Оптика. Геометриялық оптика. Оптика



бет2/2
Дата13.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#25405
1   2
Байланысты:
2914641102436 Дәріс №8

Геометриялық оптика — оптиканың жарықты геом. сызық ретінде қарастыра отырып, жарықтың таралу заңдарын зерттейтін бөлімі.

Сызық бойымен жарық энергиясы ағыны таралатын геом. сызық жарық сәулесі деп аталады. Жарық сәулесі түсінігін оптикалық біртекті емес ортада жарық дифракциясы ескерілмеген жағдайда ғана пайдалануға болады. Ал бұл жарық толқынының ұзындығы біртекті емес орта мөлшерінен көп кіші болған жағдайда мүмкін.



Геометриялық оптика заңдары көп ретте оптикалық жүйелердің жеңілдетілген, бірақ көп жағдайда дәл теориясын жасауға мүмкіндік береді. Геометриялық оптика, негізінен, оптикалық кескіннің пайда болуын түсіндіреді, оптикалық жүйелер аберрацияларын есептеп шығаруға және оларды түзету әдістерін жетілдіруге, оптикалық жүйелер арқылы өтетін сәулелер шоғының энергет. қатысын табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, барлық толқындық құбылыстар, сондай-ақ, кескіннің сапасына ықпал ететін және оптикалық приборлардың ажыратқыштық шамасын анықтайтын дифракциялық құбылыстар Геометриялық оптикада қарастырылмайды.



"Геометриялық оптика"

Тәуелсіз таралатын жарық сәулелері туралы түсінік ежелгі ғылымда пайда болды. Ежелгі грек оқымыстысы Евклид жарықтың түзу сызық бойымен таралуын және оның айнадан шағылу заңдарын тұжырымдады. 17 ғ-да бірқатар оптикалық приборлардың (көру түтігі, телескоп, микроскоп, т.б.) жасалуына және олардың кең қолданылуына байланысты Геометриялық оптика қарқынды дамыды. Голланд математигі В. Снелл және Р. Декарт жарық сәулелерінің екі ортаның шекаралық бөлігіндегі таралу заңдарын тәжірибелік жолмен анықтады. Геометриялық оптиканың теориялық негізі 17 ғ-дың соңында Ферма принципі ашылғаннан кейін қалыптасты. Ертеректе ашылған жарық сәулелерінің түзу сызық бойымен таралу, айнадан шағылу және сыну заңдары осы принциптің салдары болып табылады.
Оптика – жарық табиғатын, жарық құбылыстарын және жарықтың затпен әсерлесуін зерттейтін физика бөлімі.

Оптикалық сәулелену электромагниттік толқын болып табылады, сондықтан оптика электромагниттік өрісті жалпы зерттеудін бөлімі болып табылады.

Оптика қарастырылатын құбылыстарына қарай геометриялық (сәулелік), толқындық (физикалық), кванттық (корпускулярлық) болып бөлінеді.

Жарық табиғатын тапқанға дейін келесі заңдар анықталды:

А) Жарықтың түзу сызықты таралуының заңы - жарық оптикалық біртекті ортада түзу сызықты таралады;

Б) Жарық сәулесі – бойымен жарық энергиясы таралатын түзу. Біртекті ортада жарық сәулелеері түзу сызықтар болып табылады (1.1-сурет);



В) Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы – бұл басқа шоқ арқылы болған эффект, ол басқа шоқтардың жұмысына байланысты емес.



1.1 - сурет - Жарықтың шағылуы және сынуы

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет