Оның негізгі мақсаты өзін басқаға жеткізу, ол монологтан көрі диологқа сұхбаттасуға жақын



Дата10.02.2023
өлшемі13,09 Kb.
#66770

Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетін  ұйымдастыру тәсілінен, олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі даму дәрежесі. Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде, ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін қолданылады.

Оның негізгі мақсаты өзін басқаға жеткізу, ол монологтан көрі диологқа – сұхбаттасуға жақын.


Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әр түрлі субмәдениеттер бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әр түрлі таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың ролі қазір азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының мәдениеті өте төмен болады, ол білімнен жеке бас гигенасына дейінгі бар сферада байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті жалпы жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң этикет, таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық) дәстүрлерді сақтау.


Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады.


Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.


Саяси мәдениет – мәдениетті сезіну, саяси мінез-құлық, қоғамның саяси өмірінің, саяси процестің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін мемлекеттің және саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеу элементтері мен феномендерінің жиынтығы.


Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады.


Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған.


Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты.


Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен роль атқарады.


Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.

Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар. Бірақ «Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды.


Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйешелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытындылаған, идеяланған үлгінің немесе тектің көмегімен бөлшектеу жатыр.


Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар бірыңғай «құрылым жоспарын» іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолдана бастады.
Мәдениет типологиясын анықтайтын басқа маңызды логикалық-танымдық тәсілге осындай жіктемелік құрастырудың танымдық мақсаттарын, міндеттерін анықтау жатады. Зерттеулік танымдық міндеттер оларды мәдениеттің осы жіктемесінің негіздерісапасында таңдап алынатын сипаттамалардың жиынтығын анықтайды. Сондықтан, міндетті орындардың бірнеше негіздері бола алады, ол осыдан мәдениеттерді типологияладырудыңкритерийлері де бірнешеу болады.


Мәдениеттің морфологиясы жалпы түрде мәдениеттің болмысын құрайтын әртүрлі формалар болып табылады және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерін қарастырады. Оларға миф, дін, өнер, ғылым жатады. Бастапқыда, қарабайыр мәдениет кезеңінде мәдениеттің бұл компоненттері ажырамас түрде өмір сүріп, қарабайыр синкриз деп аталады. Мәдениетті дамыту процесінде бұл формалар тәуелсіздікке ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет