Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Қазақ тіл біліміндегі функционалды синтаксис мәселесі



Pdf көрінісі
бет43/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

4 Қазақ тіл біліміндегі функционалды синтаксис мәселесі. 
Бүгінгі 
таңда жай және құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелері антропоөзектік бағыт 
негізінде функционалды аспект тұрғысынан зерттеле бастады. Бұл бағытта 
зерттеу жүргізген ғалымдардың қатарына Ж.Жақыпов, З.Ерназарова, 


69 
Т.Ермекова, Ф.Оразбаева, Д.Әлкебаева, Б.Сағындықовты жатқызуға болады. 
Қазіргі тілтанымда кеңінен өріс алып отырған антропоөзектік ұстанымға орай, 
сөйлемді таза грамматикалық сипатта ғана емес, функционалдық бағыт 
тұрғысынан да қарастыру белең алып отыр.
Қазіргі қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисі 
құрылымдық-
семантикалық 
және
функционалды-семантикалық
бағытта қарастырылып 
келеді. «Құрылымдық зерттеуде байқала бермейтін тілдік құбылыстар тілдің 
мәтін түзудегі функциясын зерттеу барысында айқындала түсетіні мәлім 
болып отыр. Қандай да болмасын белгілі бір мәтін ойдың жемісі, ойдың дамуы 
болғандықтан, ойлаудың формаларымен тығыз байланысты. Біліктілігі жоғары 
деңгейдегі авторлардың шығармаларында ой бір-бірімен жалғасып, бірінен-
бірі өрбіп жатады. Мұның өзі мәтінді біртұтас ерекше жұйе ретінде тілден 
тысқары түрлі жайттармен тығыз байланыста қарастыруды қажет етеді» дей 
келе, «функционалды синтаксистің басты міндеті ̶ тілді орамды етіп, 
байланыстыра сөйлеудегі синтаксистік құралдардың қызметін айқындау» ̶ деп 
көрсетеді (6, 3). 
Тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі негізгі қызметі синтаксис арқылы 
жүзеге асады, сондықтан коммуникативті синтаксис сөйлемдерді құрылымдық 
тұрғыдан емес, олардың мазмұны, семантикасы тұрғысынан зерттейді. 
Синтаксис ойлаумен, қарым-қатынас үдерісімен және сөйлеу жағдаятымен 
тікелей байланысты. Тіл-тілде синтаксистік құрылымның өзіндік 
ерекшеліктері бар. Функционалдық синтаксис тілде
өтініш, тілек, таң қалу, 
сүйсіну
сияқты сезімдердің берілу амалдарын сипаттауға мүмкіндік береді. 
Функционалдық синтаксис сөйлеу процесіндегі синтаксистік бірліктердің 
қызметін қарастырады, соған сәйкес сөйлемнің типтері де нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет