Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары


Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту - басқарылатын процес



бет2/3
Дата25.04.2023
өлшемі27,81 Kb.
#86876
1   2   3
Байланысты:
1 лек

2.Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту - басқарылатын процес.
Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету - өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді.
Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.
Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан өндіру мүмкін.
Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.
Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде қарайды.
Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен ағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын гейі
«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.
Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өнім сапасы және өндіріс тиімділігінің анализін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет