Онтогенез Филогенез Ұрық жапырақшаларының дамуы


Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі



бет3/3
Дата25.09.2023
өлшемі1,28 Mb.
#110143
1   2   3
Байланысты:
6bio

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі.

Сатылары

өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.


Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік жасушаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп,

Ұрық жапырақшаларының дамуы

Ұрық жапырақшасы (folіa embryonal) — көп клеткалы жануарлар ұрығының даму кезеңінде денесінің сыртында (гаструлация процесі кезінде) тіндер мен органдар пайда болатын қабаттар. Ұрық жапырақшасын кейде ұрық тақташалары деп те атайды. Көптеген көп клеткалы жануарларда негізінен 3 түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі.


Оның сыртқы қабаты — эктодерма, ортаңғысы — мезодерма, ал ішкі қабаты — энтодерма. Қағанақты жануарларда ұрықтық және ұрықтан тыс эктодерма, мезодерма және энтодерма қабаттары ажыратылады. Эктодерма қабатынан түзілген ұрық жапырақшасы жабын және сезгіш қызметтер атқарады. Мезодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қозғалтқыш, тіректік және қоректік қызмет атқарып, ұрықтың дене бөліктерін бір-бірімен байланыстырады. Ал энтодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етеді.

Филогенез(жантану)


Филогенез (гр. рһуіоп — түр, туыс және гр. genesis — шығу тегі) — организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; организмнің тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әр түрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке-дара даму — онтогенез бен тарихи даму — филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді. Филогения — организмнің тарихи дамуы. Филогенез терминін 1866 ж. неміс биологі Э. Геккель (1834 — 1919) ұсынады. Филогенез процесін және оның заңдылықтарын филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің мақсаты — жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және организмдер арасындағы туыстық байланыстарды анықтау. Ағылшын эволюцияшысы В. Гарстанг филогенезді ұрпақтан-ұрпаққа өтетін олтогенез деген пікір айтты. Бұл пікірді орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884-1963) дамытып, филогенезді онтогенездің белгілі қатары деп атады.
Бақылау сұрақтары:
1.Гаметогенез дегеніміз не?
2.Овогенез, сперматогенездің үрдісі қандай?
3.Эмбриогенез процесі туралы баяндаңыз?
4.Филогенез үрдісі қай уақытта жүреді?

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет