Ономастика және көрнекі ақпарат:
міндеттер мен ұсыныстар
(Сала мамандарына әдістемелік көмек)
Астана, 2016
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
Бас редактор
Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс коми-
тетінің төрағасы Қ.Ж. Асылов
Редакциялық алқа:
Ғ.С. Мелдешов – Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси
жұмыс комитеті төрағасының орынбасары
Г.М. Құбашева – Нормативтік-лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы
Е.Е.Тілешов – Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үй-
лестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты.
«Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» республикалық семи-
нар-кеңесіне қатысушыларға арналған материалдар / Құрастырушы С.А. Итеғұлова - Астана,
2016 жыл – 81бет
Бұл жинаққа Астана қаласында өткізілген «Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен
ұсыныстар» атты республикалық семинар-кеңестің материалдары енгізілген. Ономастикалық атау-
лар беруді жетілдіру мақсатында дайындалған әдістемелік ұсынымдар сала мамандарына арналады.
3
АЛҒЫСӨЗ
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бел-
гіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі – ономастика саласын рет-
тейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, еліміздегі атауларды
реттеу, көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін рәсімдеуді біріз-
дендіру болып табылады.
Ономастика саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны
жетілдіру мақсатында 2013 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстан Респуб-
ликасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы
мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданып, қолда-
нысқа енгізілді.
Осы заң мен одан туындайтын нормативтік құқықтық актілер не-
гізінде ономастика саласындағы жұмысты жүйелеу және үйлестiру-
дi одан әрi дамыту мәселесін шешудің жолдары үнемі жетілдірілуде.
2015 жылы ономастика саласындағы қатынасты реттейтін қолданыс-
тағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жұмыстарын жүргізу
үшін зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Республикалық ономастика
комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, орталық және жер-
гілікті атқарушы органдардағы тіл мәселесімен, оның ішінде ономас-
тика саласымен айналысатын бөлім басшыларынан тұратын жұмыс
тобы құрылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ономастика
саласын жетілдіру, сондай-ақ республикалық, облыстық, аудандық
маңызы бар қалалардағы, ел астанасындағы, кент, ауыл және басқа да
елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөнін-
дегі ұсынымдар, тарихи жер-су атаулары мен тарихи тұлғалардың
тізімдері әзірленіп, осы жинаққа енгізіліп отыр.
Сонымен қатар жинаққа қазақ азаматтары аты-жөндерінің, атау-
лардың емле ережелері және ономастика саласына қатысты басқа да
бірқатар материалдар топтастырылды.
Ұсынымдық сипаттағы бұл жинақ ономастика және көрнекі ақпа-
рат мәселелерімен айналысатын сала мамандарына әдістемелік көмек
ретінде әзірленді.
4
Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды
ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстар-
ды ұйымдастыратын осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсы-
нымдар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуiрде-
гi №368 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
жанындағы Республикалық ономастика комиссияcы туралы Ереже-
сінің 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді. Ұсынымдар
ішкі мазмұнына орай бірнеше бөліктерге жіктеледі.
Сонымен қатар жергілікті жерлерде ономастикалық объектілерге,
әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау
беру және қайта атау кезінде елімізге белгілі аса танымал тарихи
тұлғалар мен байырғы жер-су атауларын беруді негізге алу қарасты-
рылған. Сондай-ақ сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәселесін
үнемі бақылауда ұстау, жергілікті жерлерде үгіт-насихат жұмыста-
рын жүргізу мәселесі қамтылады.
Ономастикалық жұмыстың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан
Республикасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы-
на, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы ту-
ралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірде-
гі № 368 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы ережеге,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281
қаулысымен бекітілген «Қазақстан Рес публикасының аумағындағы
әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станса-
ларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостанса-
ларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа
да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың
транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды
тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдар-
дың есімін беру туралы» тәртібіне және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген
5
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлік-
теріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының
транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқы-
ның пікірін ескеру қағидаларына негізделеді.
1.2. Осы Ұсынымдарда пайдаланылатын негізгі түсініктер:
1) ономастика–жалқы есімдерді, олардың қалыптасу және түрлену
тарихын зерделейтін тіл білімі саласы;
2) топонимика–географиялық объектілердің атауларын, олардың
қалыптасу, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономас-
тика саласы;
3) оним– жалқы есім;
4) топоним–онимнің түрі, географиялық атаулар;
5) гидроним–топонимнің түрі, су объектілерінің атаулары;
6) ороним–топонимнің түрі, таудың, қыраттың, шоқының атаулары;
7) ойконим–топонимнің түрі, елді мекендердің (ауыл, кент, қала)
атаулары;
8) астионим – топоним түрі, қала атаулары;
9) хороним–топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің
атаулары;
10) транслитерация – бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жеке-
леген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әріппе-әріп
арқылы беру;
11) объектілер – Қазақстан Республикасының аумағындағы объек-
тiлер, мемлекеттiк заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар;
12) әкімшілік-аумақтық бірліктер – қала, аудан, ауылдық округ,
ауыл, елді мекендер;
13) әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктері – шағын
аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, тұйық
көшелер, саябақтар, скверлер, көпiрлер және басқа елді мекендердің
бөлiктері;
14) физикалық-географиялық объектілер – қолданыстағы немесе
пайда болған біршама тұрақты, белгілі бір жерде тұтас қалыптасқан
жер сипатындағы материк, мұхит, теңіз, шығанақ, бұғаз, арал, тау,
өзен, көл, шөл, шөлейт және тағы да басқа табиғи объектілер.
6
2. Ұсынымдардың негізгі бағыттары
2.1. Ұсынымдарды мынадай бағыттар бойынша іске асыру көзделеді:
1) объектілерге атау беру және қайта атау тәртібі;
2) физикалық-географиялық объектілерге атау беру және қайта
атау тәртібі;
3) әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта
атау тәртібі;
4) әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне атау беру
және оларды қайта атау тәртібі;
5) атау беру және қайта атауда халықтың пікірін ескеру тәртібі;
6) облыстық өкілді және атқарушы органдардың қызметі;
7) қалалық өкілді және атқарушы органдардың қызметі;
8) аудандық өкілді және атқарушы органдардың қызметі;
9) көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама мәселелері;
10) өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің физикалық-гео-
графиялық атаулары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған
«Қазақстан Рес
публикасының географиялық атауларының қазақ тілінен орыс
тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне берілуі бойынша» ұсынымы-
на сәйкес берілуін басшылыққа алу;
11) өзгертілген көшелер, даңғылдар, орамдар және т.б. атаулары-
ның көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған
«Республика
лық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астана
дағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагта
рын жазу және орналастыру жөніндегі» ұсынымға сәйкес берілуін
басшылыққа алу.
3. Объектілерге атау беру және қайта атау тәртібі
3. Объектілерге атау беру және қайта атау кезінде:
3.1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республика-
лық ономастика комиссиясы мемлекет меншігіндегі объектілерге,
мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқа да әкімшілік-ау-
мақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне (даңғылдарға, көшелерге,
орамдарға, саябақтарға, көпірлерге) атау беру және оларды қай-
та атау жөнінде шешім қабылдау кезінде ең бірінші кезекте қазақ
халқының, қазақ елінің тарихында айрықша орын алатын, жалпы ха-
7
лық білетін әрі құрмет тұтатын ұлы тұлғалардың, аса көрнекті мем-
лекет, қоғам, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің, мемлекеттік жоғары
наградалармен марапатталған және басқа да ерекше еңбек сіңірген
жеке адамдардың есімдерін беруді негізге алуы қажет;
3.2. Білім және мәдениет мекемелеріне Қазақстан тарихындағы
аса көрнекті тұлғалардың, аталған салаларға айрықша еңбек сіңірген
республикаға танымал адамдардың ғана есімдері берілуі шарт;
3.3. Бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi объектілерге
(білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық мекемелері) бiр атауды
бiр мәрте ғана беру тәртібін қатаң бақылау;
3.4. Тұлғаларға атау беру олардың қайтыс болған күнінен бастап
кемінде 5 жыл өткен соң ғана жүзеге асырылады;
3.5. Облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы объектілерге,
мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқа да әкімшілік-ау-
мақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне (даңғылдарға, көшелерге,
орамдарға, саябақтарға, көпірлерге) атау беру және қайта атауда
бірінші кезекте осы ұсынымның 3.1. тәртібін басшылыққа алады;
3.6. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ономастикалық ны-
сандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіруге қа-
тысты ұсыныстарды (қабылдау/қарастыру) зерделеу және пысықтау
мақсатында құрылған ғалымдар мен ономастика саласының маман-
дарынан тұратын жұмыс топтарының сараптамаларын негізге алады;
3.7. Объектілерді көзі тірі адамдардың есімдерімен атауға болмайды;
3.8. Объектілерге атау беру, атау берілген (өзгертілген) күнінен
бастап он жыл өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады;
3.9. Әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол
стансаларына, автовокзалдарға объекті орналасқан сол елді мекен-
нің, қаланың атауы беріледі, бірнеше объектілер кездескен жағдайда
олар реттік сандармен белгіленеді (мысалы, 1-Астана, 2-Астана);
3.10. Метрополитен стансаларының атауы объектінің орналасқан
аудан, көше, әкімшілік ғимаратының, табиғи, тарихи-мәдени, қала
құрылысы және өзге де маңызды объектілерге сәйкес алынады;
3.11. Ұсынылатын атаулар Қазақстан Республикасының тарихы
мен мәдениетіне, мемлекеттік және қоғамдық мүддеге, моральдық
және адамгершілік қағидаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен бірге
нысан атаулары атқаратын қызметіне сай ақпарат беруі тиіс.
8
4. Физикалықгеографиялық объектілерге атау
беру және қайта атау тәртібі
4.1. Физикалық-географиялық объектілерге атау беру және қайта
атау кезінде өзінің тарихи атауымен, объектінің орналасқан елді ме-
кен атауымен, табиғи, тарихи-мәдени және өзге де маңызды объек-
тілердің атауымен атау;
4.2. Өзгертілген физикалық-географиялық атаулар Қазақстан
Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика
комиссиясымен мақұлданған
«Қазақстан Республикасының гео
графиялық атауларының қазақ тілінен орыс тіліне және орыс
тілінен қазақ тіліне берілуі бойынша» ұсынымына сәйкес берілуін
басшылыққа алу.
5. Әкімшілікаумақтық бірліктерге атау беру және
қайта атау тәртібі
5. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау кезінде:
5.1. Елді мекенді тарихи атауымен қайта атау кезінде оның ұлттық
байырғы атауы туралы расталған мұрағаттық құжаттар, жазбаша та-
рихи деректер ескеріле отырып, негізге алынады;
5.2. Мұрағат құжаттары, жазбаша тарихи деректер болмаған
жағдайда жергілікті көнекөз қариялардың, ғалымдардың, өлкета-
нушылардың пікірлеріне сүйену қажет;
5.3. Жергілікті жердің географиялық ерекшеліктері, климаттық
жағдайлары ескеріледі;
5.4. Қалаларға, қала үлгісіндегі кенттерге, аудандарға, ауылдарға,
ауылдық округтерге кісі есімдері берілмейді;
5.5. Бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге,
елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру
тәртібін қатаң бақылау;
5.6. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атау оның атау берілген
(өзгертілген) күнінен бастап кемінде он жыл өткен жағдайда ғана жү-
зеге асырылады;
5.7. Өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары Қа-
зақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық оно-
мастика комиссиясы мақұлдаған
«Қазақстан Республикасының
геог рафиялық атауларының қазақ тілінен орыс тіліне және орыс
тілінен қазақ тіліне берілуі бойынша» ұсынымына сәйкес беріледі.
9
6. Әкімшілікаумақтық бірліктердің құрамдас
бөліктеріне атау беру және қайта атау тәртібі
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне атау
беру және қайта атау кезінде:
6.1. Бірінші кезекте осы ұсынымдардың 3.1., 3.4., 3.5. тәртібі бас-
шылыққа алынады;
6.2. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған әкімшілік-ау-
мақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне (даңғылдарға,
көшелерге, орамдарға, саябақтарға, көпірлерге) атау беру және олар-
ды қайта атау кезінде бірінші кезекте тарихи, байырғы жер-су атау-
лары негізге алынады;
6.3. Мағыналары тар атаулар немесе жалпылық сипатта болатын,
жеке тұлғалардың есімдеріне меңзейтін және тарихи-дәстүрлі атау-
ларға негізделмеген атаулардың берілмеуі қадағаланады (Мысалы:
Ботагөз, Қарлығаш, Замандастар, Мектеп, Мерей, Мұрагер т.б.);
6.4. Бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге,
елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру
тәртібін қатаң бақылау;
6.5. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін қайта
атау оның атау берілген (өзгертілген) күнінен бастап кемінде он жыл
өткен жағдайда ғана жүзеге асыру;
6.6. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөлік-
теріне атау беру және оны қайта атау кезінде берілетін атаулардың
мағынасы, сондай-ақ атаудың тарихи және мәдени құндылығы солар-
дың сипатына, жағдайына, тұрқына сәйкес келуі тиіс.
6.7. Өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөлік-
тері атауларының көрсетікіштері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған
«Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар
дағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі
көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі» ұсынымға
сәйкес берілуін басшылыққа алу.
7. Атау беру және қайта атау кезінде тиісті аумақ
халқының пікірін ескеру тәртібі
7. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру тәртібі қолданыстағы
10
2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Үкіметтің қаулысымен бекітілген
«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлік-
теріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының
транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқы-
ның пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады:
7.1. Республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алма
ты) тиісті аумақ халқының пікірін ескеру:
7.1.1. Республикалық маңызы бар қалалардағы (Астана мен Ал-
маты) аудандарға, қаладағы құрамдас бөліктеріне атау беру және
оларды қайта атау кезінде,тиісті жергілікті атқарушы органдар тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды тиісті
мәслихаттардың қарауына енгізеді;
7.1.2. Тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комис-
сияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп,
хаттамамен ресімделеді;
7.1.3. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хатта-
малары жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың
интернет-ресурстарында орналастырылады және тиісті әкімшілік-
ау мақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құрал-
дарында жарияланады;
7.1.4. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттама-
сымен ресімделген республикалық маңызы бар қаладағы аудандарға,
құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезінде тиісті ау-
мақ халқының ескерілген пікірі Қазақстан Республикасының қолданыс-
тағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ономастика комиссияларының
(Республикалық ономастика комиссиясы) қарауына ұсынылады;
7.1.5. Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен
кейін Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың (Астана
мен Алматы) ономастика комиссиясы республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне
атау беру, оларды қайта атау бойынша қорытындылар береді;
7.1.6. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қала-
дағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау,
сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өз-
герту жөнiндегi мәселені республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары республика-
11
лық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиясының қо-
рытындысы негiзiнде шешім шығарады.
7.2. Облыстық маңызы бар қалалардағы (облыс орталықта
ры мен облыстық маңызы бар қалалар) тиісті аумақ халқының
пікірін ескеру:
7.2.1. Облыстық маңызы бар қалалардағы (облыс орталықтары
мен облыстық маңызы бар қалалар) аудандарға, қаладағы құрамдас
бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезінде тиісті жергілік-
ті атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін қа-
жетті материалдарды тиісті мәслихаттардың, яғни облыс орталығы-
ның, облыстық маңызы бар қаланың қалалық мәслихаттың қарауына
енгізеді;
7.2.2. Тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комис-
сияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп,
хаттамамен ресімделеді;
7.2.3. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хатта-
малары жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың
интернет-ресурстарында орналастырылады және тиісті әкімшілік-
ау мақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құрал-
дарында жарияланады;
7.2.4. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хатта-
масымен ресімделген облыстық маңызы бар қаладағы аудандарға,
құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезінде тиісті
аумақ халқының ескерілген пікірі Қазақстан Республикасының қол-
даныстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ономастика (Республи-
калық ономастика комиссиясы) комиссияларының қарауына ұсыны-
лады;
7.2.5. Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен
кейін облыстық өкілді және атқарушы органдар облыстық маңызы
бар қаладағы аудандарға, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қай-
та атау бойынша мәселе облыстық өкілді және атқарушы органдар-
дың бірлескен шешімімен жүзеге асырады.
8. Облыстық өкілді және атқарушы органдардың қызметі
8. Облыстық өкілді және атқарушы органдар:
8.1. Облыстық ономастика комиссиясының құрамына филолог ма-
12
мандар, тарихшылар, өлкетанушылар және тағы басқа да ономастика
саласын зерттеп жүрген ғалымдарды енгізеді;
8.2. Облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы бо-
лып табылатын тіл саясатымен айналысатын басқармалар облыс-
тық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне (көше, даңғыл,
орамдар, саябақ және т.б) атау беру және қайта атау бойынша тиісті
жұмыстар жүргізіп, құжаттарды сараптап, толықтырып, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика ко-
миссиясының қарауына ұсынады;
8.3. Елді мекендерді, кенттерді, ауылдық округтерді, ауылдарды
және т.б. атау және қайта атау мәселесі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының
келісімінен кейін облыстық ономастика комиссиясының отырысында
қаралады;
8.4. Бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге,
елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру
тәртібінің сақталуын қатаң бақылайды;
8.5. Облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау
беру және қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру
қолданыстағы 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Үкіметтің қаулы-
сымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес және осы ұсы-
нымның 7-бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар
жүргізеді;
8.6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республика-
лық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын құжаттарды
сараптап, яғни қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге
және осы әдістемелік ұсынымда көрсетілген тәртіпке сәйкес жолда-
нуын жіті қадағалайды;
8.7. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және
осы әдістемелік ұсынымда көрсетілген тәртіпке сәйкес келмейтін құ-
жаттарды қабылдамай, кері қайтарады;
8.8. Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәселесін бақылауды
11-бөлікте көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді;
8.9. Атау беру және қайта атау кезінде ұсынылған атаулар бойынша
13
республика халқының құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында
халықпен түсіндіру жұмыстарын, мерзімді баспасөзде материалдар
жариялау, теледидар мен радиодан (белгілі зиялы қауым өкілдерін
тарта отырып) хабарлар ұйымдастырады;
8.10. Ономастиканың көкейтесті проблемалары бойынша респу-
бликалық конференциялар, өңірлік көшпелі семинарлар, дөңгелек
үстелдер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |