Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Аманжан: – Шайға шақырмайсыз ба. азаннан бері нәр 
татқан жоқпыз. 


150
Шал: – Әкеңнің үйіне келе жатқан жоқсың, жол азығынды 
ала шықпадың ба? 
Аманжан: – Ер азығы мен бөрі азығы жолда деуші еді 
атамыз қазақ... деп оспақтады. 
Шал: – ал мен... тіпті де қазақ емеспін. менің ұлтым жоқ. 
Аманжан: – Оны өзім де сезіп едім, – деп кекетті. 
Нұржан: – Ұлты жоқ адам болушы ма еді... 
Кержақтар секілді құлақпастағы шайды кішкентай шыны 
табақшаға құйып, суытып ішеді екен. – Кім екенімді сезіп 
отырғандарың рас болса, кісі басы бес сомнан ақша төлеңдер 
жамбас ақыға. аманжан ысқырып жіберді: – мәссаған 
безгелдек. Құдайы қонақтан жамбас ақы алған жаман ырымды 
қай қазақтан көріп едіңіз... Бес сом... һм... 
Шал: – мен қазақ емеспін деп қазақша айттым ғой, ұғар 
кісіге. Так, что гоните по пять рублей, – деп орысшаға басты. 
мүдірмей таза сөйлейді екен. Енді әңгімеге Нұржан араласа 
бастады: 
– Қазақ болмасаңыз да, әйтеуір, адамсыз ғой. Шөп 
әкелуге кетіп бара жатқан біздерде соқыр тиын болушы ма 
еді. Қинамаңыз, ақсақал, тұрған бойымыз осы. Елге иек сүйеп 
үйренгендік ғой, әйтпесе азық-ақшасыз сапарға шығар ма 
жолаушы. – Ұққан адамға Нұржанның байыпты сөзі, майда 
қоңыр үні әдемі-ақ естіліп еді. аманжан: – Қуаласаңыз 
құмалақ түспейді біздерден. Өйт-
кені біз таң атқалы ашпыз. 
– Ендеше, аяғыңдағы пимаңды шешіп бер. Жаңа екен, – 
деді шал Нұржанның аяғына қысық көзін сығырайта қадап. 
ана екеуі тіпті таң қалды. Бақытжан ағаш бөренеге басын
сүйеп, қорылға басып еді. 
– мәссаған безгелдек, – деп аманжан тағы да ысқырып 
қалды. – ақсақ иттің көңілі ар жақта. – Бұл сөзі артық екеніне 
артынан өкіңді. 
– Подонок! – деп айғайлады шал. Көзі шатынап, қолы-
басы дірілдеп кетті. – Тілің тым-тым ұзын екен, жартысынан 
айрылып қалып жүрме. – Енді аманжан одан ары шыдас 
бермеген. Өзі де қаны қайнап әрең жатыр еді, арс етіп атып 
тұрды. 


151
– мен саған пәдөнекті көрсетейін, қақбас! – Өзіне 
арыстан-
дай атылған еңгезердей жігітті шал тұрған орнынан қозғалмай 
тосып алды да, жұмсала берген дәу жұдырықтан сап етіп 
ұстап бұрап қалды. Оң қолымен аманжанның шықшытынан 
әдейілеп ұрды. ауыр соққы оңдырмай тигенде шалқалап 
барып, ұйқтап жатқан Бақытжаннын үстіне былш етіп құлады-
ай... Бақытжан шошып оянды: – Бұл не шу, әкри. Түу-түу, 
ұйқтат- падыңдар ғой. – Нұржан да сасқалақтай орнынан тұра 
беріп еді, шал шапшаң ұмтылып барып, қос ауызды мылтықты 
алып өңешін үңірейте опыр-топыр болған жігіттерге кезеніп 
тұра қалды. 
– а нука, не двигайтесь с места! Шүріппені басып 
қалсам, шүрегейдей тыпырлап жан тапсырасыңдар. – 
Нұржанға алая қарап бұйырды. – Шеш аяғыңдағы пиманы! 
алдынан адам емес, аю тұрса да сескенбейтін аманжан: 
«Әкеңді, осы шалдың қолынан өлсем арманым жоқ», – деп 
тепсіне тұраұмтылып еді, оны Нұржан иығынан басып 
тоқтатып тастады. ал ішіндегі су жүрек Бақытжанда ес жоқ, 
көзі бақырайып, берілдім, жаздым-жаңылдым дегендей, екі 
қолын бірдей көтеріп безектейді. 
– ата..., тоист... ақсақал, менің пимамды да қоса алыңыз, 
алыңыз да шыбын жанымды қалдырыңыз. – Жыламсырап 
аяғындағы табандаған пимасын шеше бастап еді, шал қыржың 
етіп: 
– Сенікі... тоңған сиырдың сирағына кигізуге де 
жарамас, – деді. 
Нұржан: –ақылға келсек қайтеді, ақсақал?.. 
Шал: – маған ақыл керегі жоқ, ақ қар, көк мұзда киетін су 
жаңа пима керек. 
Нұржан:– Өзіңіз ойлаңызшы, – деді абыржып,– мына 
түкір- ік жерге қатып түсетін сар аязда жалаң аяқ трактор 
айдау мүмкін бе? Бұл дегеніңіз бұрын-соңды болмаған 
жазаның ауыр түрі ғой. Бүйтіп қинағанша атып өлтіре 
салыңыз. ал сіз қызығып отырған пима тіпті де менікі емес. 
Шал: – Бір үлкен бастықтікі екенін өзім де біліп отырмын. 
Сеңдер секілді сумұрындарға мұндай байлық қайдан келсін. 
Жалаң аяқ қалам деп қиналма, ескілеуін тауып беремін. – 
мылтығын оқтаған күйі жанасалап барып, даңғарадай ағаш 


152
кебежені ақтарыстырып, көнетоз, бір ақ, бір қара пима тауып 
алды. Содан соң: – мә, аяғың осыдан да жаурамайды, – деп 
лақтырды. Нұржан пимасын амалсыз шешіп, ол да шалға 
лақтырды. Екі жақты айырбас мұнымен де тынған жоқ еді. 
– Еңді алмаған неңіз қалды, а-а-қ-сақ-ал, – деп әдейі 
ежіктеп қиқарланған аманжанға шал: – Сенің сағатың, – деді 
қысық көзін күлімсіретіп. 
аманжан бұл сөзді естігенде жынданған адамдай қарқ етіп 
күлді. Күлді де: – мә, мә, мынаны аласың, – деп екі бармағын 
бірдей шығарды. Шал, қолындағы мылтықты сарт-сұрт 
оқтаған болды да, қамаудағы арыстандай алпарысқан 
аманжанның тура маңдайынан көздеді. Бақытжанда жан 
қалмады, зар еңіреп шырылдап, қасарыса қасқайып, 
алдындағы аузы үңірейген мылтықтан қаймықпай жүрелеп 
отырған жолдасының аяғына бас ұрды. 
– Бер, бере сал, ойбай бастан құлақ садақа. Үйге барған 
соң өз сағатымды берейін саған... – аманжанның қолынан 
шөпілдетіп сүйіп жүр. мынау үйрек ататындай қос ауызды 
көздеген шалмен дәл қазір шатақтасудың бекершілік екенін 
Нұржан да ұқты. ыңғайы келіп жатса артынан көрер, бірақ 
осы сәтте шегіне тұруы керек: – Бере сал, – деді ол да досынан 
өтініп. – Бере сал. 
– Өй, өңшең ғана қоян жүрек қорқақтар! – деп, тісін 
шақыр-шұқыр от шығара қайрады да, білегіндегі сағатын 
шешіп шалға шырқатты. анау ет қақшыған төбеттей қағып 
алып еді. – Итке де темірдің керегі болғаны да... Трактордың 
суын ағызбайық деп айттым бағана. Енді, міне, жалмауыз 
шалдың тұтқыны болып, аждаһаның алдындағы көжектей 
жаутаңдап отырға- нымыз. Бұл дегенің нағыз қоңқайшылдық. 
Шал елең етіп қалды. аманжанға тесіле қараған күйі 
қолындағы шошайтқан мылтығын сусытып төмен түсірді. 
– Шырағым, «қоң-қай» деген сөзді кім айтты саған? – 
деді аса бір таңданыспен. 
– Шешем айтып отыратын. Ертеректе бір Қоңқай атты 
оңбаған адам өмір сүріп еді деп... 
– Шешеңнің аты кім еді? 
– Онда шаруаң болмасын. 


153
– Қызық, – деді шал басын шайқап. – Өте ғажап нәрсе... 
Дегенмен мен үйге кіргізбегенімде баяғыда қиларыңмен 
қатып қалар едіңдер. 
– Тамақ ішпеген адамда құмалақ болушы ма еді, – деді 
аманжан. Қарулы да салалы саусақтарымен бет-аузын 
ысқылап тағат таппады. Шалдың өңгере ұстаған мылтығы 
болмаса, әлдеқашан итше жұлқыласа кетер еді. амал жоқ... 
Нұржан әрісәрі ойда. Бағанағы бір сыбыр тағы да естілгендей 
болды... ыстық күнде жаураған мынау қарлы өлкеде,
Өлігі кімнің қалмаған... 
– ата, сіз кімсіз?! – деді саңқ етіп. Даусы өзгені қойып 
өзіне де жат естілді. Екі жақты шиеленіс ептеп саябырсыған 
соң, Бақытжан қалғи бергені сол еді, дәл құлағының түбінен 
естілген зор үннен шошып оянды. Шал үндеген жоқ. 
– Сен кімсің?! – деп әлгі оқыс сұрақты аманжан да 
қайталады. Әңгіменің мәніне енді ғана түсінген Бақытжан: – 
Ол кісі икс, – деді есінеп. Шал мылтықты шегеге қайта ілді де, 
орнынан тұрды. Қызуы қайта бастаған темір пешке бір-екі 
жаңқа отын тастады. 
– Көріп отыр емессіңдер ме, – деді от үрлеп жүрелеген 
қалпы. – Екі қол, екі аяғым бар, көзім жақсы көреді, құлағым 
қақасыз естиді, бәлкім, кісіге ұқсайтын шығармын. 
– Тек жүрегі ғана жоқ... – деді аманжан. 
– Жүрек дегеніңіз, қол басындай ет пе, шырағым. 
– Бірақ, ата, сол қол басындай етке бүкіл жер шары 
сыйып тұрған жоқ па.– Нұржанның бұл сөзі шалға әсер етті 
білем, ойнағандай көз қиығын тастап біраз үнсіз отырды да: 
– адал екенсің, жігітім, – деді. – мынау екеуінен де сен 
көбірек азап шегерсің. 
Сіз нешедесіз, ата? – деді Нұржан екеу арадағы 
суықтық аздап сынғандай болған соң. – Жетпістің желкесіне 
міндік. аманжан ысқырып жіберді. Бақытжан: – Ол да ғажап 
емес, әкри, – деп есіней керілді. – Қазір еркек босанып, есек 
есеп шығарыпты десе де таңдануға болмас. 
Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы 
қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді. Осы бір 
сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың 
қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді еді. Осы жасына 
дейін қыңқ деп ауырмаған, тоңып-жаурау дегенді білмейтін, 


154
ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен 
араласқұраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ 
ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызың-шу, 
қымқуытты өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне 
жарты ғасыр, осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік 
құруда. Қыста аң аулайды, жазда омарта ұстайды. Бір қызығы, 
осына жетім шал ұстаған аңның терісін аудан, тіпті облыс 
басшыларының үстінен, ал жесең дәмі аузыңнан кетпейтін 
балын әрқайсысының үйінен көруге болар еді. Шыр етіп 
жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін 
шырпы басын сыңдырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы 
деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа 
тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, 
шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын 
қойып, топырақты өліміне қатыспаған каңғыбас Қоңқайда дін, 
идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – 
өзіменөзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады. 
Колхоздастыру, ұлы Отан соғысы, тағы басқа саяси 
науқаңдар, жалпақ елдің басына төнген қауіп, ұлы мерекелер, 
сүйіншілі қуаныштар Қоңқай үшін бес тиындық құны жоқ – 
әншейін еріккеннің ермегі сынды дүниелер еді. Ес білгеннен 
бері шындап жылап, не рақаттана күліп көрмеген; мынау 
өмірде бар-жоғы белгісіз құрып бітуге айналған, сирек 
кездесетін аң секілді тіршілік кешкен біреу еді... ал ол үшін де 
былайғы адамзаттың баржоғы қажетсіз, өз қара басының 
амандығын тілеген қызық көзқарастағы кісі. Біз көп айта 
берер гуманизм, рухани байлық, адамдардың өзара қарым-
қатынасы, «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» 
деген ұран, қоғамнан, ортадан тысқары өмір сүре алмау 
ұғымы бәр-бәрін тәрк етіп, өз жанын да сақтап, аштан өліп, 
көштен қалмай келе жатқан жұмбақты адам еді. Ең қызығы, 
осы Қоңқай, ешқашан да үлкен өмірге барып, адамдарды 
кісінеп іздемейтін, қайта сол адамдар Қоңқайдың ұрлық 
өмірін қызғанғандай өздері қуып келіп, тыныштығын бұзар 
еді... Енді міне, сойталдай-сойталдай үш жігіт қарап жүрмей, 
торға келіп түскені. Демек, Қоңқай оларсыз өмір сүре алады 
екен, ал олар... Қоңқайсыз өмір сүре алмайды екен... 
Шал әлі оралған жоқ. Үш жігіт ол шығып кеткен соң 
сілейіп үнсіз отырып қалып еді. Әсіресе таң қалғандары, 


155
шалдың, сақтық көрсетіп мылтығын ала кетпеуі... әне қанатта 
ілулі тұр. 
– Бізге тамақ бермей ме екен, әкри, – деді тағы да аз-кем 
тыныштыққа масайып, маужырай бастаған Бақытжан. 
– атаңның басы, – деді аманжан. Содан соң тұлан тұтып, 
Бақытжанның талтайып созып жіберген аяғын теуіп қалды. – 
ары тартшы шуаш сасытпай. Тышқан ініне кіре алмай жүріп, 
құйрығына... 
– ар жағы түсінікті, – деді Бақытжан оның сөзін бөліп.– 
Тазы ашуын тырнадан алады. Жетпістегі жетім шалдан жеген 
жұдырықтың қарымтасын менен қайтарайын деп пе едің, 
әкри. 
– ырылдаса бермеңдер, – деді Нұржан. – Не істейміз, 
соны ойласаңдаршы. 
– артты қысқаннан артық айла жоқ. – Бақытжан не айтса 
да жыны қозып отыратын аманжан тағы да сақылдай бастады. 
– Оу, өңкей ғана су жүрек қолабалар-ай. Сендермен 
сергелдеңге түсірген қай құдай екен... алжып өлейін деп 
отырған шалға үш жігіттің шамасы келмеу деген не сұмдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет