Оның әрбір кезеңде тіл білімінің әр алуан мәселелерін шешіп, қосқан үлесі, тіл теориясының әрқилы сұрақтары әртүрлі тілдердің деректері бойын­ша шешімдері қазақ тіл білімінде аса маңызды рөл атқарады



бет4/4
Дата27.11.2023
өлшемі94,53 Kb.
#129053
1   2   3   4
Н. Оралбай «сөздерді атауыш жəне көмекші сөздер деп топтастыруда тілдегі сөздердің жалпы ерекшеліктері ашылып, соған байланысты мағыналы топтары, сөйлемдегі ойды білдіру қызметі белгіленетіндігін» атап көрсете отырып, бұл екі топтан басқа ерекше топ – одағай сөздердің бар екендігі осы топтастырудан анықталатындығын айтады. Соның негізінде тілдегі сөз атаулыны, алдымен, атауыш сөздер, көмекші сөздер деп екі топқа бөліп, əр топтың өзіне тəн белгілері мен ерекшеліктерін бөліп көрсетеді.
Морфологияға қатысты ұстанымдар, ғалымдар арасындағы пікірталас өте көп. Оларды салыстыра отыра, аражігін оңай ажырата алуымызға болады. Ғылымның қай саласында болмасын ғасырлар бойы өзектілігін жоймай, керісінше, зат пен құ­былыстың мәні тереңірек түсінуге жол көрсететін және тың тұжырымдар жасауға қозғау салатын ғылыми тұжырымдар мен ой­пайымдаулар, ғұмырлық еңбектер болады. Осындай қазақ граммати­ касына қатысты айтылған, күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған ХХ ғасырдың басындағы қа­ зақ ғалымдарының тұжырымдары мақала өзегін құрайды. Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін қалайды десек, оның нышандары өткен ға­ сырдың бірінші жартысында жарық көрген А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов зерттеуле­ рінде айқын көрініс береді. Бұл ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді. Солардың бірі – тілдегі функционалдық бағыт. Бұл мәселе мақала деңгейінде А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектеріндегі етістік категорияларына және С. Аманжоловтың септік категориясына қатысты жасаған ғылыми тұжырымдарына талдау жүргізу арқылы зерделенген.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы,1967

  2. Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар. – Алматы, 1997

  3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы : Санат, 1996.

  4. Хасенов Ə. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 1996.

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет