«Береке орта мектебі МДШО» мкм-де «Зорлық-зомбылық- бұл күш көрсету ме?» деген тақырыпта өтілген тренингінің өтілу
хабарламасы
Мектеп психологы Т.Аманжолқызы балалармен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік бере отырып, Балалар құқықтары туралы халықаралық конвенциядан ( слайд арқылы көрсетілді. Топтық жұмыс жүргізілді,амандасу – «таныстыру» жаттығуы жүргізілген соң нұсқау берілді. әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Еркеблан ержүректі жігітпын...
Оқушылар түгел амандасып болғаннан кейін топқа бөлінеді.
Оқушылар топқа бөліну үшін әр бір оқушы үстелде қойылған смайликтерді алып 3 топқа бөлінеді.
«Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постермен жұмыс жасап, қорғады.
«Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.
1. Зорлық –зомбылық –ол....
2.Физикалық зорлық –зомбылық -ол
3.Психологиялық -
4.Экономикалық зорлық деген-
5.Қорқыту –ол...
5. «Қайта байланыс» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырып, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдірді
ДТІЖО: Г.Тынышбайқызы
Мектеп психологы: Т.Аманжолқызы
Достарыңызбен бөлісу: |