I-п-i-a-l-и-d-a- тұлғасы
сөз-комплексті
құрайды. Қазақ тілінің сөйлем
құрылымына салсақ, бұл сөз-комплекс жайылма сөйлемнің түрі, орыс тілінің
құрылымы бойынша сабақтас құрмалас сөйлем болады. Білдерітен мағынасы:
мен мына әйелге мына бір нәрсені берейін деп келіп едім // Я пришел, чтобы
отдать ей это. Құрамындағы морфемаларды талдағанда былайша
бөлшектенеді: сөз түбірі –
d
; сөз-сөйлем ішінде бес префикс және бір жұрнақ
бар екен:
i
– қазір өткен шақ мағыналы префикс;
п
– мен мағыналы есімдікті
біріктіретін префикс;
i
– бұлмағыналы префикс;
а
– әйелге мағыналы есімдік
префикс;
l
– көмектестік мағыналы элемент;
а
– кеңістік мағыналы жұрнақ. ТМД
елдерінде мекендейтін чукчилер тілінен бір мысал келтірейік:
т-
ата-каа-нмы-
ркын
(сөз-сөйлем).
Білдіретін
мағынасы:Мен-семіз-бұғы-өлтір.
Жеке
компоненттерге бөліп қарастырсақ: -
т-нмы-ркын
:
т –
мен;
нмы –
өлтір;
ркын
–
істеп (сойып) отырмын,
ка –
бұғы
; ата –
семіз (1,400).
Флективті типті тілдер жүйесіне тән басты ерекшеліктер: сыртқы
флексиямен қатар ішкі флексия құбылысының жиі кездесетіндігін айтады,
мәселен
стол – стола – столы
дегендегі
а, ы
– сыртқы флексия тәсілі;
избегать-избежать
дегендегі
г – ж
алмасуы – ішкі флексия тәсілі; сөздегі
буын жігі мофема шегіне сай келмейді, мәселен
перерасход
сөзінде төрт буын
пе-ре-рас-ход бар, ал морфема саны үшеу: пере-рас-ход; аффикстері көп
мағынаны білдіре алады
говорю
дегендегі
ю
әрі I жақтың, әрі осы шақтың, әрі
ашық райдың, әрі жекеліктің көрсеткіші саналады; аффикстері сөз түбірінің әр
жерінде, алдынан да, ортасынан да, сөз соңында да тұра береді (за-ход, выход);
флективті типті тілдердегі сөздерге қосымша жалғанғанда, сөз түбірі біршама
не бүтіндей өзгеріске түсуі мүмкін:
сон – сна, день – дня, окно – окон, око –
очи, воз – везу, видить – вижу
т.б
Қазіргі лингвистикада морфологиялық ерекшеліктер сандық
көрсеткіштер арқылы беріліп жүр. Мұндай әдісті
типологиялық индекс
деп
атайды. Индекс әдісін алғаш рет қолданған ғалым − американдық ғалым
Дж.Гринберг. Дж. Гринберг еңбегінде кез келген тілде сөзі мен сөз ішіндегі
морфемаларының ара-жігі бір-біріне сай келетін бірде-бір тіл жоқ екендігі
анықталған. Қазіргі типологиялық классификация индексі екіден төмен тілді −
аналитикалық, индексі екі мен үш аралығындағы тілді − синтетикалық,
индексі үштен жоғары тілді полисинтетикалы тілдер қатарына жатқызып жүр.
Типологиялық индекс әдісімен зерттеп қарағанда,сөз бен сөз ішіндегі
морфемалардың ара-жігі бір-біріне сай келетін бірде-бір тіл жоқ екендігі
анықталған.Мәселен, Гринберг еңбегінде түбір тіл қатарына жатқызылатын
92
вьетнам тілінің 100 сөзінде 106 морфтан келетіні айтылған;ағылшын тілінің
100 сөзі морфтарының арақатынасы – 1,68; санскрит тілінде – 2,59; эскимос
тілінде – 3,72 мөлшерінде келетіні есептелініп шығарылған.Қазіргі
типологиялық классификация индексі екіден төмен тілді – аналитикалық типті
тілдері, индексі екі мен үшаралығындағы тілдерді – синтетикалық типті тілдер,
индексі үштен жоғары тілді полисинтетикалы типті тілдер қатарына жатқызып
жүр.
Кесте 2. Әлем тілдерінің типологиялық индекс бойынша жіктелімі
Фонетикалық типология бойынша тілдер дыбыс құрылысты және буын
құрылысты болып жіктеледі. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыс пен әріп негіз
болса, буын құрылысты тілдер буыннан құралып, иероглифтермен жазылады.
Әлем тілдерінің сөз тіркесі мен сөйлемдіердің жасалуы, оның құрылымы,
негізгі
қатынастардың
берілу
жолдары
негізінде
И.И.Мещанинов
синтаксистік
типология
жіктелімін
жасаған
болатын.
Академик
И.И.Мещанинов
және
шетелдік
ғалымдар
тілдердің
синтаксистік
типологиясын жасап, қалыптастыруда біраз еңбек сіңірді. Синтаксистік
типологияның басшылыққа алатыны − тілдегі синтаксистік қатынастардың
берілу жолдары, яғни қимыл субьектісі мен іс-әрекет обьектісінің бір-бірімен
қарым-қатынасы көріністері. Синтаксистік типология тілдегі сөйлем
құрастыру амалдарының негізгі үш типіне ерекше назар аударады: сөйлем
құрылысының активті түрде құрастырылуы, сөйлем құрылымының эргативті
түрде құрастырылуы, сөйлем құрылысының номинативті түрде құрастырылуы
бойынша үш топқа бөлінеді:
Типологиялық индекс
Аналитикалық типті тілдер:
ағылшын, неміс, қытай ,
вьетнам, парсы, дат т.б.
Синтетикалық типті тілдер:
орыс, грек,
латын
, санскрит,
поляк, чех т.б.
Полисинтетикалық типті
тілдер: эскимос, полеазиат,
американ үндістері
93
-
номинативті типті тілдерде
бастауыш атау септігінде келіп,
баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш не көмекші етістік соған
сәйкес жіктеледі.
-
эргативті типті тілдерде
етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай,
белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы
өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға
орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің
қажетсінуіне байланысты.
-
посессив типті тілдерде
етістіктер актив және пассив болып қарсы
қойылады, әрі бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді.Қазіргі
номинативті тілдердегі етіс категориясы осы өзгерістердің модификацияға
ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен
толықтауыштар өзгеріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |