Қоныс Мерей Рауанұлы



Дата10.12.2023
өлшемі14,4 Kb.
#135908

Қоныс Мерей Рауанұлы
Музей
Мен Қоныс Мерей, бүгін музейден алған әсеріммен бөліскім келеді. Ең алғаш бізді гид күтіп және де музей туралы экскурсия жүргізді. Ең алғаш біз үлкен мотоцикл көре алдық, ол байк-ті музейге сыйға тартқан болатын. Музей өте қатты ұнады, ішіндегі атмосфера және де археологиялық жолмен табылған, қазылған бұйым, әшекей көре алдық. Біз бір жерден - екінші жерге өткен сайын бір заманнан екінші заманға өткен секілді, әр аудиторияда өз тематикасымен жасалған және де әр аудиторияда көптеген автоматтар орнатылған, өзіңе қызықты ақпарат табуға болады. Бұл өте қызық және де өте жақсы жетілген. Маған қатты ұнаған аудитория ол хандар кезіндегі қару, мылтық, әшекей-бұйымдар және де тағы да басқа табылған қазбалар.
Алматы музейі туралы қызықты ақпараттар өте көп, мысалы ретінде Алматы музейінің кұрамында мәдени және табиғи ландшафты сақталған “Боралдай сақ қорғандары” әулеттік патша жерлеу кешені бар. Мұражайда тарихи бейнематериалдар мен сирек кездесетін артефактілерді голограмма түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін экспонаттарды көрсетудің заманауи құралдары орнатылған.
Аймақ тұрғындарының өмірі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Верный қаласының тарихы пайда болған кезде, оның әдеттегі мағынасында толық ұсынылған. Андрей Зенковты, оның үстелін және сервантын көре алдым және де, Қазақстандағы биік альпинизмнің негізін қалаушы Евгений Колокольниковты кездестіруге болады. Бұл жәдігерлердің барлығын белгілі алматылықтардың ұрпақтары мұражайға тапсырды. Мұражайда балалар үйінің ғимаратын жобалаған әйгілі сәулетші Пол Гурдемен байланысты экспонаттар бар. Осы экспонаттардың барлығын көріп, өзімді сол ғасырдың уақытында секілдей сезіндім.
Корытындылай келе: Музей өте жақсы жер, көзің,қолың миың тынығу үшін және де өзіңді басқа ғасырда сезінгің келген кезде де келуге болады. Музей өте қызық, атмосфераға толы, және де өз еліңнің тарихын дұрыс танып білгің келсе, осы жерге баруға барлығына ұсынар едім. Музейден алған әсерім, өте керемет, алдағы уақыттада бос уақытта барамын деген ойдамын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет