Оның әрбір кезеңде тіл білімінің әр алуан мәселелерін шешіп, қосқан үлесі, тіл теориясының әрқилы сұрақтары әртүрлі тілдердің деректері бойын­ша шешімдері қазақ тіл білімінде аса маңызды рөл атқарады



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі94,53 Kb.
#129053
1   2   3   4
«Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінде жүйелі түрде қарастырылды. Морфологияның жеке сөз таптарына қатысты мəселелері 40-50 жылдары М. Балақаевтың «Қазақ тілі грамматикасының кейбір мəселелері» (1941), А. Ысқақовтың «Қазақ тіліндегі үстеулер» (1950), Ғ. Мұсабаевтың «Сын есімнің шырайлары» (1951), Ə. Хасеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер» (1957), Р. Əміровтің «Қазақ тіліндегі шылаулар» (1959), Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіліндегі одағайлар» (1959) т.б. ғалымдардың зерттеулерінде сөз етілді. Сөз таптарының жекелеген мəселелері 60-жылдары Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер» (1960), Ж. Шакеновтің «Қазақ тіліндегі сын есім категориясы» (1961), А. Ибатовтың «Қазақ тіліндегі есімдіктер» (1961), 7 Ə. Төлеуовтің «Қазақ тіліндегі есім категориясы» (1963) атты еңбектерінде лексика-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан жан-жақты талданды. Қазақ тілінің морфологиялық құрылысын жан-жақты қарастыруда тілдік жүйені құрайтын құрылымдардың мағынасын, қызметін, бірбірімен байланысын айқындаудың өзіндік маңызы бар. Соның ішінде сөздің морфологиялық құрылымы грамматиканың аса маңызды мəселелерінің бірі болып танылады. Сөздердің морфологиялық құрылымы жағынан əртүрлі сипатта болып келуі олардың құрамындағы морфемалардың түрі жəне қызметімен анықталады. Соның негізінде сөз жəне морфема морфологияның зерттеу нысаны, ал сөз формалары мен сөздің грамматикалық құрылысын зерттеу морфологияның негізгі міндеті ретінде танылады. Тілдегі сөздерді сөз таптарының белгілі бір түріне бөліп, оның сол сөз табы қатарында қаралуын анықтау арқылы да морфологияның негізгі міндеттері сараланады. Грамматиканың бір саласы ретінде морфология сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырушы жəне сөзді тұлғалық жағынан түрлендіруші морфемалардың сөз таптарына қатысын, сөз таптары категорияларындағы сипаты мен сөзге үстейтін грамматикалық мағыналарын қарастырады. Сөздің морфологиялық құрылымы тілдегі морфема ұғымымен тығыз байланысты. Морфема жəне оған қатысты түбір морфема, көмекші немесе қосымша морфема ұғымдары морфологиялық негізгі ұғымдар қатарынан орын алады. «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» (2005) морфема «ары қарай жіктелмейтін, ең кішкентай белгі ретінде танылатын негізгі тіл бірліктерінің бірі» ретінде түсіндіріліп, белгілі бір морфологиялық құрылым деңгейінде бір морфеманың түрлі алломорфтарында алмасып отыратын фонемалар морфемаларға жатқызылады. Морфема ұғымы қазақ тілінің грамматикаларында да түрліше сипатталады. Мəселен, «Қазіргі қазақ тілінде» (1954) сөздің мағыналы əрбір бөлшегі морфема деп анықталса, «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) морфема сөздің я лексикалық, я грамматикалық мағынасын білдіретін жеке бөлшегі ретінде түсіндіріледі. Бұл тұжырымдарға ортақ нəрсе: морфема сөздің мағыналық бөлшегі ретінде қарастырылады. Сөз құрамында морфема өзінің əр алуан қолданысымен, мағынасымен ерекшеленеді. Ғалым А. Ысқақов əрбір сөз өзіне тəн тұлға-тұрпатының арқасында бір бүтін тұлға ретінде қызмет еткендігімен, сол тұлға-тұрпатының (құрылымы) лексикалық жəне грамматикалық сипаттарымен бай- 8 ланысы сөздердің морфологиялық құрылысы жағынан əрқилы болуына ықпал етіп, сол əрқилылық сөз құрамдарының əртүрлі болуына байланысты болса, сөз құрамының əртүрлі болуы, оның бөлшектеріне байланысты екендігін атап көрсетеді. Ал Н. Оралбай сөздің морфологиялық құрылымын морфологияның маңызды мəселелерінің бірі ретінде қарастырып, морфеманы «сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналы бөлшегі» деп анықтайды. Сөздің морфологиялық құрылымының бір бөлшегі ретінде қолданылатын морфемалар бір-бірінен мағынасы мен қызметі жағынан ерекшеленеді. Осы ерекшеліктеріне, яғни мағынасы мен қызметіне қарай қазақ тілінің морфемалары түбір жəне көмекші морфема болып екіге бөлінеді. Түбір морфема сөздің ең түпкі негізгі бөлшегі ретінде құрылысы, мағынасы жағынан əрі қарай бөлшектеуге келмесе, көмекші морфемалар өз алдына жеке тұрып, ешбір мағына білдірмейді, тек түбір морфемаларға қосылып, оған əртүрлі қосымша мағына үстейді. Түбір морфема сөздің морфологиялық құрылысы мен мағынасына ұйытқы болып, негізгі морфема қызметінде қолданылады. Ғалым А. Ысқақов морфеманы «сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер» ретінде анықтап, оның өзіне тəн мазмұны мен формасы болатындығын айтады. Сөздердің морфологиялық құрылымы жағынан əртүрлі құрамда болуы оның құрамындағы морфемалардың сипатына, қолданысы мен мағынасына байланысты.
Морфология саласы аса күрделі болғандықтан, сәйкесінше түрлі зерттеулер мен пікірлер қалыптасқан. Қазіргі күнге дейін өзгеріс енгізетін, әлі де зерттеуді талап ететін ұғымдар да бар.
Грамматикалық форма сөйлеу үдерісінде сөздерді өзара байланыстырып, əртүрлі грамматикалық мағына үстейді. Нөлдік форма мен грамматикалық форма грамматикалық мағынаны білдіру қызметімен ерекшеленеді. Нөлдік форманың өзіндік белгілерін анықтауда Ы. Маманов, С. Исаев, Н. Оралбай, Ж. Балтабаева т.б. ғалымдар оның түрлі ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Мəселен, С. Исаев, Н. Оралбай «белгіленушісі, яғни мағынасы бар», «сөздердің түрлену жүйесінен, парадигмадан орын алады», «парадигмада оппозиция болады» десе, Ə. Төлеуов, Н. Сауранбаев, Ж. Балтабаевалар «қосымша сөзге бірде жалғанып, бірде жалғанбай қолданылады, бірақ жалғанбаса да мағына білдіреді» деген тұжырым жасайды.
Қазақ тіліндегі сөздер мағыналық (семантикалық) жəне морфологиялық белгілеріне қарай түрліше топтастырылады.Бұл бөлініс турасында да қазақ тіл білімінде түрлі ұстанымдар қалыптасқан. Мұндай көзқарастар қазақ тілі грамматикалары мен А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Н. Оралбай, т.б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Мəселен, 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде қазақ тіліндегі сөздерді негізгі жəне көмекші сөздер деп екіге бөлсе, 1967 жылғы «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» еңбегінде атаушы сөздер, көмекші сөздер жəне одағай сөздер деп үш топқа бөледі. Сондай-ақ қазақ тіл білімінің негізін салушы ұлы ғалым А. Байтұрсынов өзінің «Тіл – құрал» еңбегінде атауыш сөздер, шылау сөздер деп екіге, А. Ысқақов атаушы (А. Байтұрсыновта атауыш сөздер. автор) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп үш топқа бөледі. Ғалым

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет