4.1.7. Тапсырыс беруші Орындаушы енгізетін Шарт талаптарындағы өзгерістерді өз бетінше
қадағалайды.
4.2. Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша Орындаушы онлайн жеке жəне/немесе топтық
сабақтар өткізу жолымен қызмет көрсетеді.
4.3. Қызметтерді көрсету (сатып алу) шарттары-қызметтерді көрсету үшін Тапсырыс беруші
тапсырысты ресімдейді, Тапсырыс бойынша бір қызмет немесе қызметтер көрсетіледі.
5. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, МЕРЗІМІ ЖƏНЕ ТӨЛЕУ ТƏРТІБІ 5.1. Абоненттік төлем Орындаушы ұсынатын оқыту бағдарламалары үшін бекітілген бағаға сəйкес
айқындалады
жəне
таңдалған
тарифке
сəйкес
____________________
(_________________________________________) теңге мөлшерінде болады. Тапсырыс берушінің
өз таңдауы бойынша ақпараттық қызметтің ағымдағы тарифін өзгертуге құқығы бар. Тапсырыс
беруші осы Шарттың 3.3-тармағында көрсетілген электрондық пошта арқылы тарифті өзгерту
ниеті туралы Орындаушыны жазбаша хабардар етуге тиіс. Жаңа тарифті қолдану туралы
хабарлама алған сəттен бастап қызметтерге ақы төлеу жаңа тарифке сəйкес жүргізілетін болады.
5.1.1. пəндер бойынша Ақпараттық қызмет тарифі:
- 1 (
Бір ) пəн - 28000 (
Жиырма сегіз мың ) теңге;
- 2 (
Екі ) пəн – 36 000 (
Отыз алты мың ) теңге;
- 3 (
Үш ) пəн - 45 000 (
Қырық бес мың ) теңге;
- 4 (
Төрт ) пəн - 60 000 (
Алпыс мың ) теңге.
5.2. Қызметтердің құнына қосылған құн салығы кірмейді.
5.3. Тиісті тапсырыс бойынша қызметтерге ақы төлеуді Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеу
күні 100 % (жүз пайыз) алдын ала төлем шарттарында жүзеге асырады. Осымен Тараптар
Тапсырыс берушінің тиісті тапсырысты төлеу жөніндегі міндеттемені орындамауы немесе
тиісінше орындамауы Орындаушыны осындай тапсырысты орындаудан босатады деп келісті, яғни
тапсырысты Тапсырыс беруші ресімдемеген, Орындаушы алмаған жəне тиісінше орындауға
қабылданбаған болып есептеледі.