3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА (Әдебиет)
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да өзгеше еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.
Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Оның ерекше күшті, ашық даусы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Әннің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.
Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.
Мәтін кім туралы? _______________________________________________
Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Кестеге жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |