Описание материала: Көлемі: 516. 0Kb Тегін рефератты жүктеу үшін төмендегі картинканы басуыңыз керек! [Рефератты жүктеу] Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан – 2030»



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі118 Kb.
#98818
түріРеферат
  1   2

Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру

Описание материала:
Көлемі: 516.0Kb
Тегін рефератты жүктеу үшін төмендегі картинканы басуыңыз керек!



[Рефератты жүктеу]

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.


Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттердің міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, оларға патриоттық тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл - сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол - қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.
Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас болып табылады.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге жойылды. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беру, олардың бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін, елімізде тыныштық пе бейбітшіліктің мәңгілік қанат жаюын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.
Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, болашақ мамандарға тәлім-тәрбие беру мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазин, Қ.Ж.Аганина, Ш.Ә.Әбдіраман, Б.Әбдікәрімұлы, С.Ә.Әбдіманапов, Ғ.З.Әділғазинов, Е.З.Батталханов, А.А.Бейсенбаева, В.В.Егоров, С.Т.Каргин, Б.Т.Кенжебеков, Ғ.М.Кертаева, М.С.Мәлібекова, Г.Ж.Меңлібекова, Б.К.Момынбаев, Н.Ә.Мыңжанов, Л.А.Шкутина, Н.Д.Хмель, т.б.еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау, мамандардың этнопедагогика және этномәдениет негізінде кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдар М.Х.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева,т.б. еңбектерінің арқауы болды.
Жастарға интернацоналдық-патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеумен республикамызда бірқатар ғалымдары айналысып, мына бағыттарда зерттеулер жүргізді:
- ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі - С.Ешімханов, Р.С.Елубаева, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, С.Нұрмұқашева, Н.Р.Рамашов т.б зерттеулері;
- қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизмді қалыптастыру - К.Т.Әбілғазиева, Ғ.Б.Базарғалиев, Ж.Бөжиг, Д.С.Құсайынова, т.б. зерттеулері;
- халық педагогикасы арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру – А.А.Бейсембаева, Ж.Н.Қалиев, М.Ж.Құрманбаева, т.б. зерттеулері.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру мәселесіне А.К.Қалимолдаева, Е.С.Салтанов, Ү.К.Санабаев зерттеулері арналды.
А.К.Қалимолдаева зерттеуінде қазіргі жағдайда тұтас педагогикалық процесте болашақ мамандардың патриотизмін қалыптастыру мәселесі зерттелді.
Е.С.Салтанов әскери кафедра материалдары негізінде жоғары оқу орындарының оқу процесінде әскери-патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін анықтап, әдістемесін жасаған.
Ү.К.Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған талдау зерттеп отырған мәселенің әлі де болса толық шеміні таппағанын байқатты. Осыдан келіп, қазіргі жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады. Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде студенттерді ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі, қазақ этнопедагогикасы арқылы студенттерге патриоттық тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Сондықтан студенттердің оқу-тәрбие процесін қазақ этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.
Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беру процесі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнындағы қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктерін анықтап, патриоттық тәрбие берудің моделін жасап, оқу-тәрбие процесіне ендірсе, онда студенттерге патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады, өйткені халықтың педагогикалық тәжірибесі - патриоттық тәрбие өзегі.
Зерттеудің міндеттері:
қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздерін ашу;
студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;
студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделін жасау;
қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие идеялары жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, этнопедагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеудің негізгі көздері: әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-тәрбиелік мұралары; Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (2000); оқу және тәрбие процесінің бағдарламалары; психологтар мен педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық, әдебиеттерге талдау жасау; жоғарғы оқу орындарында студенттердің оқу-тәрбие процесін бақылау; студенттермен әңгіме жүргізу; сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері ашылды;
«қазақстандық патриотизм» мен «ұлттық патриотизм» ерекшеліктері айқындалды жәні анықтамалары нақтыланды;
 жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің моделі құрылды;
қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
Жоғарғы оқу орны студенттерін патриотизмге тәрбиелеуде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды орта арнаулы оқу орындарының оқу- тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болады.
Студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды. Олар мына бағытта пайдаланылады:
- «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» атты типтік бағдарлама жасалып, оқу-тәрбие процесінде пайдаланылды;
- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, оқу процесіне енгізілді;
- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курсты оқытудағы тәрбиелік іс–шаралар жүйесі жасалынды (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату, аударыспақ, т.б. жарыстары);
- «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты оқытушылармен семинар бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық-педагогикалық негіз зерттелді, патриоттық тәрбие беру бойынша деректер жинақталды.
Екінші кезеңде (2002-2005 жж.) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, жоғары оқу орындарында іс жүзінде жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2005-2007 жж.) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланды. Патриоттық тәрбиеге байланысты педагогикалық құнды ой -пікірлер сараланып, жүйеге келтірілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасалды, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды.
Зерттеудің базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінде, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану және дене тәрбиелеу мәдениеті факультетінде өткізілді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері;
 студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм ерекшеліктері мен ұлттық патриотизм ерекшеліктері;
студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі;
 тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың әдістемесі мен нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі.
Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда көрсетілді (Қарағанды-2002-2006; Астана-2005; Павлодар-2005) және ғылыми басылымдарда (Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2003, №4, 2004, №4, 2006, №4; Қазақстан мектебі, 2005, №5-6; Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы, 2006, №2; Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2006, №2) жарияланды. «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» типтік бағдарлама, «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты әдістемелік нұсқау әзірленді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, негізгі кезеңдері, зерттеу базасы, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі берілді.
«Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда студенттерге патриоттық тәрбие берудегі қазақ этнопедагогикасының бағыт-бағдары ашылды, сонымен қатар «қазақстандық патриотизм» мен «ұлттық патриотизм» ерекшеліктері қарастырылды, студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі жасалып, сипатталды.
«Жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері» атты екінші тарауда жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың мүмкіншіліктері және студенттерге оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие берудің жолдары қарастырылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу әдістемесі көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау жасалынады.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
Негізгі бөлім
Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды.
Ал Қазақстан - әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы бар.
Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-тәрбиені ұйымдастырғанда студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориясы өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.
Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой-пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын-жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да қарастырылып келеді.
Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан студенттердің ішкі дүниесін, оның рухани–адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі қазақ халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.
Біз жұмысымызда егемендікпен қоса келген «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «қазақстандық патриотизм ерекшеліктері» мен «ұлттық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап, жоғарғы оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен бағыттарын айқындадық.
Ұлттық және жалпы қазақстандық намысты ояту мәселесіне келгенде, қазіргі қоғамда демократиялық өзгерістерге орай жаңаша патриоттық беруде қазақ этнопедагогикасы студенттердің рухани азығына айналып отыр.
Студенттер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет.
Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз өз зерттеуімізде патриотизм, әскери патриотизм, ұлтаралық қатынас мәдениеті тұрғысынан интгеративті құрылым ретінде қазақстандық патриотизмнің мәнін ашып көрсеттік (сурет 1).
Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.
Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.
4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет