлемге әйгілі «Өнер философиясы » атты еңбегі.


Өнер – көркем шығармашылық ретінде қоғамдық сананың ерекше формасы, шындықты рухани игерудің бір түрі. Адамзат қоғамының өміріндегі өнердің орны мәселесі философияны барлық уақытта қызықтырды. Батыс (еуропалық және американдық) философтары классикалық және заманауи өнерге үнемі үкім шығарып, өз модельдерін құрды.


Өнер философиясы-қазіргі заманғы философиялық білімнің бөлігі, сонымен бірге өнер ғылымдары жүйесіндегі ерекше гуманитарлық теория пәні . Өнер философиясында көркем шығармашылықты талдау және осы шығармашылықты түсіндіретін теориялық тұжырымдамалар бар, ол өнерді адам өмірінің саласы ретінде қарастырады. Бірақ өнер философиясы философияның өзімен бір уақытта пайда болмайды. Ол қайта өрлеу дәуірінде басталған жаңа заманның ұрпағы. Тәуелсіз философиялық пән ретінде ол кейінірек пайда болады - XIX-XX ғасырлардың басында. Қазіргі заманғы өнер философиясы өнерді түсіндірудің әртүрлі мектептері мен бағыттарына ие бола тұра, заманауи өнер философиясы салаларының даулы бірқатар көкейкесті мәселелеріне келіп тіреледі. Жалпы өнер өз ұғымының анықтамасын әлемді суреттеудің бейнелік және ұғымдық тәсілдерінде ол өнерге жататын не жатпайды дейтін пікірлердің қабылдануын, қарама- қайшылығын ғана емес, оның анықталуы өнер философиясының, эстетика және өнертанумен орнататын байланысына да қатысты. Осы негізде Р. Элдридждің «Өнер философиясына кіріспе» кітабы заманауи өнер философиясы, эстетика және өнертану саласындағы бірқатар даулы мәселелерге негізделген өнер теориясы мен әдіснамасына, қақтығысты және сыни көзқарастарына дискурстық талдау жүргізеді.
Бұрындары мен атауларында "кіріспе" сөзі бар кітаптар өте талапшыл болуы мүмкін деп ойлайтынмын - кем дегенде өздерін "қарапайым" деп жарнамалайтын кітаптардан айырмашылығы. Міне осы ойым Ричард Элдридждің "Өнер философиясына кіріспе" монографиясымен расталды. Бұл кітап өз тақырыбының күрделі, талапшыл және біртіндеп дамып келе жатқан экспозициясын ұсынады. Қарапайым мәтінді іздейтіндер немесе философияда тәжірибесі жоқ адамдар басқа жерге жүгінуі керек болса да, орта және жоғары деңгейлі студенттер мұнда көптеген қызықты нәрселерді таба алады.
Өнер философиясы абстрактылы, оның тұжырымдамалары нақты өнер туындыларынан ғана емес, олардың өнерді қабылдаудың жинақталған тәжірибесі туралы негізінен бастау алады. Кітаптың бірінші тарауында Элдридж өнер туралы философиялық теорияның қажеттілігін негіздеуге тырысады. Философ өнер философиясы өнердің қоғамдағы функциялары мен бізге ерекше, құнды тәжірибе беру тәсілдерін түсінуге қол жеткізу үшін қажет деп санайды.
Екінші және бесінші тарауларда орталық тақырыптар қарастырылады, сәйкесінше еліктеу мен бейнелеу, пішін мен сұлулық, өнердегі өзін-өзі көрсету және өзіндік ерекшелік. Әрі өнер адам баласы үшін күрделі саналған мәселені шеше алатынын, оның сондай күшті екендігін. Жеке өнер туындысына назар аударған сәтте, негізгі үлгі тұтар жағдайларға тар аяда қарау, тарихи тұрғыда өнер деп саналған нәрселердің зор алуан түрлілігін ескермеу деп сипаттайды. Ғалым, кітапта кім болса да-сыншы, эстетик, мәдениеттанушы, философ - өнердің шындыққа деген көзқарасына қатысады, оған өзінің көзқарасын қосады. Екінші жағынан, өнер туындысы жай ғана нәрсе емес. Өнер туындысы-пәндік руханият. Өнердің дәстүрлі анықтамасы-көркем образдардағы ойлау болып табылады. Суретші шындықты көрсете отырып, бейнелі және эмоционалды түрде ойлайды; оның жұмысының нәтижесі бейнелі және эмоционалды бастама болып табылады, көрермендерде ұқсас тәжірибелер мен ойлар тудырады дейді.

Алтыншыдан онға дейінгі тараулар осы идеяларды және эстетикадағы басқа да өзекті , алаңдаушылық тудыратын мәселелерді көтереді. Олардың ішінде: өнер туындыларын қалай түсіндіру керек? Өнерді қалай анықтауға және бағалауға болады? Өнер эмоциялармен қалай байланысты және нәтижесінде пайда болатын парадокстарды қалай шешуге болады? Өнер құндылығының адамгершілікке қатынасы қандай? Қазіргі заманғы өнер практикасы біздің өнер философиямызға қалай әсер етуі керек?


Элдридждің кітабы бірқатар аъртықшылықтарға ие. Біріншіден, ол көтерген әрбір мәселенің мотивациясымен тамаша жұмыс істейді. Әр тақырыпты абстрактілі тұспалдап, дерек көздермен талқылайды. Екіншіден, бұл кітаптың ауқымы өте кең. Кітап музыкалық экспрессия, концептуалды өнер, бейнелеу өнері, Гегель, өнер және қоғам тақырыптары жайындағы елеулі жаңа зерттеулерді қамтиды. Классикалық және заманауи философияға, әдебиет теориясы мен өнертануға сүйене отырып, өнердің формальды, репрезентативті және экспрессивті өлшемдерін ашады. Үшіншіден, Элдридждің көптеген пікірлері түсінікті және ағартушылық болып табылады. Мысалы: «Қазіргі заманғы өнердің кейбір тәжірибелері: примитивизм,вернакуляризм,авангардизм және конструктивизм» атты тарауында Р. Элдридж дәстүрлі өнер – сәулет, әдебиет, музыка, кескіндеме, мүсін және би – бұқаралық ақпарат құралдары эстетикалық бекітудің керемет мүмкіндіктерін беретіні нақты түрде көрсеткен. Оның үстіне шығарманың эстетикалық тереңдігіне, өз кезегінде, образды бейнелі өнер туындыларының танымдық, адамгершілік және әлеуметтік маңыздылығына мән беруге шақырады. Бұл маңыздылық одан әрі көркем сұлулық, сонылық, бейнелілік және сынға қарай дамиды. Ең маңыздыларының қатарына Аристотельдің еліктеу туралы көзқарасы; Канттың Сұлулық пен өзіндік ерекшелік туралы көзқарастары; Вордсворт, Толстой және Коллингвудтың өзін-өзі көрсету теориялары; және Уолтонның көркем әдебиет парадоксын шешуі сынды мақалалары кіреді.
Сонымен, Ричард Элдридж адам баласының рухани өміріне елеулі түрде нәр берген, мәдени өмірді қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан ең көне дүниетанымның бірі болып табылатын өнер мен оның сипаты және тарихи кезеңдеріне қазіргі заман биігінен баға беру мәселесін мәдениеттанушы ғалымдардың назарынан ашып жазды. Философ соңғы тарауында «Өнер айқындық пен тамырланып кеткен әдеттен биік тусініктердің алдын орайтын мақсаттардың шынайы ұғымын қолдайтын құрал болды» деген Дьюи сөзімен тәмәмдайды.
«Өнер философиясына кіріспе» кітап өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын өнер эстетикалық құбылысына қызығатын оқырманға таптырмас құрал. Кітап қазақ тілін жетік меңгерген , жоғары оқу орны студенттеріне оқуға негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет