Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет21/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

36
Ораза
– Күмәнді күні, яғни 30-шы шағбанда. 
иСЛаМда хОШ кӨрІЛМейтІН Ораза: 
– Тек қана жұма күні ауыз бекіту. 
– Тек қана сенбі күні ауыз бекіту. 
– Үзіліссіз жыл он екі айға созылатын ораза.
НаМаз ОқЫМайтЫН адаМ Ораза тҰта 
аЛа Ма?
Пенде иман келтірген болса оның іс-
амалдарындағы кемшіліктері, жасаған күнәлары 
оны діннен шығармайды. Ол мұсылман болып 
есептеле береді. Бірақ, құлшылықсыз дін бүтін бол-
майды, иман кәміл саналмайды және құлшылықтан 
ада тұру иманды әлсіретіп, түбінде имансыздыққа 
апарады. Сондықтан, ізгі амалдардың қолымыздан 
келетінінен бастап, дереу бір сәт те жоғалтпастан, 
құлшылыққа кірісе беруіміз керек.
Сол себепті, намаз оқи алмай жүрген адам 
ораза ұстауына, әрине, болады. Болады емес-ау, 
ұстауы керек! Өйткені, әр құлшылықтың орны 
бір басқа, сұрауы бөлек. Біреуге 200 теңге қарыз 
болсаңыз, 200 теңге жинағанымда бір-ақ беремін 
деп созып жүре бергеніңізден гөрі, «Қазірше жүзін 
бере тұрайын!» десеңіз жаман болмас еді. Қайта, 
әлгі кісі сіздің қарызыңызды түбінде өтейтініңізге 
көзі жетіп, қуанып та қалар еді. Сондықтан, 
оразаңызды ұстай беріңіз, ораза міндетіңіз өтелген 
болсын. «Аллаһ қабыл етсін» деп дұға жасаңыз. 


37
Ораза
Алайда, мұнымен намаз міндетіңіз мойныңыздан 
түспейді, мойныңызға қарыз болып қала береді. 
Оразаңызды ұстай жүріп намаз жайында ойла-
на жүріңіз. Өйткені, Аллаһ Тағала әмір еткен 
ғибадаттардың ең алдында, әрине, намаз тұрады. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды 
«діннің тірегі»
деп 
сипаттап, сол тірегін мықтап орнатпаған адамның 
діні түбінде құлайтындығына меңзеп кеткен. На-
маз – бес уақыт жасалатын ең үлкен құлшылық. 
Бұл қасиетті Миғраж түнінде тарту етілген. Алақ 
сүресінің 19-аятында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет