Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


Тәжірибелік –эксперименттік жұмыстың нәтижелері



бет43/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
Диссертация АШО1

2.3 Тәжірибелік –эксперименттік жұмыстың нәтижелері

Бұл параграфта тәжірибе жұмыстары барысында алынған психологиялық климат диагностикасының мәліметтері берілген. Уақытылы түзетулер енгізу, тұжырымдардың сенімділігі мен объективтілігін арттыру үшін бірнеше эксперименттiк тексеру жүргізілді. Бұл эксперименттер түрлі оқу орындарында, әртүрлі жастағы топтар мен оқу пәндерін оқыту негізінде өткізілді. Мектептің педагогикалық-психологиялық қызметі шеңберінде оқушылармен, мұғалімдермен жұмыс жүргізудің барлық жүйесін құру үшін мынадай бағыттар айқындалды:



  • көз жеткізу; жеке тәрбие, білім берудің біртұтас бағдарламасын жоспарлау және оны жүзеге асыру үшін міндеттер мен жауапкершілік функциясын айқындап бөлу;

  • педагогикалық-психологиялық консилиумның нәтижелері негізінде оқытушылар уақыт алуды қарастыратын оқушы мен мұғалімнің тұлғалық қасиеттерiн зерттеуші диагностикалық әдістемелер дайындау және де бұл әдістеме талдауға қарапайым және түсінікті болуы керек. Оның нәтижелері педагогикалық тілге оралымды жеңіл болу керек;

  • жеке тұлғаны зерттеу мәселесі сынып жетекшілері үшін педагогикалық-психологиялық семинарлар өткізу;

  • оқушыларды бағдарлы шығармашылық дамытуға әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға бағытталған арнайы дамытушылық жұмыстар өткізiлдi;

  • шығармашылық мәселелерiн шешуде экспериментке қатысушы ата-аналар мен педагогтардың бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету, кеңес берушілік қызметті ұйымдастыру;

  • жеке тұлғаны зерттеу нәтижелерi бойынша қорытынды жасау;

  • оқушылардың шығармашылық дамуы мен табысты білім алуына мүдделі педагогтар, психологтар және өзге де оқу-тәрбие субъектілерінің күшін біріктіруші педагогикалық-психологиялық консилиум ұйымдастырып, ол үшін нұсқаулар дайындау.

Зерттеу шеңберінде кеңес беруді педагогтың оқушылармен жеке жұмыс істеуіндегі функционалды түрі деп қарастырып, соның аясында мына міндеттерді шешуге болады деген тұжырымға келдік:

  • оқуда және қарым-қатынас жасауда қиындық көріп жүрген жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларына көмек көрсету;

  • өзін-өзі тану, өз мүмкіндігін ашу және өзінің іс-әрекетін талдау, табысты оқуы мен дамуына әсер етуші фактор ретінде өзінің психологиялық ерекшеліктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • ерекше эмоционалды шиеленіс, стресс күйінде жүрген оқушыларға психологиялық көмек көрсетіп, үнемі қолдап отыру.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру мәселелері аса күрделі. Оқушыларды интеллектуалдық және тұлғалық дамытудың жеке жолдарын анықтап алу мектептегі оқу процесі тиімділігін арттырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Бала қабілеттерін дамыту мен жеке тұлғаны дамыту - өзара тығыз байланыстағы процестер.

К.А.Абульханова-Славская: «Қабілетті дамыту қызмет сапасын арттырумен, оны іс жүзінде орындаумен бiтпейдi, сонымен қатар қызмет процесінде қажеттiлiктi қанағаттандырып, тұлғаны дамытуға әсер етеді; ал тұлғалық әсер өз кезегінде қабілеттіліктің негiзгi шарты, тірегі болып саналады», - деген ой айтады [150].

А.С.Шаров жасөспірімдердің өз құрдастарымен қарым-қатынасында олардың құндылық бағыттары бастау алатынын айқындады. 6-8 сынып оқушыларында өзара қарым-қатынас қызығушылығы, негізінен, оның бағытын қалыптастырады және құндылық бағыттарының мазмұнын анықтайды. Қандай да бір себептермен құрдастарымен қарым-қатынас орната алмаған оқушылар көбінде өздерінің жас ерекшеліктеріне сай жеке тұлғалық дамуында артта қалады. Қызықты, шығармашылық жұмысының, жақсы, адал достарының болуы өздерiнiң іс-әрекетіндегі дербестік қарым-қатынасқа қызығушылық тудырады.

Қазіргі кезде оқушылардың мектептегі өмірінің барлық кезеңдерінде өз құрдастарымен және ересектермен толыққанды қарым-қатынасын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайлар сақталмайтыны туралы психологтардың (С.Д.Поляков және басқалар) зерттеулеріінде атап көрсетілген [151].

Осыдан келіп көптеген оқушыларда мектепке, оқуға, айналасындағы адамдарға деген жағымсыз көзқарас қалыптасады. И.В.Дубровинаның пікірінше, мұндай жағдайларда жеке тұлғаны нәтижелі оқыту және дамыту мүмкін емес. Сондықтан ғалым негізгі өзегі ересектер мен оқушылар арасында жеке тұлғалық, қызығушылыққа құрылған қарым-қатынас орнату болып табылатын жағымды психологиялық ахуал жасау – мектеп психологының басты міндеттерінің бірі деп есептейді.

Автордың пайымдауынша, психологиялық қызмет тиімділігінің аса маңызды шарттары мыналар:



  1. педагогикалық ұжыммен бірлескен жұмысында әр жастағы оқушылардың ерекшелiктерiн, ішкі даму мүмкіншіліктерін жүзеге асыру;

  2. әрбір жас кезеңінің өзінде оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі жеке ерекшеліктерін дамыту;

3) мектепте бала дамуына жағымды психологиялық ахуал жасау (бұл ең алдымен нәтижелі қарым-қатынаспен, өзара гуманды қатынастармен анықталады) [152].

Оқушыларға кеңес беру жасөспірім мен оқушыларға бағытталған практикалық жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Отандық және шетелдік әдебиеттерде 13-17 жастағы оқушыларға кеңес беру ерекшеліктері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған (Ю.Е.Алешина, Р.Бернс, Ф.Е.Василек және т.б.) .

Кеңес берудің әртүрлі мағынасы бар. Оқушының кәсіби немесе жеке тұлғалық өзін-өзі айқындау проблемаларын айту, олардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының түрлі қырлары туралы әңгiмелесу. Біздің жағдайымызда кеңес беру көбіне оқушының сұранысы бойынша ұйымдастырылды. Бірақ, педагогтың оқушы тарапынан ешқандай белгі болмай-ақ өз әрекетін жасаған жағдайлар да кездестi. Мұндай жағдай оқушының теріс реакциясы пайда болып, мұғалім тарапынан жоғары кәсіби деңгейдегі туындаған проблеманы шешуге бағытталған процестер мен диалогтар жүргізуге әкеліп соқты.

Мектеп ортасы баланың әлеуметтік қарым-қатынасының біртұтас жүйесі болғандықтан, оның өмірлік іс-әрекетіне, тәртібіне әсер етуші сыртқы факторға айналды. Осындай факторлардың ең күштісі – отбасы. Педагог бұл фактор жүйесімен білім алу, дамыту тәрбиелеудегі шешуші фактор деп емес, тек қана ілеспелі мазмұндағы фактор деп жұмыс жүргізуі тиіс.

Педагогикалық ұжым мен ағарту-топтық консультациялық жұмыс жүргізу мақсатымен мына шаралар өткізілді:


  • ағартушылық бағыттағы семинарларда пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерін нақты жастағы оқушылардың психологиялық дамуының негізгі заңдылықтарымен және ерекшеліктерімен таныстыру;

  • пән мұғалімдері үшін әдістемелік бағыттағы семинарлар. Бұл семинарлардың мақсаты – мұғалімдерді оқушыларға тиімді білім берудің негізгі психологиялық талаптарымен және мүмкіндіктерімен таныстыру, негізгі бағыт бұл жерде шығармашылықты қалыптастыру;

  • әдістемелік бағыттағы сынып жетекшілерiне арналған семинарлар. Негізгі мақсаты – мұғалімдерді оқушылардың оқудан тыс әрекетін ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстыру.

Эксперименттiк педагогикалық-психологиялық консилиум маңызды роль атқарды. Бұл педагогтар мен психологтарды және басқа да оқу-тәрбие субъектілерін біріктіруге көмек көрсетті. Олардың барлығы да оқушылардың табысты білім алып, толыққанды дамуына мүдделі екенін атап өткен ләзiм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет