1 Бизнес өнімі
Қазіргі бизнес жоспардың өндіріс айналымын ескере отырып, жеке кәсіпкердің қызметін жеңілдетілген түрде іске асыру ұсынылады.
Тап осы бизнес жоспар басшылықтың іске көшуінің ең соңғы нұсқасы емес. Осындай бизнес идеялардың дамуы потенциалды мүмкіндікті көрсетеді. Өндірістің қызмет көрсету жоспарында бәсекелестік басымдылықты және сатып алынатын спорттық жабдықтар мен бұйымдардың айқын ерекшеліктерін барынша ашып көрсету керек.
Өнім (Қызмет көрсету) сипаттамасы
Дене шынықтыру және сауықтыру-қазіргі таңда қызмет көрсету салаларының ерекше түріне айналған. Соңғы уақыттарда халықтың денсаулықты жақсарту мәселесінде көп қажеттіліктер туындауда, оған қоса оның әлеуметтік маңызы да зор. Осыған орай, спорттық қызмет көрсету кешендерінде ақылы қызмет саласының рөлі зор. Сондықтан да ақылы қызмет көрсету саласының сапасын арттыру да көзделген.
Халыққа ақылы қызмет көрсету саласы -. дене шынықтыру және спорт, денсаулықты нығайту және сақтау, жұмысқа жарамдылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық жабдықтар және басқа да сауықтыру мақсатында қолданылатын обьектілерге бағытталған
Ақылы спорттық қызмет көрсету құрылымының келешегі өте зор. Қазіргі таңда ақылы қызмет көрсету саласының үлесі дамуда. Оның бірден бір себебі әр түрлі бағадағы қызмет түрлерін ұсыну болып табылады.
Маркетинг стратегиясы
Заманауи компаниялардың қызмет көрсету саласы аясындағы бірден бір жетістікке жетуі қызмет көрсету сапасында болып табылады. Нарықтағы бәсекенің нығаюына байланысты қай компанияда қызмет көрсету деңгейі жоғары болса клиент сол компанияны таңдайды.
Клубтың қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл аудару ұйғарылған. Ең әуелі әр клиентке дара тіл табу, шағымдар мен ұсыныстардың (дара тіл табысу, сауалнама жүргізу) бірі қалмастан түгел қарау және қызметкерлер құрамының клиенттермен жайдары және биязы болуы.
Клубтың ашылуынан 1 ай бұрын жарнама компаниясы өз бастамасын жүзеге асырады. Ең алдымен Интернетте жеке веб-қор ашылады, оған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарына және клуб орналасқан ауданда жарық арқылы көрсетілетін жарнамалар таратылады.
Сонымен қатар спорттық дүкендерді де ынтымақтастыққа тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Нұсқа ретінде келесі үлгі жоспарда бар. Мәселен, егер спорттық бір бұйымды сатып алған адамның қапшығына сол спорт клубтың реквизиттері және жеңілдік көрсетілген карточка салынады. Әр келушіге карточка, жеңілдіктер және бонустық шегерім жүйесін енгізу жоспарланған.
Технологиялық үдеріс
Спорт техникасын түсінген спортшыға қандай да бір спорттық жабдықты дұрыс қолдану және жылжыту қиынға соқпайды. Жаттығу техникасын және жабдықтарды қолдана білу-бұлшық еттің дұрыс жетілуінің іргетасы болып табылады. Әр келушіге нұсқаушы 1 ай алдын ала жаттығу бағдарламасын жазып береді. Оған қоса жаттығу бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатса, нұсқаушы қосымша тузетулер енгізуі мүмкін.
2. Нарықты талдау
1. Осы Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) талдау жүргізу машықтарын практикалық игеру мақсатында қолданылады және тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін немесе ондағы нарық субъектілерінің жағдайын талдау мен бағалауды талап ететін жағдайда, оның ішінде:
1) осы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін айқындау және (немесе) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу кезінде;
2) экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау кезінде;
3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың, бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтау кезінде;
4) кәсіпкерлік ортада мемлекеттің болуының мақсаттылығын белгілеу мақсатында акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке және олармен үлестес тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік заңды тұлғалар) тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызметіне талдау жүргізу кезінде пайдаланылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Субсидиарлық – мемлекеттің экономикаға қатысуының көмекші рөлі қағидаты.
Осы Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде айқындалған.
3. Тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген жалпы және ерекше өлшемшарттарға сәйкес жүргізіледі.
4. Бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарына іріктеуді жүзеге асырудың мақсаттары:
бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарына іріктеудің басымдығын анықтау;
бәсекелестікті дамыту және қорғау, оның ішінде монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу жөніндегі жүргізіліп отырған жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады.
5. Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тауарлардың бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау;
2) тауар нарығының шекараларын айқындау,
3) тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;
4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;
5) тауар нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлесін есептеу;
6) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;
7) тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;
8) нарықты талдау жөніндегі тұқжырымдар.
Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың бәсекелестікке қарсы келісімдері мен келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.
Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау нарық субъектісінің үлесі отыз бестен астам, бірақ елу пайыздан аз пайызды құрайтындығын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі бар екендігін көрсеткен жағдайда, осы тармақта көзделген барлық кезеңдерді сақтай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу қажет.
Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдерін қарау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу талап етілмейді.
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болу мақсаттылығын белгілеу мақсатында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметіне талдау жүргізу осы тармақта көзделген кезеңдердің негізінде, сондай-ақ осы Әдістеменің 50, 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттің тауар нарығында болу мақсаттылығын бағалау кезеңін қамтитын
3 Бәсекелестік
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандануына байланысты ол елдің болашағы ұлттық экономикасының жалпы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігі тікелей байланысты.
Ал қазіргі Қазақстанның экономикасы бәсекеге қабілетсіз шикізаттық бағыттағы экономикалық құрылым болып отыр. Бұл жағдай жалпы экономикалық дәлелдегендей экономиканың шикізат бағыттылығы елдің тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Сондай-ақ бүгінгі жаһандану кезінде ұлттық экономика бәсекеге қабілетті болмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болып табылады. Сондықтан да бізге мемлекет ретінде қалыпты жұмыс істеу үшін тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керек. Ал осыдан барып отандық салалардың өз міндеті туындайтыны белгілі. Жалпылап келсек, бәсекеге қабілеттілік – маңызды экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік нарықта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әр түрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсеке қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық нарықта ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі артады. Сонымен қатар, бәсекеге қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын “Бәсеке, оның экономикалық табиғаты, елдің шаруашылық өмірінде атқаратын рөлі” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейге көтеріп, әлемдегі дамыған, бәсекеге барынша қабілетті елу елдердің қатарына қосылу қажеттігінің маңыздылығын ашық айтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Төлеген Қожамқұловтың сөзі ел өміріне қатысты салмақты ой- пікірмен түйіседі. Нарықтық экономиканың өзегі-бәсеке. Бәсеке болған жерде, әрине,жеңген-жеңілгендер, озған-тозғандар да болады. Бұл табиғи нәрсе,-деді ҚазҰУдың ректоры. Сондықтан халық Елбасының Жолдауында айшықталған барлық мәселені әлеуметтік қолдау, баламасы жоқ, баға жетпес жақсылық деп санайды.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономиканың тұрақты дамуындағы маңыздылығын, оның еліміз экономикасының тиімді дамуының бірден-бір даңғыл жолы екендігін ашық айту болып табылады. Сондықтан мен осы мақсатқа жету үшін курстық жұмысты орындау барысында мынадай міндеттерді орындауым керек:
Бәсекенің мәні мен түрлері, оның экономикадағы орнын анықтау;
Бәсекенің түрлеріне байланысты бәсекелестік курестердің формалары, олардың оң және теріс жақтары;
Жетілген бәсекеге сапалы және нарыққа бейім бәсекелік орта негізіндегі сипаты;
Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары және олардың қызмет ету механизмін қарастыру;
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті болуының бүгінгі таңдағы маңыздылығын анықтау және бәсекелестік ортаны қолдау шараларын қарастырмақшымын.
4 БКГ матрицасы
БКГ матрицасы – стратегиялық анализ бен жоспарлаудың инструменті. Бұл матрица компания тауарының маңыздылығын анықтау үшін Бостон консалтингтік группаның негізін қалаушы Брюс Д. Хендерсенмен құрылды. Бұл инструмент теориялық түрде дәлелденген. Оның негізіне екі концепция салынған: тауардың өмірлік циклі және өндіріс масштабының немесе үйрену қисығының әсері.
Матрицада ось бойында нарықтың өсімі (вертикальді ось) және нарықтың үлесі (горизантальді ось) бейнеленеді. Тауарды өндіретін немесе сатумен айналысатын компанияларға тауардың төрт мүмкін рөлін белгілеу арқылы, бұл екі көрсеткішпен тауарды классификациялауға мүмкіндік береді.
БКГ-нің ұсынысы бойынша бұларға екі стратегиялық мүмкіндіктер бар: тез өсіп келе жатқан нарықтың саланың барлық мүмкіндіктерін тез пайдалану үшін агрессивті инвестициялар салу стратегиясы; нарықты игеруге жұмсалған шығындар түсетін пайданы ақтамайтын болса, тез нарықтан кету.
БКГ матрицасы
«Жұлдыздар» «Қиын балалар» жоғары
Нарық
өсімі
«Сауын сиырлар» «Иттер» төмен
Нарық үлесі
Әдеттегі тауардың өмірлік циклы
Әдеттегі инвестиция ағымы
Стратегиялық үй шаруашылығы бөлімдерін классификациялау типтері: «жұлдыздар», «сауын сиырлар», «иттер» және «қиын балалар».
Жұлдыздар. Тауар көлемі мен нарықтағы үлесі жоғары. Нарықтағы үлесін сақтау және үлкейту керек. Жұлдыздар өте жоғары табыс әкеледі. Өсу қарқынының жоғарылығын сақтау үшін инвестиция тартады. Нарықтағы салыстырмалы үлестері жоғары және тез өсіп келе жатқан нарықтардағы компаниялар. Олардан түсетін пайда жоғары және олар перспективалы болып келеді.
Сауын сиырлар. Салыстырмалы нарықтық үлесі жоғары, бірақ баяу дамып келе жатқан салалардағы компаниялар. Сауын сиырларды сақтау және максималды түрде қадағалау керек. Олар қосымша инвестиция көзін тартуға мұқтаж емес және жоғары ақша кірісімен қамтамасыз етілген. Сатудан түскен игілікті қиын балалардың өсуіне немесе жұлдыздарды қолдауға бағыттауға болады. Бұлардың көпшілігі кешегі жұлдыздар.
Иттер. Нарықтағы салыстырмалы үлестері төмен және баяу өсіп келе жатқан салалардағы компаниялар. Бұлардың иттер деп аталуының басты себебі - олардың өсім перспективалары төмен, нарықтағы позициялары да мардымсыз. БКГ-ның ұсынысы бойынша бұл аймақта орналасқан компаниялар өнім жинап, қысқарту шараларын қарастыру қажет.
Қиын балалар. Нарықтағы үлесі төмен, бірақ өсу қарқыны жоғары компаниялар. Олар келешекте жұлдыздар, сондай-ақ иттер тобына жатуы мүмкін. Егер жұлдыздар тобына жатуға мүмкіндігі болса, инвестицияны тарту керек. Ал болмаған жағдайда мұндай компаниялардан құтылу жолдарын қарастыру керек.
Бұл модельдің басты артықшылығы - онда қаржы көздерін шаруашылықтың қай аймағына қарай жұмылдыру қажеттігі анық көрсетілген.
Бостон Консалтинг групп матрицасы негізінде «РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары желісі нарықтағы салыстырмалы үлесі мен сату көлемінің өсу қарқыны бойынша жіктеліп, олардың әр қайсысына қатысты даму стратегиясын әзірлеу мүмкін болды. Матрицадағы ұқсас позицияларда орналасқан мейрамханаларға жиынтық стратегия мен маркетингтік шаралар қолданылады.
Матрица мәліметтері бойынша «Ростик’с», «IL Патио», «Амбар» «Жұлдыздарға» жатады – бұл келешекте жылдам өсуші мейрамханалар, нарықтың толысуы мен қарқынды дамуы жағдайында желіге тұрақты табыс әкеледі, ал шығынды болса «Қиын балалар» жағдайына ауысуы мүмкін, яғни, инвестицияның көп мөлшерін талап ететін, бірақ пайдасы төмен кәсіпорындар қатарына өтеді. «Планета суши» мейрамханасы «Сауынды сиыр» квадрантында орналасқан – бұл мейрамханалар компанияның басқа кәсіпорындарын инвестициялау мүмкіндігі жоғары, олар компанияның нарықтағы көшбасшылық жағдайын қолдаушылар болып табылады. Ал «Мокка Локка» «Қиын балаларға» ауысты, бұл мейрамханаларды көбінесе компанияның нарықтағы үлесін сақтап қала алады және өсу мүмкіндіктерін пайдаланып «Жұлдыздарға» ауысуы мүмкін. «РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары негізінде құрылған БКГ матрицасы бойынша келесідей қорытындылар жасауымызға болады
Бкг матрицасы
Достарыңызбен бөлісу: |