Оның айтуынша, «Ашық үкімет» порталы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын және Қр тұңғыш президентінің 5 институтционалды реформасын іске асрыу үшін құрылған



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі88,22 Kb.
#66364
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс


Оның айтуынша, «Ашық үкімет» порталы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын және ҚР Тұңғыш президентінің 5 институтционалды реформасын іске асрыу үшін құрылған. Бүгінде «Ашық үкімет» порталы мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысының негізгі арналарының бірі болып отыр.
«Ашық үкімет» порталы арқылы азаматтар мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді және оған «Ашық үкіметтің» 4 құрамдас бөлігі ықпал етеді. Атап айтқанда олар Ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет порталы, Ашық деректер интернет порталы, Ашық бюджеттер және Ашық диалог интернет порталдары. Ашық деректер порталында мемлекеттік органдар сипаттамалық және анықтамалық ақпаратты орналастырады. Азаматтар өз кезегінде оларды мобильді қосымшаларды әзірлеу кезінде пайдаланады,-деді Молдабеков.
Ал, Ашық диалог порталында азаматтар блок платформа сервисі арқылы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына тікелей өз сауалдарын қоя алады. Қазір Ашық диалог порталында шамамен 540-тан астам басшының блогы бар екен.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын орналастырады. Ал, азаматтар сол нормативтік–құқықтық актілерге комментари жазу арқылы жалпы талқылауға қатысады. Жалпы ашық порталы мемлекет пен қоғам арасындағы кері байланысты нығайту және күшейту үшін құрылған,-деді ол.
Сонымен қатар ол Ашық үкімет порталдарында мемлекеттік органдардың ақпаратты орналастыру сапасын және оның мерзімін қалай қадағалайтындарын айтып берді.
Ашық үкімет порталдарындағы мемлекеттік органдар жұмысының сапасын бақылау үшін Ақпарат министрлігі ақпараттық ашықтық бағыты бойынша мемлекеттік органдардың жыл сайынғы бағалауды жүргізеді. Соның аясында біз барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды бағалаймыз,-деді Абылайхан Молдабеков.
"Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында қоғамдық талқылауға "Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы шығарылды. Онда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына рақымшылық жасалатын сотталушылар санатының тізімі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет