120.Диаметрі 1 м үстелді оның центрінен 1 м биіктікте ілінген шам жарықтандырып тұр. Шамнан шыққан жарық ағыны 60 лм болса, үстелдің үстіндегі жарықталыну қандай болады?
121.Опикалық күші 5дптр болатын линзамен нәрсенің кескінін 5 есе үлкейту үшін, осы нәрсені линзаның алдына қандай қашықтықта орналастыру керек?
122.Ұзындығы 1 мм шыны пластинкаға 500 штих салынған. Осыған толқын ұзындығы 5,9.10 -7метр жарық түседі.Осы дифракциялық тордың әсерінен пайда болатын спектрдің ең үлкен ретін тап.
123.Ұзындығы 1 мм шыны пластинкаға 500 штих салынған. Осыған толқын ұзындығы 5,9.10-7метр жарық түседі.Осы дифракциялық тордың әсерінен пайда болатын спектрдің ең үлкен ретін тап.
124.Сыну көрсеткіші 1,54-ке тең кварц пластинкасына жарық сәулесі түседі. Шағылған сәуле мен сынған сәуле біріне –бірі перпендикуяр. Түсу бұрышы неге тең? 125.Сфералық ойыс айнадағы шын кескін нәрседен 4есе үлкен. Нәре мен кескіннің ара қашықтығы 1,5м. Айнаның фокус аралығы неге тең?